Бесқарағай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 23/6-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 5 тамызда № 3442 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 51/2-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 16.04.2020 № 51/2-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Бесқарағай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      2. "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" Бесқарағай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 қарашадағы № 8/7-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2784 нөмірімен тіркеліп, "Бесқарағай тынысы" газетінде 2013 жылғы 9 қаңтарда № 3 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ж. САУКЕНОВ
      Бесқарағай аудандық
      мәслихатының хатшысы К. САДЫҚОВ

  Бесқарағай аудандық мәслихатының
2014 жылғы 8 шілдедегі № 23/6-V
шешімімен бекітілді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында (бұдан әрі-Қағидалар) пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      1-1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Бесқарағай ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төменгі күнкөріс деңгейі – Шығыс Қазақстан облысының статистика органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган-жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) алып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 27.06.2017 № 12/7-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін ауылдық округ әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 27.06.2017 № 12/7-VI ; 01.11.2019 № 43/12-VI шешімдерімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде Бесқарағай ауданының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі-ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 27.06.2017 № 12/7-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы қағидалар Бесқарағай ауданы аумағында тіркелген тұлғаларға таралады.

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 27.06.2017 № 12/7-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

      6. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін Бесқарағай аудандық әкімдігі белгілейді және Бесқарағай аудандық мәслихатының шешімімен бекітіледі.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) Бесқарағай аудандық мәслихаты ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады;

      4) алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 01.11.2019 № 43/12-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 12.06.2019 № 39/5-VI; өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 01.11.2019 № 43/12-VI шешімдерімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау,
әлеуметтік көмектің мөлшерлерін және жан басына
шаққандағы орташа табыстың шегін белгілей тәртібі

      6-1. Әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесі:

      1) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      2) қадағалаусыз қалған, оның ішінде девианттық мінез-құлықты кәмелетке толмағандар;

      2-1) арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында жүрген кәмелетке толмағандар;

      3) туғаннан үш жасқа дейінгі бастапқы психофизикалық дамуы мүмкіндіктері шектелген балалар;

      4) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктерімен байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы бар адамдар;

      5) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігі шектелген адамдар;

      6) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдар;

      7) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікке ұшыраған адамдар;

      8) баспанасыздар (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);

      9) бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдар;

      10) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

      11) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілген;

      12) белгіленген шектен аспайтын өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы бар адамдар (отбасылар).

      13) алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 01.11.2019 № 43/12-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 6-1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 27.06.2017 № 12/7-VI ; 12.06.2019 № 39/5-VI; 01.11.2019 № 43/12-VI шешімдерімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      7. Жан басына шаққандағы орташа табыстың шегі ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселік мөлшерінде белгіленсін.
      алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 01.11.2019 № 43/12-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 12.06.2019 № 39/5-VI; 01.11.2019 № 43/12-VI шешімдерімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зиян келтірілген азаматқа көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшері 70 (жетпіс) айлық көрсеткіштен аспауы тиіс.

      Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 215 (екі жүз он бес) айлық есептік көрсеткішті құрайды.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 17.10.2018 № 29/6-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8-1. Ай сайынғы әлеуметтік көмек туберкулездің ашық түрімен ауыратын және амбулаториялық ем алып жатқан азаматтарға (жолы және қосымша тамақтану) айына 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
      Ескерту. Қағида 8-1-тармақпен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 27.06.2017 № 12/7-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бір реттік әлеуметтік көмек азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:

      1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні- 15 ақпан:

      басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда: бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер- 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш;

      2) Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" белгілерімен, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған көпбалалы аналарға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;

      бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін)-5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;

      3) Халықаралық радиациялық апаттар мен зілзала құрбандарын еске алу күні - 26 сәуір:

      1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-ндағы зілзала салдарын, басқа да радиациялық зілзалаларды және азаматтық немесе әскери тағайындалған нысандардағы апаттарды жоюға қатысқан тұлғаларға, сонымен қатар тікелей ядролық сынақтарға және оқуларға қатысқандарға – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына- 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш;

      1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-ндағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқандарға -35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш;

      4) Жеңіс күні - 9 мамыр:

      Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына – 215 (екі жүз он бес) айлық есептік көрсеткіш;

      қайталап некеге отырмаған Ұлы Отан соғысы уақытында қаза тапқан әскери қызметшілердің зайыптарына– 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға – 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941 жылғы 21 маусым және 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істеген (қызмет еткен) тұлғаларға – 4,5 (төрт бүтін оннан бес) айлық есептік көрсеткіш;

      5) Тәуелсіздік күні-16-желтоқсан:

      Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына – 105 (жүз бес) айлық есептік көрсеткіш;

      қайталап некеге отырмаған Ұлы Отан соғысы уақытында қаза тапқан әскери қызметшілердің зайыптарына– 17 (он жеті) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға – 12 (он екі) айлық есептік көрсеткіш.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 01.11.2019 № 43/12-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi

      10. Атаулы күндер мен мейрам күндерiне әлеуметтік көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Бесқарағай аудандық әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 27.06.2017 № 12/7-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10-1. Туберкулездің ашық түрімен ауыратын және амбулаториялық ем алып жатқан азаматтарға ай сайынғы әлеуметтік көмек Бесқарағай ауданының аумағында орналасқан денсаулық сақтау ұйымының бірінші басшысы бекіткен тізім бойынша, алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

      Ескерту. Қағида 10-1-тармақпен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 27.06.2017 № 12/7-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 13-тармағына сәйкес құжаттар тізбесін қоса бере отырып, өтініш береді.

      Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдайға түскен адамдар (отбасылар) өтінішті оқиға болған күннен бастап үш ай ішінде береді..

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 01.11.2019 № 43/12-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      12. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар мен көшірмелерде беріліп, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 27.06.2017 № 12/7-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      14. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына" 2, 3 қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе ауылдық округтің әкіміне жібереді.

      Ауылдық округтің әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      15. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда, уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсету үшін ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.

      16. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.

      17. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.

      18. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      19. Уәкiлеттi орган әлеуметтік көмек көрсетуге өтiнiш берушiнiң құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсетудің қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 15 және 16 тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      20. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.

      21. алып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 27.06.2017 № 12/7-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      22. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту мына жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) өтiнiш берушiлер ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;

      2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;

      3) әлеуметтiк көмек көрсету үшін тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы кірісінің белгіленген шекті мөлшері жоғарылаған кезде.

      23. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру жергілікті бюджетпен көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн
негiздемелер

      24. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болғанда;

      2) алушы Бесқарағай ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      25. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіпте қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      26. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі және есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Бескарагайском районе

Решение Бескарагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 8 июля 2014 года № 23/6-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 5 августа 2014 года № 3442. Утратило силу решением Бескарагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 16 апреля 2020 года № 51/2-VI

      Сноска. Утратило силу решением Бескарагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 16.04.2020 № 51/2-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановления Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Бескарагайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Бескарагайском районе.

      2. Признать утратившим силу решение Бескарагайского районного маслихата от 20 ноября 2012 года № 8/7-V "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 2784, опубликованное в газете "Бесқарағай тынысы" от 9 января 2013 года № 3).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Ж. САУКЕНОВ
      Секретарь Бескарагайского
      районного маслихата К. САДЫКОВ

  Утверждены решением
Бескарагайского районного
маслихата
от 8 июля 2014 года № 23/6-V

Правила
оказания социальной помощи, установления размеров и определения
перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в
Бескарагайском районе
1. Общие положения

      1. Основные термины и понятия, которые используются в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан (далее – Правила):

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий и услуг субъектов квазигосударственного сектора в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий, услуг субъектов квазигосударственного сектора и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме, осуществляющее государственную регистрацию прав на недвижимое имущество по месту его нахождения;

      1-1) памятные даты – события, имеющие общенародное историческое, духовное, культурное значение и оказавшие влияние на ход истории Республики Казахстан;

      2) специальная комиссия – комиссия, создаваемая решением акима Бескарагайского района по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;

      3) прожиточный минимум – необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины, рассчитываемой органами статистики Восточно-Казахстанской области;

      4) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      5) среднедушевой доход семьи (гражданина) – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      6) трудная жизненная ситуация – ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;

      7) уполномоченный орган – государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Бескарагайского района", финансируемый за счет местного бюджета, осуществляющий оказание социальной помощи;

      8) исключен решением Бескарагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 27.06.2017 № 12/7-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования);

      9) участковая комиссия – комиссия, создаваемая решением акима сельского округа для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью и подготовки заключений;

      10) предельный размер – утвержденный максимальный размер социальной помощи.

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными решениями Бескарагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 27.06.2017 № 12/7-VI; от 01.11.2019 № 43/12-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Для целей настоящих Правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая местным исполнительным органом Бескарагайского района (далее МИО) в денежной или натуральной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее –получатели) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к памятным датам и праздничным дням.

      Сноска. Пункт 2 – в редакции решения Бескарагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 27.06.2017 № 12/7-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Настоящие Правила распространяются на лиц, зарегистрированных на территории Бескарагайского района.

      4. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно).

      Сноска. Пункт 4 – в редакции решения Бескарагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 27.06.2017 № 12/7-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Участковые и специальные комиссии осуществляют свою деятельность на основании положений, утверждаемых акиматом Восточно-Казахстанской области.

      6. Перечень категорий получателей, предельные размеры социальной помощи, сроки обращения за социальной помощью при наступлении трудной жизненной ситуации вследствие стихийного бедствия или пожара, устанавливаются акиматом Бескарагайского района и утверждаются решением Бескарагайского районного маслихата.

      При этом основаниями для отнесения граждан к категории нуждающихся при наступлении трудной жизненной ситуации являются:

      1) основания, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;

      2) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара либо наличие социально значимого заболевания;

      3) наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога, установленного Бескарагайским районным маслихатом в кратном отношении к прожиточному минимуму;

      4) исключен решением Бескарагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 01.11.2019 № 43/12-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования);
      Сноска. Пункт 6 - в редакции решения Бескарагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 12.06.2019 № 39/5-VI; с изменением, внесенным решением Бескарагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 01.11.2019 № 43/12-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

2. Порядок определения перечня категорий получателей
социальной помощи и установления размеров социальной помощи и
порога среднедушевого дохода

      6-1. Перечень категорий получателей социальной помощи:

      1) дети сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей;

      2) безнадзорные несовершеннолетние, в том числе с девиантным поведением;

      2-1) несовершеннолетние, находящиеся в специальных организациях образования, организациях образования с особым режимом содержания;

      3) дети от рождения до трех лет с ограниченными возможностями раннего психофизического развития;

      4) лица, со стойкими нарушениями функций организма, обусловленные физическими и (или) умственными возможностями;

      5) лица, с ограничением жизнедеятельности вследствие социально значимых заболеваний и заболеваний, представляющих опасность для окружающих;

      6) лица, неспособные к самообслуживанию, в связи с преклонным возрастом, вследствие перенесенной болезни и (или) инвалидности;

      7) лица, подвергшиеся жестокому обращению, приведшему к социальной дезадаптации и социальной депривации;

      8) бездомные (лица без определенного места жительства);

      9) лица, освобожденные из мест лишения свободы;

      10) лица, находящиеся на учете службы пробации;

      11) граждане (семьи), которым причинен ущерб, либо их имуществу, вследствие стихийного бедствия или пожара;

      12) лица (семьи) со среднедушевым доходом семьи за квартал, предшествующий кварталу обращение, не превышающим установленного порога.

      13) исключен решением Бескарагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 01.11.2019 № 43/12-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования);
      Сноска. Пункт 6-1 с изменениями, внесенными решениями Бескарагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 27.06.2017 № 12/7-VI; от 12.06.2019 № 39/5-VI; от 01.11.2019 № 43/12-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      7. Установить порог среднедушевого дохода в размере двухкратной величины прожиточного минимума.
      исключен решением Бескарагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 01.11.2019 № 43/12-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Пункт 7 с изменениями, внесенным решениями Бескарагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 12.06.2019 № 39/5-VI; от 01.11.2019 № 43/12-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      8. Размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия и указывает его в заключении о необходимости оказания социальной помощи.

      Размер оказываемой социальной помощи лицам, получившим ущерб вследствие стихийного бедствия или пожара определяется в размере не более 70 (семьдесят) месячных расчетных показателей.

      Предельный размер социальной помощи составляет 215 (двести пятнадцать) месячных расчетных показателей.
      Сноска. Пункт 8 - в редакции решения Бескарагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 17.10.2018 № 29/6-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      8-1. Ежемесячная социальная помощь оказывается гражданам, больным активной формой туберкулеза и находящимся на амбулаторном лечении (проезд и дополнительное питание) в размере 6 (шести) месячных расчетных показателей в месяц.
      Сноска. Правила дополнены пунктом 8-1 в соответствии с решением Бескарагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 27.06.2017 № 12/7-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Единовременная социальная помощь к памятным датам и праздничным дням определяется следующим категориям граждан:

      1)День вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан -15 февраля:

      участникам боевых действий на территории других государств, а именно:

      военнослужащие Советской Армии, Военно-Морского Флота, Комитета государственной безопасности, лица рядового и начальствующего состава Министерства внутренних дел бывшего Союза ССР (включая военных специалистов и советников), которые в соответствии с решениями правительственных органов бывшего Союза ССР принимали участие в боевых действиях на территории других государств; военнообязанные, призывавшиеся на учебные сборы и направлявшиеся в Афганистан в период ведения боевых действий; военнослужащие автомобильных батальонов, направлявшиеся в Афганистан для доставки грузов в эту страну в период ведения боевых действий; военнослужащие летного состава, совершавшие вылеты на боевые задания в Афганистан с территории бывшего Союза ССР; рабочие и служащие, обслуживавшие советский воинский контингент в Афганистане, получившие ранения, контузии или увечья, либо награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за участие в обеспечении боевых действий-35 (тридцать пять) месячных расчетных показателей;

      2) Международный женский день – 8 марта:

      многодетным матерям, награжденным подвеской "Алтын алқа", "Күміс алқа", орденами "Материнская слава" I и II степени, или ранее получившим звание "Мать-героиня" – 5 (пять) месячных расчетных показателей;

      многодетным семьям, имеющих четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей, в том числе детей, обучающихся по очной форме обучения в организациях среднего, технического и профессионального, послесреднего образования, высших учебных заведениях, после достижения ими совершеннолетия до времени окончания ими учебных заведений (но не более чем до достижения двадцатитрехлетнего возраста)–5 (пять) месячных расчетных показателей;

      3) Международный день Памяти жертв радиационных аварий и катастроф – 26 апреля:

      лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшим непосредственно в ядерных испытаниях и учениях – 35 (тридцать пять) месячных расчетных показателей;

      лицам, ставшим инвалидами вследствие катастрофы на Чернобыльской АЭС и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, испытания ядерного оружия, и их детям, инвалидность которых генетически связана с радиационным облучением одного из родителей – 25 (двадцать пять) месячных расчетных показателей;

      лицам из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1988-1989 годах – 35 (тридцать пять) месячных расчетных показателей;

      4) День Победы – 9 мая:

      инвалидам и участникам Великой Отечественной войны – 215 (двести пятнадцать) месячных расчетных показателей;

      супругам военнослужащих, погибших во время Великой Отечественной войны, не вступивших в повторный брак – 35 (тридцать пять) месячных расчетных показателей;

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – 25 (двадцать пять) месячных расчетных показателей;

      лицам, проработавшим (прослужившим) не менее 6 месяцев в годы Великой Отечественной войны с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года – 4,5 (четыре целых пять десятых) месячных расчетных показателей;

      5) День Независимости-16 декабря:

      инвалидам и участникам Великой Отечественной войны – 105 (сто пять) месячных расчетных показателей;

      супругам военнослужащих, погибших во время Великой Отечественной войны, не вступивших в повторный брак – 17 (семнадцать) месячных расчетных показателей;

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – 12 (двенадцать) месячных расчетных показателей.
      Сноска. Пункт 9 - в редакции решения Бескарагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 01.11.2019 № 43/12-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

3. Порядок оказания социальной помощи

      10. Социальная помощь к памятным датам и праздничным дням оказывается по спискам, утверждаемым Бескарагайским районным акиматом по представлению уполномоченной организации либо иных организаций без истребования заявлений от получателей.

      Сноска. Пункт 10 – в редакции решения Бескарагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 27.06.2017 № 12/7-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10-1. Ежемесячная социальная помощь гражданам, больным активной формой туберкулеза и находящимся на амбулаторном лечении, предоставляется по спискам, утвержденным первым руководителем организации здравоохранения находящейся на территории Бескарагайского района, без истребования заявлений от получателей.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 10-1 в соответствии с решением Бескарагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 27.06.2017 № 12/7-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. Для получения социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации заявитель от себя или от имени семьи в уполномоченный орган или акиму сельского округа представляет заявление с приложением перечня документов согласно пункта 13 Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан.

      Лицами (семьями), находящимися в трудной жизненной ситуации, вследствие стихийного бедствия и пожара, заявление подается в течении трех месяцев со дня наступления события.

      Сноска. Пункт 11- в редакции решения Бескарагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 01.11.2019 № 43/12-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. Документы представляются в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.

      13. При поступлении заявления на оказание социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации уполномоченный орган или аким сельского округа в течение одного рабочего дня направляют документы заявителя в участковую комиссию для проведения обследования материального положения лица (семьи).

      Сноска. Пункт 13 – в редакции решения Бескарагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 27.06.2017 № 12/7-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      14. Участковая комиссия в течение двух рабочих дней со дня получения документов проводит обследование заявителя, по результатам которого составляет акт о материальном положении лица (семьи), подготавливает заключение о нуждаемости лица (семьи) в социальной помощи по формам согласно приложениям 2, 3 к "Типовым Правилам оказания социальной помощи, установлению размеров и определения перечня категорий нуждающихся граждан" утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 и направляет их в уполномоченный орган или акиму сельского округа.

      Аким сельского округа в течение двух рабочих дней со дня получения акта и заключения участковой комиссии направляет их с приложенными документами в уполномоченный орган.

      15. В случае недостаточности документов для оказания социальной помощи, уполномоченный орган запрашивает в соответствующих органах сведения, необходимые для рассмотрения представленных для оказания социальной помощи документов.

      16. В случае невозможности представления заявителем необходимых документов в связи с их порчей, утерей, уполномоченный орган принимает решение об оказании социальной помощи на основании данных иных уполномоченных органов и организаций, имеющих соответствующие сведения.

      17. Специальная комиссия в течение двух рабочих дней со дня поступления документов выносит заключение о необходимости оказания социальной помощи, при положительном заключении указывает размер социальной помощи.

      18. Уполномоченный орган в течение одного рабочего дня со дня поступления документов от участковой комиссии или акима сельского округа производит расчет среднедушевого дохода лица (семьи) в соответствии с законодательством Республики Казахстан и представляет полный пакет документов на рассмотрение специальной комиссии.

      19. Уполномоченный орган в течение восьми рабочих дней со дня регистрации документов заявителя на оказание социальной помощи принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи на основании принятых документов и заключения специальной комиссии о необходимости оказания социальной помощи.

      В случаях, указанных в пунктах 15 и 16 настоящих Правил, уполномоченный орган принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи в течение двадцати рабочих дней со дня принятия документов от заявителя или акима сельского округа.

      20. Уполномоченный орган письменно уведомляет заявителя о принятом решении (в случае отказа - с указанием основания) в течение трех рабочих дней со дня принятия решения.

      21. исключен решением Бескарагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 27.06.2017 № 12/7-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      22. Отказ в оказании социальной помощи осуществляется в случаях:

      1) выявления недостоверных сведений, представленных заявителями;

      2) отказа, уклонения заявителя от проведения обследования материального положения лица (семьи);

      3) превышения размера среднедушевого дохода лица (семьи) установленного порога для оказания социальной помощи.

      23. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных местным бюджетом на текущий финансовый год.

4. Основания для прекращения и возврата предоставляемой
социальной помощи

      24. Социальная помощь прекращается в случаях:

      1) смерти получателя;

      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы Бескарагайского района;

      3) направления получателя на проживание в государственные медико-социальные учреждения;

      4) выявления недостоверных сведений, представленных заявителем.

      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.

      25. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

5. Заключительное положение

      26. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".