Зайсан ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 шілдедегі N 26-4 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 тамызда N 3461 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 6 қарашадағы № 01-03/VIII-12-15/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 06.11.2023 № 01-03/VIII-12-15/2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Зайсан ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасы бекітілсін.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Бошақов
      Зайсан аудандық мәслихатының хатшысы Д. Ыдырышев

  Зайсан аудандық мәслихатының
2014 жылғы 18 шілдедегі № 26-4
шешімімен бекітілген

Зайсан ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Зайсан ауданының аумағында Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1106 қаулысына сәйкес жасалды және Зайсан ауданының аумағында ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиыны (әрі қарай – бөлек жиын) Зайсан қаласының, ауылдық округтердің аумағында жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындар өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Зайсан қаласының, тиісті ауылдық округтің әкімі шақырады.

      Зайсан ауданының әкімінің жергілікті қоғамдастық жиын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді Зайсан қаласының, тиісті ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің бөлек жиынға қатысуға құқығы бар қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Зайсан қаласының, тиісті ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Зайсан қаласының, тиісті ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Бөлек жиынның қатысушылары жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын осы қағидаға қосымшадағы сандық құрамға сәйкес ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастың жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидасы негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиынға қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Зайсан қаласының, тиісті ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

  Зайсан ауданының аумағында
бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізу және
жергілікті қоғамдастық жиынына
қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі
тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің
санын айқындау қағидасына қосымша

Зайсан ауданының аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының өкілдері кандидатураларының саны

Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының саны (адам)

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының өкілдерінің саны (адам)

30

1

30-150

1-5

150-300

5-10

300-900

10-30

900-1500

30-50


Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходах местного сообщества на территории Зайсанского района

Решение Зайсанского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 18 июля 2014 года N 26-4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 20 августа 2014 года N 3461. Утратило силу решением Зайсанского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 6 ноября 2023 года № 01-03/VIII-12-15/2

      Сноска. Утратило силу решением Зайсанского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 06.11.2023 № 01-03/VIII-12-15/2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" Зайсанский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходах местного сообщества на территории Зайсанского района.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования

      Председатель сессии М. Бошаков
      Секретарь Зайсанского районного маслихата Д. Ыдырышев

  Утверждены решением
Зайсанского районного маслихата
от 18 июля 2014 года
№ 26-4

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории Зайсанского района

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома на территории Зайсанского района.

      2. Раздельный сход местного сообщества жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома (далее – раздельный сход) на территории города Зайсан, сельских округов созывается и проводится с целью избрания представителей для участия в сходе местного сообщества.

2. Порядок проведения раздельных сходов

      3. Раздельный сход созывается акимом города Зайсан, акимом соответствующего сельского округа.

      Проведение раздельных сходов допускается при наличии положительного решения акима Зайсанского района на проведение схода местного сообщества.

      4. О времени, месте созыва раздельных сходов и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      5. Проведение раздельного схода в пределах села, улицы, многоквартирного жилого дома организуется акимом города Зайсан, акимом соответствующего сельского округа.

      6. Перед открытием раздельного схода проводится регистрация присутствующих жителей соответствующего села, улицы, многоквартирного жилого дома, имеющих право в нем участвовать.

      7. Раздельный сход открывается акимом города Зайсан, акимом соответствующего сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода являются аким города Зайсан, аким соответствующего сельского округа или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода открытым голосованием избирается секретарь.

      8. Кандидатуры представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода в соответствии с количественным составом согласно приложению к настоящим правилам.

      Количество представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества определяется на основе принципа равного представительства.

      9. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшие голоса участников раздельного схода.

      10. На раздельном сходе ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима города Зайсан, акима соответствующего сельского округа.

  Приложение
к Правилам проведения раздельных
сходов местного сообщества
и определения количества
представителей жителей сел,
улиц, многоквартирного жилого
дома для участия в сходах местного
сообщества на территории
Зайсанского района

Количественный состав кандидатур представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходах местного сообщества на территории Зайсанского района

Численность населения села, улицы, многоквартирного жилого дома (человек)

Количество представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества (человек)

30

1

30-150

1-5

150-300

5-10

300-900

10-30

900-1500

30-50