Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 23.12.2014 N 29-8/4 шешімімен (
алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 18–бабы 8-тармағына, "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы" 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 және "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" 2014 жылғы 12 ақпандағы № 80 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 28 шілдедегі № 837 қаулысына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТI:
1.
"2014 жылға арналған ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы" 2013 жылғы 25 желтоқсандағы Зайсан аудандық мәслихатының № 21-11/5 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3172 нөмірмен тіркелген, аудандық "Достық" газетінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 12 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2014 жылға арналған ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы";
1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына келесі әлеуметтiк қолдау шаралары ұсынылсын:
1)
жетпiс еселiк айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2)
тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бiр мың бес жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада бюджеттiк кредит."
2.
Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi
Сессия төрағасы, |
Д.Ыдырышев |