"Зырян ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы N 2780 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 қаңтарда N 3619 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 09 ақпандағы N 35 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 09.02.2015 N 35 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Зырян ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Зырян ауданының әкімі Е.Сәлімов

  Зырян ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 2780 қаулысымен
бекітілді

"Зырян ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы бөлім

      1. "Зырян ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асырады.
      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық нысандардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Бөлім өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070800, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы, Зырян қаласы, Совет көшесі, 38.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Зырян ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Зырян ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      12. Бөлімнің кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      13. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Бөлімнің миссиясы: дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағытын іске асыруды қамтамасыз ету.
      15. Бөлімнің міндеттері:
      1) дене шынықтыру және спортпен шұғылданушы тұлғалардың өмірін және денсаулығының қаупсіздігін, сонымен қатар спорттық іс-шаралар мен дене шынықтыру-сауықтыруға қатысушылар мен көрермендерін және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтауларын қамтамасыз ету;
      2) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін өркендету;
      3) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
      4) дене шынықтыру және спорт саласын зерттеу үшін ғылыми базасын өркендету;
      5) еркін қызмет принципінде негізделген, сонымен қатар олардың құрылымының ерекшеліктерінде, әлеуметтік және жалпы білім қызметтерін есепке ала отырып барлық спорт түрлерінің өркендеуіне ықпал ету.
      16. Бөлімнің қызметі:
      1) бұқаралық дем алу орындарында және тұлғалардың тұрғылықты жерлерінде спортпен шұғылдану үшін инфрақұрылымын құрады;
      2) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп спорт түрлері бойынша аудандық жарыстарын өткізеді;
      3) Облыстық спорттық жарыстарға қатысуға спорт түрлерінен ауданның құрама командаларын дайындауды қамтамасыз етеді;
      4) Зырян ауданының аумағында ұлттық спортты және бұқаралық спортты өркендетуді қамтамасыз етеді;
      5) Зырян ауданының аумағында ауданның спорттық-дене шынықтыру ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
      6) спорттық разрядтарды тапсырады: 2 разрядтты спортшы, 3 разрядтты спортшы, 1 жасөспірімдік разрядтты спортшы, 2 жасөспірімдік разрядтты спортшы, 3 жасөспірімдік разрядтты спортшы;
      7) спорттық біліктілік категориялар тапсыру: екінші категориядағы біліктілік деңгейі жоғары жаттықтырушы, екінші категориядағы біліктілік деңгейі орта,екінші категориядағы біліктілік деңгейі жоғары әдіскер, екінші категориядағы біліктілік деңгейі орта әдіскер, екінші категориядағы біліктілік деңгейі жоғары спортшы-нұсқаушы, спорттық төреші;
      8) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың біріңғай өңірлік күнтізбелігін іске асырады;
      9) Зырян ауданының аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді реттейді;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен орнатылған, Зырян ауданының аумағында нысан және мерзімі бойынша дене шынықтыру және спортты өркендету бойынша облыстың жергілікті атқару органдарына ақпаратты беруді, талдауды және жинақтауды іске асырады;
      11) өңірлік және жергілікті аккредиттелген спорт федерациясының ұсынымы бойынша спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімін құрайды және бекітеді;
      12) арнайы дене шынықтыру және спорттық іс-шаралардың медицинамен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;
      13) дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу кезінде бұқаралық тәртіпті және бұқаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
      14) Зырян ауданының аумағында спорттық құрылымдар құрылысы салу мәселелерін реттейді және оның тұрғындарға қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
      15) спорттық ұйымдарға әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
      16) ауданның арнайы мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің қызмет етуін қамтамасыз етеді;
      17) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген, өзге өкілеттіліктерге жергілікті мемлекеттік басқару іске асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      Бөлім:
      1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсынуға;
      2) Бөлім құзыреті шеңберіндегі мәселелерді бірлесіп қарастыруға және атқару үшін ауданныңжергілікті атқару органдарының бөлімдері қызметкерлерін еліктіруге;
      3) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орнатылған тәртіппен кеңес өткізуге;
      4) өз қызметін атқару үшін қажетті ақпаратты азаматтардан, ұйымдардан және оның басшыларынан, өзге мемлекеттік органдардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен орнатылған құзыреті шеңберінде сұрауға құқылы.
      Бөлім:
      1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктеме беруге;
      2) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда заңнамаға сәйкес және өз құзыреті шеңберінде қажетті ақпаратты және материалдарды ұсынуға;
      3) Бөлім құзыретіне кіретін өзге міндеттерді орындауға міндетті.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындауына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. Бөлім басшысын Зырян ауданының әкімі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Бөлім басшысының өкілеттілігі:
      1) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
      3) өз құзіреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      4) Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Бөлім мүддесін қорғайды;
      6) Зырян ауданы әкімдігі қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде Бөлімнің штат кестесін бекітеді;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін жеке жауапкершілік алады;
      8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжирбиелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
      Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыртын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы тиісті.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлікжәне Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении положения о государственном учреждении "Отдел физической культуры и спорта Зыряновского района"

Постановление акимата Зыряновского района Восточно-Казахстанской области от 12 декабря 2014 года N 2780. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 13 января 2015 года N 3619. Утратило силу - постановлением акимата Зыряновского района Восточно-Казахстанской области от 09 февраля 2015 года N 35

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Зыряновского района Восточно-Казахстанской области от 09.02.2015 N 35 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с пунктом 1 статьи 39 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат Зыряновского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Положение о государственном учреждении "Отдел физической культуры и спорта Зыряновского района", согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Зыряновского района Е. Салимов

  Утверждено
постановлением акимата
Зыряновского района
от 12 декабря 2014 года № 2780

Положение о государственном учреждении "Отдел физической культуры и спорта Зыряновского района"
1.Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел физической культуры и спорта Зыряновского района" (далее - Отдел) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляет руководство в сфере физической культуры и спорта на территории Зыряновского района.
      2. Отдел осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией, Законом Республики Казахстан от 03 июля 2014 года "О физической культуре и спорте" и иными законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Отдел является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Отдел вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Отдел имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Отдел по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Отдела и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности Отдела утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: 070800, Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область, Зыряновский район, город Зыряновск, улица Советская, 38.
      9. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Отдел физической культуры и спорта Зыряновского района".
      10. Настоящее Положение является учредительным документом Отдела.
      11. Финансирование деятельности Отдела осуществляется из местного бюджета Зыряновского района.
      12. Отделу запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Отдела.
      13. Режим работы Отдела устанавливается правилами внутреннего трудового распорядка и не должен противоречить нормам трудового законодательства Республики Казахстан.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      14. Миссия Отдела: обеспечение реализации основных направлений государственной политики в области физической культуры и спорта.
      15. Задачи Отдела:
      1) обеспечение безопасности жизни и здоровья лиц, занимающихся физической культурой и спортом, а также участников и зрителей физкультурно-оздоровительных и спортивных мероприятий и соблюдение общественного порядка в местах проведения спортивно-массовых мероприятий;
      2) развитие национальных, технических и прикладных видов спорта;
      3) поддержка и стимулирование физической культуры и спорта;
      4) развитие научной базы для исследований в области физической культуры и спорта;
      5) содействие развитию всех видов спорта с учетом социальной и образовательной функций, а также специфики их структуры, основанной на принципе добровольной деятельности.
      16. Функции Отдела:
      1) создает инфраструктуру для занятий спортом физических лиц по месту жительства и в местах их массового отдыха;
      2) проводит районные спортивные соревнования по видам спорта совместно с местными аккредитованными спортивными федерациями;
      3) обеспечивает подготовку районных сборных команд по видам спорта и их выступления на областных спортивных соревнованиях;
      4) обеспечивает развитие массового спорта и национальных видов спорта на территории Зыряновского района;
      5) координирует деятельность районных физкультурно-спортивных организаций на территории Зыряновского района;
      6) присваивает спортсменам спортивные разряды: спортсмен 2 разряда, спортсмен 3 разряда, спортсмен 1 юношеского разряда, спортсмен 2 юношеского разряда, спортсмен 3 юношеского разряда;
      7) присваивает квалификационные категории: тренер высшего уровня квалификации второй категории, тренер среднего уровня квалификации второй категории, методист высшего уровня квалификации второй категории, методист среднего уровня квалификации второй категории, инструктор-спортсмен высшего уровня квалификации второй категории, спортивный судья;
      8) реализует единый региональный календарь спортивно-массовых мероприятий;
      9) координирует организацию и проведение спортивных мероприятий на территории Зыряновского района;
      10) осуществляет сбор, анализ и предоставляет местному исполнительному органу области информацию по развитию физической культуры и спорта на территории Зыряновского района по форме и в сроки, установленные законодательством Республики Казахстан;
      11) формирует и утверждает районные списки сборных команд по видам спорта по предложениям региональных и местных аккредитованных спортивных федераций;
      12) организует медицинское обеспечение официальных физкультурных и спортивных мероприятий;
      13) обеспечивает общественный порядок и общественную безопасность при проведении физкультурных и спортивных мероприятий;
      14) координирует вопросы строительства спортивных сооружений на территории Зыряновского района и обеспечивает их доступность населению;
      15) оказывает методическую и консультативную помощь спортивным организациям;
      16) обеспечивает деятельность районных неспециализированных детско-юношеских школ;
      17) осуществляет в интересах местного государственного управления иные полномочия, возлагаемые на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.
      17. Права и обязанности:
      Отдел вправе:
      1) вносить на рассмотрение руководству района предложения по вопросам, входящим в компетенцию Отдела;
      2) привлекать работников других отделов местных исполнительных органов района для рассмотрения и совместной проработки вопросов в рамках компетенции Отдела;
      3) инициировать проведение в установленном порядке совещаний по вопросам, входящим в компетенцию Отдела;
      4) запрашивать в рамках компетенции установленных законодательством Республики Казахстан от других государственных органов, должностных лиц, организаций и их руководителей, граждан информацию необходимую для выполнения своих функций.
      Отдел обязан:
      1) давать разъяснения по вопросам, входящим в компетенцию Отдела;
      2) представлять необходимые материалы и информацию в пределах своей компетенции и в рамках законодательства в случае официального запроса об этом юридических и физических лиц;
      3) выполнять иные обязанности, входящие в компетенцию Отдела.

3. Организация деятельности государственного органа

      18. Руководство Отделом осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Отдел задач и осуществление им своих функций.
      19. Руководитель Отдела назначается на должность и освобождается от должности акимом Зыряновского района в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      20. Полномочия руководителя Отдела:
      1) в установленном законодательстве порядке назначать на должности и освобождать от должностей работников Отдела;
      2) в установленном законодательством порядке осуществлять поощрение и налагать дисциплинарные взыскания на сотрудников Отдела;
      3) в пределах своей компетенции издает приказы, дает указания, подписывает служебную документацию;
      4) утверждать должностные инструкции работников Отдела;
      5) представлять интересы Отдела в государственных органах, иных организациях;
      6) утверждать штатное расписание Отдела в пределах лимита штатной численности и структуры, утвержденных постановлением акимата Зыряновского района;
      7) принимает необходимые меры по противодействию коррупции и несет за это персональную ответственность;
      8) обеспечивать равный доступ мужчин и женщин к государственной службе в соответствии с их опытом, способностями и профессиональной подготовкой;
      9) осуществлять иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий руководителя Отдела в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного органа

      21. Отдел может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество Отдела формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      22. Имущество, закреплҰнное за Отделом, относится к коммунальной собственности.
      23. Отдел не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством и настоящим Положением.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      24. Реорганизация и упразднение Отдела осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.