Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 13.04.2018 № 17/159-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 17-бабына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Катонқарағай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 31/281-IV "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жер учаскелеріне салынатын салық ставкалары туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-13-95 нөмірмен тіркелген, 2011 жылғы 28 қазандағы № 77 "Арай" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
осы шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық ставкаларын белгілеу туралы".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.
|
| ||
|
|