Катонқарағай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 31/281-IV "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жер учаскелеріне салынатын салық ставкалары туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 22/155-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 мамырда № 3343 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 17/159-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 13.04.2018 № 17/159-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 17-бабына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Катонқарағай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 31/281-IV "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жер учаскелеріне салынатын салық ставкалары туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-13-95 нөмірмен тіркелген, 2011 жылғы 28 қазандағы № 77 "Арай" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      осы шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық ставкаларын белгілеу туралы".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.

Сессия төрағасы

Р.Өскембаев

Аудандық мәслихат хатшысы

Д.Бралинов



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады