Ұлан ауданы Асубұлақ кентінде "Орман шаруашылығы" учаскесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асубұлақ кенті әкімінің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақсн облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 маусымда № 3380 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асубұлақ кенті әкімінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асубұлақ кенті әкімінің 22.12.2014 № 2 шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7)-тармақшасына сәйкес және Ұлан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 118 ұсынысы негізінде, Ұлан ауданы Асубұлақ кентінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Ұлан ауданы Асубұлақ кентінде "Орман шаруашылығы" учаскесінде мүйізді ұсақ малдың арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Асубұлақ кенті әкімінің аппаратының бас маман С.Толеухановты осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу тапсырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Асубұлақ кентінің әкімі М. Мукашев

      

Об установлении ограничительных мероприятий на участке "Лесное хозяйство" в поселке Асубулак Уланского района

Решение акима поселка Асубулак Уланского района Восточно-Казахстанской области от 19 мая 2014 года № 1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 18 июня 2014 года № 3380. Утратило силу - решением акима поселка Асубулак Уланского района Восточно-Казахстанской области от 22 декабря 2014 года № 2

      Сноска. Утратило силу - решением акима поселка Асубулак Уланского района Восточно-Казахстанской области от 22.12.2014 № 2.
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с пунктом 2 статьи 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 7)статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" и на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора Уланского района № 118 от 3 апреля 2014 года, аким поселка Асубулак Уланского района РЕШИЛ:
      1. Установить ограничительные мероприятия в связи с выявлением заболевания бруцеллеза мелкого рогатого скота на участке "Лесное хозяйство" в поселке Асубулак Уланского района.
      2. Поручить главному специалисту аппарата акима поселка Асубулак С.Толеуханову, организовать и провести соответствующие мероприятия, вытекающие из данного решения.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.
      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким поселка Асубулак М. Мукашев