Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 3)-тармағына сәйкес және Ұлан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2014 жылғы 02 желтоқсандағы № 495 ұсыныс хаты негізінде, Асубұлақ кентінің әкімі ШЕШТІ:
1. Асубұлақ кентінде "Орман шаруашылығы" учаскесінде мүйізді ұсақ малдардың арасында бруцеллез ауруына сауықтыру іс –шараларының аяқталуына байланысты, шектеу алынсын.
2.Асубұлақ кенті әкімінің аппаратының 19 мамыр 2014 жылы "Асубұлақ кентінде "Орман шаруашылығы" учаскесінде шектеу іс-шараларын жүргізу туралы" қабылданған № 1 шешімнің күші жойылсын.
3.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Кент әкімі | М. Мукашев |