"Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" Үржар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6-53/V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы N 23-234/V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 наурызда N 3204 болып тіркелді. Күші жойылды (Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихаты аппаратының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 220-03/14 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихаты аппаратының 15.12.2014 № 220-03/14 хаты).
 
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43 бабы 1 тармағы 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 1303 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" Үржар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6-53/V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2699 нөмірімен тіркелген, "Уақыт тынысы" газетінің 2012 жылдың 18 қазанында 90-91 нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбындағы, шешімнің және қосымшаның мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша "Ереже", "Ережесі", "Ережеде", "Ережесіне", "Ережесінде" деген сөздер тиісінше "Қағида", "Қағидасы", "Қағидада", "Қағидасына", "Қағидасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде:
      "Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі" тарауындағы 5 тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;".
      2. Осы шешім олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрағасы

М. Арсанукаев

      Үржар аудандық
      мәслихатының хатшысы

М. Бітімбаев

О внесении изменений в решение Урджарского районного маслихата от 25 сентября 2012 года № 6-53/V "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"

Решение Урджарского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 20 февраля 2014 года N 23-234/V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 17 марта 2014 года N 3204. Утратило силу - (письмо аппарата Урджарского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 15 декабря 2014 года № 220-03/14)

      Сноска. Утратило силу (письмо аппарата Урджарского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 15.12.2014 № 220-03/14).
 
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с подпунктом 1) пункта 1 статьи 43 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах", Законом Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 3 декабря 2013 года № 1303 "О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" и от 26 июня 2012 года № 856 "Об утверждении Правил постановки на учет граждан Республики Казахстан, нуждающихся в жилище из государственного жилищного фонда или жилище, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде" и подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Урджарский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Урджарского районного маслихата от 25 сентября 2012 года № 6-53/V "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 2699, опубликовано в газете "Пульс времени" от 18 октября 2012 года в номере 90-91) следующие изменения:
      в заголовок, по всему тексту указанного решения и в приложение на государственном языке внесены изменения, текст и приложение на русском языке не меняется;
      в Правилах об оказании жилищной помощи:
      подпункт 3) пункта 5 раздела "Порядок назначения жилищной помощи" изложить в следующей редакции:
      "3) копию книги регистрации граждан либо адресную справку, либо справку сельских акимов, подтверждающую регистрацию по постоянному месту жительства заявителя;".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования.
 
 

      Председатель сессии

М. Арсанукаев

      секретарь Урджарского
      районного маслихата

М. Бытымбаев