Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі N 6-53/V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 10 қазанда N 2699 болып тіркелді. Күші жойылды - (Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихаты аппаратының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы N 220-03/14 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихаты аппаратының 15.12.2014 № 220-03/14 хаты).
 
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Ескерту. Тақырыбындағы, шешімнің және қосымшаның мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша "Ереже", "Ережесі", "Ережеде", "Ережесіне", "Ережесінде" деген сөздер тиісінше "Қағида", "Қағидасы", "Қағидада", "Қағидасына", "Қағидасында" деген сөздермен ауыстырылды - Үржар аудандық мәслихатының 20.02.2014 23-234/V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысының 1 тармағының 11) тармақшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы бекітілсін (қоса берілген).
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 
 

      Сессия төрағасы

Ж. Саутов

      Үржар аудандық
      мәслихатының хатшысы

М. Бітімбаев


Үржар аудандық мәслихатының
2012 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 6-53/V шешіміне қосымша

Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы

      Осы Тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидасы (бұдан әрi - қағида) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабы, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысының 1 тармағының 11) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және Үржар ауданында тұратын, аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн тағайындау тәртiбiн белгiлейдi.
 

Жалпы ережелері

      1. Осы Қағидада мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi - телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының (азаматының) бiр айда тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кiрiсiне пайызбен қатынасы;
      2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш бiлдiрiлген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кiрiстерiнiң жалпы сомасы;
      3) кондоминиум объектiсiн басқару органы - кондоминиум объектiсiн басқару жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      4) уәкiлеттi орган - жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын ауданның атқарушы органы;
      5) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесiн күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтердi тұтынуды есептеудiң үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтердi төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешiмiмен белгiленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетiн үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерi шығыстарының мiндеттi сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн немесе оның жекелеген түрлерiн күрделi жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
      6) аз қамтамасыз етілген отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.
      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға;
      2) тұрғын үйдiң меншiк иелерiнiң немесе жалдаушыларының (қосымша жалдаушыларының) отбасыларына (азаматтарына) коммуналдық қызметтердi тұтынуға;
      3) байланыс саласындағы заңнамада белгiленген тәртiппен тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне;
      4) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына ақы төлеуге берiледi;
      5) алынып тасталды - Үржар аудандық мәслихатының 23.12.2013 № 22-211/V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Үржар аудандық мәслихатының 05.03.2013 № 11-103/V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 23.12.2013 № 22-211/V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      3. Аз қамтамасыз етiлген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      4. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну ақысының рұқсат етілген шекті шығын үлесі отбасының жиынтық табысының 11 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
 

Тұрғын үй көмегiн тағайындау тәртiбi

      5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және келесі құжаттарды ұсынады:
      1) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
      5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
      6) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
      7) жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және кондоминиум объектісін басқару органы басшының мөрімен, қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
      8) коммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      9) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
      10) алынып тасталды - Үржар аудандық мәслихатының 23.12.2013 № 22-211/V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - Үржар аудандық мәслихатының 05.03.2013 № 11-103/V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 23.12.2013 № 22-211/V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.02.2014 23-234/V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      6. Тұрғын үй көмегіне құқығы жоқ отбасылар:
      1) жеке меншігінде бірнеше тұрғын үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын үйлерін жалға беретін;
      2) отбасында еңбекке жарамды тұлғалары бар, егерде олар жұмыс істемесе, күндізгі бөлімде оқымаса, әскер қатарында болмаса және уәкілетті органдарында жұмыссыз ретінде тіркелмеген тұлғалар;
      3) отбасы құрамында заңды некеде тұратын адам бар болса, бірақ зайыбының қазіргі тұрғылықты жерін білмегендердің (көрсетпесе) және құқық қорғау органдарына бұл туралы мәлімдемеген;
      4) ата-аналары ажырасқан және өздерімен бірге тұратын балаларына алимент өндіру туралы талап іс бермеген отбасылар, келесi тұлғаларды ескермеген жағдайда:
      бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға және сексен жастан асқан тұлғаларға күтім көрсетіп отырғандарды;
      мүгедектік тобы жоқ, туберкулез және онкологиялық диспансерлерде есепте тұрған тұлғалар;
      үш жасқа дейін баласын күтумен сонымен қатар, төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған аналарды;
      50 жасқа толған тұлғалар (жынысына байланыссыз).
      7. Отбасының жұмыссыз мүшелері уәкілетті органмен ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, өз еркімен қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуды немесе қайта оқуды тоқтатқан отбасылар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      8. Тұрғын үй көмегін алушылар өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға отбасының табысын растайтын есепшоттарды, коммуналдық қызметтер жөніндегі құжаттарды әр тоқсан сайын тапсырады.
      9. Тапсырылған құжаттарды тексеру қорытындысы бойынша, отбасының кірісі және коммуналдық төлемдер енгізілетін келісім-арыз жасалады. Келісім-арызға тұрғын көмегін алушы және уәкілетті орган өкілінің қолы қойылады.
      10. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй көмегін тағайындаудың негізі болып табылады.
      11. Электр жүйесімен, тұрғын үй (тұрғын үй- жайды) бойынша шығындар өтініш жасағанның алдындағы тоқсандағы, орташа тоқсанға есепшот бойынша есепке алынады. Жылумен, су құбырымен, канализациямен, қоқыс шығару, байланыс қызметтермен қамтамасыз ету қызмет берушінің тарифтері бойынша алынады.
      Телекоммуникация қызметіне абоненттік төлем тарифін көтеру үстемақысының көлемі әлеуметтік қорғалған азаматтарға 2004 жылдың қыркүйегінен әрекет ететін абоненттік төлем және әрекет ететін абоненттік төлем арасындағы айырмашылық болып анықталады.
      12. Зейнеткерлер, мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар, төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларын қолдау мақсатында, тұрғын үй көмегін есептегенде олардың табыстары Қазақстан Республикасының сол уақыт кезеңіне сәйкес бекітілген заңнамалық актілерімен белгіленген екі айлық есептік көрсеткішке түзетіледі (шегеріледі).
      13. Егер өтініш беруші заңды некеде болса, бірақ зайыбы сол мекен-жай бойынша тіркелмеген болса, ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және жәрдемақы өтініш берушінің мекен-жайы бойынша тағайындалады.
      14. Тұрғын үй көмегі барлық қажетті құжаттарымен өтініш берген айдан бастап тағайындалады.
      15. Тұрғын үй көмегін алушылар уәкілетті органға 10 күнтізбелік күн ішінде алынатын жәрдемақының мөлшеріне және тағайындау құқығына әсер ететін кез-келген өзгерістер туралы хабарлауы тиіс.
 

Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану нормативтері

      16. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде келесі әлеуметтік норма қолданылады:
      1. Алаң мөлшері:
      1) жалғыз тұратындар үшін – 18 ш.м;
      2) екі адамнан тұратын отбасылар үшін – 27 ш.м;
      3) үш адамнан тұратын отбасылар үшін - 36 ш.м;
      4) төрт адамнан тұратын отбасылар үшін - 45 ш.м;
      5) бес немесе одан да көп адамнан тұратын отбасылар үшін - 54 ш.м.
      2. Электроэнергияның мөлшері:
      1) жалғыз тұратындар үшін – 52 квт;
      2) екі адамнан тұратын отбасылар үшін – 72 квт;
      3) үш адамнан тұратын отбасылар үшін – 100 квт;
      4) төрт адамнан тұратын отбасылар үшін - 120 квт;
      5) бес немесе одан да көп адамнан тұратын отбасылар үшін - 130 квт.
 

Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібі

      17. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табыстары тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган есептейді.
 

Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік үй-жайларда тұратын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібі

      18. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік үй-жайларда тұратын отбасыларға (азаматтарға) арналған тұрғын үй көмегі жылына бір рет беріледі.
      19. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын, жеке меншік үй-жайларда тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеген кезде тұрғын үй-жайдың тұрғын ауданының 1 шаршы метріне 129,8 кг, алайда бір үйге 5000 кг. мөлшерінен аспайтын көмір шығынының әлеуметтік нормасы есептеледі.
      20. Көмір құнын есептеу үшін аудан бойынша облыстық статистика басқармасы ұсынған орташа баға және тұрғын үй көмегін есептеген тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдаймен алынған ақпарат қолданылады (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан).
      21. Көмір сатып алудың маусымдылығына байланысты тұрғын үй көмегін есептеген кезде тұрғын үйге арналған көмір шығынының барлық әлеуметтік нормасы өтініш берілген тоқсандағы үш ай үшін бір рет есептеледі.
 

Тұрғын үй көмегiн төлеу

      22. Аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн төлеудi уәкiлеттi орган екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады