Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округі әкімінің 22.12.2014 N 91 шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасын басшылыққа ала отырып Үржар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы негізінде Мақаншы ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Мақаншы ауылдық округінде мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы К. Жунусбековке шектеу іс-шараларынан туындайтын талаптардың орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Мақаншы ауылдық округінің ветеринария саласы бойынша бас маманы-мал дәрігері Р.Жақсыбаевқа сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастыру ұсынылсын.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мақаншы ауылдық |
|
округінің әкімі |
С. Қалиев |
Келісілді: |
|
шаруашылық Министрлігі |
|
ветеринариялық бақылау және |
|
қадағалау комитетінің Үржар |
|
аудандық аумақтық инспекциясының |
|
мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық |
|
инспекторы |
К. Жунусбеков |
" 15 " мамыр 2014 ж.