Мақаншы ауылдық округінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 15 мамырдағы N 38 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 маусымда N 3383 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы N 91 шешімімен

        Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округі әкімінің 22.12.2014 N 91 шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасын басшылыққа ала отырып Үржар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы негізінде Мақаншы ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
      1. Мақаншы ауылдық округінде мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы К. Жунусбековке шектеу іс-шараларынан туындайтын талаптардың орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Мақаншы ауылдық округінің ветеринария саласы бойынша бас маманы-мал дәрігері Р.Жақсыбаевқа сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастыру ұсынылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Мақаншы ауылдық


      округінің әкімі

С. Қалиев

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасы ауыл


      шаруашылық Министрлігі


      ветеринариялық бақылау және


      қадағалау комитетінің Үржар


      аудандық аумақтық инспекциясының


      мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық


      инспекторы

К. Жунусбеков

       " 15 " мамыр 2014 ж.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады