РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 3 шілдедегі Заңының 1- бабы, 34-тармағына сәйкес Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шемонаиха ауданының әкімдігінің 2013 жылғы 09 тамыздағы № 303 "Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасын белгiлеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3052 тіркелген, "Уба-информ" газетінің 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 37 санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспесінде:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13), 14) тармақшаларына" сөздері алынсын.
2. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкiмiнiң орынбасары О.А. Булавкинаға жүктелсiн.
Шемонаиха ауданының әкімі | А.Тоқтаров |