Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Монетарлыққа жататын қызметті айқындау туралы» 2005 жылғы 26 қарашадағы № 153 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2014 жылғы 25 шілдедегі № 154 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 14 тамызда № 9690 тіркелді

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Монетарлыққа жататын қызметті айқындау туралы» 2005 жылғы 26 қарашадағы № 153 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3996 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың жиырма жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «ақша-кредит саясаты, қаржы жүйесінің тұрақтылығы, макропруденциялық реттеу, өңірлік қаржы орталығын құру және дамыту, валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелеріне байланысты қызметті іске асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді сатып алу, сондай-ақ көрсетілген мәселелер бойынша консультанттар мен кеңесшілердің қызметін сатып алу.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қ. Келімбетов

О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 ноября 2005 года № 153 "Об определении деятельности, относящейся к монетарной"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2014 года № 154. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 августа 2014 года № 9690

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 30 марта 1995 года «О Национальном Банке Республики Казахстан», Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. В постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 ноября 2005 года № 153 «Об определении деятельности, относящейся к монетарной» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3996) внести следующее изменение:
      абзац двадцать седьмой пункта 1 изложить в следующей редакции:
      «приобретение товаров, работ и услуг, необходимых для реализации деятельности, связанной с вопросами денежно-кредитной политики, стабильности финансовой системы, макропруденциального регулирования, создания и развития регионального финансового центра, валютного регулирования и валютного контроля, в том числе приобретение услуг консультантов и советников по указанным вопросам.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 
 

      Председатель
      Национального Банка

К. Келимбетов