«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Монетарлыққа жататын қызметті айқындау туралы» 2005 жылғы 26 қарашадағы № 153 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3996 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың жиырма жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ақша-кредит саясаты, қаржы жүйесінің тұрақтылығы, макропруденциялық реттеу, өңірлік қаржы орталығын құру және дамыту, валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелеріне байланысты қызметті іске асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді сатып алу, сондай-ақ көрсетілген мәселелер бойынша консультанттар мен кеңесшілердің қызметін сатып алу.».
2.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қ. Келімбетов |