"Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу" 33 бухгалтерлік есеп стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 137 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 16 қыркүйекте № 9735 тіркелді.

      "Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу" 33 бухгалтерлік есеп стандартын бекіту туралы

     

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 64) тармақшасына, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 № 122 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған "Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу" 33 бухгалтерлік есеп стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу" 33 бухгалтерлік есеп стандартын бекіту туралы" 2011 жылғы 26 тамыздағы № 108 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7236 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2011 жылғы 1 қарашада № 159 (1975) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Қ. Келімбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      Министр Б. Сұлтанов

      2014 жылғы 15 тамызда


  Қазақстан Республикасының
  Ұлттық Банкі Басқармасының
  2014 жылғы 16 шілдедегі
  № 137 қаулысымен бекітілген

"Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу"
33 бухгалтерлік есеп стандарты

1-тарау. Мақсаты және қолданылу аясы

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы "Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу" 33 бухгалтерлік есеп стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 64) тармақшасына, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 1) тармақшасына, "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9249 болып тіркелген) бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларына, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібіне сәйкес әзірленді және бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі – брокер) қаржылық есептілікті жасаған кезде қолдануына арналған.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 № 122 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Бухгалтерлік есепті жүргізудің және брокер қаржылық есептілікте ашуы тиіс брокерлік қызмет жөніндегі ақпаратты ұсынудың ерекшеліктерін айқындау Стандарттың мақсаты болып табылады.

      3. Стандарт халықаралық қаржылық есептілік стандарттарымен реттелмеген және оларға қайшы келмейтін мәселелерді қарастырады.

      4. Стандарт брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына қолданылмайды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Брокердің меншікті қаражатының портфелі бойынша есеп жүргізуі және есептілік жасауы үшін тиісті халықаралық қаржылық есептілік стандарттары қолданылады.

2-тарау. Стандартта пайдаланылатын ұғымдар

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Стандарттың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) баланстық шоттар – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарының 2-тарауының 1-7-параграфтарында көзделген шоттар;

      2) брокердің комиссиялық кірістері (шығыстары) – брокердің брокерлік қызмет бойынша қызмет көрсетуден алатын (шеккен) сыйақысы (шығыстары);

      3) брокердің меншікті қаражатының портфелі – брокердің өз мүдделері үшін және меншікті қаражаты есебінен сатып алатын ақшасы, бағалы қағаздары және өзге де қаржы құралдары.

3-тарау. Есепке алу және бастапқы тану

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Брокер клиенттерге тиесілі бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен, сондай-ақ ақшамен жасалған мәмілелердің есебін Стандарттың 8-тармағына сәйкес клиенттен қабылданған ақшаны брокердің меншікті бухгалтерлік балансында актив ретінде тану жағдайларын қоспағанда, баланстық шоттарда көрсетпестен баланстан тыс шоттарда жүргізеді.

      8. Клиенттен қабылданған ақшаны брокердің меншікті бухгалтерлік балансында актив ретінде танудың критерийлері мыналар:

      1) брокерде клиенттің жазбаша және (немесе) ауызша келісімін алмастан, брокердің ішкі құжаттарына сәйкес қабылданған шешім негізінде өзінің қалауына қарай клиенттің активтерімен мәмілені жүзеге асыру құқығының болуы;

      2) брокерде клиенттің активтерімен жасалған мәміленің нәтижелеріне байланысты экономикалық пайданы алу құқығының болуы (брокердің комиссиялық кірістерін есептемегенде);

      3) брокерде клиенттің активтері бойынша брокерлік қызмет көрсету туралы шарт талаптарын орындау барысында бағалы қағаздар нарығында кәсіптік қызметті жүзеге асырумен байланысты тәуекелдердің болуы.

      Егер брокерлік қызмет көрсету туралы шарт талаптарына сәйкес осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген клиенттен қабылданған ақшаны брокердің меншікті бухгалтерлік балансында актив ретінде тану критерийлерінің жиынтығында орындалса, онда клиенттен қабылданған ақша баланстық шоттарда көрсетіледі және брокердің меншікті бухгалтерлік балансында меншікті активтер ретінде танылады.

      Егер брокерлік қызмет көрсету туралы шарт талаптарына сәйкес осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген клиенттен қабылданған ақшаны брокердің меншікті бухгалтерлік балансында актив ретінде тану критерийлерінің жиынтығында орындалмаса, онда клиенттен қабылданған ақша баланстық шоттарда көрсетілмейді және брокердің меншікті бухгалтерлік балансында меншікті активтері ретінде танылмайды.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Брокердің брокерлік қызмет көрсетуге байланысты шеккен және клиент өтеуі тиіс шығындары клиент оларды толық өтегенге дейін дебиторлық берешектің баланстық шоттарында көрсетіледі.

4-тарау. Брокерлік қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетуден кірістер (шығыстар)

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Брокердің брокерлік қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетуден кірістері (шығыстары) болып брокердің комиссиялық кірістері (шығыстары) танылады. Мұндай кірістер (шығыстар) брокердің баланстық шоттарында және меншікті қаражатының портфеліндегі қаржылық есептілікте көрсетіледі.

5-тарау. Ақпаратты ашу

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Брокерлік қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсеткен кезде қаржылық есептілікте мынадай ақпарат ашылады:

      1) брокерлік қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетуден туындаған міндеттемелер;

      2) брокерлік қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетуден кірістер мен шығыстар.

6. Қорытынды ережелер

      Ескерту. 6-тарау алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 14.10.2019 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Об утверждении Стандарта бухгалтерского учета 33 "Учет и раскрытие информации об операциях по брокерской деятельности"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 16 июля 2014 года № 137. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 сентября 2014 года № 9735.

      В соответствии с подпунктом 64) части второй статьи 15 Закона Республики Казахстан "О Национальном Банке Республики Казахстан", подпунктом 1) пункта 6 статьи 20 Закона Республики Казахстан "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Сноска. Преамбула - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 19.12.2022 № 122 (вводится в действие c 01.01.2023).

      1. Утвердить прилагаемый Стандарт бухгалтерского учета 33 "Учет и раскрытие информации об операциях по брокерской деятельности".

      2. Признать утратившим силу постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 августа 2011 года № 108 "Об утверждении Стандарта бухгалтерского учета 33 "Учет и раскрытие информации об операциях по брокерской деятельности" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7236, опубликованное 1 ноября 2011 года в газете "Юридическая газета" № 159 (2149).

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.


Председатель


Национального Банка



      "СОГЛАСОВАНО"

      Министерство финансов

      Республики Казахстан

      Министр

      Б. Султанов

      15 августа 2014 года

  Утвержден
постановлением Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 16 июля 2014 года № 137

Стандарт бухгалтерского учета 33
"Учет и раскрытие информации об операциях по брокерской деятельности"

Глава 1. Цель и сфера действия

      Сноска. Заголовок главы 1 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 14.10.2019 № 172 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящий Стандарт бухгалтерского учета 33 "Учет и раскрытие информации об операциях по брокерской деятельности" (далее – Стандарт) разработан в соответствии с подпунктом 64) части второй статьи 15 Закона Республики Казахстан "О Национальном Банке Республики Казахстан", подпунктом 1) пункта 6 статьи 20 Закона Республики Казахстан "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности", Правилами осуществления брокерской и (или) дилерской деятельности на рынке ценных бумаг, порядком проведения брокером и (или) дилером банковских операций, утвержденными постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 3 февраля 2014 года № 9 "Об утверждении Правил осуществления брокерской и (или) дилерской деятельности на рынке ценных бумаг, порядка проведения брокером и (или) дилером банковских операций" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9249), и предназначен для применения организацией, осуществляющей брокерскую деятельность на рынке ценных бумаг, (далее – брокер) при составлении финансовой отчетности.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 19.12.2022 № 122 (вводится в действие c 01.01.2023).

      2. Целью Стандарта является определение особенностей ведения бухгалтерского учета и представления информации по брокерской деятельности, подлежащей раскрытию в финансовой отчетности брокером.

      3. Стандарт рассматривает вопросы, не урегулированные международными стандартами финансовой отчетности и не противоречащие им.

      4. Стандарт не распространяется на банки второго уровня, филиалы банков-нерезидентов Республики Казахстан, имеющие лицензию на осуществление брокерской и дилерской деятельности.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 22.11.2021 № 100 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Для ведения учета и составления брокером отчетности по портфелю собственных средств применяются соответствующие международные стандарты финансовой отчетности.

Глава 2. Понятия, используемые в Стандарте

      Сноска. Заголовок главы 2 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 14.10.2019 № 172 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Для целей Стандарта используются следующие понятия:

      1) балансовые счета – счета, предусмотренные параграфами с 1 по 7 главы 2 Типового плана счетов бухгалтерского учета для отдельных субъектов финансового рынка Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 22 сентября 2008 года № 79 "Об утверждении Типового плана счетов бухгалтерского учета для отдельных субъектов финансового рынка Республики Казахстан" (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5348);

      2) комиссионные доходы (расходы) брокера – вознаграждение (расходы), взимаемое (понесенные) брокером от оказания услуг по брокерской деятельности;

      3) портфель собственных средств брокера – деньги, ценные бумаги и иные финансовые инструменты, приобретаемые брокером в своих интересах и за счет собственных средств.

Глава 3. Учет и первоначальное признание

      Сноска. Заголовок главы 3 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 14.10.2019 № 172 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Учет брокером совершенных сделок с ценными бумагами и иными финансовыми инструментами, а также денег, принадлежащих клиентам, ведется на внебалансовых счетах без отражения на балансовых счетах, за исключением случаев признания денег, принятых от клиента, в качестве актива в собственном бухгалтерском балансе брокера в соответствии с пунктом 8 Стандарта.

      8. Критериями признания денег, принятых от клиента, в качестве актива в собственном бухгалтерском балансе брокера являются:

      1) наличие у брокера права на осуществление сделки с активами клиента по собственному усмотрению на основании решения, принятого в соответствии с внутренними документами брокера, без получения письменного и (или) устного согласия (приказа) клиента;

      2) наличие права у брокера на получение экономических выгод, зависящих от исхода сделки, заключенной с активами клиента (за исключением комиссионных доходов брокера);

      3) наличие рисков у брокера, связанных с осуществлением профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг, в ходе выполнения условий договора об оказании брокерских услуг по активам клиента.

      Если в соответствии с условиями договора об оказании брокерских услуг выполняются в совокупности критерии признания денег, принятых от клиента, в качестве актива, в собственном бухгалтерском балансе брокера, предусмотренные частью первой настоящего пункта, то деньги, принятые от клиента, отражаются на балансовых счетах и признаются в собственном бухгалтерском балансе брокера в качестве собственных активов.

      Если в соответствии с условиями договора об оказании брокерских услуг не выполняются в совокупности критерии признания денег, принятых от клиента, в качестве актива, в собственном бухгалтерском балансе брокера, предусмотренные частью первой настоящего пункта, то деньги, принятые от клиента, не отражаются на балансовых счетах и не признаются в собственном бухгалтерском балансе брокера в качестве собственных активов.

      Сноска. Пункт 8 с изменениями, внесенными постановлением Правления Национального Банка РК от 14.10.2019 № 172 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Затраты, связанные с оказанием брокерских услуг, понесенные брокером и подлежащие возмещению клиентом, отражаются на балансовых счетах дебиторской задолженности до полного их возмещения клиентом.

Глава 4. Доходы (расходы) от оказания услуг по брокерскому обслуживанию

      Сноска. Заголовок главы 4 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 14.10.2019 № 172 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Доходами (расходами) брокера от оказания услуг по брокерскому обслуживанию признаются комиссионные доходы (расходы) брокера. Данные доходы (расходы) отражаются на балансовых счетах и в финансовой отчетности в портфеле собственных средств брокера.

Глава 5. Раскрытие информации

      Сноска. Заголовок главы 5 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 14.10.2019 № 172 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. При оказании услуг по брокерскому обслуживанию в финансовой отчетности раскрывается следующая информация:

      1) обязательства, возникшие от оказания услуг по брокерскому обслуживанию;

      2) доходы и расходы от оказания услуг по брокерскому обслуживанию.

6. Заключительные положения

      Сноска. Глава 6 исключена постановлением Правления Национального Банка РК от 14.10.2019 № 172 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).