"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Н. Ноғаев
2014 жылғы 15.04.2014 ж. № 71
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген
Профилактикасы мен диагностикасы
бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын
жануарлардың энзоотиялық ауруларының
тізбесі
№ |
Жануарлардың түрі |
Аурулардың түрі |
1 |
Жануардың бірнеше түріне ортақ аурулар |
гиподерматоз |
псороптоз |
||
2 |
Қой мен ешкі аурулары |
гельминтоз |