Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 71 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 мамырда № 3517 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ветеринария  туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                      Н. Ноғаев

2014 жылғы 15.04.2014 ж. № 71
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

Профилактикасы мен диагностикасы
бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын
жануарлардың энзоотиялық ауруларының
тізбесі

Жануарлардың түрі

Аурулардың түрі

1

Жануардың бірнеше түріне ортақ аурулар

гиподерматоз

псороптоз

2

Қой мен ешкі аурулары

гельминтоз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады