"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес облыс әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А. М. Дәулетжанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы №325 қаулысымен бекітілген |
Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі
Ескерту. Тізбесі жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 26.05.2025 № 115 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Су айдындары және (немесе) учаскелері | Ауданы, (га, км) | Орналасқан жері |
1 | 2 | 3 | 4 |
Ақжайық ауданы | |||
1 | Бітік су қоймасы | 3540 га | Жаңабұлақ ауылынан батысқа қарай 27 км |
2 | Дөңгелек су қоймасы | 3046 га | Қабыршақты ауылынан оңтүстікке қарай 12 км |
3 | Грачи 1 өзені | 50 км | Көшім өзені бойымен Жолап ауылы арқылы Бітік су қоймасының деңгейінен Дөңгелек су қоймасына дейін |
4 | Грачи 2 өзені | 58 км | Көшім өзені бойымен Грачи 1 өзенінен батысқа қарай Бітік су қоймасының деңгейінен Дөңгелек су қоймасына дейін |
5 | Киров су қоймасынан төмен Көшім өзенінің учаскесі | 77 км | Киров су қоймасы гидроторабынан Бітік су қоймасының балық шаруашылығы учаскесінің шекарасына дейін |
6 | Бітік су қоймасы плотинасынан №1 Дөңгелек су қоймасының балық шаруашылығы учаскесіне дейінгі Көшім өзенінің учаскесі | 20 км | Бітік су қоймасы гидроторабынан "Чапаев-Жалпақтал" жолымен қиылысқанға дейін, Қабыршақты ауылынан 1 км жоғары және Қабыршақты ауылынан 1 км төмен учаскесін қоспағанда |
7 | Бітік су қоймасы плотинасынан №2 Дөңгелек су қоймасының балық шаруашылығы учаскесіне дейінгі Көшім өзенінің учаскесі | 32 км | "Чапаев-Жалпақтал" жолымен қиылысқанынан солтүстікке қарай, Жамбыл ауылынан 1 км жоғары нүктесіне дейін |
8 | Бағырлай өзені | 160 км | Атамекен ауылынан Атырау облысының шекарасына дейін |
9 | Красная өзбойы көлі | 153 га | Томпақ ауылынан оңтүстікке қарай 9 км |
10 | Вальковая өзбойы | 11 га | Бударин ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 3,5 км |
11 | Глубинное көлі | 2 га | Жаңабұлақ ауылынан солтүстікке қарай |
12 | Красная өзбойы көлі | 32 га | Мерген ауылынан солтүстікке қарай 8 км |
13 | Бородиновская өзбойы көлі | 97 га | Жанама ауылынан солтүстікке қарай 9 км |
14 | Жилая (Горячкинская) өзбойы көлі | 27,8 га | Мойылды ауылынан шығысқа қарай |
15 | Воровская өзбойы көлі | 88 га | Жанама ауылынан батысқа қарай |
16 | Бударин ауылы маңындағы Бударин каналының учаскесі | 34,3 га | Бударин ауылынан батысқа қарай 7,5 км |
17 | Крутая жырасындағы су айдынының №1 учаскесі | 7,1 га | Бударин ауылынан батысқа қарай 4 км (электр желісімен қиылысқан тұстан бастап бөгетке дейін) |
18 | Крутая жырасындағы су айдынының №2 учаскесі | 4,6 га | Бударин ауылынан батысқа қарай 4 км |
19 | Орлов өзбойы | 44 га | Есенсай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 4 км |
20 | Шығыр көлі | 0,58 га | Жайық өзені мен Базартөбе ауылы арасында |
21 | Коловертинcкая арнасы | 29,8 га | Ақжайық ауданы Бударин ауылынан батысқа қарай 7 км |
Бөкейордасы ауданы | |||
22 | Мұратсай су қоймасы | 172 га | Мұратсай ауылынан 0,5 км |
Бөрлі ауданы | |||
23 | Пугачев көлі | 100 га | Пугачев ауылынан 18 км |
24 | Қараоба өзені | 80 км | Приречное ауылы, Аңқаты айрығы, Бөрлі-Ақсай трассасымен қиылысады |
25 | Утва өзенінің учаскесі | 144 км | Достық ауылынан Бөрлі ауылына дейін |
26 | Тихонов тоғаны | 5,7 га | Қарақұдық ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 2,5 км |
27 | Перевестное (Бумакөл) көлі | 30 га | Бумакөл ауылынан солтүстік батысқа қарай |
28 | Пролетарка тоғаны | 37 га | Бесағаш ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км |
29 | Бесағаш тоғаны | 111 га | Бесағаш ауылынан оңтүстікке қарай 0,8 км |
30 | Ақбұлақ ауылы маңындағы Ақбұлақ өзеніндегі тоған | 21,3 га | Ақбұлақ ауылынан солтүстік-батысқа қарай 4 км |
31 | Пугачев ауылының солтүстігіндегі Утва өзенінің өзбойы | 15 га | Утва өзені аңғарының жазық жерінде |
Жаңақала ауданы | |||
32 | Айдын көлі | 520 га | Жаңақазан ауылынан солтүстік-батысқа қарай |
33 | Қоғалы көлі | 680 га | Бірлік ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10 км |
34 | Еділсор көлі | 915 га | Үшкемпір ауылынан шығысқа қарай 6 км |
35 | Соркөл көлі | 620 га | Жаңақала ауылынан солтүстік-батысқа қарай 3,5 км |
36 | Пятимар су қоймасы | 5000 га | Көшім өзені бойымен Пятимар ауылдық округінің аумағында орналасқан |
37 | Дөңгелек су қоймасы плотинасынан №1 Пятимар су қоймасының балық шаруашылығы учаскесіне дейінгі Көшім өзенінің учаскесі | 43 км | Дөңгелек су қоймасы гидроторабынан Қосмұрын ауылына дейін |
38 | Дөңгелек су қоймасы плотинасынан №2 Пятимар су қоймасының балық шаруашылығы учаскесіне дейінгі Көшім өзенінің учаскесі | 27 км | Қосмұрын ауылынан Пятимар су қоймасындағы балық шаруашылығы құрылғысының шекарасына дейін |
39 | Пятимар су қоймасы плотинасынан сағасына дейінгі Көшім өзенінің учаскесі | 25 км | Пятимар су қоймасы плотинасынан сағасына дейін |
Жәнібек ауданы | |||
40 | Адайбай тоғаны | 16,8 га | Жәнібек ауданы Ақоба ауылынан оңтүстік-батысқа қарай |
Бәйтерек ауданы | |||
41 | Деркөл өзені | 176 км | Ичка тауларынан бастау алып Орал қаласы аумағындағы Шаған өзеніне құйғанға дейін |
42 | №2 Таловая жырасындағы су қоймасы | 720 га | Таловая ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1 км |
43 | Кіші Быковка өзеніндегі су қоймасы | 90 га | Чиров ауылынан солтүстік-батысқа қарай |
44 | Ембулатовка өзеніндегі су қоймасы | 105 га | Сұлу көл ауылынан шығысқа қарай 7 км |
45 | Рубежка өзеніндегі су қоймасы | 140 га | Раздольное ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км |
46 | Киров су қоймасы | 756 га | Янайкин ауылынан шығысқа қарай 8 км |
47 | Киров су қоймасы (солтүстік учаскесі) | 645 га | Янайкин ауылынан шығысқа қарай 8 км |
48 | Гремячий тоғаны | 55 га | Белес ауылынан солтүстікке қарай 3 км |
49 | Орал қаласынан жоғары Шаған өзенінің учаскесі | 62,4 км | Ресей Федерациясының шекарасынан "Самара-Шымкент" трассасы бойындағы автожол көпіріндегі ауылға дейін |
50 | Пеньков жырасындағы Пеньков тоғаны | 38 га | Зеленое ауылынан солтүстікке қарай 4 км |
51 | Сырым батыр ауылындағы №2 тоғаны | 18 га | батыс жағынан Сырым батыр ауылымен жанасады |
52 | Көшім каналының учаскесі | 12 км | Көшім ауылынан Киров су қоймасына дейін (Өркен ауылы) |
53 | Сырым батыр ауылындағы №1 тоғаны | 60 га | Бейбітшілік ауылдық округінің Сырым батыр ауылынан оңтүстікке қарай |
54 | Мантық жырасындағы тоған | 15 га | Сұлу көл ауылынан 0,8 км |
55 | Ембулатовка өзеніндегі Кура тоғаны | 52 га | Сұлу көл ауылынан солтүстікке қарай 2 км |
56 | Ембулатовка өзеніндегі Корейский су қоймасы | 15 га | Сұлу көл ауылынан солтүстікке қарай 5 км |
57 | Орлов көлі | 5,6 га | Озерное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 6,5 км |
58 | Попов көлі | 7 га | Озерное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 5 км |
59 | Брусяное көлі | 50 га | Озерное ауылынан оңтүстікке қарай |
60 | Песчаная өзбойы | 1,1 га | Спартак ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км |
61 | Большое көліндегі №1 учаскесі | 36,4 га | Дариян ауылының оңтүстігінде |
62 | Большое көліңдегі №2 учаскесі | 33,6 га | Дариян ауылының оңтүстік-шығысында |
63 | Большое көліңдегі №3 учаскесі | 29,4 га | Дариян ауылының шығысында |
64 | Большое көліңдегі №4 учаскесі | 16,8 га | Озерное ауылының оңтүстігінде |
65 | Большое көліңдегі №5 учаскесі | 25,2 га | Озерное ауылдың оңтүстік-шығысында |
66 | Прорва көлі | 5,5 га | Желаево ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 2 км |
67 | Кривое көлі | 10 га | Озерное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 4 км |
68 | Татарская жырасындағы тоған | 33 га | Зеленое ауылынан солтүстік-батысқа қарай 7,5 км |
69 | Жилое тоғаны | 30 га | Озерное ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 2 км |
70 | Карпятник тоғаны | 3,2 га | Щучкино ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 8 км |
71 | Павлов ауылынан №2 тоған | 83 га | Махамбет ауылдық округіндегі Павлов ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 3 км |
72 | Павлов ауылынан №1 тоған | 7,2 га | Махамбет ауылдық округіндегі Павлов ауылынан солтүстікке қарай |
73 | Цыган бөгетіндегі тоған | 65 га | Егіндібұлақ ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км |
74 | Чигрин тоғаны | 26 га | Сұлу көл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 12 км |
75 | Ларино көлі | 3,67 га | Озерное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 5 км |
76 | Красная котлубань өзбойы | 1,43 га | Янайкино ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 4 км |
77 | Торская өзбойы | 8,31 га | Янайкино ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 6,2 км |
78 | Щапов көлі | 52 га | Щапов ауылынан шығысқа қарай |
79 | Щучкино ауылының маңындағы тоған | 2,4 га | Щучкино ауылының оңтүстік-батысында |
80 | Погодаев тоғаны | 13,8 га | Бейбітшілік ауылының оңтүстік-батысында (бұрынғы Погодаев ауылы) |
81 | Мичурин ауылдық округіндегі Шаған өзенінің учаскесі | 1,2 га | "Энергетик 1" және "Звездочка" бау-бақша серіктестіктеріне қарама-қарсы сол жағалаудағы |
82 | Быковка өзені (Ресей Федерациясы шекарасынан Балабанов ауылының маңындағы бөгетке дейінгі бөлігі) | 14 га | Ресей шекарасынан Балабанов ауылының маңындағы бөгетке дейін |
83 | Шучкино ауылының маңындағы Таловая өзеніндегі тоған | 2,15 га | Щучкино ауылынан шығысқа қарай 4,5 км |
84 | Астафьево ауылының маңындағы тоған | 10,8 га | Астафьево ауылының солтүстігінде |
Казталов ауданы | |||
85 | Рыбный Сакрыл көлі | 2300 га | Жалпақтал ауылынан оңтүстік–батысқа қарай 10,2 км |
86 | Сарышығанақ су қоймасы | 1927 га | Жас ауылынан оңтүстікке қарай 6 км |
87 | Үлкен Өзен өзені (Байтұрған – Таңат бөлігі) | 15 км | Ақпәтер және Айғанша, Егінсай, Таңат ауылдары арқылы оңтүстік-шығыс бағытта ағып өтеді |
88 | Үлкен Өзен өзені (Сатыбалды – Әжімбет бөлігі) | 25 км | батыстан шығысқа қарай Жас ауылы арқылы өтеді |
89 | Үлкен Өзен өзені (Қожантай – Айдархан бөлігі) | 20 км | Қожантай, Шұғыла, Жырғансай, Қарасу және Кіші Айдархан ауылдары арқылы солтүстіктен оңтүстік бағытта ағып өтеді |
90 | Үлкен Өзен өзені (Айдархан – Маштексай бөлігі) | 47 км | Кіші Айдархан, Жаңажол, Мәштексай ауылдары арқылы солтүстіктен оңтүстіке бағытта ағып өтеді |
91 | Кіші Өзен өзені (Ақсуат – Әбіш бөлігі) | 40 км | өзеннің бөлігі Бостандық, Көктерек, Жұлдыз, Ақсуат және Әбіш ауылдары арқылы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай ағып өтеді |
92 | Кіші Өзен өзені (Көктерек – Жұлдыз бөлігі) | 58 км | өзеннің бөлігі Көктерек және Жұлдыз ауылдары арқылы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай ағып өтеді |
93 | Кіші Өзен өзені (Жұлдыз ауылынан Айдын көліне дейінгі бөлігі) | 76 км | өзеннің бөлігі Жұлдыз және Тасоба ауылдары арқылы солтүстік-батыстан оңтүстікке қарай ағып өтеді |
94 | Ащысай өзені | 24,4 км | Бостандық, Сейтқали және Дауылбай ауылдары арқылы ағады |
95 | Қайран тоғаны | 65 га | Казталов ауылынан шығысқа қарай 20 км |
96 | Үштармақ тоғаны | 65 га | Қараоба ауылынан батысқа қарай 27 км |
97 | Медетсай тоғаны | 22,8 га | Қошанкөл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 4 км |
98 | Сарыөзен өзенінің ескі арнасы | 1,88 га | Казталов ауылынан оңтүстікке қарай 2 км |
Қаратөбе ауданы | |||
99 | Қалдығайты өзені | 219 км | Шыңғырлау ауданының Сегізсай (бұрынғы Лебедевка) ауылынан солтүстікке қарай 10 км бастап Қаратөбе ауданының Төлен көлі құйылысына дейін |
100 | Жақсыбай өзені | 130 км | аудан шекарасынан Сұлукөл көлінің құйылысына дейін |
101 | Ерімбет тоғаны | 2,1 га | Қаратөбе ауылынан батысқа қарай 5 км |
102 | Қаратерең көлі | 0,82 га | Сулыкөл ауылынан шығысқа қарай 3 км |
Сырым ауданы | |||
103 | Өлеңті өзенінің учаскесі | 173 км | Өлеңті ауылынан басталады |
104 | Шідерті өзенінің учаскесі | 35 км | Бұлан ауылынан сағасына дейін |
105 | Шідерті өзенінің учаскесі | 86 км | бастау көзінен Бұлан ауылына дейін |
106 | Бұлдырты өзенінің учаскесі | 149 км | бастау көзінен Жымпиты өзенінің сағасына дейін (Шыңғырлау, Қаратөбе, Сырым аудандары) |
107 | Бұлдырты өзенінің учаскесі | 43 км | Жымпиты өзені сағасынан сағаға дейін |
108 | Шолақ-Аңқаты өзеніндегі су қоймасы | 160 га | Тоғанас ауылынан солтүстік-батысқа қарай |
109 | Қособа ауылынан Қырыққұдық ауылына дейінгі Өлеңті өзенінің учаскесі | 275 га | Қособа, Сайқұдық, Қырыққұдық ауылдары және басқалары |
Тасқала ауданы | |||
110 | I Шежін өзені | 50 км | Амангелді, Қалмақшабын және басқа елді мекендері арқылы |
111 | II Шежін өзені | 55 км | Еменжар, II Шежін, Талдыбұлақ және басқа елді мекендері арқылы |
112 | Деркөл өзені | 54 км | Жігер ауылынан Алмалы елді мекеніне дейін |
113 | Деркөл өзенінің учаскесі | 45 км | бастау көзінен Бәйтерек ауданы Егіндібұлақ ауылдық округіндегі Алмалы елді мекеніне дейін |
114 | Еменжар ауылынан II Шежін ауылына дейінгі II Шежін өзенінің учаскесі | 67,5 га | өзен Еменжар, Көсем, II Шежін ауылдары арқылы ағып өтеді |
115 | ЖигулҰвцев қыстауынан Киров ауылына дейінгі I Шежін өзенінің учаскесі | 115 га | өзен Амангелді ауылы, I Шежін ауылы, Алмалы елді мекені арқылы ағып өтеді |
116 | Ақтау ауылы маңындағы тоған | 5,33 га | Тасқала ауданы Ақтау ауылы шегінде |
117 | Бубенец қыстауы маңындағы тоған | 7 га | Мереке ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 14 км |
118 | Шошқакөл тоғаны | 111 га | Мереке ауылының батысында |
119 | Бірлік ауылы маңындағы тоған | 7 га | Бірлік ауылынан оңтүстікке қарай 1,3 км |
120 | Карташов жырасындағы тоған | 13,4 га | Мереке ауылынан батысқа қарай 8,5 км |
121 | Аққұс тоғаны | 1,91 га | су айдыны Мереке ауылынан оңтүстікке қарай 20 км жерде орналасқан |
122 | Аққайнар ауылы маңындағы тоған | 6 га | Мерей ауылдық округінің Аққайнар (бұрынғы Астраханкино) ауылының маңында |
123 | Бастау ауылы маңындағы тоған | 2,4 га | Бастау ауылынан солтүстікке қарай 2 км |
124 | Мереке жырасындағы тоған | 15 га | Мереке ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 1 км |
125 | Қарақоға тоғаны | 35,4 га | Мереке ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 10 км |
Теректі ауданы | |||
126 | Қараоба өзеніндегі су қоймасы | 185 га | Приречное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 7 км |
127 | Солянка өзеніндегі су қоймасы | 112 га | Төңкеріс ауылынан батысқа қарай 16 км |
128 | Солянка өзеніндегі су қоймасы | 50 га | Придорожный ауылынан солтүстікке қарай 3 км |
129 | Сұлусай жырасындағы су қоймасы | 47 га | Ақсуат ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 10 км |
130 | Барбастау өзеніндегі су қоймасы | 720 га | Ұзынкөл ауылынан шығысқа қарай 6 км |
131 | Шалқар көлі | 22000 га | Сарыөмір ауылы маңында |
132 | Есен-Аңқаты өзенінің учаскесі | 33 км | Жаңаөмір ауылының төменіндегі қыстақтан Шалқар көліне дейінгі сағасынан 5 км жоғарғы нүктесіне дейін (Сырым, Теректі аудандары) |
133 | Шолақ-Аңқаты өзенінің учаскесі | 25 км | өзеннің Шалқар көліне құйылысынан Сырым ауданындағы Алғабас ауылынан 10 км жоғарыға дейін |
134 | Солянка өзенінің учаскесі | 20 км | Қамысты ауылынан Қарабас ауылына дейін |
135 | Қарабас өзені | 39 км | Тасшеген ауылы маңында |
136 | Барбастау өзенінің учаскесі | 20,4 км | бастау көзінен Покатиловка ауылына дейін |
137 | Барбастау өзенінің учаскесі | 6,4 км | Юбилейный ауылынан Жаңаөмір ауылындағы бөгетке дейін |
138 | Барбастау өзенінің учаскесі | 23,5 км | Жаңаөмір ауылынан Кемер ауылына дейін |
139 | Барбастау өзенінің учаскесі | 15,3 км | Кемер ауылынан сағасына дейін |
140 | Өлекті жырасындағы тоған | 22 га | Теректі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 1,8 км |
141 | Круглое көлі | 8 га | Кемер ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 3 км |
142 | Солянка өзеніндегі №2 тоғаны | 19 га | Придорожный ауылынан солтүстік-батысқа қарай 2 км |
143 | Корей тоғаны | 28 га | Теректі ауылынан шығысқа қарай 4 км және Тақсай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 4 км |
144 | Шөптікөл тоғаны | 14 га | Теректі ауылынан шығысқа қарай 4 км |
145 | Колузанов өзбойы көлі | 3,8 га | Ақсуат ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 8,5 км |
146 | Солянка өзенінің учаскесі | 20 км | су қоймасының плотинасынан Төңкеріс ауылындағы бөгетке дейін |
147 | Еремкин өзбойы көлі | 37 га | Қарасу ауылынан солтүстікке қарай 6 км |
148 | Жаркөл көлі | 12,7 га | Ұзынкөл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км |
149 | Жаманбөрлі жырасындағы су қоймасы | 32 га | Теректі және Долин ауылдарының арасында |
150 | Шөптікөл ауылындағы тоған | 43,7 га | Шөптікөл ауылынан 8 км |
151 | №1 Теректі тоғаны | 1,8 га | Теректі ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10 км |
152 | Теректі ауданы Бутайка жырасындағы №2 тоған | 35 га | Долин ауылынан солтүстікке қарай 8 км |
153 | Үлкен Бобровая өзбойы | 68,5 га | Шағатай ауылынан батысқа қарай 5 км |
154 | Кіші Бобровая өзбойы | 20,2 га | Шағатай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 6 км |
155 | Ядовитое көлі | 32,5 га | Подстепное ауылының солтүстігінде |
156 | Богдановка ауылының маңындағы Песчаное көлі | 3,8 га | Богдановка ауылынан солтүстікке қарай 3 км |
157 | Ащысай тоғаны | 11,1 га | Аңқаты ауылдық округінің Ерсары ауылынан солтүстік-батысқа қарай |
158 | Ильинка тоғаны | 8,2 га | Богдановка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 10 км |
159 | Жолдас тоғаны | 0,82 га | Богдановка ауылынан оңтүстікке қарай 14 км |
160 | Семеновский тоғаны | 10,25 га | Богданов ауылдық округінің Придорожный ауылынан солтүстікке қарай 6 км |
161 | Жанғызағаш жырасындағы № 1 тоған | 2,2 га | Төңкеріс ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 12 км |
162 | Жанғызағаш жырасындағы № 2 тоған | 0,74 га | Төңкеріс ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км |
Шыңғырлау ауданы | |||
163 | Жіңішкесай (Жаңакүш) өзеніндегі су қоймасы | 162 га | Жаңакүш ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 5 км |
164 | Сұлукөл көлі | 267 га | Ақшат ауылынан батысқа қарай 11 км |
165 | Шаңды көлі | 315 га | Ақтау ауылынан 10 км жоғары |
166 | Жыланды көлі | 6 га | Құтантал ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км |
167 | Утва өзенінің учаскесі | 146 км | Ақшат ауылынан Ақтау ауылына дейін |
168 | Қарағай тоғаны | 14,1 га | Ардақ ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км |
169 | Еңбек жырасындағы тоған | 8 га | Ақшат ауылынан шығысқа қарай 20 км |
170 | Успен ауылының маңындағы Келте жырасындағы тоған | 21,5 га | Успен ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 5,6 км жерде орналасқан |
171 | Соркөл көлі | 280 га | Алмаз ауылынан батысқа қарай 6 км |
Орал қаласы | |||
172 | Чапурин көлі | 10 га | "2-я дачная" саяжай алқабынан оңтүстікке қарай |
173 | Самал шағын ауданындағы "Объединенное" бау-бақша қауымдастығы қасындағы Шаған өзенінің учаскесі | 1 км | "Банковец-2" бау-бақша қауымдастығы маңындағы аспалы көпірден сол жақ жағалауындағы Яблочная және Набережная көшелерінің қиылысына дейін |
174 | Кумыска өзбойы көлі | 3,6 км | Деркөл ауылдық округіндегі Өскенауыл ауылына шығысынан жанасады |
175 | Вишневая жырасындағы су қоймасы | 60 га | Круглоозерное ауылынан солтүстік-батысқа қарай 9,5 км |
176 | Круглоозерное ауылының маңындағы Шаған (Көшім) арнасының учаскесі | 11,7 га | Круглоозерное ауылының маңында |
2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 325 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының
тізімі
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 174 "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3028 тіркелген, 2009 жылғы 6 тамыздағы "Орал өңірі" газетінде жарияланған) қаулысы;
2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 269 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 20 шілдедегі № 174 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3147 тіркелген, 2013 жылғы 29 қаңтардағы "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) қаулысы.