1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени- бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату қағидалары бекітілсін.
2. "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А. Қ. Жақыпов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары М. Ш. Кәрімовке жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |
2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 22 Батыс Қазақстан облысы әкімінің шешімімен бекітілген |
Батыс Қазақстан облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық,
мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы
өнiмдердi сату қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Батыс Қазақстан облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 10 маусымдағы № 81 "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" өкімін орындау мақсатында әзірленді және Батыс Қазақстан облысында спорттық–бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар (бұдан әрі - іс-шаралар) өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібін айқындайды.2. Іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сатуды ұйымдастыру тәртібі
2. Ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер iс-шараларды өткізу кезінде тиісті мемлекеттік органдармен келісілген орындарда көше (көшпелі) саудасын және стационарлық емес нысандарда (лотоктарда, дүңгіршектерде, шатырларда, автодүкендерде, ашық шағын кафелерде, аттракцион алаңдарында және басқаларда) (бұдан әрі - объект) шыны ыдыстағы өнімдерді сатуды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес ұйымдастыра алады.3. Іс-шаралар өткізілетін орындарда:
1) қайдан алынғанын, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарынсыз;
2) тиісті таңбасы жоқ;
3) ұсынылған ақпаратқа сәйкес болмаған кезде;
4) сақтаудың температуралық және ылғалдық жағдайларын сақтау үшін жағдай болмаған кезде шыны ыдыстағы өнімдерді сатуға жол берілмейді.
4. Іс-шараларды өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдердің қорабын ашу объектіде тұтынушыға жіберер алдында жүргізіледі.