Батыс Қазақстан облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 22 шешімі. Батыс Қазақстан облысының әділет департаментінде 2015 жылғы 27 қаңтарда № 3783 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени- бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату қағидалары бекітілсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А. Қ. Жақыпов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары М. Ш. Кәрімовке жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Ноғаев

  2014 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 22 Батыс Қазақстан облысы
әкімінің шешімімен
бекітілген

Батыс Қазақстан облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық,
мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы
өнiмдердi сату қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Батыс Қазақстан облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 10 маусымдағы № 81 "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" өкімін орындау мақсатында әзірленді және Батыс Қазақстан облысында спорттық–бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар (бұдан әрі - іс-шаралар) өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібін айқындайды.

2. Іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сатуды ұйымдастыру тәртібі

      2. Ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер iс-шараларды өткізу кезінде тиісті мемлекеттік органдармен келісілген орындарда көше (көшпелі) саудасын және стационарлық емес нысандарда (лотоктарда, дүңгіршектерде, шатырларда, автодүкендерде, ашық шағын кафелерде, аттракцион алаңдарында және басқаларда) (бұдан әрі - объект) шыны ыдыстағы өнімдерді сатуды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес ұйымдастыра алады.
      3. Іс-шаралар өткізілетін орындарда:
      1) қайдан алынғанын, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарынсыз;
      2) тиісті таңбасы жоқ;
      3) ұсынылған ақпаратқа сәйкес болмаған кезде;
      4) сақтаудың температуралық және ылғалдық жағдайларын сақтау үшін жағдай болмаған кезде шыны ыдыстағы өнімдерді сатуға жол берілмейді.
      4. Іс-шараларды өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдердің қорабын ашу объектіде тұтынушыға жіберер алдында жүргізіледі.

3. Қорытынды ережелер

      5. Осы Қағиданы бұзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады