"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын, "Тасымалдаушылардың ішкі су көлігінде әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 6 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1017 қаулысын басшылыққа алып және әлеуметтік мәні бар залалды маршруттарды субсидиялау жөніндегі комиссияның ұсынымы негізінде, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Орал қаласы бойынша 2014 жылы субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік мәні бар залалды маршруттардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 сәуірінен туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
3. Орал қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары - мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы (М. Умралеев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ. Ғ. Орынғалиевқа жүктелсін.
Қала әкімі | А. Көлгінов |
Орал қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 5 желтоқсан № 3210 қаулысына қосымша |
Орал қаласы бойынша 2014 жылы субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік мәні бар залалды маршруттардың тізбесі
№ | Маршруттардың атауы |
1 | Орал қаласы - "Учужный затон" бау-бақша серіктестігі |
2 | Орал қаласы – "Барбастау" бау-бақша серіктестігі |