Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Орал қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы А.К.Қайсағалиевке жүктелсін.
Қала әкімі | А.Көлгінов |
Орал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 247 қаулысына қосымша |
Күші жойылды деп танылған Орал қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Орал қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 4 мамырдағы №1037 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3547, 30.05.2014 жылы тіркелген, "Жайық үні" газеті №22, 05.06.2014 жылы жарияланған) қаулысы;2. "Орал қаласы бойынша ішкі су көлігіндегі әлеуметтік мәні бар тасымалдауларды айқындау туралы" Орал қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қазандағы №2794 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3686, 12.11.2014 жылы тіркелген, "Жайық үні" газеті №46, 20.11.2014 жылы жарияланған) қаулысы;
3. "Орал қаласы бойынша 2014 жылы субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік мәні бар залалды маршруттардың тізбесін бекіту туралы" Орал қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №3210 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3716, 18.12.2014 жылы тіркелген, "Жайық үні" газеті №51, 25.12.2014 жылы жарияланған) қаулысы.