1. Ақжайық ауданы Есенсай ауылдық округінің Есенсай және Кенсуат ауылдарының атаусыз көшелеріне қосымшаға сәйкес атаулар берілсін.
2. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді және осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | К. К. Аристангалиев |
2014 жылғы 10 желтоқсандағы Есенсай ауылдық округі әкімінің № 10 шешіміне қосымша |
Ақжайық ауданы Есенсай ауылдық округінің Есенсай және Кенсуат ауылдарының атаусыз көшелерінің атаулары
1. Есенсай ауылы бойынша:жобалық көшесі № 1 - "Сағынғали Сейітов" көшесі;
жобалық көшесі № 2 - "Махамбет" көшесі;
жобалық көшесі № 3 - "Республика" көшесі;
жобалық көшесі № 4 - "Тәуелсіздік" көшесі;
жобалық көшесі № 5 - "Достық" көшесі;
жобалық көшесі № 6 - "Жұмағыз Әлжанова" көшесі;
жобалық көшесі № 7 - "Ж.Молдағалиев";
жобалық көшесі № 8 - "Жайық";
жобалық көшесі № 9 - "Т.Масин".
2. Кенсуат ауылы бойынша
жобалық көшесі № 1 - "Дағар Есеналиев" көшесі;
жобалық көшесі № 2 - "Дина Нұрпейісова" көшесі.