Ақжайық ауданы Есенсай ауылдық округінің Есенсай және Кенсуат ауылдарының атаусыз көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Есенсай ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 10 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда № 3718 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын басшылыққа алып, Есенсай және Кенсуат ауылдары халқының пікірін ескере отырып, Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Есенсай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақжайық ауданы Есенсай ауылдық округінің Есенсай және Кенсуат ауылдарының атаусыз көшелеріне қосымшаға сәйкес атаулар берілсін.
      2. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді және осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі К. К. Аристангалиев

  2014 жылғы 10 желтоқсандағы
Есенсай ауылдық округі
әкімінің № 10 шешіміне
қосымша

Ақжайық ауданы Есенсай ауылдық округінің Есенсай және Кенсуат ауылдарының атаусыз көшелерінің атаулары

      1. Есенсай ауылы бойынша:
      жобалық көшесі № 1 - "Сағынғали Сейітов" көшесі;
      жобалық көшесі № 2 - "Махамбет" көшесі;
      жобалық көшесі № 3 - "Республика" көшесі;
      жобалық көшесі № 4 - "Тәуелсіздік" көшесі;
      жобалық көшесі № 5 - "Достық" көшесі;
      жобалық көшесі № 6 - "Жұмағыз Әлжанова" көшесі;
      жобалық көшесі № 7 - "Ж.Молдағалиев";
      жобалық көшесі № 8 - "Жайық";
      жобалық көшесі № 9 - "Т.Масин".
      2. Кенсуат ауылы бойынша
      жобалық көшесі № 1 - "Дағар Есеналиев" көшесі;
      жобалық көшесі № 2 - "Дина Нұрпейісова" көшесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады