Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Т. Қайырғалиеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Рахымжанов |
2014 жылғы 25 ақпандағы № 39 аудан әкімдігінің қаулысына қосымша |
2014 жылға нысаналы
топтарға жататын адамдардың
қосымша тізбесі
1. Уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіптік даярлаудан өткен адамдар;2. Жас отбасында бір де бір жұмыс істемейтін адамдар;
3. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға үш жыл қалған);
4. Елу жастан асқан адамдар;
5. Ұзақ уақыт жұмыс істемеген адамдар (бір жыл және одан да көп);
6. Уәкiлеттi органда тiркелген жұмыссыздар.