Ескерту. Күшi жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 22.01.2015 № 64 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексіне, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған адамдар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлері белгіленсін: елді мекендердің аумағын жинау және абаттандыру.
2. Ауылдық округтер әкімдері "Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" мемлекеттік мекемесінің (келісімі бойынша) келісімімен қоғамдық жұмысқа тарту түрінде жазаны өтеуге арналған объектілердің тізімдерін сотқа тоқсан сайын ұсынсын.
3. Аудан әкімі аппаратының басшысы (М. Залмуканов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Т. Досжановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің м.а. |
А. Тугузбаев |
"КЕЛІСІЛДІ" |