Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған адамдар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 844 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 6 қарашада № 3679 болып тіркелді. Күшi жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 64 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 22.01.2015 № 64 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексіне, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған адамдар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлері белгіленсін: елді мекендердің аумағын жинау және абаттандыру.
      2. Ауылдық округтер әкімдері "Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" мемлекеттік мекемесінің (келісімі бойынша) келісімімен қоғамдық жұмысқа тарту түрінде жазаны өтеуге арналған объектілердің тізімдерін сотқа тоқсан сайын ұсынсын.
      3. Аудан әкімі аппаратының басшысы (М. Залмуканов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Т. Досжановқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімінің м.а.

А. Тугузбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Батыс Қазақстан облысы бойынша
      қылмыстық-атқару жүйесі
      департаментінің бастығы
      әділет подполковнигі
      _______________ Б. Т. Туремуратов
      2014 жылғы 23 қазан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады