Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 90 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 наурызда № 10421 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 428 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 17.05.2016 № 428 бұйрығымен.

      «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі                  Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ":
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі
      ______________Е.Досаев
      2015 жылғы 11 ақпан

Қазақстан Республикасы      
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы     
№ 90 бұйрығымен бекітілген    

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және заңды тұлғаларды аккредиттеуді жүргізу, Заңның 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша уәкілетті органның аккредиттеу туралы куәлік беруінің тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) аккредиттеу туралы куәлік – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган беретін, заңды тұлғалардың энергия аудитін немесе энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүргізуге құқықтылығын куәландыратын ресми құжат;
      2) оқу орталығы – энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығына аккредиттеу туралы куәлігі бар заңды тұлға;
      3) энергетикалық аудит (энергия аудиті) – энергия үнемдеудің мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау және қорытынды дайындау мақсатында энергетикалық ресурстардың пайдаланылуы туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау;
      4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы  аккредиттеу – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті органның энергия аудитін немесе энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүргізуге заңды тұлғалардың құқықтылығын ресми тану рәсімі;
      5) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы  уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      6) энергия-аудиторлық ұйым – энергия аудитін жүргізу құқығына аккредиттеу туралы куәлігі бар заңды тұлға.
      3. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу энергия аудитін жүргізу немесе энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру бойынша қызметтерді көрсету құқықтылығын алу үшін заңды тұлғаға қатысты жүзеге асырылады.
      4. Заңды тұлғаны энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеуді уәкілетті орган жүргізеді.

2. Аккредиттеуді жүргізу тәртібі

      5. Энергия аудитін жүргізуге энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу үшін заңды тұлға уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеуге өтініш;
      2) тиісті материалдық-техникалық қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттар, атап айтқанда:
      өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сондай-ақ үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге аккредиттелетін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия-аудиторлық ұйымдар үшін, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес меншік құқығындағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сондай-ақ үйлердің, құрылыстардың және ғимараттардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтерді көрсетуге аккредиттелетін энергия-аудиторлық ұйымдар үшін ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар құрамының тізбесіне, олардың аттестациясы мен мемлекеттік тексерілуіне сәйкес;
      үйлердің, ғимараттардың және құрылыстардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтерді көрсету үшін аккредиттелетін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия-аудиторлық ұйымдар үшін, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес меншік құқығындағы үйлердің, құрылыстардың және ғимараттардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтерді көрсетуге аккредиттелетін энергия-аудиторлық ұйымдар үшін ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар құрамының тізбесіне, олардың аттестациясы және мемлекеттік тексерілусіне сәйкес.
      Ескертпе: Меншік құқығындағы ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар өтініш берілетін күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей берілген айналым-сальдо ведомосімен куәландырылған болуы тиіс;
      3) штатта білікті персоналдың болуын растайтын құжаттар, атап айтқанда:
      өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сондай-ақ үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтерді көрсетуге энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттелетін энергия аудиторлық ұйымдар үшін - штатта энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестаты бар кемінде төрт энергия аудиторының болуы;
      үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтерді көрсетуге энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттелетін энергия аудиторлық ұйымдар үшін - штатта энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестаты бар кемінде екі энергия аудиторының болуы;
      4) алып тасталды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.11.2015 № 1126 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.11.2015 № 1126 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      6. Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлауға және (немесе) олардың біліктілігін арттыруға аккредиттеуді алу үшін заңды тұлға уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеуге өтініш;
      2) заңды тұлғамен үлгілік оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларына сәйкес бекітілген оқу жоспары және оқу бағдарламасы;
      3) жоғары білімі бар екі оқытушыдан кем емес, оның ішінде техника ғылымының кандидаты (магистр) ғылыми атағынан төмен емес бір оқытушыдан кем емес болуын растайтын құжаттар;
      4) Оқу кабинетінің, компьютерлер мен ақпараттық-өлшеу кешендерінің бар болуын растайтын құжаттар және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес меншік құқығында энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру бойынша қызметтерді көрсетуге аккредиттелетін оқу орталықтары үшін ақпараттық-өлшеу кешендері құрамының тізбесі.
      Ескертпе: Меншік құқығындағы ақпараттық-өлшеу кешендері өтініш берілетін күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей берілген айналым-сальдо ведомосімен куәландырылған болуы тиіс;
      7. Осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген құжаттар тігіледі, нөмірленеді, бірінші басшының не оны алмастыратын тұлғаның қолы әр парағына қойылады (бірінші басшының міндетін жүктеу туралы бұйрықтың қөшірмесін қоса бере отырып) және ұйымның мөрімен әр парағы куәландырылады.
      8. Заңды тұлғалардың аккредиттеу туралы құжаттарын қарау және уәкілетті органның олар бойынша шешім қабылдауы үшін тұрақты жұмыс істейтін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
      9. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы құжаттарды қарауды Комиссия олар уәкілетті органға келіп түскен сәттен бастап саналатын отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      10. Оң шешім қабылданған жағдайда, Комиссия мұндай шешім қабылдаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде заңды тұлғаға аккредиттеу туралы куәлік беріледі.
      11. Уәкілетті орган берген аккредиттеу туралы куәліктің тіркеу нөмірі бар және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды болады.
      12. Заңды тұлғаны аккредиттеуден бас тартуға:
      1) ұсынылған құжаттарда бұрыс ақпараттың болуы;
      2) ұсынылған ақпараттың қызметтiң мәлімделген түрін жүзеге асыру үшiн қойылатын талаптарға сәйкес келмеуi;
      3) қызметтің мәлімделген түрімен айналысуға тыйым салу туралы сот шешімінің болуы негіз болып табылады.
      13. Аккредиттеуден бас тартылған жағдайда, заңды тұлғаға мұндай бас тартудың себебі көрсетіле отырып, шешім қабылданған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде дәлелді жазбаша жауап жіберіледі.
      14. Аккредиттеуден бас тарту туралы шешімге Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте шағым жасалуы мүмкін.
      15. Егер уәкілетті орган осы Қағадалардың 9-тармағына сәйкес белгіленген мерзімде заңды тұлғаға аккредиттеу туралы куәлікті бермесе не оны беруден жазбаша түрде дәлелді бас тартпаған жағдайда, онда оны беру мерзімдері өткен күннен бастап аккредиттеу туралы куәлік берілді деп есептеледі және бір мезгілде аккредиттеу туралы куәлікті алған заңды тұлғалардың тізіліміне тіркеледі.
      Уәкілетті орган аккредиттеу туралы куәлікті беру мерзімі аяқталған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаға тиісті аккредиттеу туралы куәлікті береді.
      16. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтатудың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнама талаптарының бұзылуына байланысты емес негіздері мыналар болып табылады:
      1) аккредиттелген субъектінің жазбаша өтініші;
      2) аккредиттелген субъектінің таратылуы немесе банкротқа ұшырауы.
      17. Аккредиттеу туралы куәлік жоғалған жағдайда, уәкілетті орган заңды тұлғаның жазбаша өтініші бойынша бес жұмыс күніне дейінгі мерзімде аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын береді.
      Жоғалған аккредиттеу туралы куәліктің түпнұсқасы жарамсыз деп танылады.
      18. Аккредиттеу туралы куәліктен айыру және аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұру «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      19. Берілген аккредиттеу туралы куәлік, аккредиттеу туралы куәліктен айыру, оның қолданысын тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау туралы шешім аккредиттеу туралы куәлік алған заңды тұлғалардың тізілімінде тіркеледі.
      Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы куәлік алған заңды тұлғалардың тізілімін уәкілетті орган осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді және уәкілетті органның ресми сайтында орналастырылады.
      Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы куәлік алған оқу орталықтарының тізілімін уәкілетті орган осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырады және уәкілетті органның ресми сайтында орналастырылады.

Энергия үнемдеу және энергия     
тиімділігін арттыру саласындағы  
аккредиттеу қағидаларына 1-қосымша

______________________________________
(бірінші басшының лауазымы)    
______________________________________
(аккредиттеу жөніндегі органның атауы)
______________________________________
(Т.А.Ә.А.)               

Нысан

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеуге өтініш

      _______________________________________________________________
(қызмет түрін көрсетіңіз:
1) өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сондай-ақ үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия аудиті;
2) үйлердің, құрылыстардың және ғимараттардың энергия аудиті;
3) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру)
      жүргізу құқығын иелену үшін
_____________________________________________________________________
             (заңды тұлғаның толық және қысқартылған атауы)
_____________________________________________________________________
             (БСН және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетіледі)
аккредиттеуді сұраймын.

      Осы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1._____________________________________________________________

2._____________________________________________________________

3._____________________________________________________________

4._____________________________________________________________

5._____________________________________________________________

6._____________________________________________________________

7._____________________________________________________________

_____________________________________ ________ _____________________
   заңды тұлға басшысының лауазымы      қолы           Т.А.Ә.А.

      М.О.

Энергия үнемдеу және энергия     
тиімділігін арттыру саласындағы  
аккредиттеу қағидаларына 2-қосымша

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сондай-ақ үйлердің, құрылыстардың және ғимараттардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтерді көрсетуге аккредиттелетін энергия-аудиторлық ұйымдар үшін ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар құрамының тізбесі

      1. Жылу көргіш.
      2. Ультрадыбыстық сұйықтық шығынын өлшеуіш.
      3. Өлшеу диапазоны 0 бастап 550 С дейінгі контактісіз (инфрақызыл) термометр.
      4. Жылу өлшеуіш немесе жылу ағындарының өлшеуіші.
      5. Тоқ қармауыштар.
      6. Анемометр.
      7. Гигрометр.
      8. Люксметр.
      9. Лазерлі ұзындық өлшеуіш.
      10. Қалыңдық өлшегіш (егер шығын өлшеуіште осы функция болмаса).
      11. Электр энергиясының сапасын талдауыш.
      12. Контактілі термометр.
      13. Манометр.
      14. Газ талдауышы.

Энергия үнемдеу және энергия     
тиімділігін арттыру саласындағы  
аккредиттеу қағидаларына 3-қосымша

Үйлердің, құрылыстардың және ғимараттардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтерді көрсетуге аккредиттелетін энергия-аудиторлық ұйымдар үшін ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар құрамының тізбесі

      1. Жылу көргіш.
      2. Өлшеу диапазоны 0 бастап 550 С дейінгі контактісіз (инфрақызыл) термометр.
      3. Жылу өлшеуіш немесе жылу ағындарының өлшеуіші.
      4. Тоқ қармауыштар.
      5. Анемометр.
      6. Гигрометр.
      7. Люксметр.
      8. Лазерлі ұзындық өлшеуіш.
      9. Контактісіз термометр.
      10. Манометр

Энергия үнемдеу және энергия     
тиімділігін арттыру саласындағы  
аккредиттеу қағидаларына 4-қосымша

Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру бойынша қызметтерді көрсетуге аккредиттелетін оқу орталықтары үшін ақпараттық-өлшеу кешендері құрамының тізбесі

      1. Жылу көргіш.
      2. Ультрадыбыстық сұйықтық шығынын өлшеуіш.
      3. Өлшеу диапазоны 0 бастап 550 С дейінгі контактісіз (инфрақызыл) термометр.
      4. Жылу өлшеуіш немесе жылу ағындарының өлшеуіші.
      5. Тоқ қармауыштар.
      6. Анемометр.
      7. Гигрометр.
      8. Люксметр.
      9. Лазерлі ұзындық өлшеуіш.
      10. Қалыңдық өлшегіш (егер шығын өлшеуіште осы функция болмаса).
      11. Электр энергиясының сапасын талдауыш.
      12. Контактілі термометр.
      13. Манометр.
      14. Газ талдауышы.

Энергия үнемдеу және энергия     
тиімділігін арттыру саласындағы  
аккредиттеу қағидаларына 5-қосымша

Нысан

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы куәлік алған заңды тұлғалардың тізілімі

Р/с №

Аккредиттеу күні

Аккредиттеу туралы куәліктің тіркеу нөмірі

Заңды тұлғаның атауы

БСН

Заңды мекенжайы, байланыс деректері

Қызмет түрі

Мәлімделген сарапшылардың Т.А.Ә.А.

Ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдардың зауыттық нөмірі

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











Энергия үнемдеу және энергия     
тиімділігін арттыру саласындағы  
аккредиттеу қағидаларына 6-қосымша

Нысан

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы куәлік алған оқу орталықтарының тізілімі

Р/с №

Аккредиттеу күні

Аккредиттеу туралы куәліктің тіркеу нөмірі

Заңды тұлғаның атауы

БСН

Заңды мекенжайы, байланыс деректері

Мәлімделген оқытушылар Т.А.Ә.А.

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8









Об утверждении Правил аккредитации в области энергосбережения и повышения энергоэффективности

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 90. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 марта 2015 года № 10421. Утратил силу приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 17 мая 2016 года № 428

      Сноска. Утратил силу приказом Министра по инвестициям и развитию РК от 17.05.2016 № 428.

      В соответствии с подпунктом 6-1) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 13 января 2012 года «Об энергосбережении и повышении энергоэффективности» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила аккредитации в области энергосбережения и повышения энергоэффективности.
      2. Комитету индустриального развития и промышленной безопасности Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Ержанов А.К.) обеспечить:
      1) в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе «Әділет» республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан»;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;
      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктом 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан Рау А.П.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

      Министр 
      по инвестициям и развитию
      Республики Казахстан                       А. Исекешев   

      "СОГЛАСОВАН":
      Министр национальной экономики
      Республики Казахстан
      ________________ Е. Досаев
      11 февраля 2015 года

Утверждены        
приказом Министра     
по инвестициям и развитию 
Республики Казахстан  
от 30 января 2015 года № 90 

Правила аккредитации в области энергосбережения и повышения
энергоэффективности 

1. Общие положения 

      1. Настоящие Правила аккредитации в области энергосбережения и повышения энергоэффективности (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 6-1) статьи 5 Закона Республики Казахстан  от 13 января 2012 года «Об энергосбережении и повышении энергоэффективности» (далее - Закон) и определяют порядок проведения аккредитации юридических лиц, выдачу уполномоченным органом свидетельства об аккредитации по форме, утвержденной в соответствии с  подпунктом 12) статьи 5 Закона.
      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:
      1) свидетельство об аккредитации - официальный документ, выдаваемый уполномоченным органом в области энергосбережения и повышения энергоэффективности, удостоверяющий правомочие юридических лиц проводить энергоаудит или переподготовку и (или) повышение квалификации кадров, осуществляющих деятельность в области энергосбережения и повышения энергоэффективности;
      2) учебный центр – юридическое лицо, имеющее свидетельство об аккредитации на право осуществлять деятельность в области переподготовки и (или) повышение квалификации кадров, осуществляющих деятельность в области энергосбережения и повышения энергоэффективности;
      3) энергетический аудит (энергоаудит) - сбор, обработка и анализ данных об использовании энергетических ресурсов в целях оценки возможности и потенциала энергосбережения и подготовки заключения;
      4) аккредитация в области энергосбережения и повышения энергоэффективности - процедура официального признания уполномоченным органом в области энергосбережения и повышения энергоэффективности правомочий юридических лиц проводить энергоаудит или переподготовку и (или) повышение квалификации кадров, осуществляющих деятельность в области энергосбережения и повышения энергоэффективности;
      5) уполномоченный орган в области энергосбережения и повышения энергоэффективности (далее - уполномоченный орган) - центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство в области энергосбережения и повышения энергоэффективности;
      6) энергоаудиторская организация - юридическое лицо, имеющее свидетельство об аккредитации на право проведения энергоаудита.
      3. Аккредитация в области энергосбережения и повышения энергоэффективности осуществляется в отношении юридического лица для получения правомочия оказывать услуги по проведению энергоаудита или переподготовки и (или) повышение квалификации кадров, осуществляющих деятельность в области энергосбережения и повышения энергоэффективности.
      4. Аккредитация в области энергосбережения и повышения энергоэффективности юридического лица проводится уполномоченным органом. 

2. Порядок проведения аккредитации 

      5. Для аккредитации в области энергосбережения и повышения энергоэффективности на проведение энергоаудита юридическое лицо представляет в уполномоченный орган следующие документы:
      1) заявление на аккредитацию в области энергосбережения и повышения энергоэффективности по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам;
      2) документы, подтверждающие наличие соответствующего материально-технического обеспечения, а именно:
      для энергоаудиторских организаций, аккредитуемых в области энергосбережения и повышения энергоэффективности на предоставление услуг по проведению энергоаудита промышленных предприятий, а также зданий, строений и сооружений, в соответствии с перечнем состава информационно-измерительных комплексов и технических средств для энергоаудиторских организаций, аккредитуемых на предоставление услуг по проведению энергоаудита промышленных предприятий, а также зданий, строений и сооружений на праве собственности, согласно приложению 2 к настоящим Правилам, их аттестации и государственной поверки;
      для энергоаудиторских организаций, аккредитуемых в области энергосбережения и повышения энергоэффективности на предоставление услуг по проведению энергоаудита зданий, строений и сооружений, в соответствии с перечнем состава информационно-измерительных комплексов и технических средств для энергоаудиторских организаций энергоаудиторов, аккредитуемых на предоставление услуг по проведению энергоаудита зданий, строений и сооружений на праве собственности, согласно приложению 3 к настоящим Правилам, их аттестации и государственной поверки.
      Примечание: Информационно-измерительные комплексы и технические средства на праве собственности должны быть удостоверены оборотно-сальдовой ведомостью, выданной не позднее чем за 30 календарных дней до даты подачи заявления;
      3) документы, подтверждающие наличие в штате квалифицированного персонала, а именно:
      для энергоаудиторских организаций, аккредитуемых в области энергосбережения и повышения энергоэффективности на предоставление услуг по проведению энергоаудита промышленных предприятий, а также зданий, строений и сооружений – наличие в штате не менее четырех энергоаудиторов имеющих аттестат энергоаудитора в области энергосбережения и повышения энергоэффективности;
      для энергоаудиторских организаций, аккредитуемых в области энергосбережения и повышения энергоэффективности на предоставление услуг по проведению энергоаудита зданий, строений и сооружений – наличие в штате не менее двух энергоаудиторов имеющих аттестат энергоаудитора в области энергосбережения и повышения энергоэффективности.
      4) исключен приказом Министра по инвестициям и развитию РК от 30.11.2015 № 1126 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Пункт 5 с изменениями, внесенными приказом Министра по инвестициям и развитию РК от 30.11.2015 № 1126 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      6. Для получения аккредитации на переподготовку и (или) повышение квалификации кадров, осуществляющих деятельность в области энергосбережения и повышения энергоэффективности, юридическое лицо представляет в уполномоченный орган следующие документы:
      1) заявление на аккредитацию в области энергосбережения и повышения энергоэффективности по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам;
      2) утвержденные юридическим лицом учебную программу и учебный план в соответствии с типовыми учебными программами и учебными планами;
      3) документы, подтверждающие наличие не менее двух преподавателей с высшим образованием, в том числе не менее одного преподавателя с ученой степенью не ниже кандидата (магистра) технических наук;
      4) документы, подтверждающие наличие учебного кабинета, компьютеров и перечень состава информационно-измерительных комплексов для учебных центров, аккредитуемых на предоставление услуг по переподготовке и (или) повышению квалификации кадров, осуществляющих деятельность в области энергосбережения и повышения энергоэффективности на праве собственности, согласно приложению 4 к настоящим Правилам.
      Примечание: Информационно-измерительные комплексы на праве собственности должны быть удостоверены оборотно-сальдовой ведомостью, выданной не позднее чем, за 30 календарных дней до даты подачи заявления.
      7. Документы, указанные в пункте 5 и 6 настоящих Правил, прошиваются, пронумеровываются, полистно парафируются первым руководителем либо лицом, исполняющим его обязанности (с приложением копии приказа о возложении обязанностей первого руководителя) и полистно заверяются печатью организации.
      8. Для рассмотрения документов юридических лиц об аккредитации в области энергосбережения и повышения энергоэффективности и принятия решения по ним уполномоченным органом создается постоянно действующая  комиссия по аккредитации в области энергосбережения и повышения энергоэффективности (далее - Комиссия).
      9. Рассмотрение документов об аккредитации в области энергосбережения и повышения энергоэффективности осуществляется Комиссией в течение тридцати рабочих дней, исчисляемых с момента их поступления в уполномоченный орган.
      10. В случае принятия положительного решения, юридическому лицу выдается свидетельство об аккредитации в течение пяти рабочих дней с момента принятия Комиссией такого решения.
      11. Свидетельство об аккредитации, выданное уполномоченным органом, имеет регистрационный номер и действительно на всей территории Республики Казахстан.
      12. Основанием для отказа в аккредитации юридического лица являются:
      1) наличие в представленных документах недостоверной информации;
      2) несоответствие представленной информации требованиям, предъявляемым для осуществления заявленного вида деятельности;
      3) наличие решения суда о запрете на занятие деятельностью по заявленному виду.
      13. При отказе в аккредитации юридическому лицу направляется мотивированный письменный ответ с указанием причин такого отказа в течение пяти рабочих дней с момента принятия решения.
      14. Решение об отказе в аккредитации может быть обжаловано в установленном законодательством порядке Республики Казахстан.
      15. В случае если уполномоченный орган в установленные сроки в соответствии с пунктом 9 настоящих Правил не выдал юридическому лицу свидетельство об аккредитации, либо не предоставил письменный мотивированный отказ в его выдаче, то с даты истечения сроков его выдачи свидетельство об аккредитации считается выданным и одновременно регистрируется в реестре юридических лиц, получивших свидетельство об аккредитации.
      Уполномоченный орган не позднее пяти рабочих дней с момента истечения срока выдачи свидетельства об аккредитации выдает юридическому лицу соответствующее свидетельство об аккредитации.
      16. Основанием прекращения действия свидетельства об аккредитации, не связанным с нарушением требований законодательства об энергосбережении и повышении энергоэффективности, являются:
      1) письменное обращение аккредитованного субъекта;
      2) ликвидация или банкротство аккредитованного субъекта.
      17. В случае утери свидетельства об аккредитации, уполномоченный орган по письменному заявлению юридического лица в срок до пяти рабочих дней выдает дубликат свидетельства об аккредитации.
      Оригинал утерянного свидетельства об аккредитации признается недействительным.
      18. Лишение свидетельства об аккредитации и приостановление действия свидетельства об аккредитации осуществляются в порядке, предусмотренном Кодексом Республики Казахстан «Об административных правонарушениях».
      19. Выданное свидетельство об аккредитации, решение о лишении, прекращении, приостановлении и возобновлении действия свидетельства об аккредитации регистрируется в реестре юридических лиц, получивших свидетельство об аккредитации.
      Реестр юридических лиц, получивших свидетельство об аккредитации в области энергосбережения и повышения энергоэффективности, ведется уполномоченным органом по форме согласно  приложению 5 к настоящим Правилам и размещается на официальном сайте уполномоченного органа.
      Реестр учебных центров, получивших свидетельство об аккредитации в области энергосбережения и повышения энергоэффективности, формируется уполномоченным органом по форме согласно приложению 6 к настоящим Правилам и размещается на официальном сайте уполномоченного органа. 

Приложение 1         
к Правилам аккредитации  
в области энергосбережения и
повышения энергоэффективности

      
_____________________________________
(должность первого руководителя)
_____________________________________
(наименование органа по аккредитации)
_____________________________________
Ф.И.О.             
 
Форма 

Заявление на аккредитацию в области энергосбережения
и повышения энергоэффективности 

      Прошу аккредитовать __________________________________________
____________________________________________________________________
           (указываются полное и сокращенное наименование)
____________________________________________________________________
      (организационно-правовая форма юридического лица и БИН)
      на право проведения:
____________________________________________________________________
                     (указать вид деятельности:
1) энергоаудит промышленных предприятий, а также зданий, строений и
сооружений;
2) энергоаудит зданий, строений и сооружений;
3) переподготовка и (или) повышение квалификации кадров,
осуществляющих деятельность в области энергосбережения и повышения
энергоэффективности)
      К настоящему заявлению прилагаются следующие документы:
      1. ____________________________________________________________
      2. ____________________________________________________________
      3. ____________________________________________________________
      4. ____________________________________________________________
      5. ____________________________________________________________
      6. ____________________________________________________________
      7. ____________________________________________________________

      _____________________________       _______  __________________
должность руководителя юридического лица  подпись     Ф.И.О.
 

М.П.
 

Приложение 2      
к Правилам аккредитации 
в области энергосбережения и
повышения энергоэффективности 

Перечень
состава информационно-измерительных комплексов
и технических средств для энергоаудиторских организации,
аккредитуемых на предоставление услуг по проведению
энергоаудита промышленных предприятий,
а также зданий, строений и сооружений 

      1. Тепловизор.
      2. Ультразвуковой расходомер жидкости.
      3. Бесконтактный (инфракрасный) термометр с диапазоном
         измерения от 0 до 5500 С.
      4. Тепломер или измеритель тепловых потоков.
      5. Токовые клещи.
      6. Анемометр.
      7. Гигрометр.
      8. Люксметр.
      9. Лазерный дальномер.
      10. Толщиномер (если нет этой функции в расходомере).
      11. Анализатор качества электрической энергии.
      12. Контактный термометр.
      13. Манометр.
      14. Газоанализатор. 

Приложение 3      
к Правилам аккредитации  
в области энергосбережения и
повышения энергоэффективности 

Перечень
состава информационно-измерительных комплексов
и технических средств для энергоаудиторских организации
энергоаудиторов, аккредитуемых на предоставление
услуг по проведению энергоаудита зданий,
строений и сооружений 

      1. Тепловизор.
      2. Бесконтактный (инфракрасный) термометр с диапазоном
         измерения от 0 до 5500 С.
      3. Тепломер или измеритель тепловых потоков.
      4. Токовые клещи.
      5. Анемометр.
      6. Гигрометр.
      7. Люксметр.
      8. Лазерный дальномер.
      9. Контактный термометр.
      10. Манометр. 

Приложение 4      
к Правилам аккредитации 
в области энергосбережения и
повышения энергоэффективности 

Перечень
состава информационно-измерительных комплексов
для учебных центров, аккредитуемых на предоставление
услуг по переподготовке и (или) повышению квалификации кадров,
осуществляющих деятельность в области энергосбережения и повышения энергоэффективности 

      1. Тепловизор.
      2. Ультразвуковой расходомер жидкости.
      3. Бесконтактный (инфракрасный) термометр с диапазоном
         измерения от 0 до 5500 С.
      4. Тепломер или измеритель тепловых потоков.
      5. Токовые клещи.
      6. Анемометр.
      7. Гигрометр.
      8. Люксметр.
      9. Лазерный дальномер.
      10. Толщиномер (если нет этой функции в расходомере).
      11. Анализатор качества электрической энергии.
      12. Контактный термометр.
      13. Манометр.
      14. Газоанализатор.
 

Приложение 5       
к Правилам аккредитации 
в области энергосбережения и
повышения энергоэффективности

      Форма 

Реестр юридических лиц, получивших свидетельство об
аккредитации в области энергосбережения и повышения
энергоэффективности 


п/п

Дата аккредитации

Регистрационный номер свидетельства об аккредитации

Наименование юридического лица

БИН

Юридический адрес, контактные данные

Вид деятельности

Ф.И.О. заявленных экспертов

Заводской номер информационно-измерительных комплексов и технических средств

Примечание

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10












Приложение 6      
к Правилам аккредитации 
в области энергосбережения и
повышения энергоэффективности 

Форма 

Реестр учебных центров, получивших свидетельство об
аккредитации в области энергосбережения и повышения
энергоэффективности 

№ п/п

Дата аккредитации

Регистрационный номер свидетельства об аккредитации

Наименование юридического лица

БИН

Юридический адрес, контактные данные

Ф.И.О. заявленных преподавателей

Примечание

1

2

3

4

5

6

7

8