Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 358 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 қарашада № 8074 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қарашадағы № 820 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.11.2016 алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 820 бұйрығымен.

      "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.11.2014 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       1. Қоса беріліп отырған Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (А.А. Тұрлубек) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Премьер-Министрінің орынбасары -


Министр

Ә. Исекешев

      КЕЛІСІЛГЕН

      Қазақстан Республикасы

      Экономикалық даму және сауда

      министрі

      ______________ Е.А. Досаев

      2012 жылғы 5 қазан

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау

      агенттігінің төрағасы

      ______ Ғ.Р. Әбдірахымов

      2012 жылғы 18 қазан

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2012 жылғы 3 қазандағы
№ 358 бұйрығымен
бекітілген

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы
аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қызметі тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.11.2014 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       2. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Комиссияның негізгі міндеті заңды тұлғалардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы құжаттарын қарастыру болып табылады.

2. Комиссия қызметін ұйымдастыру

      4. Комиссия құрамын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі бекітеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.11.2014 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       5. Комиссияның құрамына энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның өкілдері, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.11.2014 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       6. Комиссияны төраға басқарады, ол Комиссияның қызметін басқарады, Комиссия мәжілісінде төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімінің асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасар орындайды.

      7. Комиссия жұмысының ұйымдық-техникалық қамтамасыз етілуін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті жүзеге асырады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.11.2014 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       8. Комиссия хатшысы Комиссия мәжілісінің күн тәртібін қалыптастырады, тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді және Комиссия мәжілісінің хаттамасын жасайды.

      Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.

      9. Комиссияның жұмыс мәжілісінің материалдары Комиссия мүшелерінің әрқайсысына мәжілістің болуына кем дегенде бес жұмыс күні қалғанда жеткізіледі.

      10. Комиссия мәжілісі айына екі рет жүргізіледі және оған Комиссияның жалпы мүшелер санының кемінде үштен екісі қатысатын болса, заңды болып табылады.

3. Комиссияда материалдарды қарау

      11. Комиссия аккредиттеуге ұсынылған құжаттарды қарауды энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті органға құжаттар түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      12. Комиссия аккредиттеу туралы куәліктің берілуі немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Комиссия қабылданған шешімдер хаттамамен ресімделеді, оған төрағалық етуші, қатысушы мүшелер және Комиссия хатшысы қол қояды.

      13. Комиссия шешімінің қорытындылары бойынша уәкілетті орган заңды тұлғаға аккредиттеу туралы куәлікті береді не аккредиттеуден жазбаша дәлелді бас тартуды сәйкесінше шешімді қабылдаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.

      14. Комиссия мүшелерінің ерекше пікірлері білдірілген жағдайда, олар жазбаша түрде жазылады және Комиссия хаттамасына қоса беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады