Мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің, нөмірлік мөртабанның және пломбирдің үлгісін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 92 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 наурызда № 10440 тіркелді.

      "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 44) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның мемлекеттік техникалық инспекторлары үшін:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің үлгісі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік техникалық инспектордың нөмірлі мөртабанының үлгісі;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік техникалық инспектордың пломбир үлгісі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
В. Школьник

  Қазақстан Республикасы
  Энергетика министрінің
  2015 жылғы 13 ақпандағы
  № 92 бұйрығына
  1-қосымша

Мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің үлгісі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 23.07.2019 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      Ескертпе.

      1. Мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің (бұдан әрі - қызметтік куәлік) мұқабасы Мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің үлгісіне сәйкес нысан бойынша көк түсті. Қызметтік куәліктің ашылған күйіндегі көлемі тігінен 65 миллиметр және көлденеңінен 190 миллиметр.

      2. Қызметтік куәліктің бет жағында баспа қарпімен мемлекеттік және орыс тілдерінде: "ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ МИНИСТЕРСТВО ЭНЕРГЕТИКИ" деген жазу жазылған және қызметтік куәліктің ортасында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес орындалған, "QAZAQSTAN" деген жазуы бар алтын түсті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналастырылған.

      3. Қызметтік куәліктің ішкі сол және оң бөліктері Мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің белгіленген үлгісінде ақ түсте орындалған.

      4. Қызметтік куәліктің ішкі сол бөлігінде:

      жоғарғы бөлігінде қара түсте орындалған мемлекеттік тілде: "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ АТОМДЫҚ ЖЭНЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ МЕН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ АУМАҒЫ БОЙЫНША ОРГАН АТАУЫ" деген жазу бар;

      сол бөлігінің ортасында қара түспен мемлекеттік тілде "№ 00-00 КУӘЛІК" деген жазу орналастырылған, оның астында қара түспен мемлекеттік тілде мемлекеттік техникалық инспектордың (бұдан әрі - инспектор) аты, әкесінің аты, тегі (бар болған жағдайда) және атқаратын лауазымы көрсетіледі. Қызметтік куәліктің нөмірі қара түспен басылады:

      сол бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес орындалған, астында көк түсте мемлекеттік тілде "АЭҚБК Қазақстан" деген жазу орналастырылған, "QAZAQSTAN" деген жазуы бар алтын түсті Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген;

      төменгі бөлігінде қызметтік куәліктің қолдану мерзімі мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетіледі.

      5. Қызметтік куәліктің ішкі оң бөлігінде:

      жоғарғы бөлігінде қара түсте орындалған орыс тілінде "МИНИСТЕРСТВО ЭНЕРГЕТИКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН НАИМЕНОВАНИЕ ОРГАНА ПО ТЕРРИТОРИАЛЬНОСТИ КОМИТЕТА АТОМНОГО И ЭНЕРГЕТИЧЕСКОГО НАДЗОРА И КОНТРОЛЯ" деген жазу бар;

      сол бұрышында 3х4 сантиметр көлемінде инспектордың түрлі-түсті фотосуреті (анфас) орналастырылады. Инспектор ақ түсті реңде іскерлік стильдегі киіммен бас киімсіз түседі;

      оң бөлігінің ортасында қара түсте орындалған орыс тілінде "УДОСТОВЕРЕНИЕ № 00-00" деген жазу орналастырылған, оның астында орыс тілінде инспектордың аты, әкесінің аты, тегі және атқаратын лауазымы көрсетіледі. Қызметтік куәліктің нөмірі қара түспен басылады;

      қызметтік куәліктің оң бөлігінде қара түсте орындалған мемлекеттік және орыс тілдерінде "Комитет төрағасы Председатель Комитета" деген жазу орналастырылады.

      6. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) орталық аппараты және аумақтық бөлімшелері инспекторларының қызметтік куәлігі Комитет төрағасының қолымен бекітіледі және Комитеттің елтаңбалық мөрімен басылады.

      7. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік техникалық инспекторға қызметтік куәлік, нөмірлік мөртабан және пломбир беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік техникалық инспекторлардың қызметтік куәліктерін, нөмірлі мөртабандарын және пломбирлерін беру және алып қоюдың электрондық журналының нысанына сәйкес инспекторға қызметтік куәлікті беру кезінде куәлік нөмірі ұсынылған шифрлар ескеріле отырып қалыптастырылады, атап айтқанда, № 00-00, мұндағы алғашқы екі сан 00 - Комитеттің орталық аппараты немесе аумақтық бөлімшесінің шифрі, одан кейінгі екі сан 00 - инспектордың қызметтік куәлігінің нөмірі.

      Комитеттің орталық аппарат және аумақтық бөлімшелер инспекторларының шифрлары:

      01 - орталық аппарат;

      02 - Комитеттің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті;

      03 - Комитеттің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті;

      04 - Комитеттің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті;

      05 - Комитеттің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті;

      06 - Комитеттің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті;

      07 - Комитеттің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті;

      08 - Комитеттің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті;

      09 - Комитеттің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті;

      10 - Комитеттің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті;

      11 - Комитеттің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті;

      12 - Комитеттің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті;

      13 - Комитеттің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті;

      14 - Комитеттің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті;

      15 - Комитеттің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті;

      16 - Комитеттің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті;

      17 - Комитеттің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті;

      18 - Комитеттің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті.

      Қызметтік куәлікте инспектордың лауазымы Комитеттің немесе оның аумақтық бөлімшелерінің құрылымына сәйкес көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
  Энергетика министрінің
  2015 жылғы 13 ақпандағы
  № 92 бұйрығына
  2-қосымша

Мемлекеттік техникалық инспектордың нөмірлі мөртабанының үлгісі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 23.07.2019 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.




      Ескертпе.

      1. Инспектордың мөртабаны қол құралы ретінде, қағаз жеткізгіште бояғышты көшіру түрінде оқиғаны тіркеу функциясын орындау үшін инспектордың - мөртабан иесінің қолын растау ретінде қолданылады.

      2. Инспектордың мөртабаны түрлі материалдарға бедер түрінде оқиғаны тіркеу функциясын орындау үшін есіктерді, сейфтерді, металл шкафтарды, банк қоймаларын, сонымен қатар басқа да сыйымдылықтарды, шкафтарды. пластилинде (мастикада), сүргіште немесе басқа да (пломбираторға қарағанда) жұмсақтау материалдарда бедерді қою жолымен мөрлеп тастауға арналған.

      Осы Қосымшаның 1 және 2-тармақтарында көрсетілген мөртабандардың түрлері үшін түрлі материалдарға бедер немесе бояғышты көшіруді қолдану түрлеріне қарамастан мынадай талаптар белгіленеді.

      Инспектор мөртабандарының конструкциясы біреуін екіншіге бұрау (бұранда бойынша) жолымен екі бөлшектелінетін бөліктен тұратын конструкцияны білдіреді. Әр бөлік бос әр түрлі тереңдігі бар металл (пластмасса) сыйымдылықтан тұрады (стакан түрдегі).

      Мөртабан инспектордың жеке мөртабаны болып табылады, төменде көрсетілген шығыңқылығы сыртқы цилиндрлік жиегінің шетінен (аз) сыйымдылығынан 2,5 миллиметрден кем емес батырып бедерлеу нөмірлі мөртабаны бар силиконды (пластмассалық) ендірме.

      Мөртабанның алынбалы қақпағын бояғышпен (мастикамен) нөмірлі мөртабанды батырып бедерлеу үшін мөрқалыптық тығырығы орнатылады.



1-сурет. Инспектордың мөртабан үлгісінің нысаны.

      Инспектордың нөмірлі мөртабаны дөңгелек нысанда болады, диаметрі 40 миллиметр.

      Дөңгелек сұлбасының ішкі жағында мөртабан шетінің бойымен (шеңбер бойымен) ААА әрпімен Комитеттің орталық аппаратының немесе аумақтық бөлімшелерінің аббревиатурасы осы Қосымшаның 1-кестесіне сәйкес көрсетіледі.

      Үлгі үшін (ААА):

      "ҚР ЭМ АЭҚБК орталық аппараты Центральный аппарат КАЭНК МЭ РК"

      Ішкі дөңгелек (шеңбер) бойымен аббревиатура мен мөртабанның ортасында орналасатын нөмірдің арасында БББ инспектордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіліп, толық жазылады.

      Үлгі үшін (БББ):

      "Тегі (Фамилия), Есімі (Имя), Әкесінің аты (Отчество) (бар болған жағдайда)"

      "Тегі (Фамилия), Есімі (Имя), Әкесінің аты (Отчество) (бар болған жағдайда)"

      Мөртабанның ортасында инспектордың қызметтік куәлігінің реттік нөмірі көрсетіледі.

      1-кесте. Комитеттің орталық аппаратының немесе аумақтық бөлімшелерінің аббревиатурасы

Комитеттің орталық аппаратының немесе аумақтық бөлімшесінің аббревиатурасы

Комитеттің орталық аппаратының немесе аумақтық бөлімшесінің толық атауы

Орталық аппарат

Комитеттің орталық аппараты

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша АБ

Комитеттің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті

Алматы қаласы бойынша АБ

Комитеттің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті

Шымкент қаласы бойынша АБ

Комитеттің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті

Ақмола облысы бойынша АБ

Комитеттің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті

Ақтөбе облысы бойынша АБ

Комитеттің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті

Алматы облысы бойынша АБ

Комитеттің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті

Атырау облысы бойынша АБ

Комитеттің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті

Шығыс Қазақстан облысы бойынша АБ

Комитеттің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті

Жамбыл облысы бойынша аумақтық АБ

Комитеттің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті

Батыс Қазақстан облысы бойынша АБ

Комитеттің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті

Қарағанды облысы бойынша АБ

Комитеттің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті

Қостанай облысы бойынша АБ

Комитеттің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті

Қызылорда облысы бойынша АБ

Комитеттің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті

Маңғыстау облысы бойынша АБ

Комитеттің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті

Павлодар облысы бойынша АБ

Комитеттің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша АБ

Комитеттің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті

Түркістан облысы бойынша АБ

Комитеттің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті

      Ескертпе: Комитеттің аббревиатурасын қосумен - ҚР ЭМ АЭҚБК

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 13 ақпандағы
№ 92 бұйрығына
3-қосымша

Мемлекеттік техникалық инспектордың пломбир үлгісі


      Ескертпе.

      Инспектордың пломбиратордың пломбирленген бұранда кескіші дөңгелек пішінді, диаметрі 10 миллиметр.

      Пломбирленген бұранда кескішінің біреуінде келесі бедерді қалдырады (1-сурет):

      № 00-00 белгі арқылы инспектордың аумақтық және жеке тиесілілігі орнатылады.

      Сол пломбиратордың екінші пломбирленген бұранда кескішінде Комитеттің аббревиатурасымен келесі бедер қалдырады (2-сурет).

      Үлгі үшін:

      "АЭҚБК КАЭНК".

      Екі пломбиратордың пломбирленген бұранда кескіші пломбада дөңес бедер қалдырады.

Об утверждении образца служебного удостоверения государственного технического инспектора, номерного штампа и пломбира

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 13 февраля 2015 года № 92. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 марта 2015 года № 10440.

      В соответствии с подпунктом 44) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об электроэнергетике" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые:

      1) образец служебного удостоверения государственного технического инспектора, согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) образец номерного штампа государственного технического инспектора, согласно приложению 2 к настоящему приказу;

      3) образец пломбира государственного технического инспектора, согласно приложению 3 к настоящему приказу.

      2. Департаменту электроэнергетики Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление на официальное опубликование настоящего приказа в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр энергетики


Республики Казахстан

В. Школьник


  Приложение 1
к приказу Министра энергетики
Республики Казахстан
от 13 февраля 2015 года № 92

Образец служебного удостоверения государственного технического инспектора

      Сноска. Образец в редакции приказа Министра энергетики РК от 23.07.2019 № 251 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

     


      Примечание.

      1. Обложка служебного удостоверения государственного технического инспектора (далее – служебное удостоверение) синего цвета, по форме согласно образцу служебного удостоверения государственного технического инспектора. В развернутом виде служебное удостоверение имеет размер 65 миллиметров по вертикали и 190 миллиметров по горизонтали.

      2. На лицевой стороне служебного удостоверения типографским шрифтом выполнены надписи на государственном и русском языках: "ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ МИНИСТЕРСТВО ЭНЕРГЕТИКИ" и по центру служебного удостоверения расположено изображение Государственного Герба Республики Казахстан, выполненного в соответствии с государственным стандартом Республики Казахстан c надписью "QAZAQSTAN", золотистого цвета.

      3. Левая и правая внутренняя часть служебного удостоверения выполнена в белом цвете установленного образца служебного удостоверения государственного технического инспектора.

      4. На левой внутренней части служебного удостоверения размещены:

      в верхней части надпись на государственном языке: "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ АТОМДЫҚ ЖЭНЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ МЕН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ АУМАҒЫ БОЙЫНША ОРГАН АТАУЫ", выполненная в черном цвете.

      В центре левой части размещена надпись на государственном языке, выполненная черным цветом "№ 00-00 КУӘЛІК", под которой черным цветом указывается фамилия, имя, отчество (при его наличии) и занимаемая должность государственного технического инспектора (далее – инспектор) на государственном языке. Номер служебного удостоверения печатается черным цветом.

      В левой части изображен Государственный Герб Республики Казахстан, выполненный в соответствии с государственным стандартом Республики Казахстан c надписью "QAZAQSTAN" золотистого цвета, под которым расположена надпись "АЭҚБК ҚАЗАҚСТАН" на государственном языке, выполненная в синем цвете.

      В нижней части указывается срок действия служебного удостоверения на государственном и русском языках.

      5. На правой внутренней части служебного удостоверения размещены:

      в верхней части надпись на русском языке: "МИНИСТЕРСТВО ЭНЕРГЕТИКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН НАИМЕНОВАНИЕ ОРГАНА ПО ТЕРРИТОРИАЛЬНОСТИ КОМИТЕТА АТОМНОГО И ЭНЕРГЕТИЧЕСКОГО НАДЗОРА И КОНТРОЛЯ", выполненная в черном цвете;

      в левом углу размещается цветная фотография (анфас) инспектора размером 3х4 сантиметра. Инспектор фотографируется в деловом стиле одежды на белом фоне без головного убора;

      в центре правой части размещена надпись на русском языке: "УДОСТОВЕРЕНИЕ № 00-00", выполненная черным цветом, под которой указывается фамилия, имя, отчество (при его наличии) и занимаемая должность инспектора на русском языке. Номер служебного удостоверения печатается черным цветом;

      в правой части служебного удостоверения размещается надпись на государственном и русском языках: "Комитет төрағасы Председатель Комитета", выполненные черным цветом.

      6. Служебные удостоверения инспекторов центрального аппарата и территориальных подразделений Комитета атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан (далее – Комитет) заверяются подписью Председателя Комитета и скрепляются гербовой печатью Комитета.

      7. При выдаче служебного удостоверения инспектору номер служебного удостоверения формируется с учетом предлагаемых шифров, а именно № 00-00, где первые две цифры 00 – шифр центрального аппарата или территориального подразделения Комитета, последующие две цифры 00 – порядковый номер удостоверения инспектора, согласно форме электронного журнала выдачи изъятия служебных удостоверений, номерных штампов и пломбиров государственным техническим инспектором в области электроэнергетики по форме согласно приложению 1 к Правилам выдачи государственному техническому инспектору служебного удостоверения, номерного штампа и пломбира, утвержденным приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 2 февраля 2015 года № 57.

      Шифры инспекторов центрального аппарата и территориальных подразделений Комитета:

      01 - центральный аппарат;

      02 - территориальный департамент Комитета по городу Нур-Султан;

      03 - территориальный департамент Комитета по городу Алматы;

      04 - территориальный департамент Комитета по городу Шымкент;

      05 - территориальный департамент Комитета по Акмолинской области;

      06 - территориальный департамент Комитета по Актюбинской области;

      07 - территориальный департамент Комитета по Алматинской области;

      08 - территориальный департамент Комитета по Атырауской области;

      09 - территориальный департамент Комитета по Восточно-Казахстанской области;

      10 - территориальный департамент Комитета по Жамбылской области;

      11 - территориальный департамент Комитета по Западно-Казахстанской области;

      12 - территориальный департамент Комитета по Карагандинской области;

      13 - территориальный департамент Комитета по Костанайской области;

      14 - территориальный департамент Комитета по Кызылординской области;

      15 - территориальный департамент Комитета по Мангистауской области;

      16 - территориальный департамент Комитета по Павлодарской области;

      17 - территориальный департамент Комитета по Северо-Казахстанской области;

      18 - территориальный департамент Комитета по Туркестанской области.

      Должность инспектора в служебном удостоверении указывается согласно структуре Комитета или его территориального подразделения.

  Приложение 2
к приказу Министра энергетики
Республики Казахстан
от 13 февраля 2015 года № 92

Образец номерного штампа государственного технического инспектора

      Сноска. Образец в редакции приказа Министра энергетики РК от 23.07.2019 № 251 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

     


      Примечание.

      1. Штамп инспектора как ручной инструмент, для выполнения функций фиксирования событий в виде переноса красителя на бумажные носители применяется в качестве подтверждения подписи владельца штампа – инспектора.

      2. Штамп инспектора для выполнения функций фиксирования событий в виде оттиска на различные материалы предназначены для опечатывания дверей, сейфов, металлических шкафов, банковских хранилищ, а также прочих емкостей, шкафов путем проставления оттиска на пластилине (мастике), сургуче или других более мягких (по сравнению с пломбиратором) материалах.

      Для видов штампов, указанных в пунктах 1 и 2 настоящего приложения, устанавливаются следующие требования независимо от вида применения оттиска или переноса красителя на различные материалы.

      Конструкция штампа инспектора представляет конструкцию, включающую в себя две разбираемые части путем ввинчивания одной на другую (по резьбе). Каждая часть представляет из себя полую металлическую (пластмассовую) емкость (типа стакан) с разной глубиной.

      Штамп является личным штампом инспектора, который представляет из себя силиконовую (пластмассовую) вставку с наличием нижеуказанного тиснения номерного штампа с выступлением от края внешней каемки цилиндрической (меньшей) емкости не более 2,5 миллиметров.

      В съемную крышку штамп устанавливается штемпельная "подушка" для смачивания тиснения номерного штампа красителем (мастикой).

     


Рисунок 1. Форма образца штампа инспектора

      Номерной штамп инспектора имеет круглую форму, диаметром 40 миллиметров.

      Внутри контура круга вдоль края штампа (по окружности), где ААА, указывается аббревиатура центрального аппарата или территориального подразделения Комитета согласно таблице 1 настоящего приложения.

      Для образца (ААА):

      "ҚР ЭМ АЭҚБК Орталық аппараты

      Центральный аппарат КАЭНК МЭ РК."

      По внутреннему кругу (окружности), где БББ, между аббревиатурой и номером устанавливаемого в центре штампа указываются фамилия, имя, отчество (при его наличии) инспектора, заполняются полностью.

      Для образца (БББ):

      "Тегі (Фамилия), Есімі (Имя), Әкесінің аты (Отчество) (при наличии)"

      В центре штампа указывается порядковый номер служебного удостоверения инспектора.

      Таблица 1. Аббревиатура центрального аппарата или территориального подразделения Комитета

Аббревиатура центрального аппарата или территориального подразделения Комитета

Полное наименование центрального аппарата или территориального подразделения Комитета

Центральный аппарат

центральный аппарат Комитета

ТД по городу Нур-Султан

территориальный департамент Комитета по городу Нур-Султан

ТД по городу Алматы

территориальный департамент Комитета по городу Алматы

ТД по городу Шымкент

территориальный департамент Комитета по городу Шымкент

ТД по Акмолинской области

территориальный департамент Комитета по Акмолинской области

ТД по Актюбинской области

территориальный департамент Комитета по Актюбинской области

ТД по Алматинской области

территориальный департамент Комитета по Алматинской области

ТД по Атырауской области

территориальный департамент Комитета по Атырауской области

ТД по Восточно-Казахстанской области

территориальный департамент Комитета по Восточно-Казахстанской области

ТД по Жамбылской области

территориальный департамент Комитета по Жамбылской области

ТД по Западно-Казахстанской области

территориальный департамент Комитета по Западно-Казахстанской области

ТД по Карагандинской области

территориальный департамент Комитета по Карагандинской области

ТД по Костанайской области

территориальный департамент Комитета по Костанайской области

ТД по Кызылординской области

территориальный департамент Комитета по Кызылординской области

ТД по Мангистауской области

территориальный департамент Комитета по Мангистауской области

ТД по Павлодарской области

территориальный департамент Комитета по Павлодарской области

ТД по Северо-Казахстанской области

территориальный департамент Комитета по Северо-Казахстанской области

ТД по Туркестанской области

территориальный департамент Комитета по Туркестанской области

      Примечание: с добавлением аббревиатуры самого Комитета – КАЭНК МЭ РК.


  Приложение 3
к приказу Министра энергетики
Республики Казахстан
от 13 февраля 2015 года № 92

Образец пломбира
государственного технического инспектора


      Примечание.

      Пломбированная плашка пломбиратора инспектора имеет круглую форму диаметром 10 миллиметров.

      На одной пломбированной плашке пломбиратора оставляет следующий оттиск (рисунок 1):

      С помощью знаков № 00-00 устанавливается территориальная и индивидуальная принадлежность инспектора;

      На второй пломбированной плашке того же пломбиратора оставляет следующий оттиск аббревиатурой Комитета (рисунок 2).

      Для образца:

      "АЭҚБК КАЭНК".

      Обе пломбированные плашки пломбиратора оставляют оттиск выпуклого типа на пломбе.