Жарылғыш материалдарды сақтауға рұқсат беру үшін қажетті рұқсат талаптары мен құжаттар тізілімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 98 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 наурызда № 10487 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 14 мамырдағы № 532 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 19.05.2016 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 25-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Жарылғыш материалдарды сақтауға, рұқсат беру үшін қажетті рұқсат талаптары мен құжаттар тізілімі» бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оны мүлтіксіз орындауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың, орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаеқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты                           Қ. Қасымов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрінің
      міндетін атқарушы
      ______________________ Ж. Қасымбек
      2015 жылғы 18 ақпан

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі
      _____________________ Е. Досаев
      2015 жылғы 21 ақпан

Қазақстан Республикасы  
Ішкі істер министрінің  
2015 жылғы 10 ақпандағы № 98
бұйрығымен бекітілген

Жарылғыш материалдарды сақтауға рұқсат беру үшін қажетті рұқсат
талаптары мен құжаттар тізбесі

р/с

Рұқсат талаптары

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1.

Сақтауға жататын жарылғыш материалдардың атауы, саны (салмағы, өлшемі) көрсетіледі

Осы жарылғыш материалдарды сақтауға рұқсат беру үшін қажетті рұқсат талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес (бұдан әрі - Рұқсат талаптары) жарылғыш материалдарды сақтауға рұқсат беру үшін қажетті рұқсат талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны (бұдан әрі - мәліметтер нысаны)


2.

Меншік құқығындағы немесе өнеркәсіптік, өрт, санитарлық- эпидимиялогиялық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін өзге заңды негіздегі жарылғыш материалдар қоймасының болуы

Жарылғыш материалдар қоймасы паспортының көшірмесі, жалға беру келісім шартының көшірмесі (жалға алған жағдайда)


3.

Жеке күзет ұйымы немесе ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөліністері жүзеге асыратын жарылғыш материалдар қоймасына қаруланған күзеттің болуы

Осы Рұқсат талаптарына қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


4.

Адамдардың (заңды тұлғаның жұмыскерлерінің) жарылғыш материалдармен байланысты жұмысқа рұқсатының болуы

Құжат берілмейді


5.

Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және сату жөніндегі қызметпен айналысу құқығы

Құжат берілмейді

«Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасынан мәліметтер

6.

Заңды тұлғаны кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеу

Құжат берілмейді

«Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасынан мәліметтер

Жарылғыш материалдарды сақтауға
рұқсат беру үшін қажетті рұқсат
талаптары мен құжаттар тізбесіне
қосымша           

Жарылғыш материалдарды сақтауға рұқсат беру үшін қажетті
рұқсат талаптары мен құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны

Күзет қызметіне лицензиясы бар жеке күзет ұйымы немесе ішкі істер органдарының мамандандырылғ ан күзет бөліністері жүзеге асыратын жарылғыш материалдары қоймасын қарулы күзетуге арналған келісімшарттың нөмірі мен қол қойылған күні

Келісімшарт жасасқан күзет ұйымының күзет қызметімен айналысу құқығына берілген лицензияның сериясы, нөмірі, берілген күні

Жарылғыш материалдардың атауын, саны (салмағы, мөлшері)

Жарылғыш материалдарды ң сақтау орны (орналасқан мекенжайы)

Материалдарды сақтауға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (жеке куәлігінің немесе паспортының нөмірі)






Об утверждении разрешительных требований и перечня документов, необходимых для выдачи разрешений на хранение взрывчатых материалов

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 10 февраля 2015 года № 98. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 марта 2015 года № 10487. Утратил силу приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 19 мая 2016 года № 532

      Сноска. Утратил силу приказом Министра внутренних дел РК от 19.05.2016 № 532 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 25) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 23 апреля 2014 года «Об органах внутренних дел Республики Казахстан», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые разрешительные требования и перечень  документов, необходимые для выдачи разрешений на хранение взрывчатых материалов.
      2. Комитету административной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) размещение настоящего приказа, на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан.
      3. Начальникам департаментов внутренних дел городов Астаны и Алматы, областей и на транспорте, организовать изучение настоящего приказа сотрудниками соответствующих служб и обеспечить его неукоснительное исполнение.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя министра внутренних дел генерал-майора полиции Тургумбаева Е.З.
      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

      Министр
      генерал-лейтенант полиции                  К. Касымов

      «СОГЛАСОВАНО»
      Исполняющий обязанности
      Министра по инвестициям и развитию
      Республики Казахстан
      ____________________Ж. Касымбек
      18 февраля 2015 года

      «СОГЛАСОВАНО»
      Министр национальной экономики
      Республики Казахстан
      ____________________Е. Досаев
      21 февраля 2015 года

Утверждены            
Приказом Министра внутренних дел
Республики Казахстан     
от 10 февраля 2015 года № 98 

   Разрешительные требования и перечень документов, необходимых
      для выдачи разрешений на хранение взрывчатых материалов


Разрешительные требования

Документы

Примечание

1

2

3

4

1.

Указываются наименование, количество (вес, размер) взрывчатых материалов, подлежащих хранению

Форма сведений к разрешительным требованиям и перечню документов, необходимых для выдачи разрешений на хранение взрывчатых материалов (далее – форма сведений) согласно приложению к настоящим разрешительным требованиям и перечню документов, необходимых для выдачи разрешений на хранение взрывчатых материалов (далее – Разрешительные требования)


2.

Наличие склада взрывчатых материалов на праве собственности или ином законном основании, отвечающей требованиям промышленной, пожарной, санитарно-эпидемиологической безопасности

Копия паспорта склада взрывчатых материалов, копия договора аренды (в случае аренды)


3.

Наличие вооруженной охраны склада взрывчатых материалов, осуществляемой частной охранной организацией или специализированным охранным подразделением органов внутренних дел

Форма сведений согласно приложению к настоящим Разрешительным требованиям


4.

Наличие допуска лиц (работников юридического лица) к работе, связанной с взрывчатыми материалами

Документ не представляется


5.

Право занятия деятельностью по разработке, производству, приобретению и реализации взрывчатых и пиротехнических веществ и изделий с их применением

Документ не представляется

Сведения из государственной базы данных «Е-лицензирование»

6.

Регистрация юридического лица в качестве субъекта предпринимательства.


Документ не представляется Сведения из государственной базы данных «Юридические лица»

Приложение            
к разрешительным требованиям
и перечню документов, необходимых
для выдачи разрешений на   
хранение взрывчатых материалов

         Форма сведений к разрешительным требованиям и перечню
             документов, необходимых для выдачи разрешений на
                   хранение взрывчатых материалов

Номер и дата подписания договора на вооруженную охрану склада взрывчатых материалов, осуществляемую частной охранной организацией, имеющей лицензию на охранную деятельность или специализированным охранным подразделением органов внутренних дел

Серия, номер, дата выдачи лицензии на право занятия охранной деятельностью, с которой заключен договор

Наименование, количество взрывчатых материалов (вес, размер)

Место хранения взрывчатых материалов (адрес нахождения)

Фамилия, имя, отчество (при его наличии), должность ответственного лица за хранение взрывчатых материалов (номер удостоверения личности или паспорта)