Бюджеттік инвестициялар, концессиялар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша сараптама жүргізу мен құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 129 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 наурызда № 10495 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 22 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 21 № 22 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 16-тармағы 50) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік инвестициялар, концессиялар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша сараптама жүргізу мен құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесі бекітілсін (бұдан әрі – Әдістеме).
      2. "Бюджеттік инвестициялар және концессиялар мәселелері бойынша құжаттамаға сараптама өткізу мен бағалаудың құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 132 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9500 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 маусымдағы № 80714 "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға оның жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
 
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев

      

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 25 ақпандағы
№ 129 бұйрығымен бекітілген

Бюджеттік инвестициялар, концессиялар және
техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін
бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы
агенттерінің республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік
инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша сараптама
жүргізу мен құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесі

      1. Осы Бюджеттік инвестициялар, концессиялар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша сараптама жүргізу мен құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) бюджеттік инвестициялар, концессиялар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша сараптама жүргізу мен құжаттаманы бағалау құнын айқындау тәсілдерін белгілеу мақсатында әзірленген.
      2. Бюджеттік инвестициялар, концессиялар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша сараптама жүргізу мен құжаттаманы бағалау (бұдан әрі –Көрсетілетін қызмет) құны концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйымның қызметтің бір бірлігіне арналған нормативтік еңбек шығындарына байланысты осы Әдістемеге сәйкес айқындалады.
      3. Көрсетілетін қызмет бағасы мынадай формула бойынша айқындалады:
      Pn = Сn x (1 + R), мұндағы (1)
      Pn (price) – қосылған құн салығын есепке алмағандағы құжаттар (сараптама) топтамасын қарау құны;
      R – пайызбен алынған рентабельділік нормасы.
      4. Көрсетілетін қызметтің өзіндік құны мынадай формула бойынша айқындалады:
      Сn = cl x ln, мұндағы (2)
      Сn (cost) – Көрсетілетін қызметтің өзіндік құны;
      cl – 1 адам – сағат құны;
      ln – Көрсетілетін қызметтің бір бірлігіне арналған еңбек шығындарының нормативі. Көрсетілетін қызметтің бір бірлігіне арналған еңбек шығындарының нормативі осы Әдістемеге қосымшада келтірілген.
      5. Көрсетілетін қызметтің бағасын есептеу үшін айқындалған рентабельділік нормасы 1,27 пайызды құрайды.
      6. Көрсетілетін қызметтің бағасын есептеуге арналған бір адам-сағаттың құны қосылған құн салығын есепке алмай 6 358,57 теңге мөлшерінде айқындалған.

  Бюджеттік инвестициялар, концессиялар
және техникалық-экономикалық негіздеме
әзірлеуді талап ететін бюджеттік
инвестициялық жобаларды бюджеттік
кредиттеу, қаржы агенттерінің
республикалық бюджет қаражаты
есебінен мемлекеттік инвестициялық
саясатты іске асыруы мәселелері
бойынша сараптама жүргізу мен
құжаттаманы бағалау құнын
айқындау әдістемесіне қосымша

Көрсетілетін қызметтің бір бірлігіне арналған
нормативтік еңбек шығындары

Р/с №
Көрсетілетін қызмет түрі
Адам-сағаттың қызмет көрсетуге арналған еңбек шығындары
1.
концессиялық ұсыныстарды сараптау
361,72
2.
екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайдағы, құрамында жобалау-сметалық құжаттамасы (әзірленген жобалау-сметалық құжаттамасы бар, сондай-ақ техникалық күрделі болып табылмайтын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайта қолданылатын жобалар негізінде іске асырылатын жобалар бойынша) бар конкурстық құжаттаманы сараптау
1 974,73
3.
екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайдағы, құрамында техникалық-экономикалық негіздемесі бар, оның ішінде түзетілген, конкурстық құжаттаманы сараптау
2 824,28
4.
екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайдағы конкурстық құжаттаманы сараптау
1 494,71
5.
конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде оны сараптау
289,51
6.
екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу кезінде конкурсқа қатысушы ұсынған концессиялық өтінімді сараптау
2 171,35
7.
екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу кезінде конкурсқа қатысушы ұсынған, құрамында техникалық-экономикалық негіздемесі бар концессиялық өтінімді сараптау
2 824,28
8.
концессия шарттары жобаларын сараптау
1 447,56
9.
өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде концессия шарттары жобаларын сараптау
723,78
10.
мемлекет кепілгерлігін алуға арналған концессионер ұсынысын сараптау
417,77
11.
мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаларды экономикалық сараптау
688,84
12.
республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларды, оның ішінде түзетілгендерін экономикалық сараптау
69,72
13.
республикалық бюджет қаражаты есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестицияларды, оның ішінде түзетілген қаржы-экономикалық негіздемелерді экономикалық сараптау
422,90
14.
республикалық бюджет қаражаты есебінен заңды тұлғалардың (жаңа құрылған) жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестицияларды, оның ішінде түзетілген қаржы-экономикалық негіздемелерді экономикалық сараптау
195,84
15.
концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау
346,64
16.
бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалау
7 447,25
17.
заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалау
4 916,58
18.
техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеуге және қаржы агенттерінің республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына экономикалық сараптау
422,90

      

Об утверждении Методики определения стоимости проведения экспертизы и оценки документации по вопросам бюджетных инвестиций, концессий, инвестиционных проектов для предоставления государственных гарантий, и бюджетного кредитования бюджетных инвестиционных проектов, требующих разработки технико-экономического обоснования, и реализации государственной инвестиционной политики финансовыми агентствами за счет средств республиканского бюджета

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 129. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 марта 2015 года № 10495. Утратил силу приказом и.о. Министра национальной экономики Республики Казахстан от 21 января 2016 года № 22

     Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра национальной экономики РК от 21.01.2016 № 22 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 50) пункта 16 Положения о Министерстве национальной экономики Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011, ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемую Методику определения стоимости проведения экспертизы и оценки документации по вопросам бюджетных инвестиций, концессий, инвестиционных проектов для предоставления государственных гарантий, и бюджетного кредитования бюджетных инвестиционных проектов, требующих разработки технико-экономического обоснования, и реализации государственной инвестиционной политики финансовыми агентствами за счет средств республиканского бюджета (далее – Методика).
      2. Признать утратившим силу Приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 11 мая 2014 года № 132 «Об утверждении Методики определения стоимости проведения экспертизы и оценки документации по вопросам бюджетных инвестиций и концессий» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9500, опубликованный в информационно-правовой системе «Әділет» 24 июня 2014 года № 80714).
      3. Департаменту бюджетных инвестиций и развития государственно-частного партнерства Министерства национальной экономики Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательном порядке:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.
      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр национальной экономики
      Республики Казахстан                        Е. Досаев

Утверждена              
приказом Министра национальной  
экономики Республики Казахстан  
от 25 февраля 2015 года № 129   

Методика определения стоимости проведения экспертизы и оценки
документации по вопросам бюджетных инвестиций, концессий,
инвестиционных проектов для предоставления государственных
гарантий, и бюджетного кредитования бюджетных инвестиционных
проектов, требующих разработки технико-экономического
обоснования, и реализации государственной инвестиционной
политики финансовыми агентствами за счет средств
республиканского бюджета

      1. Настоящая Методика определения стоимости проведения экспертизы и оценки документации по вопросам бюджетных инвестиций, концессий, инвестиционных проектов для предоставления государственных гарантий, и бюджетного кредитования бюджетных инвестиционных проектов, требующих разработки технико-экономического обоснования, и реализации государственной инвестиционной политики финансовыми агентствами за счет средств республиканского бюджета (далее – Методика) разработана в целях установления способов определения стоимости проведения экспертизы и оценки документации по вопросам бюджетных инвестиций, концессий, инвестиционных проектов для предоставления государственных гарантий, и бюджетного кредитования бюджетных инвестиционных проектов, требующих разработки технико-экономического обоснования, и реализации государственной инвестиционной политики финансовыми агентствами за счет средств республиканского бюджета.
      2. Стоимость проведения экспертизы и оценки документации по вопросам бюджетных инвестиций, концессий, инвестиционных проектов для предоставления государственных гарантий, и бюджетного кредитования бюджетных инвестиционных проектов, требующих разработки технико-экономического обоснования, и реализации государственной инвестиционной политики финансовыми агентствами за счет средств республиканского бюджета (далее – Услуга) определяется согласно настоящей Методике в зависимости от нормативных трудозатрат на единицу услуги специализированной организации по вопросам концессии.
      3. Цена Услуги определяется по формуле:
      Pn = Сn x (1 + R), где (1)
      Pn (price) – стоимость рассмотрения пакета документов (экспертизы) без учета налога на добавленную стоимость;
      R – норма рентабельности в процентах.
      4. Себестоимость Услуги определяется по формуле:
      Сn = cl x ln, где (2)
      Сn (cost) – себестоимость соответствующей Услуги;
      cl – стоимость 1 человеко-часа;
      ln – нормативы трудозатраты на единицу Услуги. Нормативы трудозатраты на единицу услуги приведены в приложении к настоящей Методике.
      5. Норма рентабельности определенная для расчетов цены Услуги составляет 1,27 процентов.
      6. Стоимость одного человеко-часа для расчетов цены Услуги определена в размере 6358,57 тенге без учета налога на добавленную стоимость.

Приложение             
к Методике определения стоимости
проведения экспертизы и оценки 
документации по вопросам бюджетных
инвестиций, концессий, инвестиционных
проектов для предоставления    
государственных гарантий, и  
бюджетного кредитования бюджетных
инвестиционных проектов, требующих
разработки технико-экономического
обоснования, и реализации     
государственной инвестиционной
политики финансовыми агентствами за
счет средств республиканского бюджета

           Нормативные трудозатраты на единицу услуги

№ п/п

Вид услуги

трудозатраты на оказание услуги человеко-часа

1.

экспертиза концессионных предложений

361,72

2.

экспертиза конкурсной документации в случае проведения конкурса по выбору концессионера без использования двухэтапных процедур, включающей в свой состав проектно-сметную документацию (по проектам, имеющим разработанные проектно-сметные документации, а также являющимся технически несложными, реализуемым на основании типовых проектов, типовых проектных решений и проектов повторного применения)

1 974,73

3.

экспертиза конкурсной документации в случае проведения конкурса по выбору концессионера без использования двухэтапных процедур, включающей в свой состав технико-экономическое обоснование, в том числе скорректированное

2 824,28

4.

экспертиза конкурсной документации при проведении конкурса по выбору концессионера с использованием двухэтапных процедур

1 494,71

5.

экспертиза конкурсной документации при внесении в нее изменений и дополнений

289,51

6.

экспертиза концессионной заявки, представленной участником конкурса при проведении конкурса по выбору концессионера без использования двухэтапных процедур

2 171,35

7.

экспертиза концессионной заявки, представленной участником конкурса при проведении конкурса по выбору концессионера с использованием двухэтапных процедур, включающий в свой состав технико-экономическое обоснование

2 824,28

8.

экспертиза проектов договоров концессии

1 447,56

9.

экспертиза проектов договоров концессии при внесении в договоры концессии изменений и дополнений

723,78

10.

экспертиза предложений концессионера на получение поручительства государства

417,77

11.

экономическая экспертиза инвестиционных проектов для предоставления государственных гарантий

688,84

12.

экономическая экспертиза республиканских бюджетных инвестиционных проектов, в том числе скорректированных

69,72

13.

экономическая экспертиза бюджетных инвестиций, планируемых к реализации посредством участия государства в уставном капитале юридических лиц за счет средств республиканского бюджета, в том числе скорректированных финансово-экономическое обоснование

422,90

14.

экономическая экспертиза бюджетных инвестиций, планируемых к реализации посредством участия государства в уставном капитале юридических лиц за счет средств республиканского бюджета (вновь созданные)

195,84

15.

оценка реализации концессионных проектов

346,64

16.

оценка реализации бюджетных инвестиционных проектов

7 447,25

17.

оценка реализации бюджетных инвестиций посредством участия государства в уставном капитале юридических лиц

4 916,58

18.

экономическая экспертиза бюджетного кредитования бюджетных инвестиционных проектов, требующих разработки технико-экономического обоснования, и реализации государственной инвестиционной политики финансовыми агентствами за счет средств республиканского бюджета

422,90