Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереже 15-тармағының 65) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.11.2022 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессиялар, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. "Бюджеттік инвестициялар, концессиялар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша сараптама жүргізу мен құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 129 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10495 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына баспа және электрондық түрде оның көшірмесін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы |
Қ. Өскенбаев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 22 бұйрығымен бекітілген |
Бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессиялар, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесі
1. Осы Бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессиялар, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессиялар, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау тәсілдерін белгілеу мақсатында әзірленген.
2. Бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессиялар, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау (бұдан әрі – Көрсетілетін қызмет) құны концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйымның қызметтің бір бірлігіне арналған нормативтік еңбек шығындарына байланысты осы Әдістемеге сәйкес айқындалады.
3. Көрсетілетін қызмет бағасы мынадай формула бойынша айқындалады:
Pn = Сn x (1 + R), мұндағы:
Pn (price) – қосылған құн салығын есепке алмағандағы құжаттар (сараптама) топтамасын қарау құны;
R – пайызбен алынған рентабельділік нормасы.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.11.2022 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Көрсетілетін қызметтің өзіндік құны мынадай формула бойынша айқындалады:
Сn = cl x ln, мұндағы:
Сn (cost) – тиісті Көрсетілетін қызметтің өзіндік құны;
cl – 1 адам – сағат құны;
ln – Көрсетілетін қызметтің бір бірлігіне арналған еңбек шығындарының нормативі. Көрсетілетін қызметтің бір бірлігіне арналған еңбек шығындарының нормативі осы Әдістемеге қосымшада келтірілген.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.11.2022 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Көрсетілетін қызметтің бағасын есептеу үшін айқындалған рентабельділік нормасы 1,27 пайызды құрайды.
6. Көрсетілетін қызметтің бағасын есептеуге арналған бір адам-сағаттың құны қосылған құн салығын есепке алмай 9 927,91 теңге мөлшерінде айқындалған.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.11.2021 № 101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Көрсетілетін қызметтің бір бірлігіне арналған нормативтік еңбек шығындары
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.11.2022 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с № | Көрсетілетін қызмет түрі | Қызметті көрсетуге арналған еңбек шығындары (адам-сағат) |
1. | Жобалардың барлық түрлеріне, оның ішінде екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайда, құрамында жобалау-сметалық құжаттамасы бар (әзірленген жобалау-сметалық құжаттамасы бар, сондай-ақ техникалық күрделі болып табылмайтын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайта қолданылатын жобалар негізінде іске асырылатын жобалар бойынша) конкурстық құжаттама; екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайда, құрамында техникалық-экономикалық негіздемесі бар, оның ішінде түзетілген техникалық-экономикалық негіздемесі бар конкурстық құжаттама; екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу кезінде конкурстық құжаттама; өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде конкурстық құжаттама; екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу кезінде конкурсқа қатысушы ұсынған концессиялық өтінім; екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу кезінде конкурсқа қатысушы ұсынған, құрамында техникалық-экономикалық негіздемесі бар концессиялық өтінім; концессионердің мемлекет кепілгерлігін алуға арналған ұсыныстары; мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар; республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар, оның ішінде түзетілгендері; республикалық бюджет қаражаты есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестициялар, оның ішінде түзетілген қаржы-экономикалық негіздемелер; республикалық бюджет қаражаты есебінен заңды тұлғалардың (жаңа құрылған) жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестициялар; қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына бюджеттік кредит берудің қаржы-экономикалық негіздемесі; жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына қатысты, оның ішінде оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының бизнес-жоспары; екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурс өткізілген жағдайда, республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасы; екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурс өткізілген жағдайда, республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасы бойынша сараптама | 27 680 |
2. | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" № 725 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру кағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12717 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау | 6 391,5541 |
3. | Қағидаларға сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау | 9 681,4251 |
4. | заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалау | 4 916,58 |
5. | бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалау | 7 447,25 |