Энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 75 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 наурызда № 10510 тіркелді.

      "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде, мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр В. Школьник

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 11 ақпандағы
№ 75 бұйрығымен бекітілген

Энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулық

      1. Энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 5-бабының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Авариялық бронь – адамдардың өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға олардың қауіпсіз жай-күйін, сондай-ақ кезекші және күзет жарығы, күзет және өрт дабылдары, өрт сөндіру сорғылары, сутөкпелер, негізгі технологиялық жабдықты салқындату, байланыс және авариялық желдеткіш жүйелері ток қабылдағыштарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін технологиялық процесі толық тоқтатылған тұтынушы объектілерінің электр энергиясының ең аз шығысы (ең аз тұтыну қуаты).

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 15.11.2017 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Технологиялық бронь – үздіксіз технологиялық процесті аяқтау және адамдардың өмірі мен қоршаған ортаға қауіпті болғызбау үшін қажетті электр энергиясының ең аз шығысы (ең аз тұтыну қуаты) және уақыт ұзақтығы.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 15.11.2017 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Энергиямен қамтамасыз етудің авариялық және технологиялық бронь актісі үш данада жасалады және энергиямен жабдықтау шартына және/немесе электр энергиясын беру шартына қосымша болып табылады.

      5. Энергиямен қамтамасыз етудің авариялық және технологиялық бронь актісін жасау үшін энергия тұтынудың жалпы көрсеткіштері, өндірістік процестердің сипаты және жалпы кәсіпорын бойынша және жекелей алғанда әрбір қоректендіруші желі бойынша технологиялық және энергетикалық жабдықтың құрамы туралы мәлімет көрсетіледі.

      6. Энергиямен қамтамасыз етудің авариялық және технологиялық бронь актісіне өзгерістер кәсіпорынның өтінімі бойынша қажетті қуатты ұлғайтқан жағдайда жүргізіледі.

      7. Энергиямен қамтамасыз етудің авариялық және технологиялық бронь актісі осы нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысанда толтырылады:

      1) 1-жолда энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйыммен жасалған энергиямен жабдықтау шартына сәйкес тұтынушының жеке шоты көрсетіледі;

      2) 2-жолда электр энергиямен жабдықтау шарты жасалатын энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйымның атауы көрсетіледі;

      3) 3-жолда тұтынушының толық атауы көрсетіледі;

      4) 4-жолда тұтынушының пошта индексі, мекенжайы көрсетіледі;

      5) 5-жолда тұтынушының (басшының, бас инженердің, бас энергетиктің шағын станция кезекшісінің) телефондары көрсетіледі;

      6) 6-жолда тұтынушы жұмысының бір жыл ішінде ауысымдылығы және сағаттарының саны көрсетіледі;

      7) 7-жолда энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымға ең көп жүктеме түсетін сағаттардағы тұтынушының электр жүктемесі көрсетіледі, ол энергия беруші ұйымға ең көп жүктеме түсетін таңертеңгі және кешкі сағаттардағы кәсіпорынның неғұрлым орташа үш сағаттағы көп электр жүктемелерінің орташа мәні ретінде бір жұмыс күнінің соңғы қысқы (жазғы) тәуліктік кестесі бойынша анықталады;

      8) 8-жолда қуаттарды қосымша ұлғайту (төмендету) салдарынан энергия тұтынудағы өзгерістерді ескеретін соңғы үш жылғы энергия тұтынудың орташа жылдық мәні көрсетіледі;

      9) 9-жолда тәуліктік энергия тұтыну көрсетіледі, ол кәсіпорынның жұмыс күнгі жүктемесінің соңғы қысқы (жазғы) тәуліктік кестесі бойынша желтоқсандағы (маусымдағы) тәуліктік орташа шығысы бойынша анықталады;

      10) 10-жолда тұтынушының трансформаторлық шағын станциясының, тарату пунктінің немесе тарату құрылғысының диспетчерлік атауының нөмірі көрсетіледі;

      11) 11-жолда энергия беруші ұйымның қоректендіру орталығы (желісінің) нөмірі немесе диспетчерлік атауы көрсетіледі (трансформаторлық шағын станция, тарату пункті, шағын станция);

      12) 12-жолда теңгерімдік тиесілілігінің аражігін ажырату актісі және осы энергия қондырғысы бойынша тараптардың пайдалану жауапкершілігі бойынша белгіленген қоректендіруші электр желілердің саны көрсетіледі;

      13) 13-жолда баланстық бөлу актісіне сәйкес энергиямен жабдықтау сенімділігінің санаты көрсетіледі.

      8. "Авариялық бронь" деген 1-бөлімде бағандар мынадай түрде толтырылады:

      1) 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;

      2) 2-бағанда кенеттен ажыратылуы өрт, жарылыс немесе адам өміріне қауіп төндіретін (авариялық және күзеттік жарықтандыру; жарылыс қаупі, өрт қаупі бар цехтардағы және адам өміріне қауіпті ортадағы ауа алмастыру; су төгу, кәріз, жылыту, өрт қауіпсіздік құралдары және басқалар) ажыратылмайтын электр қабылдағыштардың тізбесі көрсетіледі.

      Электр қабылдағыштар әрбір қоректендіруші желі бойынша жеке көрсетіледі.

      Тізбені толтыру кезінде электр жабдығының толық атауы көрсетіледі;

      3) 3 және 4-бағандарда жұмыс жүктемесі (кВт) әрбір электр қабылдағыш бойынша, маусымдық – қысқы, жазғы бойынша пайдаланылып жатқан қуаты жеке көрсетіледі;

      4) 5 және 6-бағандарда тәуліктік энергия тұтыну (мың кВт.сағ.) 3 және 4-бағандар бойынша жүктемелерді есепке алып, әрбір электр қабылдағыш бойынша көрсетіледі.

      9. "Технологиялық бронь" деген 2-бөлімде бағандар мынадай түрде толтырылады:

      1) 7-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;

      2) 8-бағанда технологиялық процестер тізбесі көрсетіледі.

      Технологиялық бронь электр қабылдағыштары тізбесіне жұмысы тұтынушыға негізгі технологиялық процесті аяқтау үшін қажетті электр жабдығы енгізіледі;

      3) 9-бағанда (8-бағанда көрсетілген әрбір процесс бойынша) технологиялық процестің ұзақтығы көрсетіледі.

      Технологиялық процестің ұзақтығы тәулік бойы және одан артық болғанда – 24 сағат деп көрсетіледі;

      4) 10 және 11-бағандарда жұмыс жүктемесі (кВт) әрбір электр қабылдағыш бойынша, маусымдық – қысқы, жазғы бойынша жеке көрсетіледі;

      5) 12 және 13-бағандарда тәуліктік энергия тұтыну (мың кВт.сағ.) 10 және 11-бағандар бойынша жүктемелерді есепке алып, әрбір электр қабылдағыш бойынша көрсетіледі.

      10. "Энергиямен жабдықтау көздері және қоректендіруші желілердегі жүктемелер" деген 3-бөлімде энергия беруші ұйымның трансформаторлық және таратушы пункттен кенеттен ажырату жарылысқа, өртке, адамдардың өміріне қауіп төнуіне, негізгі жабдықтың зақымдануына, өнімнің жаппай бұзылуына және күрделі технологиялық процестердің қауіпті бұзылуына әкеп соғуы мүмкін электр қабылдағыштарды көрсете отырып, тұтынушының әрбір қоректендіруші желісі бойынша әр жолдың мағынасы түсіндіріліп беріледі:

      1) 14-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;

      2) 15-бағанда осы кәсіпорынды энергиямен жабдықтау жүзеге асырылатын энергия беруші ұйымның трансформаторлық, тарату пунктінің және тарату құрылғысының қоректендіруші орталығынаң диспетчерлік атауы немесе нөмірі көрсетіледі;

      3) 16-бағанда энергиямен жабдықтау жүзеге асырылатын тұтынушының (фидердің) қоректендіруші желісінің нөмірі немесе атауы көрсетіледі;

      4) 17-бағанда қысқы өлшемдер (желтоқсан) бойынша қоректендіруші желінің жалпы жүктемесі (кВт) көрсетіледі;

      5) 18-бағанда кәсіпорынның технологиялық бронына енгізілген негізгі электр қабылдағыштардың тізбесі көрсетіледі;

      6) 19-бағанда осы қоректендіруші желідегі (фидердегі) технологиялық бронның жұмыс жүктемесі (кВт) көрсетіледі.

      7) 20-бағанда технологиялық процесті аяқтау үшін қажет етілетін уақыт сағатпен (2-бөлімнің 8-бағанында көрсетілген әрбір процесс бойынша) көрсетіледі;

      8) 21-бағанда ажыратылмайтын энергия қабылдағыштардың тізбесі (1-бөлімнің 2-бағаны) көрсетіледі;

      9) 22-бағанда жүктемелердің қысқы (желтоқсан) кестесіне сәйкес әрбір қоректендіруші желі бойынша авариялық броны тұтынылған қуатының жүктемесі (кВт) көрсетіледі;

      10) 23-бағанда жүктеме қай желіге және қандай құралдармен (резервті автоматты түрде қосу немесе қолмен) ауыстырылып қосылатыны көрсетіледі.

      Кәсіпорынның ажыратылмайтын электр қабылдағыштарды авариялық және технологиялық бронды қамтамасыз ету үшін тұтынушылардың электр қондырғыларына ауыстырып қосуы энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы олар тұрған енгізу кәсіпорындары ұйымның диспетчерлік қызметімен келісіледі.

      11. "Жүктеме бойынша энергия тұтыну режимдері" деген 4-бөлімде жолдар мынадай түрде толтырылады:

      1) 1-жолда электр желілеріндегі қуаттардың авариялық жетіспеушілігі кезінде қоректендіруші орталықтардан ажыратылатын кәсіпорын бойынша толық ажыратылуы мүмкін жүктеме (кВт) көрсетіледі;

      2) 2-жолда ажыратылатын желілердің (фидерлердің) диспетчерлік атауы және олардың жалпы жүктемесі (кВт) көрсетіледі;

      3) 3-жолда 3-бөлімнің 20-бағанында көрсетілген технологиялық процестің аяқталу уақытының бітуі бойынша ажыратылуы мүмкін желілердің диспетчерлік атауы (фидерлердің) нөмірлері және олардың жалпы жүктемесі (кВт) көрсетіледі.

      1, 2 және 3-жолдар бойынша жүктемелер жүктемелердің қысқы кестесіне сәйкестікпен көрсетіледі.

      12. 5-бөлім энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның диспетчерінің талап етуі бойынша ажыратылатын қоректендіруші желілер (фидерлер) және олардың жүктемесі туралы мәліметтерді қамтиды.

      13. 6-бөлім энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның желі жұмысында (фидерде) қалған ажыратылған жүктемелерді энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның диспетчерінің келісімінсіз қайта ауыстыруға жол бермеу туралы талабын қамтиды. Осы жолда энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйым диспетчерінің телефоны көрсетіледі.

      14. 7-бөлім резервті автоматты түрде қосудың қолда бар құрылғыларын пайдалану мүмкіндігін көрсетеді.

      15. 8-бөлімде энергия тұтыну және қуаттар режимдерін енгізу кезінде осы кәсіпорынды энергиямен жабдықтауға арналған шартпен келісілген энергиямен жабдықтаудың ерекше шарттары көрсетіледі. Актіге кәсіпорынның электрмен жабдықтау схемасы қоса беріліп, онда қоректендіруші желілер, қоректендіруші желілер мен резервті автоматты түрде қосу енгізілген шағын станциялар арасындағы байланыстар көрсетіледі.

  Энергиямен жабдықтаудың авариялық
және технологиялық броны актісін
жасау жөніндегі нұсқаулығына
Қосымша

      үлгі

Авариялық және технологиялық бронь актісі

1. Тұтынушының жеке шотының нөмірі ___________________________

8. Тұтынушының орташа жылдық энергия тұтынуы: __________мың кВт.ч.

2. Энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйымның атауы____________________________

9. Тұтынушының тәуліктік энергия тұтынуы:

1) қысқы ______________ кВт.сағ.

2) жазғы ______________ кВт.сағ.

3. Тұтынушы______________________

4. Тұтынушының мекенжайы _________

__________________________________

10. Тұтынушының трансформаторлық шағын станциясының, тарату пунктінің нөмірі _______________

5. Тұтынушының телефондары:

1) басшының, бас инженердің

____________________________

2) бас энергетиктің

____________________________

3) шағын станция кезекшісінің

____________________________

11. Энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның қоректендіру орталығының (желісінің) нөмірі немесе атауы _____________(трансформаторлық шағын станция; тарату пункті; шағын станциялар)

12. Қоректендіру желілерінің саны ___________________________

6. Ауысымдылық және жыл ішіндегі жұмыс сағаттарының саны __________

13. Энергиямен жабдықтау сенімділігінің санатты ______________________________

7. Тұтынушының нақты ең көп жүктемесі:

1) қысқы _____________________ кВт

2) жазғы _____________________ кВт


      Авариялық және технологиялық бронь актісі кәсіпорын (электр энергиясын тұтынушы) ________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә.)

      өкілдерімен бірлесіп, энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйымның өкілдері арасында жасалды ___________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә.)

      20___ жылғы "___"____________

р/с №

1-БӨЛІМ. Авариялық бронь

2-БӨЛІМ. Технологиялық бронь

Ажыратылмайтын электр қабылдағыштардың тізбесі

Тәуліктік қажеттілік

р/с№

Технологиялық процестер мен операциялардың тізбесі

Технологиялық процестің ұзақтығы (сағат)

Толық технологиялық процестің қажеттілігі

жүктеме бойынша, кВт

тұтыну бойынша, мың кВт.сағ.

жүктеме бойынша, кВт

тұтыну бойынша, мың кВт.сағ.

қысқы

жазғы

қысқы

жазғы

қысқы

жазғы

қысқы

жазғы









1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13


      кестенің жалғасы

3-БӨЛІМ. Энергиямен жабдықтау көздері және қоректендіру желілеріндегі жүктемелер

р/с№

Энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтайтын ұйымды қоректендіретін орталықтың нөмірі немесе атауы

Тұтынушыны қоректендіретін желінің нөмірі немесе атауы

Тұтынушы желісінің жүктемесі (кВт)

Технологиялық бронь

Авариялық бронь

Негізгі электр қабылдағыштардың тізбесі

Желідегі технологиялық бронның жүктемесі (кВт)

Технологиялық процесті аяқтауға қажетті уақыт сағатпен

Электр қабылдағыштардың тізбесі

Желідегі авариялық бронның жүктемесі (кВт)

Жүктеме қандай желіге және қандай құралдармен (резервті автоматтық қосу немесе қолмен) ауыстырылады

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23


4-БӨЛІМ. Жүктеме бойынша энергия тұтыну режимдері:

1. Энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның электр желілеріндегі қуаттың авариялық тапшылығы кезінде қоректендіруші орталықтардан_____ кВт ажыратылуы мүмкін

2. Фидер № __________________ Жүктеме___________________________ кВт

3. 20-бағанында көрсетілген уақыт өткеннен кейін. № ____________ желі Жүктеме:_____________________ кВт

5-БӨЛІМ. Энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйым диспетчерінің талабы бойынша тұтынушы жедел түрде ажыратуға міндетті: Желі (фидер) № _________________________ Жүктеме ________________________ кВт

6-БӨЛІМ. Энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның және тұтынушының электр қондырғыларындағы аварияның салдарынан желіні ажыратқан кезде энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның диспетчерінің келісімінсіз ажыратылған жүктемені жұмыс күйінде қалдырылған желіге ауыстыруға тыйым салынады ___________________ (телефон)

7-БӨЛІМ. Қолдағы резервті автоматты түрде қосу құрылғыларын пайдалануға: рұқсат етіледі ______тыйым салынады _______

8-БӨЛІМ. Айрықша шарттар:

Қосымша: Актіге кәсіпорынның 203х277 көлеміндегі электрмен жабдықтау схемасы қоса беріліп, онда қоректендіруші желілер мен резервті автоматты түрде қосу енгізілген шағын станциялар арасындағы байланыстар көрсетіледі.


      Энергиямен жабдықтаушы

      (энергия беруші) ұйым өкілі _________________________________________

      (қолы)

      Кәсіпорынның бас энергетигі _________________________________________

      (қолы)

      Кәсіпорынның бас инженері ___________________________________________ (қолы)

Об утверждении Инструкции по составлению акта аварийной и технологической брони энергоснабжения

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 11 февраля 2015 года № 75. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 марта 2015 года № 10510.

      В соответствии с подпунктом 20) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об электроэнергетике" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемую Инструкцию по составлению акта аварийной и технологической брони энергоснабжения.

      2. Департаменту электроэнергетики Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление на официальное опубликование настоящего приказа в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан в периодические печатные издания и в информационно-правовую систему "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан и на интернет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр

В. Школьник


  Утверждена
приказом Министра энергетики
Республики Казахстан
от 11 февраля 2015 года № 75

Инструкция
по составлению акта аварийной и технологической
брони энергоснабжения

      1. Инструкция по составлению акта аварийной и технологической брони энергоснабжения (далее – Инструкция) разработана в соответствии с подпунктом 20) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об электроэнергетике".

      2. Аварийная бронь – минимальный расход электрической энергии (минимальная потребляемая мощность) объектов потребителя с полностью остановленным технологическим процессом, обеспечивающий их безопасное для жизни, здоровья людей и окружающей среды состояние, а также функционирование токоприемников систем дежурного и охранного освещения, охранной и пожарной сигнализации, насосов пожаротушения, водоотливов, охлаждения основного технологического оборудования, связи и аварийной вентиляции.

      Сноска. Пункт 2 в редакции приказа Министра энергетики РК от 15.11.2017 № 382 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Технологическая бронь – минимальный расход электрической энергии (минимальная потребляемая мощность) и продолжительность времени, необходимые для завершения непрерывного технологического процесса и предотвращения опасности для жизни людей и окружающей среды.

      Сноска. Пункт 3 в редакции приказа Министра энергетики РК от 15.11.2017 № 382 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Акт аварийной и технологической брони энергоснабжения составляется в трех экземплярах и является приложением к договору на электроснабжение и (или) договору на передачу электроэнергии.

      5. Для составления акта аварийной и технологической брони энергоснабжения указываются сведения об общих показателях энергопотребления, характере производственных процессов и составе технологического и энергетического оборудования в целом по предприятию и каждой питающей линии в отдельности.

      6. Изменения в акт аварийной и технологической брони энергоснабжения производятся по заявке предприятия в случаях изменения в потребной мощности.

      7. Акт аварийной и технологической брони энергоснабжения заполняется по форме согласно приложению к настоящей инструкции:

      1) в строке 1 указывается лицевой счет потребителя согласно договору на электроснабжение с энергоснабжающей организацией;

      2) в строке 2 указывается наименование энергоснабжающей и (или) энергопередающей организации, с которой заключается договор на электроснабжение;

      3) в строке 3 указывается полное наименование потребителя;

      4) в строке 4 указываются почтовый индекс, адрес потребителя;

      5) в строке 5 указываются телефоны потребителя (руководителя, главного инженера, главного энергетика, дежурного подстанции);

      6) в строке 6 указываются сменность и число часов работы потребителя в год;

      7) в строке 7 указывается электрическая нагрузка потребителя в часы максимума нагрузок энергопередающей и (или) энергоснабжающей организации, которая определяется по последнему зимнему (летнему) суточному графику за рабочий день, как средняя из трех часовых наибольших электрических нагрузок предприятия в часы утреннего и вечернего максимума энергопередающей организации;

      8) в строке 8 указывается среднее годовое значение энергопотребления за последние три года, учитывающее изменения в энергопотреблении вследствие дополнительного увеличения (снижения) мощностей;

      9) в строке 9 указывается суточное энергопотребление, которое определяется по последнему зимнему (летнему) суточному графику нагрузки предприятия за рабочий день или по среднему расходу за сутки в декабре (июне);

      10) в строке 10 указывается диспетчерское наименование трансформаторной подстанции, распределительного пункта или распределительного устройства потребителя;

      11) в строке 11 указываются диспетчерское наименование питающего центра (линии) энергопередающей организации (трансформаторная подстанция, распределительный пункт, подстанция);

      12) в строке 12 указывается количество питающих линий, определенных по акту разграничения балансовой принадлежности электрической сети и эксплуатационной ответственности сторон по данной энергоустановке;

      13) в строке 13 указывается категория надежности электроснабжения согласно акта балансового разграничения.

      8. В разделе 1 "Аварийная бронь" графы заполняются следующим образом:

      1) в графе 1 указывается номер по порядку;

      2) в графе 2 указывается перечень неотключаемых электроприемников, внезапное отключение которых может вызвать пожар, взрыв или опасность для жизни людей (аварийное и охранное освещение; вентиляция в цехах со взрывоопасной, пожароопасной и вредной для жизнедеятельности человека средой; водоотлив, канализация, отопление, средства пожарной безопасности и др.).

      Электроприемники указываются по каждой питающей линии в отдельности.

      При заполнении перечня указывается полное наименование электрооборудования;

      3) в графах 3 и 4 указывается потребляемая мощность (кВт) по каждому электроприемнику в отдельности, по сезону - зимняя, летняя;

      4) в графах 5 и 6 указывается суточное энергопотребление (тыс.кВт.час) по каждому электроприемнику с учетом нагрузок по графам 3 и 4.

      9. В разделе 2 "Технологическая бронь" графы заполняются следующим образом:

      1) в графе 7 указывается номер по порядку;

      2) в графе 8 указывается перечень технологических процессов.

      В перечень электроприемников технологической брони включается электрооборудование, работа которого необходима потребителю для завершения основного технологического процесса;

      3) в графе 9 указывается продолжительность технологического процесса (по каждому процессу, указанному в графе 8).

      При продолжительности технологического процесса в течение суток и более проставляется - 24 часа;

      4) в графах 10 и 11 указывается рабочая нагрузка (кВт) по каждому электроприемнику в отдельности, по сезону - зимняя, летняя;

      5) в графах 12 и 13 указывается суточное энергопотребление (тыс.кВт.час) по каждому электроприемнику с учетом нагрузок по графам 10 и 11.

      10. В разделе 3 "Источники энергоснабжения и нагрузки на питающих линиях" дается построчная расшифровка по каждой питающей линии потребителя от трансформаторных и распределительных пунктов энергопередающей организации с указанием электроприемников, внезапное отключение которых может повлечь взрыв, пожар, опасность для жизни людей, повреждение основного оборудования, массовый брак продукции и серьезное расстройство сложных технологических процессов:

      1) в графе 14 указывается номер по порядку;

      2) в графе 15 указываются диспетчерское наименование питающего центра трансформаторных распределительных пунктов и распределительных устройств энергопередающей организации, от которого осуществляется энергоснабжение данного предприятия;

      3) в графе 16 указываются диспетчерское наименование питающей линии (фидера) потребителя, по которой осуществляется энергоснабжение;

      4) в графе 17 указывается общая нагрузка (кВт) питающей линии по зимним замерам (декабрь);

      5) в графе 18 указывается перечень основных электроприемников, включенный в технологическую бронь предприятия;

      6) в графе 19 указывается потребляемая мощность (кВт) технологической брони на данной питающей линии (фидере);

      7) в графе 20 указывается время, необходимое для завершения технологического процесса, в часах (по каждому процессу, указанному в графе 8 раздела 2);

      8) в графе 21 указывается перечень неотключаемых электроприемников (графа 2 раздела 1);

      9) в графе 22 указывается потребляемая мощность аварийной брони (кВт) по каждой питающей линии в соответствии с зимним графиком нагрузок (декабрь);

      10) в графе 23 указывается, на какую линию переключается нагрузка и какими средствами (автоматическое включение резерва или вручную).

      Переключение в электроустановках потребителей, для обеспечения аварийной и технологической бронью электроприемников предприятия согласовывается с диспетчерской службой организации в ведении которых они находятся.

      11. В разделе 4 "Режимы энергопотребления по нагрузке" строки заполняются следующим образом:

      1) в строке 1 указывается полная отключаемая нагрузка по предприятию (кВт), которая отключается от питающих центров при аварийном дефиците мощности в электрических сетях;

      2) в строке 2 указываются диспетчерские наименования отключаемых линий (фидеров) и их общая нагрузка (кВт);

      3) в строке 3 указываются диспетчерские наименования линий (фидеров), которые могут быть отключены по истечении времени завершения технологического процесса, указанного в графе 20 раздела 3, и их общая нагрузка (кВт).

      Нагрузки по строкам 1, 2 и 3 указываются в соответствии с зимним графиком нагрузок.

      12. Раздел 5 включает в себя сведения о питающих линиях (фидерах) и их нагрузках, которые отключаются по требованию диспетчера энергопередающей и (или) энергоснабжающей организации.

      13. Раздел 6 содержит в себе требование энергопередающей и (или) энергоснабжающей организации о недопущении переключения отключенной нагрузки на оставленные в работе линии (фидера) без согласия на это диспетчера энергопередающей и (или) энергоснабжающей организации. В данной строке указывается номер телефона диспетчера энергопередающей и (или) энергоснабжающей организации.

      14. Раздел 7 отражает возможность использования имеющихся устройств автоматического включения резерва.

      15. Раздел 8 отражает особые условия энергоснабжения при вводе режимов энергопотребления и мощности, оговоренные договором на энергоснабжение данного предприятия. К акту прилагается схема электроснабжения предприятия с указанием в ней питающих линий, связей между подстанциями, на которые заведены питающие линии и автоматическое включение резерва.

  Приложение
к Инструкции по составлению акта
аварийной и технологической
брони энергоснабжения

      форма

Акт аварийной и технологической брони

1.

Номер лицевого счета потребителя ________________________

8.

Среднегодовое энергопотребление потребителя: __________________ тыс. кВтч.

2.

Наименование энергоснабжающей и (или) энергопередающей организации ________________________

9.

Суточное энергопотребление потребителя:

1) зимняя ________________ кВт.ч.

3.

Потребитель ________________________


2) летняя _________________кВт.ч.

4.

Адрес потребителя _______________________________

_______________________________

_______________________________

10.

Номер трансформаторной подстанции, распределительный пункт потребителя ______________________________________

______________________________________

5.

Телефоны потребителя:

11.

Номер или название питающего центра (линии)


1) руководителя, главного инженера ________________________


энергопередающей и (или) энергоснабжающей


2) главного энергетика

________________________


организации

______________________________ (трансформаторная подстанция, распределительный пункт, подстанция)


3) дежурного подстанции

________________________

12.

Количество питающих линий

______________________________

6.

Сменность и число часов работы в год ________________________

13.

Категория надежности энергоснабжения

______________________________

7.

Максимальная фактическая нагрузка потребителя:


1) зимняя ____________________ кВт


2) летняя ___________________ кВт

      Акт аварийной и технологической брони составлен между представителем

      энергоснабжающей и (или) энергопередающей организацией

      _________________________________________ совместно с представителем

      (должность, Ф.И.О.)

      предприятия (потребителя электроэнергии) ____________________________

      (должность, Ф.И.О.)

      от "__" _________ 20__ г.

п/п

РАЗДЕЛ 1. Аварийная броня

РАЗДЕЛ 2. Технологическая броня

Перечень неотключаемых электроприемников

Суточная потребность

№ п/п

Перечень технологических процессов и операций

Продолжительность технологического процесса (час)

Потребность для полного технологического процесса

по нагрузке, кВт

по потреблению, тыс.кВт.ч.

по нагрузке, кВт

по потреблению, тыс.кВт.ч.

зимняя

летняя

зимняя

летняя

зимняя

летняя

зимняя

летняя









1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13


РАЗДЕЛ 3. Источники энергоснабжения и нагрузки на питающих линиях

п/п

Номер или наименование питающего центра энергопередающей и (или) энергоснабжающей организации

Номер или наименование питающей линии потребителя

Нагрузка линии потребителя (кВт)

Технологическая броня

Аварийная броня

Перечень основных электроприемников

Нагрузка технологической брони на линии (кВт)

Время необходимое для завершения технологическогопроцесса в часах

Переченьэлектроприемников

Нагрузкааварийной брони на линии (кВт)

На какую линию переключается нагрузка и какими средствами (автоматическое включение резерва или вручную)

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23


РАЗДЕЛ 4. Режимы энергопотребления по нагрузке:

1. При аварийном дефиците мощности в электросетях энергопередающей и (или) энергоснабжающей организации могут быть отключены с питающих центров ________ кВт

2. Фидер № ___________________ Нагрузка _________________________ кВт

3. По истечении времени, указанного в графе 20. Линия № _________________ Нагрузка: _____________________ кВт

РАЗДЕЛ 5. По требованию диспетчера энергопередающей и (или) энергоснабжающей организации потребитель обязан немедленно отключить: Линия (фидер) № ______________________ Нагрузка _________________ кВт

РАЗДЕЛ 6. При отключении линии из-за аварии в электроустановках энергопередающей и (или) энергоснабжающей организации и потребителя запрещается переключение отключенной нагрузки на оставленные в работе линии без согласия на это диспетчера энергопередающей и (или) энергоснабжающей организации ___________________ (телефон)

РАЗДЕЛ 7. Использование имеющихся устройств автоматического включения резерва: разрешено _____; запрещено _____

РАЗДЕЛ 8. Особые условия:

Приложение: К акту прилагается схема электроснабжения предприятия размером 203х277 мм с указанием в ней питающих линий, связей между подстанциями, на которые заведены питающие линии и автоматическое включение резерва.


      Представитель энергоснабжающей

      (энергопередающей) организации _____________________________________

      (Подпись)

      Главный энергетик предприятия ______________________________________

      (Подпись)

      Главный инженер предприятия _______________________________________

      (Подпись)