БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мыналарды:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланған кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы |
А. Жамауов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министірлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 483 бұйрығымен бекітілді |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтарының тізбесі
1. "Шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10549 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 285) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 285) тармақшасына сәйкес әзірленді және шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі тәртібін айқындайды.";
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Отын беру жабдықтары, шаң дайындау қондырғылары Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген) бекітілетін Электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес келуі қажет.";
16 және 17-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"16. Өндірістік үй-жайларда және жабдықтардағы өрт жұмыстары Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 123 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10799 болып тіркелген) бекітілген Энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес орындалады.
17. Шаң және шикі отын бункерлерін, шаң дайындау жабдығын қарау, тазалау, жөндеу жұмыстары наряд бойынша және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 122 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10859 болып тіркелген) бекітілген Электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтаған кезде жүргізіледі.";
22-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"22. Шаң дайындау жүйесіндегі, оттықта немесе қазандық пен отын жеткізу үй-жайларында орын алған жарылыс және шаңның өртену жағдайларының барлығы тіркеліп, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 121 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10558 болып тіркелген) бекітілген Электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларындағы тергеп-тексеру жүргізу, электр энергетикасы саласындағы, орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі технологиялық бұзушылықтарды есепке алу қағидалары бойынша тергеп-тексеріледі.".
2. "Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10451 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 258) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысының 15-тармағының 258) тармақшасына сәйкес әзірленді және энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру тәртібін айқындайды.".
3. "Энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 75 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10510 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 271) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықта:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 271) тармақшасына сәйкес әзірленді.".
4. "Жылу электр станцияларының электр қуатына шектеулерді және осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 89 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10450 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 291) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылу электр станцияларының электр қуатына шектеулерді және осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Жылу электр станцияларының электр қуатына шектеулерді және осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 291) тармақшасына сәйкес әзірленді.".
5. "Техникалық жаңғыртылудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10453 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 288) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық жаңғыртылудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
1. Осы Техникалық жаңғыртылудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 288) тармақшасына сәйкес әзірленді және техникалық жаңғыртылудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу тәртібін айқындайды.".
6. "Электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10859 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 259) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 259) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы тәртібін айқындайды.".
21, 22, 23 и 24-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"21. Жұмыс орындарындағы шудың деңгейі "Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26831 болып тіркелген) (бұдан әрі – Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-15 бұйрығы) бекітілген Дыбыстың оңтайлы және рұқсат етілетін көрсеткіштерімен белгіленетін рұқсат етілген мәннен аспайды.
22. Жұмыс орындарындағы дірілдің рұқсат етілген нормалары (діріл тудыратын жабдық) Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-15 бұйрығымен бекітілген Ультрадыбыс деңгейлерінің рұқсат етілетін мәндерімен белгіленетін мәндерден аспайды.
23. Желдету, ауаны баптау және ауамен жылыту жүйелері Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-15 бұйрығымен бекітілген Микроклиматтың оңтайлы және рұқсат етілетін көрсеткіштеріне (температура, салыстырмалы ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдығы) сәйкес орындалады.
24. Кәсіпорындардың өндірістік үй-жайларының жұмыс аймағының ауасы "Қалалық және ауылдық елді мекендердегі, өнеркәсіптік ұйымдар аумақтарындағы атмосфералық ауаның гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-70 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29011 болып тіркелген) (бұдан әрі – Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-70 бұйрығы) бекітілген Жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың рұқсат етілетін шекті шоғырлануына сәйкес келеді.";
767- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"767. Персоналы сынаппен жұмыс істейтін кәсіпорынның бөлімшесінде осы Қағидалардың ережелерін ескере отырып жасалған сынаппен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулықтар бар және Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-70 бұйрығымен бекітілген Қалалық және ауылдық елді мекендердің атмосфералық ауасындағы ластаушы заттардың рұқсат етілетін шекті шоғырлануына сәйкес келеді.".
7. "Энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 123 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10799 болып тіркелген) мынандай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 284) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 284) тармақшасына сәйкес әзірленген және энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігінің тәртібін айқындайды.";
198-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"198. Сутегiнiң тазалығы (сутегiде оттегiнiң бар болуы), оның қысымының ауытқуы, сондай-ақ генератор (синхронды конпенсатордан) корпусынан тәулiктiк кему Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген) бекітілетін Электр қондырғыларын орнату қағидаларында белгіленген шектерде қолдау табады.".
8. "Аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 204 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10789 болып тіркелген) мынандай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 286) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Аспаптармен және құрылғылармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 286) тармақшасына сәйкес әзірленді, аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік тәртібін айқындайды.".
9. "Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 253 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10907 болып тіркелген) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 268) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 268) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы тәртібін айқындайды.";
3-тармақтың 26) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
10-тармақтың үшінші және төртінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
"Жұмысшы осы Қағидалардың талаптарын, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқауларды, нысаналы нұсқама кезінде алған нұсқауларды сақтауы қажет. Нысаналы нұсқаманы тіркеу осы Қағидалардың 2-қосымшасының 1-кестесіне сәйкес ресімделеді.
Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша білімді тексеруден өткен жұмысшыға осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электр қондырғыларында жұмыс істеудегі еңбек нормалары мен қағидаларын білуді тексеру туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) беріледі.";
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"12. Жұмысшылар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес бұзушылықтарды, адамдардың өміріне қауіп төндіретін электр қондырғыларының, машиналардың, механизмдердің, құрылғылардың, құрал-сайман, қорғаныс құралдарының ақаулары кезінде бұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды қабылдай алмаса, бұл туралы өзінің тікелей басшысына хабарлайды.";
14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"14. Арнайы жұмыстар қауіпсіздігі бойынша қосымша (жоғары) талап қойылатын жұмыстарды орындауға жіберілетін адамдардың куәлігінде жазба болуы қажет.
Арнайы жұмыстарға:
1) биіктікте атқарылатын жұмыстар;
2) ток өтетін бөліктердегі кернеудегі жұмыстар: оқшаулағыштарды және біріктіруші қысқыштарды тазалау, жуу және ауыстыру, сым арқанды майлау;
3) тереңдігі 2 метрден асатын құдықтардағы, шурфтардағы, қазылған жерлердегі және қазаншұңқырлардағы жұмыстар;
4) қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды жөндеу, жоғарылатылған кернеу жабдықтарын (мегаомметрлермен жұмыс істеуден басқа);
5) жабдықты жоғары кернеумен (мегаомметрлермен жұмыс істеуден басқа) сынау жатады.";
27-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"27. 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларының (ЖТҚ, комплекті тарату қондырғыларында (бұдан әрі – КТҚ), АТҚ үй-жайлары мен камералары), сондай-ақ 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларынан тыс орналасқан 1000 В-қа дейінгі тарату қалқандары мен жинақтарының кілттері кезекші персоналдың есебінде болады. Жергілікті кезекшісі жоқ электр қондырғыларында кілт әкімшілік-техникалық персоналдың есебінде болады.";
42-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"42. Басқа жұмыстар кезінде жұмыс басшыларын тағайындау қажеттілігін нарядты беретін адам анықтайды.
Жұмыс жетекшісі тағайындалады және:
1. электр қосылыстарының күрделі схемасы бар электр қондырғыларында;
2. жаңасын орнату және қосу немесе қолданыстағы жабдықты, сымдарды, cым арқандарды қосу схемасын өзгерту кезінде;
3. бағытталған кернеу астында;
4. адамды жерден оқшаулай отырып, ток өткізетін бөліктердегі кернеуді алып тастамай жұмыс кезінде үздіксіз қадағалау жүргізеді.
Жұмыстардың басшысы осы Қағидалардың 258, 303, 369 және 470-тармақтарында көрсетілген бірқатар жауапты жұмыстарды орындау кезінде де тағайындалады.
Басқа жұмыстар кезінде жұмыс басшысын тағайындау және оның жұмысшыларды үздіксіз немесе мерзімді қадағалауды жүзеге асыру қажеттілігін наряд беруші тұлға айқындайды.
Барлық жұмысты немесе оның жекелеген кезеңдерін орындау кезінде үздіксіз қадағалау жүргізу туралы талаптар рұқсат-нарядтың "Жекелеген нұсқаулары" жолына жазылады.";
43-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
"43. Жұмыс басшылары кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларында V төмен емес электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобына, 1000 В дейінгі электр қондырғыларында IV рұқсат тобынан төмен емес мамандар тағайындайды.";
44-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"44. Жұмыс орнына жіберуге рұқсатты жедел басқаруында электр қондырғысы бар кезекші персонал береді.
Рұқсат беруге келісім берген адам жұмыс уақытында:
1) ажырату мен жерге қосу көлемі бойынша кезекші және жедел-жөндеу персоналына тапсырма беруге;
2) ажырату мен жерге қосу бойынша алдын ала орындалған операциялардың көлемі бойынша осы персоналға хабарланатын мәліметтердің анықтығына;
3) жіберілетін бригадалардың уақыт үйлесіміне және жұмыс орнына;
4) осы электр қондырғысындағы жұмыстарға жіберілген барлық бригадалар жұмысы толық аяқталғаннан кейін электр қондырғысын қосуға жауапты болып табылады.
Жіберуге келісім осы Қағидаларға 2-қосымшаның 3-кестесіне сәйкес ресімделеді.";
45-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"4) оның бригадаға нұсқамасын жүргізу толықтығы мен сапасын қамтамасыз етеді.";
49-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"49. Жұмыстарды жүргізуге арналған нарядтар телефон, радио немесе электрондық құжат арқылы беріледі. Наряд үш данада – наряд беретін тұлға, жұмыс басшысы (өндірушісі), рұқсат беретін (бақылайтын) үшін жазып беріледі.
Бұл жағдайда нарядты беруші бір дананы жазып береді, ал мәтінді телефонхат-радиохат немесе электрондық құжат түрінде қабылдайтын адам нарядтың екі данасын толтырады және кері тексеруден кейін нарядты берушінің қолының орнында оның фамилиясы мен аты-жөнін көрсетеді, жазба дұрыстығын өз қолымен растайды.
Жұмыс басшысының (өндірушінің) және рұқсат берушінің міндеттерін қоса атқару кезінде наряд екі данада немесе электрондық құжатпен жазылады.
Осы Қағидалардың 2-қосымшасында баяндалған нысан бойынша электр қондырғыларында жұмыс істеуге арналған нарядты одан әрі басып шығара отырып және рұқсаттарды жазбаша нысанда жүзеге асыра отырып, компьютер арқылы бланкіге толтыруға жол беріледі.";
53-тармақтың екінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
54-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
"54. Бақылаушы электр қондырғыларында өз бетінше жұмыс істеуге құқығы жоқ бригадаларды тұрақты бақылау және қадағалау үшін тағайындалады.";
58-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"58. Кернеу барлық тоқ өтетін бөліктерден, оның ішінде ӘЖ және КЖ өткізгіштерінен ажыратылған және көршілес электр қондырғыларына кіру құлыпталған (1000 В-қа дейінгі жинақтар мен қалқандар кернеуде қалады) 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларында барлық қосылыстарда бір мезгілде жұмыс істеу үшін бір нарядты беруге рұқсат етіледі. Бұл ретте жұмыс басшысын тағайындау қажет етілмейді.";
61-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"3) жұмыс орындарының орналасуы жұмысты жүргізушіге бригадаға тұрақты қадағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік берген кезде, екі қазаншұңқырда немесе ТҚ-да және оның жанында орналасқан қазаншұңқырда орындалатын кәбілдерді (екіден аспайтын) жөндеу кезінде рұқсат етіледі.";
66-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"66. Өкім жұмысты жүргізушіге және жіберуші адамға беріледі, біржолғы сипатқа ие, оның жарамдылық мерзімі орындаушылардың жұмыс күнінің (ауысымының) ұзақтығымен анықталады.";
71-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
"Бригада құрамындағы өзгерістер туралы нұсқаулар телефон, радио, электрондық құжат арқылы немесе қолма-қол рұқсат берушіге, жұмыстардың басшысына (өндірушісіне) беріледі, ол нарядта өз қолымен өзгеріс туралы нұсқау берген қызметкердің тегі мен аты-жөнін жазады.";
79-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"4) нұсқама тақырыбын игеруге жұмысты жүргізушіге, бақылаушыға және бригаданың 2-3 мүшесіне сауалнама жүргізуі қажет.";
81-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
"81. Рұқсат нарядтың екі данасында да және нарядтар мен өкімдер бойынша жұмыстарды есепке алу журналында немесе осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес электрондық құжатпен ресімделеді. Жұмыс басшысы (өндірушісі) рұқсат берушінің міндеттерін қоса атқарса, рұқсат нарядтың бір данасында ресімделеді.";
104-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
111-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"111. Тасымалды жерге қосуды алдымен жерге қосушы қондырғыға, содан кейін кернеудің жоқтығын тексергеннен кейін ток өтетін бөліктерге орнату қажет.
ӘЖ-де сымдарды әртүрлі деңгейде ілу кезінде жерге қосуды төменгі сымнан бастап төменнен жоғарыға қарай орнату қажет.
Тасымалды жерге қосуды ток өтетін бөліктерге және бояудан тазартылған жерлердегі жерге қосушы шинаға (конструкцияға) қосу қажет.
Тасымалды жерге қосуды кері бірізділікпен, алдымен оны ток өтетін бөліктерден алып тастап, содан кейін жерге қосушы қондырғыдан ажырату қажет.
Ток өткізгіш бөліктер көлденең күйде орналасқан кезде тасымалданатын жерге тұйықтауды орнату ең жақын ток өткізгіш бөліктен жүзеге асырылады, тасымалданатын жерге тұйықтауды алу кері ретпен жүргізіледі.";
113-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"113. Жерге қосу үшін, осы Қағидалардың 209-тармағында ескерілген жағдайды қоспағанда, осы мақсатқа арналмаған өткізгіштерді пайдалануға жол берілмейді.";
120-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"120. Осы Қағидалардың 119-тармағында көрсетілген жерге қосуларға қосымша әрбір бригаданың жұмыс орнында барлық фазалардың сымдары, ал қажет болған жағдайда найзағайдан қорғайтын сымарқандар да жерге қосылады.";
130, 131 және 132-тармақтарда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
137-тармақтың үшінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
143-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
151-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
181-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
183-тармақтың бірінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
225-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"225. КТҚ шкафтарының бөлігінде жұмыс істеу кезінде жабдығы бар арбашаны итеріп шығарып, ток өтетін бөліктер кернеуде қалған бөлік пердешесін құлыппен бекіту және осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгі (плакат) іліп қою қажет, жұмыс істелетін бөлікте осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгі (плакат) ілінеді.";
229-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
233 және 234-тармақтарда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
236-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
237-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"237. Осы Қағидалардың 233 және 234-тармақтарында көрсетілген жұмыстарды орындау кезінде, энергиямен жабдықтаушы ұйым басшылығының бұйрығымен немесе тапсырмасымен жұмысшыларға аумақтық телім (аудан, орам, өңір және басқасы) бекітіледі. Тапсырмалар бланктерінде жедел персонал электр қондырғыларындағы жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық шаралардың орындалғанын белгілеп отыру қажет.";
248-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
"Аккумулятор орынжайының есігінде осы Қағидалардың 14, 16 және 18-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша "Аккумулятор бөлмесі", "Отқа қауіпті", "Темекі шегуге тыйым салынады" жазу белгілері (плакаттар) ілінеді.";
287 және 288-тармақтарда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
306-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
323-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
339-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
341-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
357-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
363-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"363. Күш трансформаторлары мен реакторларын жерден немесе тұтқасы бар стационарлық баспалдақтардан қарап тексеру керек. Жұмыс істеп тұрған немесе резервте тұрған трансформатор мен реакторларда қарау алаңдарына рұқсаттама осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ескерту белгілерімен (плакатымен) жабылады.";
370-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
372-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
377 және 378-тармақтарда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
380-тармақтың екінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
381-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
390, 391 және 392-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"390. 1000 В жоғарғы электр қондырғыларында электр өлшеуiш қысқыштармен жұмысты ұйғарым бойынша екi жұмысшы жүргiзуi тиiс: бiреуі – IV төмен емес қолжетімділік тобынан, екiншiсi - III төмен емес қолжетімділік тобынан болуы тиіс. Көрсеткiштердi есептеу үшiн аспапқа қарай еңкеюге болмайды. Жұмысты диэлектрлiк қолғаппен iстеу қажет.
391. 1000 В дейiнгi электр қондырғыларында электр өлшегіш қысқыштармен III төмен емес рұқсат тобындағы бiр жұмысшы диэлектрлік қолғапты пайдаланбай жұмыс iстеуіне болады.
ӘЖ тірегінде бола отырып, электр өлшегіш кенелермен жұмыс істеуге жол берілмейді.
392. Өлшеуiш қарнақтармен жұмысты ұйғарым бойынша құрамында кем дегенде екi жұмысшы жүргiзуi керек: бiрi – IV төмен емес рұқсат тобынан, қалғаны – III төмен емес рұқсат тобынан болуы керек. Құрылымға немесе телескоп мұнарасына қарнақсыз көтеріліп, түскен жөн.
Қарнақпен жұмыс iстеу кезiнде диэлектрлiк қолғапты қолдану мiндеттi емес.";
394-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
400-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
407-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
414-тармақтың бірінші бөлігі орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
416-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
423-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
427-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
429-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
"Кептiру және автоматика блогында жұмыс iстеу кезiнде диэлектрлік резеңке төсеніштер қолданылуы тиiс.";
436-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"436. ҚККП барлық жұмыстарын III төмен емес рұқсат тобы бар жұмысты жүргізуші бар бригада атқаруы тиiс.";
446-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
450-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
452-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"452. ТҚ немесе 1000 В жоғары ӘЖ орналасқан жоғарғы жиiлiктi қондырғылардың жабдығына қызмет көрсету, реттеу және жөндеу жұмыстарын кемінде екi жұмысшы жүргiзуі тиіс, оның бiреуiнің IV төмен емес рұқсат тобы болуы тиіс.";
453-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
456 және 457-тармақтарда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
462-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
470-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
472-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
483-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
500-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"500. Ажыратуды және басқа техникалық іс-шараларды жүргізуді талап ететін құрылыс-құрастыру жұмыстарына, сондай-ақ кернеудегі электр тарату желілерінің күзет аймағындағы жұмыстарға рұқсаттама осы Қағидалардың 75-82-тармақтарының талаптарына сәйкес орындалады.";
503-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
мынадай мазмұндағы 507-тармақпен толықтырылсын:
"507. Жарылыстан қорғалған электр жабдығына көзделген сындарлы шаралар оны қоршаған жарылыс қаупі бар ортаның тұтану мүмкіндігін (пайдалану кезінде) жою немесе қиындату жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 222 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10889 болып тіркелген) бекітілген тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларының 36-тарауының талаптарына жауап беруге тиіс.";
1-қосымшаның атауы жаңа редакцияда жазылсын:
"Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларына 1-қосымша".
3 және 4-қосымшалар осы тізбенің 1 және 2-қосышаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес 18-қосымшамен толықтырылсын.
10. "Сарапшы ұйымдарды және дайындаушы зауыттарды тарта отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйіне мерзімді зерттеп-қарау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 255 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10853 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 295) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сарапшы ұйымдарды және дайындаушы зауыттарды тарта отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйіне мерзімді зерттеп-қарау жүргізу қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Сарапшы ұйымдарды және дайындаушы зауыттарды тарта отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйіне мерзімді зерттеп-қарау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 295) тармақшасына сәйкес әзірленген және сарапшы ұйымдарды және дайындаушы зауыттарды тарта отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйіне мерзімді зерттеп-қарау жүргізу тәртібін айқындайды.".
11. "Электр берудің әуе желілерінің тіректерін орналастыру үшін жер учаскелерінің көлемін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 671 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12585 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 317) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр берудің әуе желілерінің тіректерін орналастыру үшін жер учаскелерінің көлемін айқындау қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Электр берудің әуе желілерінің тіректерін орналастыру үшін жер учаскелерінің көлемін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 317) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр берудің әуе желілерінің тіректерін орналастыру үшін жер учаскелерінің көлемін айқындау тәртібін айқындайды.".
12. "Нарық кеңесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 682 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12524 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 319) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нарық кеңесінің жұмыс істеу қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Нарық кеңесінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 319) тармақшасына сәйкес әзірленді және Нарық кеңесінің жұмыс істеу тәртібін айқындайды.".
2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) Нарық кеңесі – электр энергиясы мен қуаты нарығының жұмыс істеуін мониторингтеу жөніндегі көрсетілетін қызметті, сондай-ақ осы "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым.".
13. "Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін, сондай-ақ оларды айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 мамырдағы № 214 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13755 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 251) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы, 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін, сондай-ақ оларды айқындау қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 251) тармақшасына сәйкес әзірленді және электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін айқындау тәртібін айқындайды.";
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.".
14. "Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 330 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15943 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 316) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 316) тармақшасымен сәйкес әзірленген және электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу тәртібін айқындайды.".
15. Жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 331 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15941 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 348) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше жағдайларын белгілеу қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше жағдайларын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысының 15-тармағының 348) тармақшасына сәйкес әзірленді және жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу тәртібін айқындайды осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттары.".
16. "Энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 355 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15976 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 349) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
1. Энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау қағидалары (бұдан әрі –Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 349) тармақшасымен әзірленді және энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау тәртібін айқындайды.".
17. "Электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайда нормасын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 205 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20700 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 318) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайда нормасын айқындау әдістемесінде:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайда нормасын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 318) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергиясына шекті тарифтерді, сондай-ақ теңгерімдеу үшін үстемеақыны бекіту кезінде ескерілетін пайда нормасын айқындау тетігін анықтайды.";
3-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
"Осы Әдістемеде пайдаланылған өзге де ұғымдар мен анықтамалар "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңға (бұдан әрі – Заң) сәйкес қолданылады.".
18. "Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосудың үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 326 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21267 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 278) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосудың үлгілік шартында:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Технологиялық қосуға арналған техникалық тапсырмалар (бұдан әрі – техникалық тапсырмалар) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 327 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21269 болып тіркелген) бекітілген Энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосылу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес нысан бойынша осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.".
19. "Энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосылу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 327 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21269 болып тіркелген):
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 277) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосылу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 277) тармақшасына сәйкес әзірленді және энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосылу тәртібін айқындайды.";
15 және 16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"15. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде энергия беруші ұйым осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22057 болып тіркелген) бекітілген Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау қағидаларына сәйкес 10 (он) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге электр қондырғыларын технологиялық қосуға арналған негізделген шығындардың қорытындысын береді және осы тараудың 2 және 3-параграфтарында көрсетілген шараларды қабылдайды.
16. Энергия беруші ұйымдар технологиялық қосу үшін Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 326 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10859 болып тіркелген) бекітілген Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу үлгілік шартына сәйкес өтініш берушімен шарт жасасады.".
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1-қосымша |
|
Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларына 3-қосымша |
Нарядтар мен өкімдер бойынша жұмыстарды есепке алу
Жергілікті кезекші персоналы бар электр қондырғыларында (үйдегі кезекшіліктен басқа) нарядтар мен өкімдер бойынша жұмыстар осы үшін арналған төменде ұсынылған нысан бойынша нарядтар мен өкімдер бойынша жұмыстарды есепке алу журналында есепке алынады.
Журналда тиісті бағандарда нарядтар бойынша жұмысқа алғашқы рұқсат беру және оның толық аяқталуы, өкімдер бойынша жұмысқа рұқсат беру және жедел персоналдың өзі немесе оның бақылауымен берілетін өкімдер бойынша жұмыстарды қоспағанда, оның аяқталуы ескеріледі, олар туралы жазба тек жедел журналда ғана жасалады. Бұдан басқа, наряд бойынша жұмысқа алғашқы және күнделікті рұқсаттамалар жедел журналға жазумен ресімделеді, бұл ретте наряд нөмірі мен жұмыс орны ғана ескеріледі.
Нарядтар мен өкімдер бойынша жұмыстарды есепке алу журналын кезекші персонал жүргізеді. Журнал нөмірленеді, тігіледі және мөрмен бекітіледі. Соңғы жазбадан кейін оны сақтау мерзімі - 6 ай.
Нарядтар мен өкімдер бойынша жұмыстарды есепке алудың электрондық журналы жүргізілген жағдайда журналдың беттері өзгермейтін форматта қалыптастырылады.
Жергілікті кезекші персоналы жоқ және үй кезекшілігі бар электр қондырғыларында нарядтар мен өкімдер бойынша жұмыстардың есеп журналы жүргізілмейді, нарядтар мен өкімдер бойынша жұмыстар жедел журналда есепке алынады.
Нысан |
Нарядтар мен өкімдер бойынша жұмыстарды есепке алу журналы
Өкім нөмірі | Наряд нөмірі | Жұмыс орны және атауы | Жұмыс жүргізуші немесе бақылаушы (тегі, аты-жөні) | Өкім бойынша жұмыс істейтін бригада мүшесі (тегі, аты-жөні) | Өкімді берген тұлға (тегі, аты-жөні) | Жұмысқа кірістік (күні, уақыты) | Жұмыс аяқталды (күні, уақыты) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Ескертпелер:
1) өкімдер бойынша жұмыстардың саны көп болған кезде олардың реттік нөмірлерін жазуды ай сайын қайтадан бастауға жол беріледі;
2) наряд бойынша жұмыстар кезінде тек 2, 3, 7 және 8-бағандар толтырылады;
3) жергілікті жағдайларға байланысты ұсынылатын журнал нысанын толықтыруға немесе түрін өзгертуге жол беріледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесіне 2-қосымша |
|
Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларына 4-қосымша |
Рұқсат етілген параметрлер кестелері
1-кесте
Кернеудегі ток өткізгіш бөліктерге дейінгі жол берілетін арақашықтық, м
Кернеу, кВ | Адаммен оның қолданатын құралдарының және уақытша қоршаудан ара қашықтық, метр | Механизмдерден жұмыс үстіндегі ж/к машиналардың строптардан, жүк ұстайтын құралдар мен жүктердің ара қашықтығы, метр |
1 дейін: | ||
- әуе желісіндегі электржеткізу | 0,6 | 1,0 |
- қалған электр қондырғыларда | (жанасусыз) нормаланбайды | 1,0 |
6-35 | 0,6 | 1,0 |
110 | 1,0 | 1,5 |
220 | 2,0 | 2,5 |
500 | 3,5 | 4,5 |
1150 | 8,0 | 10,0 |
Ескертпе: Осы жерде және ары қарай кернеулігі 3 кВ электрқондырғылар Қағидаларының мәтінінде кернеулігі 6 кВ электр қондырғыларына кернеулігі 20 кВ – 35 кВ-ға, ал 60 кВ – 110 кВ теңестіріледі.
2-кесте
Магниттік өрістің рұқсат берілген деңгейі
Келу уақыты | Әсер ету барысындағы магниттік өрістің кернеуінің (ампер/метр)/(магниттік индукцияның (шағын дене) рұқсат берілген деңгейі | |
Жалпы | Шектеулі | |
<1 | 1600/2000 | 6400/8000 |
2 | 800/1000 | 3200/4000 |
4 | 400/500 | 1600/2000 |
8 | 80/100 | 800/1000 |
3-кесте
Ресиверлерді үрлеу тәртібі
Қысылыстыру операциясы | Іріктеу орны | Белгілі компонент | Мөлшер бойынша компоненттің құрамы, % |
Ауаны көмірқышқыл газбен | Ресивердің жоғарғы жағы | Көмірқышқыл газ | 85 |
Ауаны азотпен | Сол | Оттегі | 3,0 |
Көмірқышқыл газды сутегімен | Ресивердің төменгі жағы | Көмірқышқыл газ, оттегі |
1,0 |
Азотты сутегімен | Сол | Азот Оттегі |
1,0 |
Сутегіні көмір қышқыл газбен | Ресивердің жоғарғы жағы | Көмірқышқыл газ | 95 |
Сутегіні азотпен | Сол | Сутегі | 3,0 |
Көмірқышқыл газды ауамен | Ресивердің төменгі жағы | Көмірқышқыл газы | Жоқ |
Азотты ауамен | Сол | Оттегі | 20 |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесіне 3-қосымша |
|
Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларына 18-қосымша |
Нысан
"ОТҚА ҚАУІПТІ" белгісі (плакаты)
Аккумуляторы бар үй-жайдың есіктерінде ілінеді.