Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.10.2020 № ҚР ДСМ-175/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген, "Казахстанская правда" 2011 жылғы 24 ақпанда № 68-69 (26489-26490), 2011 жылғы 26 ақпанда № 72-73 (26493-26494), 2011 жылғы 2 наурызда № 76-77 (26497-26498), 2011 жылғы 5 наурызда № 82-83 (26503-26504), 2011 жылғы 6 наурызда № 84-85 (26505-26506), 2011 жылғы 10 наурызда № 86-87 (26507-26508), 2011 жылғы 15 наурызда № 92-93 (26513-26514), 2011 жылғы 16 наурызда № 94-95 (26515-26516), 2011 жылғы 17 наурызда № 96-97 (26517-26518), 2011 жылғы 29 наурызда № 105-106 (26526-26527), 2011 жылғы 30 наурызда № 107-108 (26528-26529), 2011 жылғы 6 сәуірде № 116 (26537), 2011 жылғы 12 сәуірде № 121-122 (26542-26543), 2011 жылғы 13 сәуірде № 123-124 (26544-26545), 2011 жылғы 14 сәуірде № 125-126 (26546-26547), 2011 жылғы 19 сәуірде № 131-132 (26552-26553), 2011 жылғы 20 сәуірде № 133 (26554), 2011 жылғы 21 сәуірде № 134-135 (26555-26556), 2011 жылғы 23 сәуірде № 138 (26559), 2011 жылғы 26 сәуірде № 139 (26560), 2011 жылғы 30 сәуірде № 144-145 (26565-26566), 2011 жылғы 7 мамырда № 150-151 (26571-26572), 2011 жылғы 14 мамырда № 156-157 (26577-26578), 2011 жылғы 21 мамырда № 163-164 (26584-26585), 2011 жылғы 28 мамырда № 170-171 (26590-26591), 2011 жылғы 4 маусымда № 177-178 (26598-26599), 2011 жылғы 11 маусымда № 185-186 (26606-26607) газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) "Дәрігерлерді үйге шақыртуды жазу кітабы" 031/е нысаны мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"Ескертпе. Медицина қызметкерлерінің автоматтандырылған жұмыс орындары бар медициналық ұйымдарда кітап электрондық түрде жүргізіледі.
Кітапты электрондық түрде жүргізу кезінде шақыртуды тіркеу күні шақырту туралы жазбаға автоматтандырылған режимде ақпараттық жүйеде қалыптастырылатын бірегей нөмір беріледі.";
2) "Емханада (амбулаторияда), диспансерде, консультацияда, үйде науқастарды қарауды есепке алу ведомосы" 039/е нысаны мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"Ескертпе. Медицина қызметкерлерінің автоматтандырылған жұмыс орындары бар медициналық ұйымдарда ведомость электрондық түрде жүргізіледі.
Ведомості электрондық түрде жүргізу кезінде қарау туралы жазбаға автоматтандырылған режимде ақпараттық жүйеде қалыптастырылатын бірегей нөмір беріледі.";
3) "Медициналық ұйымдарға тіркеу талоны" 057/е нысаны мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"Ескертпе. Медицина қызметкерлерінің автоматтандырылған жұмыс орындары бар медициналық ұйымдарда талон электрондық түрде толтырылады.
Талонды электрондық түрде толтыру кезінде тіркеу туралы жазбаға автоматтандырылған режимде ақпараттық жүйеде қалыптастырылатын бірегей нөмір беріледі.";
4) "Амбулаториялық науқастарды тіркey журналы" 278/е нысаны мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"Ескертпе. Медицина қызметкерлерінің автоматтандырылған жұмыс орындары бар медициналық ұйымдарда журнал электрондық түрде жүргізіледі.
Журналды электрондық түрде жүргізу кезінде пациентті тіркеу күні пациентті тіркеу туралы жазбаға автоматтандырылған режимде ақпараттық жүйеде қалыптастырылатын бірегей нөмір беріледі.";
2. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары (келісім бойынша) және республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының (келісім бойынша), ғылыми-зерттеу институттары (келісім бойынша) мен ғылыми орталықтардың (келісім бойынша) басшылары медицина қызметкерлерінің автоматтандырылған жұмыс орындары бар денсаулық сақтау ұйымдарында денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын электрондық түрде жүргізу үшін жауапты адамдарды белгілесін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ақпараттандыруды дамыту департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Денсаулық сақтау және әлеуметтік | |
даму министрі | Т. Дүйсенова |