Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 28.04.2018 № 152 (29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 18 бабы 23-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген көмірсутек шикізатын өндірудің, өткізудің және тұтынудың ұлттық балансы, оның ішінде ұлттық отын-энергетикалық балансы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика минисрлігінің Жер қойнауы департаментіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануына жолдануын;
3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ғаламтор-ресурстарына және мемлекеттік органдардың ғаламтор-порталдарында осы бұйрықтың орналасуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күннің ішінде осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекші вице-министрлеріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы | |
Энергетика министрі | В. Школьник |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 151 бұйрығымен бекітілді |
Көмірсутек шикізатын өндірудің, өткізудің және тұтынудың ұлттық
балансы, оның ішінде ұлттық отын-энергетикалық балансы
Қазақстан Республикасының
мұнай және газ конденсатының балансы
№ | Атауы | Миллион тонна |
1 | Өндіру, барлығы | 80,5 |
2 | Көлік жүйелеріне тапсыру | 79,5 |
3 | Транзит | 7,0 |
4 | Ресурстарды бөлу | 86,5 |
5 | Ішкі нарыққа жеткізу | 15,6 |
5.1 | "Атырау мұнай өңдеу зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестік | 4,87 |
5.2 | "Павлодар мұнай-химия зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестік | 4,81 |
5.3 | "ПетроКазахстан Ойл Продактс" жауапкершілігі шектеулі серіктестік | 4,65 |
5.4 | "Бірлескен кәсіпорын "CASPI BITUM" жауапкершілігі шектеулі серіктестік | 0,77 |
5.5 | Шағын мұнай өңдеу зауыттары | 0,5 |
6 | Қазақстан Республикасынан жеткізіу | 62,0 |
6.1 | Атырау-Самара | 15,0 |
6.2 | Каспий Құбыры Консорциумы | 40,0 |
6.3 | Қазақстан-Қытай (Атасу-Алашанькоу) | 4,0 |
6.4 | Ақтау порты | 1,3 |
6.5 | Темір жол және өзгелер | 1,0 |
6.6 | Орынбор газ өңдеу зауыты | 0,7 |
7 | Дайындау, тасымалдау, тұрақтандыру кезіндегі қалдықтар және меншікті мұқтажға | 1,9 |
Қазақстан Республикасының
газды өндіру, өндеу
және тарату балансы
№ | Атауы | Миллиард текше метр |
1. | Шикі газын өндіру – барлығы | 42,2 |
2. | Шикі газды өз мұқтажына пайдалану | 20,6 |
2.1. | Технологиялық және өз мұқтажына (электр энергиясын өндіруге, оның ішінде газды жағу) | 9,0 |
2.2. | Қабатқа газды кері айдау | 11,6 |
3. | Таратылатын тауарлық газ | 21,6 |
Оның ішінде: | ||
3.1. | ішкі тұтыну | 12,1 |
3.2. | экспорт | 9,5 |
Қазақстан Республикасының
уран балансы
№ | Атауы | Тонн |
1 | Уран өндірісінің көлемі | 23 461 |
2 | Дайын өнім өндіру (уранның шала тотығы-тотығы) | 23 470 |
3 | Экспорт көлемі | 20 557 |
Қазақстан Республикасының
көмір балансы (көмір концентраты жоқ)
№ | Атауы | Миллион тонна |
1 | Өндіру, барлығы | 108,0 |
2 | Ішкі тұтыну | 78,0 |
3 | Экспорт | 30,0 |
Қазақстан Республикасының
электр энергиясы балансы
№ | Атауы | Миллиард киловатт-сағат |
1. | Электр энергиясын өндіру | 92,7 |
2. | Электр энергиясын тұтыну | 92,4 |