«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы Заңының 12-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 191 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9479 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 2 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған Бұйрықпен бекітілген Біліктілік емтиханын өткізу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар қызметін жүзеге асыруға үміткер (бұдан әрі - үміткер) тұлға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитеті) арқылы біліктілік емтиханды тапсыру туралы жазбаша өтінішті (бұдан әрі - өтініш), біліктілік емтиханды өткізу комиссиясына (бұдан әрі - Комиссия) еркін түрде, біліктілік емтиханын тапсыру тілін (қазақ немесе орыс) көрсете отырып, мынадай құжаттармен қоса жібереді:
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) жоғары заң немесе экономикалық білім туралы диплом көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы табыс етілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі);
3) экономикалық, қаржы немесе заң саласындағы қызметте кемінде үш жыл жұмыс өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы табыс етілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі).».
мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Біліктілік емтиханды ұйымдастыру және қабылдау Комиссиямен жүзеге асырылады.
Комиссия құрамы Комитет төрағасының бұйрығымен бекітіледі.»;
4 және 5 тармақтар алынып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Комиссия төраға мен алты мүшеден - екі әкімшіден, Комитеттің бес өкілінен тұратын тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
Әкімшілердің кандидатураларын дәрменсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың кәсіптік бірлестіктері (бұдан әрі - кәсіптік бірлестік) бір жылдан аспайтын мерзімге анықтайды және Комиссия құрамына енгізу үшін ұсынады.
Кәсіптік бірлестік сайлаған кандидаттардың оңалту және банкроттық саласында кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.
Комиссия құрамына енгізу үшін ұсынылатын кандидаттар туралы мәліметтер жыл сайын 15 қаңтардан кешіктірілмей мынадай ақпараттарды көрсете отырып, Комитетке жіберіледі:
кандидатты сайлаған кәсіптік бірлестіктің атауы;
кәсіптік бірлестіктің сандық құрамы;
кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және оның оңалту және банкроттық саласындағы жұмыс тәжірибесі.
Комитетке кәсіптік бірлестіктер сайлаған кандидат ретінде екеуден артық кандидат түскен жағдайда, Комиссия құрамына оңалту және банкроттық саласында жұмыс тәжірибесі көп әкімшілер енгізіледі. Жұмыс өтілі тең болған жағдайда мүшелері көп кәсіптік бірлестік сайлаған кандидат енгізіледі.
Комитет өкілдері, оңалту және банкроттық мәселелерін жетекшілік ететін Салық комитеті төрағасы орынбасарының ұсынысы негізінде комиссия құрамына енгізіледі.
Егер комиссия мүшелерінің кемінде үшеуі қатысса комиссия отырысы заңды болып табылады.
Комиссия қызметін ұйымдастыру үшін Комитет қызметкерлері санынан Комиссия хатшысы тағайындалады.
Комиссия хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады және отырыс хаттамаларын ресімдейді. Хатшы Комиссия мүшесіне жатпайды.
Егер Комиссия мүшесі емтихан тапсырушы тұлғаның жақын туысы болып табылатын болса Комиссия мүшесі отырысқа қатыса алмайды және бас тартуға (өздігінен бас тартуға) жатады.
Комиссия құрамынан өздігінен бас тартпау дерегі анықталған жағдайда, Комиссия мүшесі Комиссия құрамынан шығарылып, шығарылған күннен бастап бір жыл ішінде кіргізілмейді.
Комиссия мүшесінің және (немесе) емтихан тапсырушы тұлғаның себептерді көрсете отырып, бас тартуы және өздігінен бас тартуы отырыстың басталуына дейін, сонымен бірге отырыс барысында мәлімделеді.
Бас тарту (өздігінен бас тарту) туралы шешім Комиссия мүшелерінің көп дауысымен жазбаша нысанда қабылданады.
Комиссия мүшелерінің дауыстар саны тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Комиссия хатшысының дауыс беру құқығы жоқ.»;
7-тармақ алынып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Біліктілік емтиханына жіберілген үміткерді оның өту күніне дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей біліктілік емтиханының күні, уақыты мен орны көрсетіле отырып, Комитет хабардар етеді.
Үміткерге хабардың біліктілік емтиханға қатысуға рұқсат беру туралы өтінішінде көрсетілген пошталық мекен-жайға жазбаша жолдауы тиісінше хабардар ету болып танылады.
Біліктілік емтиханына жіберілген үміткерлердің тізімі, біліктілік емтиханның өту күніне дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей, оның күні, уақыты мен орны көрсетіле отырып, Комитеттің интернет-ресурсында жарияланады.
Біліктілік емтиханына келген кезде үміткерде жеке басын куәландыратын құжаты болуы қажет.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Біліктілік емтиханы бір күн ішінде екі кезеңде өтеді:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне компьютерлік тест тапсыру;
2) үміткердің емтихан билеттері бойынша білімін тексеру.
Тестілік сұрақтар мен емтихан билеттері тізілімі Комиссия шешімімен бекітіледі және қажеттілігіне қарай жаңаланады.»;
12-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Тестілік сұрақтардың мазмұны жалпы заң нормалары, оңалту және банкроттық туралы заңнама нормалары, оңалту және банкроттық рәсімдерді жүргізуге байланысты өзге де аралас салалар білімін болжайды. Сұрақтардың жауаптарының кемінде үш нұсқасы болуы тиіс.»;
16-тармақтың үшінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Комиссия хатшысы екінші кезеңнің қорытындылары бойынша Комиссия мүшелері шығарған нәтижелерді есептейді және жалпы орташа балды шығарады.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Тестілеу және (немесе) емтихан сұрақтарына жауап беру нәтижелері бойынша Комиссия біліктілік емтиханын тапсырғаны (тапсырмағаны) туралы дәлелді шешім шығарады.
Нәтижелер, үміткер біліктілік емтиханы өткен күні, ол аяқталғаннан кейін жария етіледі.»
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Комиссияның біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы дәлелді шешім үміткерді әкімші ретінде тіркеу үшін негіз болып табылады.
Комиссияның біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы дәлелді шешім, біліктілік емтихан тапсырған күннен бастап бір жылға жарамды.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Біліктілік емтиханынан өтпеді деп танылған адам, оны қайта біліктілік емтиханынан өтпеді деп таныған біліктілік емтиханы өткен күнінен бастап алты айдан кейін тапсыра алады.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Үміткер келмеген жағдайда оның өтініші қараусыз қалдырылады және ол табыс еткен құжаттармен бірге Комитет тарапынан біліктілік емтиханы өткен күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірілмей қайтарылады.»;
аталған бұйрықтың қосымшасы алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Ерғожин Д.Е.) заңмен бекітілген тәртіпке сәйкес:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Б.Сұлтанов