Біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 191 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 3 маусымда № 9479 тіркелді.

      "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 23-2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.11.2021 № 1222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Біліктілік емтиханын өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә.С. Жұмаділдаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі
Орынбасарының -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 28 сәуірдегі
№ 191 бұйрығымен
бекітілген

Біліктілік емтиханын өткізу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 30.05.2020 № 549 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Біліктілік емтиханын өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 23-2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) оңалту және банкроттық саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның көрсету тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 30.05.2020 № 1222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.

      3. Көрсетілетін қызметті алушы - мынадай талаптарға жауап беретін:

      1) құқық, экономика және бизнес саласындағы жоғары білімі бар;

      2) заңгерлік, экономикалық, бухгалтерлік, қаржылық, аудиторлық немесе бақылау-ревизия салаларындағы қатарынан үш жылдан кем емес жұмыс өтілі бар;

      3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұратындығы туралы мәліметтері жоқ;

      4) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы жоқ;

      5) соттың әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танығандығы туралы мәліметтері жоқ жеке тұлға.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 24.12.2020 № 1231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.

      5. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

      Осы Қағидаларға өзгерістер (және) немесе толықтырулар енгізу кезінде, көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына тиісті нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.08.2022 № 887 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі 1-параграф. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесі

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және келесі құжаттарды:

      1) құқық, экономика және бизнес саласындағы жоғары білімі туралы дипломның электрондық көшірмесін;

      2) заңгерлік, экономикалық, бухгалтерлік, қаржылық, аудиторлық немесе бақылау-ревизия салаларындағы қатарынан үш жылдан кем емес жұмыс өтілін растайтын құжаттың электрондық көшірмесін;

      3) көрсетілетін қызметті алушының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын, осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімін береді.

      Осы тармақтың 3)-тармақшасында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының келісімі қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізу, оны жинау және өңдеуді қамтиды.

      "Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын өткізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.08.2022 № 887 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесі өтініш және құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылдану мәртебесі туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы жолданады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндерде жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжаттың, өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы немесе болмауы туралы, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұратындығы/тұрмайтындығы туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесі көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтінішті және құжаттарды тіркеген күні оларды кейіннен орындаушыны анықтау үшін көрсетілетін қызметті берушінің оңалту және банкроттық мәселелерін реттейтін құрылымдық бөлімшесінің басшысына береді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 24.12.2020 № 1231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Орындаушы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3 және 6-тармақтарына сәйкестігін қарайды.

      Құжаттарды қарау нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат беру немесе рұқсат бермеу туралы хабарламаны әзірлейді және оны көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы жолдайды.

      Біліктілік емтиханын тапсыруына рұқсат беру туралы хабарлама егер көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес болған және көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 3-тармағымен белгіленген талаптарға сай болған жағдайда әзірленеді.

      Біліктілік емтиханын тапсыруына рұқсат беру туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушыға өткізілуі біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат беру туралы өтінішті көрсетілетін қызметті алушы тапсырғаннан кейін кем дегенде 10 (он) жұмыс күнінен кейін тағайындалған біліктілік емтиханына қатысу құқығын береді.

      Біліктілік емтиханын тапсыруына рұқсат бермеу туралы хабарлама егер көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес болмаған және (немесе) көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 3-тармағымен белгіленген талаптарға сай болмаған жағдайда әзірленеді.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші біліктілік емтиханын өткізу күнін анықтайды.

      Біліктілік емтиханы қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.

      Біліктілік емтиханына жіберілген көрсетілетін қызметті алушы оның өту күніне дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмей біліктілік емтиханы өтетін күн, уақыты мен орны туралы портал арқылы хабардар етіледі.

      Біліктілік емтиханына жіберілген көрсетілетін қызметті алушылар тізімі, біліктілік емтиханын өткізу күніне дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей, оны өткізу күні, уақыты мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

2-параграф. Біліктілік емтиханын өткізу

      10. Біліктілік емтиханына келген кезде көрсетілетін қызметті алушы жеке басын сәйкестендіру үшін – жеке басын куәландыратын құжатты, не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты ұсынады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 30.05.2020 № 1222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Біліктілік емтиханын ұйымдастыруды және қабылдауды Біліктілік емтиханын жүргізу жөніндегі Комиссия (бұдан әрі - Комиссия) жүзеге асырады.

      Комиссия құрамы көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      Комиссия төраға мен алты мүшеден - екі әкімшіден, көрсетілетін қызметті берушінің төрт өкілінен тұратын тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.

      12. Әкімшілердің кандидатураларын дәрменсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың кәсіби бірлестіктерінің (бұдан әрі – кәсіби бірлестік) мүшелері бір жылдан аспайтын мерзімге айқындайды және Комиссия құрамына қосу үшін ұсынады.

      Кәсіби бірлестіктер оңалту және банкроттық саласында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі бар кандидаттарды таңдайды.

      Комиссия құрамына қосу үшін ұсынылатын кандидаттар туралы мәліметтер жыл сайын 15 қаңтардан кешіктірілмей мынадай ақпараттарды:

      кандидатты сайлаған кәсіби бірлестіктің атауын;

      кәсіби бірлестіктің сандық құрамын;

      кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және оның оңалту және банкроттық саласындағы жұмыс тәжірибесін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жолданады.

      Көрсетілетін қызметті берушіге кәсіби бірлестіктер таңдаған екеуден артық кандидат түскен кезде, Комиссия құрамына оңалту және банкроттық саласында жұмыс тәжірибесі көп әкімшілер енгізіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушіге екі немесе одан көп кәсіби бірлестіктерден кандидатуралар түскен кезде, Комиссия құрамына әртүрлі кәсіби бірлестіктерден оңалту және банкроттық саласында жұмыс тәжірибесі көп әкімшілер енгізіледі.

      Жұмыс өтілі тең болған жағдайда мүшелері көп кәсіби бірлестік сайлаған кандидат енгізіледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 24.12.2020 № 1231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Біліктілік емтиханы бір күн ішінде екі кезеңде өтеді:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне компьютерлік тест тапсыру;

      2) көрсетілетін қызметті алушының емтихан билеттері бойынша білімін тексеру.

      Тестілік сұрақтар мен емтихан билеттер тізілімі Комиссия шешімімен бекітіледі және қажеттілігіне қарай жаңаланады.

      14. Біліктілік емтиханын өткізу алдында Комиссия көрсетілетін қызметті алушыны біліктілік емтиханының өту тәртібі туралы хабарландырады.

      15. Тестілік сұрақтардың мазмұны жалпы заң нормалары, оңалту және банкроттық туралы заңнама нормалары, оңалту және банкроттық рәсімдерді жүргізуге байланысты өзге де аралас салалар білімін болжайды. Сұрақтардың жауаптарының кемінде үш нұсқасы болуы тиіс.

      Тестілеу компьютер техникасын пайдалана отырып өткізіледі. Тестілеуде сұрақтар саны елуден аспайды. Тестілеу үшін бөлінген уақыт 50 (елу) минутты құрайды.

      16. Тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу қолданылатын компьютерлік бағдарламаның көмегімен автоматты түрде жүргізіледі. Тестілеу нәтижелері принтерде 2 (екі) данада басылып шығарылады, Комиссия хатшысымен бұрыштама қойылады және көрсетілетін қызметті алушыға жеке қол қойдыру арқылы танысу үшін ұсынылады.

      Тестілеу нәтижесінің бір данасы көрсетілетін қызметті алушыға табыс етіледі, екіншісі Комиссияға беріледі.

      17. Егер дұрыс жауаптардың саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 және одан көп пайызын құраса, көрсетілетін қызметті алушы тестілеуден өтті деп саналады және екінші кезеңге жіберіледі.

      Тестілеу нәтижелері бойынша екінші кезеңге жіберілмеген көрсетілетін қызметті алушы біліктілік емтиханынан өтпеді деп есептеледі.

      18. Емтихан билеттері әкімші қызметін жүзеге асыру үшін білуді қажет ететін үш теориялық сұрақтан және бір тәжірибелік тапсырмадан тұрады.

      19. Емтихан билеттерінің сұрақтарына жауаптар дайындауға 30 (отыз) минут беріледі. Емтихан билеттерінің сұрақтарына көрсетілетін қызметті алушының ауызша жауаптарының дұрыстығын Комиссия мүшелері бес балдық жүйе бойынша бағалайды.

      Комиссияның әрбір мүшесі басқалардан тәуелсіз көрсетілетін қызметті алушының жауаптарын бағалайды.

      Комиссия хатшысы екінші кезеңнің қорытындылары бойынша Комиссия мүшелері шығарған нәтижелерді есептейді және жалпы орташа балды шығарады.

      Комиссия мүшелерінің бағалары, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының емтихан билетінің сұрақтары бойынша жинаған жалпы орташа балы Комиссияның хаттамасында көрсетіледі.

      20. Егер жалпы орташа балл кемінде төрт балды құраса, көрсетілетін қызметті алушы біліктілік емтиханын тапсырды деп саналады.

      21. Біліктілік емтихан кезінде көрсетілетін қызметті алушыларға басқа адамдармен сөйлесуге, материалдармен алмасуға, қағаз және электрондық тасығыштардағы ақпаратты пайдалануға, бөлмеден шығуға тыйым салынады. Тестіден өтуші адамдардың қабылдайтын - жіберетін электрондық құрылғылары (оның ішінде қалта дербес компьютерлері мен өзге де электрондық жабдықтар) тестілеу кезінде сөндіріледі.

      Аталған талаптарды бұзған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Комиссия шешімі бойынша біліктілік емтиханынан шығарылады.

      Біліктілік емтиханынан шеттетілген көрсетілетін қызметті алушы, 6 (алты) ай өткеннен кейін, өтінішті қайта бере алады.

      22. Тестілеу және (немесе) емтихан сұрақтарына жауап беру нәтижелері бойынша Комиссия осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханынан өткені туралы дәлелді шешім шығарады.

      Комиссия шешімі біліктілік емтиханын өткізген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы жіберіледі.

      Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханынан өткені туралы Комиссия шешімі біліктілік емтиханы өткен күннен бастап бір жыл бойы жарамды және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10194 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларына сәйкес әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізіліміне хабарлама беру үшін негіздеме болып табылады.

      23. Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 26.11.2021 № 1222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Біліктілік емтиханының барысы хаттама түрінде ресімделеді, сондай-ақ жазу техникалық құралдарының көмегімен тіркеледі.

      Хаттамада: біліктілік емтиханының өткен күні, уақыты мен орны, көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), тестілеу нәтижесі, емтихан билетінің нөмірі, емтихан сұрақтары бойынша Комиссия мүшелері берген баллдар және жалпы орташа бал, сондай-ақ Комиссия шешімі көрсетіледі, хаттамаға біліктілік емтиханын өткізу кезінде қатысқан Комиссия мүшелері, бірақ Комиссияның барлық құрамының кемінде үштен екісі қол қояды.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 29.06.2023 № 716 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-параграф. Бейнеконференцбайланысты қолдана отырып біліктілік емтиханын өткізу

      Ескерту. Қағидалар 3-параграфпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 24.12.2020 № 1231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24-1. Қазақстан Республикасының аумағына шет елден инфекциялық аурулардың әкеліну қаупі төнген кезде және республикада, Қазақстан Республикасының жекелеген аумақтарында және объектілерінде инфекциялық аурулар жағдайларының пайда болуы кезінде шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кездерде, Комиссия біліктілік емтиханын бейнеконференцбайланысты қолдана отырып өткізуді бастамашылық етеді.

      Бейнеконференцбайланысты қолдана отырып біліктілік емтиханын өткізу көрсетілетін қызметті берушінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық органдары ғимараттарында жүзеге асырылады.

      Бейнеконференцбайланысты қолдана отырып біліктілік емтиханын өткізуді ұйымдастыру оны өткізу күнін, уақытын, орнын анықтауға, біліктілік емтиханына жіберілген көрсетілетін қызметті алушыларды және техникалық мамандарды тиісінше ақпараттандыруға негізделеді.

      24-2. Бейнеконференцбайланысты қолдана отырып біліктілік емтиханын өткізу Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне компьютерлік тест тапсыру арқылы жүргізіледі.

      Тестілеуде сұрақтар саны 100 (жүзден) аспайды. Тестілеу осы Қағидалардың 15-тармағымен анықталған сұрақтарды қамтиды.

      Тестілеу үшін бөлінген уақыт 100 (жүз) минутты құрайды.

      Тестілеу нәтижелері принтерде басылып шығарылады, Комиссия хатшысымен бұрыштама қойылады және таныстыру үшін айтылады, және кейіннен Комиссияға ұсынылады.

      Бейнеконференцбайланысты қолдана отырып біліктілік емтиханын өткізу кезінде егер дұрыс жауаптардың саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 (жетпіс) және одан көп пайызын құраса, көрсетілетін қызметті алушы біліктілік емтиханынан өтті деп саналады.

      Тестілеу нәтижелері бойынша Комиссия осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханынан өткені туралы дәлелді шешім шығарады.

      Комиссия шешімі біліктілік емтиханын өткізген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы жіберіледі.

      24-3. Біліктілік емтиханының барысы хаттама түрінде ресімделеді, сондай-ақ жазу техникалық құралдарының көмегімен тіркеледі.

      Хаттамада: біліктілік емтиханының өткен күні, уақыты мен орны, бейнеконференцбайланысты қолданғаны туралы ақпарат, көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), тестілеу нәтижесі, сондай-ақ Комиссия шешімі көрсетіледі, хаттамаға біліктілік емтиханын өткізу кезінде қатысқан Комиссия мүшелері, бірақ Комиссияның барлық құрамының кемінде үштен екісі қол қояды.

      Ескерту. 24-3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 29.06.2023 № 716 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24-4. Бейнеконференцбайланысты қолдана отырып біліктілік емтиханын өткізу кезінде басқа адамдармен сөйлесуге, материалдармен алмасуға, қағаз және электрондық тасығыштардағы ақпаратты пайдалануға, бөлмеден шығуға жол берілмейді, сондай-ақ ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған ұялы байланыс заттарын ғимаратқа алып кіруге тыйым салынады.

      Көрсетілген талаптарды бұзу көрсетілетін қызметті алушыны біліктілік емтиханынан шығаруға әкеліп соғады.

      Мұндай көрсетілетін қызметті алушымен осы Қағидалардың 21-тармағымен белгіленген мерзімде өтінішті қайта беру жүзеге асырылады.

      24-5. Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 26.11.2021 № 1222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      25. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Заңның ережелеріне сәйкес:

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы атына;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданады.

      26. Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа мөртаңба, кіріс нөмірі және күні қойылады) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      27. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағым Заңның 25-бабы 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарастырылуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастырылуға жатады.

      28. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген кезде, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде белгіленген тәртіппен Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасы ережелеріне сәйкес сотқа жүгінуге құқылы.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 29.06.2023 № 716 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Біліктілік емтиханын
өткізу қағидаларына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетіне
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
____________________________
(тұрғылықты жерінің
мекенжайы)
____________________________
(байланыс телефоны,
электрондық мекенжайы)

Біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат беру туралы өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.08.2022 № 887 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Маған біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Біліктілік емтиханын тапсыру тілі: _______________________.

      Қоса берілетін құжаттар:

      __________________;

      __________________;

      __________________.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растай отырып ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      _______________                         _____________________________________

      (қолы)                                     (тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда)

      20 _ жылғы "____" ____________.

  Біліктілік емтиханын
өткізу қағидаларына
1-1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
көрсетілетін қызметті
берушінің бизнес-
сәйкестендіру нөмірі
__________________________
__________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)

Көрсетілетін қызметті алушының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын, мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі

      Ескерту. Қағида 1-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.08.2022 № 887 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мен, ____________________________________ "Дербес деректер және оларды қорғау

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі №191 бұйрығымен бекітілген Біліктілік емтиханын өткізу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9479 болып тіркелген) 6-тармағына сәйкес қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісім беремін.

      Ұсынылатын құжаттардың дұрыстығын және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін талап етілетін өзге де мәліметтерді қамтитын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісемін.

      Осы Келісім мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алғанға дейін барлық кезең ішінде қолданылады.

      _________                               ________________________

      (қолы)                                     (тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда)

      20 _ жылғы "____" ____________.

  Біліктілік емтиханын
өткізу қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.08.2022 № 887 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын өткізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті көрсету әдістері

www. egov. kz "Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханынан өткені туралы шешімі – 2 (екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толығымен автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханынан өткені туралы шешімі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға жолданады.

6

Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндірілетін төлем мөлшері және оны өндіру тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске және Заңға сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 191 бұйрығымен бекітілген Біліктілік емтиханын өткізу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9479 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат беру туралы өтініш;
2) құқық, экономика және бизнес саласындағы жоғары білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі, не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
3) заңгерлік, экономикалық, бухгалтерлік, қаржылық, аудиторлық немесе бақылау-ревизия салаларындағы қатарынан үш жылдан кем емес жұмыс өтілін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
4) көрсетілетін қызметті алушының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Қағидалардың 1-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі.
Осы тармақтың 4)-тармақшасында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының келісімі қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізу, оны жинау және өңдеуді қамтиды.

9

Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден көрсетілетін қызметті берушінің бас тартуы үшін негіздемелер

Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қағидалардың 3 және 6-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының порталындағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Бірыңғай байланыс орталығы: 8 800 080 7777, 1414.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін ЭЦҚ немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  Біліктілік емтиханын
өткізу қағидаларына
3-қосымша

Біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат беру (рұқсат бермеу) туралы Хабарлама

      Нөмірі

      Берілген күні

      ________________________________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      Сіздің 20____ жылғы "___" _______ № _____________ өтінішіңізге сәйкес біліктілік

      емтиханына рұқсат берілгендігі (берілмегендігі) туралы хабарлайды.

      Біліктілік емтиханына рұқсат бермеуге негіз:*

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Лауазымы                                                Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол

      жеке басты куәландыратын

      құжатта көрсетілсе)

      Ескертпе:

      * Біліктілік емтиханына рұқсат бермеу туралы хабарлама әзірлеу кезінде толтырылады

  Біліктілік емтиханын
өткізу қағидаларына
4-қосымша

Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханынан өткені туралы шешім

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 24.12.2020 № 1231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нөмірі

      Берілген күні

      Біліктілік емтиханының нәтижесі бойынша ___________________

      ________________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      тестілеу бойынша: ________ балл;

      емтихан билеті бойынша: ________ балл алды*.

      Біліктілік емтиханын өткізу жөніндегі Комиссия мынадай құрамда:

      Төраға: _________________

      Комиссия мүшелері: _________________

      _________________

      _________________

      _________________

      Нәтиже:

      ____________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      біліктілік емтиханын тапсырды (тапсырмады).

      Лауазымы тегі, аты, әкесінің аты

      (егер ол жеке басты куәландыратын

      құжатта көрсетілсе)

      Ескертпе: *бейнеконференцбайланысты қолдана отырып біліктілік емтиханын өткізу

      кезінде толтырылмайды

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады