"Парфюмерлік-косметикалық өнімдер мен ауыз қуысы гигиенасы құралдарын өндіруге, өткізуге және сақтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 135 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 сәуірде № 10623 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № ҚР ДСМ-11 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2019 № ҚР ДСМ-11 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Парфюмерлік-косметикалық өнімдер мен ауыз қуысы гигиенасы құралдарын өндіруге, өткізуге және сақтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика


министрі

Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және даму

      министрі

      _______________Т. Дүйсенова

      2015 жылғы 27 ақпан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму

      министрі

      ______________Ә. Исекешев

      2015 жылғы 4 наурыз



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 25 ақпандағы
№ 135 бұйрығымен бекітілген

"Парфюмерлік-косметикалық өнімдер мен ауыз қуысы гигиенасы құралдарын өндіруге, өткізуге және сақтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. "Парфюмерлік-косметикалық өнімдер мен ауыз қуысы гигиенасы құралдарын өндіруге, өткізуге және сақтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі - санитариялық қағидалар) парфюмерлік-косметикалық өнімдер мен ауыз қуысы гигиенасы құралдарын өндіруге, өткізуге және сақтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

      2. Осы санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) ауыз қуысы гигиенасы құралдары (бұдан әрі - АҚГҚ) - жалғыз және (немесе) басты мақсаты оларды тазарту, хош иістендіру, олардың сыртқы түрін өзгерту, оларды қорғау, жақсы жағдайда сақтау болатын, тіске, қызыл иекке және ауыз қуысының сілекейлі қабығына тікелей жағуға арналған гигиеналық және (немесе) профилактика әсері бар парфюмерлік-косметикалық өнім;

      2) парфюмерлік-косметикалық өнім (бұдан әрі - ПКӨ) - жалғыз немесе басты мақсаты оларды тазарту, олардың сыртқы түрін өзгерту, жағымды иіс беру және (немесе) дененің иісін өзгерту және (немесе) оны қорғау және (немесе) жақсы жағдайда сақтау және (немесе) оларды күту болатын, адамның сыртқы жамылғысына (терісіне, түкті жамылғысына, тырнағына, ерніне және сыртқы жыныс органдарына) немесе тіске және ауыз қуысының сілекейлі қабығына тікелей жағуға арналған зат немесе заттар қоспалары.

2. Парфюмерлік-косметикалық өнімдер мен ауыз қуысы гигиенасы
құралдарын өндіруге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар

      3. ПКӨ мен АҚГҚ өндіру және өткізу бойынша объектілерді орналастыруға, жер учаскелерін беруге, салуға және реконструкциялауға арналған жобалау құжаттамасын бекітуге, пайдалануға беруге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы негізінде жол беріледі.

      4. Объектілер жеке аумақта орналастырылады. Өндірістің аумағын жарықтандырылуы, қоршалуы және көгалдандырылуы қарастырылады.

      Аумақ өндірістік және шаруашылық аймақтарға бөлінеді:

      1) өндірістік аймақта өндірістік үй-жайлары, шикізат пен дайын өнімге арналған қойма үй-жайлары, тұрмыстық үй-жайлары, медициналық пункті бар өндірістік корпус орналасады;

      2) шаруашылық аймақта жөндеу шеберханалары, ыдысты және отынды сақтауға арналған қоймалар, қазандық, гараж, қоқысты жинауға арналған контейнерлері бар алаң, аулалық дәретхана орналасады.

      5. Шаруашылық аймақ өндірістік аймаққа қатысты желдің ық жағында орналасады және жас көшеттермен бөлінеді. Көлік кіретін жерлер мен жаяу жүргіншілер жүретін жолдар асфальтталады немесе қатты жабыны болады.

      6. Ыдыстар, құрылыс және шаруашылық материалдары қоймаларда сақталады. Ыдыстарды асфальтталған алаңдарда қалқаның астында жинауға және оларды уақытша сақтауға жол беріледі.

      7. Атмосфералық судың ағып кетуі үшін ғимараттан және басқа құрылыстардан су тоғандарына бағытталған еңістер жабдықталады. Су тоғандары мен суағарлар жүйелі түрде тазаланады, уақтылы жөнделеді.

      8. Аумақ күнделікті жиналады жазғы уақытта - су себіледі, қысқы уақытта - қардан және мұздан тазартылады, құм себіледі.

      9. Қалдықтар мен қоқысты жинау үшін өлшемдері контейнерлер негіздерінің алаңынан үш есеге асатын және өндірістік және қосалқы үй-жайлардан 25 метрден жақын орналаспайтын, асфальтталған алаңда орнатылатын металл контейнерлер пайдаланылады.

      10. Қалдықтар мен қоқысты шығару олар контейнер сыйымдылығының үштен екісінен аспай жинақталғанда, бірақ күніне кемінде бір рет жүргізіледі. Босатылғаннан кейін контейнерлер жуылады және дезинфекцияланады.

      11. Қоқыс шығару шикізат пен дайын өнімді тасымалдау үшін пайдалануға жол берілмейтін арнайы көлік құралдарымен жүзеге асырылады.

      12. Объектілердің ғимараттары сумен жабдықтау, кәріз, жылыту, желдету, жарықтандыру және ауа баптау жүйелерімен қамтамасыз етіледі.

      13. Техникалық және ауыз судың су құбырлары бөлек болады, ерекшеленетін түстерге боялады және бір-бірімен қосылмайды.

      14. Объектілерді кәрізденбеген елді мекендерге орналастыру кезінде жергілікті кәріздеу құрылғысы көзделеді. Сарқынды суды қабылдауға арналған бетондалған шұңқырдың қақпағы болуы және көлемінің үштен екісінен аспай жинақталуына қарай тазартылады.

      15. Өндірістік және тұрмыстық суды тиісті тазартусыз ашық су қоймаларына, сондай-ақ сіңіру құдықтары құрылғыларына шығаруға жол берілмейді.

      16. Шикізатты және дайын өнімді өндіруге, сақтауға арналған үй-жайларда тұрмыстық сарқынды су өткізгіш құбырларын салуға жол берілмейді.

      17. Бастапқы өнімдерді, жартылай өнімдерді, қалдықтарды жинау, сақтау және тасымалдау тәсілдері қоршаған орта объектілерінің ластану мүмкіндігін болдырмауы және өнеркәсіптік қалдықтарды зарарсыздандыру және тазарту бойынша жұмыстың барлық кезеңдерінде жұмыс істейтін персоналдың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

      18. Өндірістік үй-жайлардың ішінде орналастырылған үй-жайдың ауасына зиянды немесе қатты иісі бар бастапқы өнімдерді, жартылай өнімдерді жинау орындары ауа тартқыш желдеткіші бар арнайы жабынмен жабдықталады.

      19. Өндірістік үй-жайларды жоспарлау:

      1) технологиялық процестің ағымдылығын;

      2) адамдар мен технологиялық ағындардың қиылысуын болдырмауды;

      3) тазалық дәрежесі бірдей үй-жайларды барынша көп топтауды, бастапқы шикізаттың, жартылай өнімдер мен дайын заттардың әр алуан түрлері мен серияларының араласуын болдырмау үшін жабдықтар мен материалдарды тиімді орналастыруды, санитариялық-гигиеналық режим шарттарын толық сақтауды;

      4) бастапқы шикізатты, жартылай өнімдерді және дайын өнімдерді ғимараттың ішінде және бір ғимараттан екіншіге ауыстырған кезде ластанудан қорғауды қамтамасыз етеді.

      20. Үй-жайларды ішкі әрлеу үшін жеңіл ылғалды жиналатын және дезинфекциялау құралдарымен өңделетін материалдар қолданылады.

      21. Өндірістік үй-жайлар ультракүлгін сәулелегіштермен (бұдан әрі - УК-сәулелену) жабдықталады.

      22. ПКӨ мен АҚГҚ өндіру бойынша объектілерінде санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар көзделеді.

      23. Өндірістік үй-жайлар санитариялық-тұрмыстық, қызметтік, әкімшілік үй-жайлардан оқшауланады.

      24. Санитариялық-тұрмыстық үй-жайларды жеке ғимаратқа орналастырған жағдайда өндірістік үй-жайларға өтпе жол көзделеді.

      25. Санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың құрамына сыртқы, жеке және санитариялық киім мен аяқ киімге арналған жеке киім ілетін орындар, таза киімді сақтауға арналған киім-кешек бөлмесі, кір арнайы киімді қабылдауға арналған үй- жай, себезгі және қол жууға арналған раковиналар, киім және аяқ киім кептіретін орын, асхана немесе тамақ ішуге арналған бөлме, кір жуатын орын және жинау мүкәммалын сақтауға арналған үй-жай кіреді.

      26. Санитариялық киімді сақтау ашық тәсілмен жүзеге асырылады, ол үшін тұрмыстық үй-жайлардың киім ілетін орындары киім ілгіштермен немесе ашық шкафтармен, аяқ киімге арналған тұғырықтармен жабдықталады.

      Үй және арнайы киімді сақтауға арналған орындардың саны барлық ауысымдардағы жұмысшылардың санына тең қабылданады.

      Санитариялық киім мен үй киімін бірге сақтауға жол берілмейді.

      27. Объектіде медициналық пункт ұйымдастырылады.

      28. Персонал үшін 10 жұмысшыға 1-еу есебімен санитариялық-техникалық аспаптармен жабдықталатын себезгісі және дәретханасы бар киім ілетін орын жабдықталады.

      29. Жұмысшыларға арналған асхана немесе буфет тұрмыстық үй-жайлардың құрамында немесе жеке тұрған ғимаратта орналастырылады. Өндірістік үй-жайларда тамақ ішуге жол берілмейді.

      30. Асханаға кіретін жерде киімдерге арналған киім ілгіштер, ыстық және суық суы келтірілген, сабынмен және электрлі сүлгімен жарақталған қолжуғыштар орнатылады.

      31. Өндірістік жабдық технологиялық процестің үздіксіздігін және пайдалану процесінде зарарсыздық жағдайын қамтамасыз ететіндей болып орналасады.

      32. Химиялық заттардың әсеріне, температураның әсеріне төзімсіз және олармен жанасатын ортаға зиянды химиялық заттарды бөлуге қабілетті материалдардан жасалған жабдыққа жол берілмейді.

      33. Сұйық зиянды және (немесе) қатты иісі бар заттарға арналған дозалайтын аппаратура олардың шамадан тыс толуын ескертетін құрылғылармен жарақталады.

      34. Сусымалы заттарды тиеу және түсіру шаң бөлінуді болдырмайтын тәсілмен жүзеге асырылады.

      35. Сұйық шикізатты тиеу жабық коммуникациялар бойынша жүзеге асырылады. Зиянды және (немесе) қатты иісі бар заттардың ерітінділерін ашық ағыспен беруге жол берілмейді.

      36. Үй-жайларды жинауды сығылған ауамен жүргізуге, үй-жайларды және жұмыс беттерін жуу үшін органикалық ерітінділерін пайдалануға жол берілмейді. Жинау жуу құралдарының су ерітінділерін пайдалана отырып жүргізіледі.

      37. Технологиялық процесті объектінің персоналы орындайды және бақылайды.

      38. ПКӨ мен АҚГҚ-ны алу технологиясындағы барлық өзгерістерге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысын алғаннан кейін және қауіпсіз еңбек жағдайын, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін және дайын өнімнің тұтынушылық сапасын төмендетуді тудырмайтын іс-шаралар жүзеге асырылғаннан кейін жол беріледі.

3. Парфюмерлік-косметикалық өнімдер мен ауыз қуысы гигиенасы құралдарын сақтауға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      39. Бекітілген нормативтік-техникалық құжаттаманы шикізаттың, қосалқы материалдар мен реактивтердің әр түріне ПКӨ және АҚГҚ дайындаушы-кәсіпорын қамтамасыз етеді.

      40. Кәсіпорын алатын шикізаттың, материалдардың, реактивтердің әрбір партиясы қаптамасының бүтіндігін, таңбалануын және сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттардың болуын тексеру арқылы кіру бақылануына жатады.

      41. Шикізат, материалдар, реактивтер регламенттелген сақтау мерзімі ішінде олардың сақталуын қамтамасыз ететін және араласуы мен ластануын болдырмайтын жағдайларды сақтай отырып, негізгі өндірістен оқшауланған арнайы үй-жайларда сақталады.

      42. Шикізаттың, материалдар мен реактивтердің жарамсыз деп танылған партиялары таңбаланады және олардың өндірістік процеске кездейсоқ түсіп кетуін болдырмау үшін бөлек сақталады.

      43. Қойма үй-жайларының шығарылатын өнім, қосалқы материалдар және шикізат номенклатурасына сәйкес келетін қуаты болады. Көлемдері, конструкциясы және орналасуы өнімді тиімді орналастыруға, жинау жұмысын және басқа да қажетті техникалық операцияларды жүргізуге мүмкіндік береді. Дайын өнім стеллаждарда және (немесе) тұғырықтарда сақталады.

      44. Шикізатты, жарамсыз деп танылған шикізатты қабылдау және орналастыру үшін, дайын өнімді тұтынушыға жібергенге дейін сақтау үшін болек үй-жайларды (немесе аймақтарды) көздеу қажет.

      45. Қоймада уытты және тез тұтанғыш заттарды сақтауға арналған бөлек үй-жайлар (аймақтар) көзделеді.

      46. Өндіріс аймағына кірушілердің барлығы, оның ішінде уақытша және тұрақты жұмыс істейтін жұмыскерлер, кәсіпорында жұмыс істемейтіндер жеке гигиена қағидаларын сақтайды.

      47. Өндірістік үй-жайларда арнайы киім киіп жүру қажет. Арнайы киімді және үй киімін бірге сақтауға жол берілмейді.

      48. ПКӨ және АҚГҚ-ны өткізу өткізілетін өнімнің сәйкестігін бағалаудан өткен (растау) құжаттары болған жағдайда жабдықталған сауда объектілері немесе бөлімдері арқылы жүзеге асырылады.

      49. ПКӨ және АҚГҚ-ны қоймада және өткізу нүктелерінде сақтау және тасымалдау өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайларды сақтайды.

      50. ПКӨ және АҚГҚ-ны сақтау және өткізу тағам өнімдерінен, құрылыс және әрлеу материалдарынан, автобөлшектерден, жанар-жағар май материалдарынан бөлек жүзеге асырылады.

      51. ПКӨ және АҚГҚ белгіленген жарамдылық мерзімі ішінде дайын өнім қасиетінің сақталуын қамтамасыз ететін тұтынушылық ыдысы болған жағдайда өткізіледі.

      52. Жарамдылық мерзімі өткен, тұтынушылық ыдысында ақауы бар және сақтау жағдайлары бұзылған ПКӨ мен АҚГҚ-ны өткізуге жол бермейді.

Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к производству, реализации и хранению парфюмерно-косметической продукции и средств гигиены полости рта"

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 135. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 апреля 2015 года № 10623. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 18 марта 2019 года № ҚР ДСМ-11 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Приказ утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 18.03.2019 № ҚР ДСМ-11 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 6 статьи 144 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Санитарные правила "Санитарно-эпидемиологические требования к производству, реализации и хранению парфюмерно-косметической продукции и средств гигиены полости рта".

      2. Комитету по защите прав потребителей Министерства национальной экономики Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательством порядке:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) официальное опубликование настоящего приказа в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр


Национальной экономики


Республики Казахстан

Е. Досаев

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр здравоохранения

      и социального развития

      Республики Казахстан

      _________ Т. Дуйсенова

      27 февраля 2015 г.

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр по инвестициям

      и развитию

      Республики Казахстан

      ________ А. Исекешев

      4 марта 2015 г.



  Утверждены
приказом Министра
национальной экономики
Республики Казахстан
от 25 февраля 2015 года № 135

Санитарные правила
"Санитарно-эпидемиологические требования к производству,
реализации и хранению парфюмерно-косметической продукции и
средств гигиены полости рта"
1. Общие положения

      1. Санитарные правила "Санитарно-эпидемиологические требования к производству, реализаций и хранению парфюмерно-косметической продукции и средств гигиены полости рта" (далее - санитарные правила) определяют санитарно-эпидемиологические требования к производству, реализации и хранению парфюмерно-косметической продукции и средств гигиены полости рта.

      2. В настоящих санитарных правилах используются следующие термины и определения:

      1) средства гигиены полости рта (далее - СГПР) - парфюмерно-косметическая продукция гигиенического и/или профилактического действия, предназначенная для непосредственного нанесения на зубы, десны и слизистую оболочку полости рта с единственной и (или) главной целью их очищения, ароматизации, изменения их внешнего вида, их защиты, поддержания в хорошем состоянии;

      2) парфюмерно-косметическая продукция (далее - ПКП) - вещество или смеси веществ, предназначенные для нанесения непосредственно на внешний покров человека (кожу, волосяной покров, ногти, губы и наружные половые органы) или на зубы и слизистую оболочку полости рта с единственной или главной целью их очищения, изменения их внешнего вида, придания приятного запаха, и (или) коррекции запаха тела, и (или) защиты, и (или) сохранения в хорошем состоянии, и (или) ухода за ними.

2. Санитарно-эпидемиологические требования к производству
парфюмерно-косметической продукции и средств гигиены
полости рта

      3. Размещение объектов по производству и реализации ПКП и СГПР, представление земельных участков, утверждение проектной документации на строительство и реконструкцию, ввод в эксплуатацию допускается на основании санитарно-эпидемиологического заключения территориального подразделения ведомства государственного органа в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения.

      4. Объекты размещаются на отдельной территории. На территории производства предусматривается освещение, ограждение и озеленение.

      Территория подразделяется на производственную и хозяйственную зоны:

      1) в производственной зоне размещаются: производственный корпус, который включает в себя производственные помещения, складские помещения для сырья и готовой продукции, бытовые помещения, медицинский пункт;

      2) в хозяйственной зоне размещаются ремонтные мастерские, склады для хранения тары и топлива, котельная, гараж, площадка с контейнерами для сбора мусора, надворный туалет.

      5. Хозяйственная зона располагается с подветренной стороны по отношению к производственной и отделяться зелеными насаждениями. Проезды и пешеходные дорожки асфальтируются или имеют твердое покрытие.

      6. Тара, строительные и хозяйственные материалы хранятся в складах. Допускается складирование тары и временное ее хранение под навесом на асфальтированных площадках.

      7. Для стока атмосферных вод оборудуются уклоны, направленные от зданий и других сооружений к водосборникам. Водосборники и водостоки регулярно очищаются, своевременно ремонтируются.

      8. Территория ежедневно убирается: в летнее время - поливается, в зимнее - очищается от снега и льда, посыпается песком.

      9. Для сбора отходов и мусора используются металлические контейнеры, устанавливаемые на асфальтированной площадке, размеры которой в три раза превышают площадь основания контейнеров и располагаются не ближе 25 метров от производственных и вспомогательных помещений.

      10. Удаление отходов и мусора производится при их накоплении не более чем на две трети емкости контейнера, но не реже одного раза в день. После освобождения контейнеры моют и дезинфицируют.

      11. Вывоз мусора осуществляется специализированными транспортными средствами, использование которых для перевозки сырья и готовой продукции не допускается.

      12. Здания объектов обеспечиваются системами водоснабжения, канализации, отопления, вентиляции, освещения и кондиционирования.

      13. Предусматриваются раздельные водопроводы технической и питьевой воды, окрашиваются в отличительные цвета и не имеют соединений между собой.

      14. При размещении объектов в неканализованных населенных пунктах предусматривается устройство местной канализации. Бетонированная яма для приема сточных вод имеет крышку и очищается по мере накопления не более две трети объема.

      15. Не допускается сброс в открытые водоемы производственных и бытовых вод без соответствующей очистки, а также устройство поглощающих колодцев.

      16. Не допускается прокладка трубопроводов бытовых сточных вод в помещениях для производства, хранения сырья и готовой продукции.

      17. Способы сбора, хранения и транспортировки исходных продуктов, полупродуктов, отходов не допускают возможность загрязнения объектов окружающей среды и обеспечивать безопасность персонала, занятого на всех этапах работы по обеззараживанию и очистке промышленных отходов.

      18. Размещенные внутри производственных помещений места складирования исходных продуктов, полупродуктов, выделяющих в воздух помещений вредные или сильно пахнущие вещества, оборудуются специальными укрытиями с вытяжной вентиляцией.

      19. Планировка производственных помещений обеспечивает:

      1) поточность технологического процесса;

      2) исключение пересечения людских и технологических потоков;

      3) максимальную группировку помещений с одинаковой степенью чистоты, рациональное размещение оборудования и материалов для предотвращения смешения различных видов и серий исходного сырья, полупродуктов и готовых средств, полное соблюдение условий санитарно-гигиенического режима;

      4) защиту от загрязнения при перемещении исходного сырья, полупродуктов и готовой продукции внутри зданий и из одного здания в Другое.

      20. Для внутренней отделки помещений используются материалы, легко подвергающиеся влажной уборке и обработке дезинфицирующими средствами.

      21. Производственные помещения оборудуются ультрафиолетовыми облучателями (далее - УФ-облучателями).

      22. На объектах по производству ПКП и СГПР предусматриваются санитарно-бытовые помещения.

      23. Производственные помещения изолируются от санитарно-бытовых, служебных, административных помещений.

      24. В случае размещения санитарно-бытовых помещений в отдельном здании предусматривается переход в производственные помещения.

      25. В состав санитарно-бытовых помещений входят раздельные гардеробные верхней, личной и санитарной одежды и обуви, бельевая для хранения чистой одежды, помещение для приема грязной специальной одежды, душевые и раковины для мытья рук, сушилка для одежды и обуви, столовая или комната приема пищи, прачечная и помещение для хранения уборочного инвентаря.

      26. Хранение санитарной одежды осуществляется открытым способом, для чего гардеробные бытовых помещений оборудуются вешалками или открытыми шкафами, подставками для обуви.

      Количество мест для хранения домашней и специальной одежды принимается равному числу работающих во всех сменах.

      Не допускается совместное хранение санитарной и домашней одежды.

      27. На объектах организовывается медицинский пункт.

      28. Для персонала оборудуются гардеробная с душевой и туалет, которые оснащаются санитарно-техническими приборами из расчета 1 на 10 работающих.

      29. Столовая или буфет для работающих размещаются в составе бытовых помещений или в отдельно стоящих зданиях. Не допускается прием пищи в производственных помещениях.

      30. У входа в столовую устанавливаются вешалки для одежды, умывальные с подводкой горячей и холодной воды, оснащенные мылом и электрополотенцами.

      31. Производственное оборудование размещается таким образом, чтобы обеспечивалось непрерывность технологического процесса и условия стерильности в процессе эксплуатации.

      32. Не допускается оборудование из материалов, не стойких к воздействию химических веществ, температурным воздействиям и способных выделять в контактирующие с ними среды вредные химические вещества.

      33. Дозирующая аппаратура для жидких вредных и (или) сильнопахнущих веществ снабжается устройствами, предупреждающими их переполнение.

      34. Загрузка и выгрузка сыпучих веществ осуществляется способом, исключающим пылевыделение.

      35. Загрузка жидкого сырья осуществляется по закрытым коммуникациям. Подача растворов вредных и (или) сильнопахнущих веществ открытыми струями не допускается.

      36. Не допускается проведение уборки помещений сжатым воздухом, использование органических растворителей для мытья помещений и рабочих поверхностей. Уборка проводится с использованием водных растворов моющих средств.

      37. Технологический процесс выполняется и контролируется персоналом объекта.

      38. Все изменения в технологии получения ПКП и СГПР допускаются после получения санитарно-эпидемиологического заключения территориального подразделения ведомства государственного органа в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения и осуществления мероприятий, обеспечивающих безопасные условия труда, защиту окружающей среды и не влекущие за собой ухудшение потребительских качеств готовой продукции.

3. Санитарно-эпидемиологические требования к хранению и
реализации парфюмерно-косметической продукции и средств
гигиены полости рта

      39. Утвержденная нормативно-техническая документация обеспечивается предприятием-изготовителем ПКП и СГПР на каждый вид сырья, вспомогательных материалов и реактивов.

      40. Каждая партия сырья, материалов, реактивов получаемая предприятием подлежит входному контролю с проверкой целостности упаковки, маркировки и наличия документов, удостоверяющих качество и безопасность.

      41. Сырье, материалы, реактивы хранятся в специальных помещениях, изолированных от основного производства, с соблюдением условий, обеспечивающих их сохранность в течение регламентированных сроков хранения и предотвращающих смешивание и загрязнение.

      42. Забракованные партии сырья, материалов и реактивов маркируются и хранятся отдельно для предотвращения их случайного попадания в производственный процесс.

      43. Складские помещения имеют мощности, соответствующие номенклатуре выпускаемой продукции, вспомогательных материалов и сырья. Размеры, конструкции и расположение предусматривает рациональное размещение продукции, проведение уборки и других необходимых технических операций. Готовая продукция хранится на стеллажах и (или) поддонах.

      44. Необходимо предусмотреть отдельные помещения (или зоны) для приема и размещения сырья, отбракованного сырья, для хранения готовой продукции до отгрузки потребителю.

      45. На складе предусматривается отдельное помещение (зоны) для хранения токсичных и легковоспламеняющихся веществ.

      46. Правила личной гигиены соблюдаются всеми входящими в зону производств, в том числе временными и постоянными работниками, неработающими на предприятии.

      47. В производственных помещениях необходимо носить специальную одежду. Не допускается совместное хранение специальной одежды и домашней одежды.

      48. Реализация ПКП и СГПР осуществляется через оборудованные объекты торговли или отделы при наличии документов, прошедших оценки соответствия (подтверждения) реализуемой продукции.

      49. При хранении и транспортировки ПКП и СГПР в складах и точках реализации соблюдаются условия, обеспечивающие качество и безопасность продукции.

      50. Хранение и реализация ПКП и СГПР осуществляется отдельно от пищевых продуктов, строительных и отделочных материалов, автозапчастей, горюче-смазочных материалов.

      51. ПКП и СГПР реализуются при наличии потребительской тары, обеспечивающей сохранность свойств готовой продукции в течение установленных сроков годности.

      52. Не допускается к реализации ПКП и СГПР с просроченными сроками годности, с дефектами потребительской тары и нарушениями условий хранения.