Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн айлаққа қою, тоқтату және олардың тұрақта тұруы үшін уақытша құрылғылар мен жүзу құрылыстарын орнату, жолаушыларды кемеге отырғызу және кемеден түсiру, жүктердi тиеу, түсiру және сақтау қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 185 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 сәуірде № 10656 тіркелді.

      "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн айлаққа қою, тоқтату және олардың тұрақта тұруы үшін уақытша құрылғылар мен жүзу құрылыстарын орнату, жолаушыларды кемеге отырғызу және кемеден түсiру, жүктердi тиеу, түсiру және сақтау қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы "Әділет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушы

Ж.Қасымбек


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 185 бекітілген

Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн айлаққа қою,
тоқтату және олардың тұрақта тұруы үшін уақытша құрылғылар
мен жүзу құрылыстарын орнату, жолаушыларды кемеге отырғызу
және кемеден түсiру, жүктердi тиеу, түсiру және сақтау
қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн айлаққа қою, тоқтату және олардың тұрақта тұруы үшін уақытша құрылғылар мен жүзу құрылыстарын орнату, жолаушыларды кемеге отырғызу және кемеден түсiру, жүктердi тиеу, түсiру және сақтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Iшкi су көлiгi туралы" 2004 жылғы 6 шiлдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-17) тармақшасына сәйкес әзiрленген, оны пайдаланудың тәртiбi мен шарттарын айқындайды.

      2. Қағидалар Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн айлаққа қою, тоқтату және олардың тұрақта тұруы үшін уақытша құрылғылар мен жүзу құрылыстарын орнату, жолаушыларды кемеге отырғызу және кемеден түсiру, жүктердi тиеу, түсiру және сақтау тәртібін айқындайды.

      3. Қағидалар Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

      4. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) арқандап байлау – кеменің айлаққа, пирске немесе басқа кемелерге жақындап келуі және бекітілуі бойынша іс-қимылдар;

      2) уақытша құрылғылар және жүзбелі құрылыстар (бұдан әрі – құрылыстар) – кемелердің қауіпсіз тоқтап тұруына, жүкті өңдеуге және қызмет көрсетуге арналған, порттың немесе айлақтың құрамындағы уақытша инженерлік гидротехникалық құрылыс (дебаркадерлер, айлақтық понтондар, жүзбелі: қонақ үй, жатақхана, демалыс үйі, мейрамхана, шеберханалар).

2. Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн айлаққа
қою, тоқтату және олардың тұрақта тұруы үшін уақытша құрылғылар
мен жүзу құрылыстарын орнату, жолаушыларды кемеге отырғызу және
кемеден түсiру, жүктердi тиеу, түсiру және сақтау тәртібі

      5. Құрылыстар тасымалдардың транзиттік, аралық және соңғы пункттерінде орнатылады.

      6. Құрылыстар жағалауға кемелерге, салдарға және өзге де жүзу объектілеріне, сондай-ақ жолаушыларға, жүктер, багажды мен багажды түсіріп, тиеуді кезінде қамтамасыз ететіндей түрде қауіпсіз қызмет көрсетуді арқандап байланады.

      7. Жолаушыларға қызмет көрсету үшін құрылыстар:

      1) құтқару, сигнал беру және өртке қарсы құралдармен;

      2) тіркеп сүйреу кнехталарымен, кеменің алдыңғы және артқы жағы үшін арқандап байлау құралдарымен және жағалау жақтан тірек құралдарымен;

      3) ені кемеден құрылысқа кемінде 1 метр және құрылыстан жағалауға кемінде 2 метр орташа шыбығы бар, биіктігі 110 сантиметр тұтқалармен қоршалған берік және қауіпсіз басқыштармен;

      4) мүгедектігі бар адамдарды, оның ішінде кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарды отырғызу және түсіруге арналған құрылғылармен;

      5) құрылыс корпусында теплоходтың отырғызу алаңы деңгейінде орнатылған отырғызу алаңы, теплоходтың негізгі палубасы деңгейінде отырғызу эстакадасымен. Кез келген жағдайда траптың көкжиекке көлбеу бұрышы 30 градустан аспайды;

      6) жерге тұйықтағыш құрылғымен жабдықталады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.12.2022 № 761 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Жолаушы үй-жайлары бар дебаркадерлері болмаған елді мекендерде павильондар, ал қала маңындағы желілер мен өткелдерде орындықтары бар шатырлы қалқалар салынады. Бұл ретте осындай павильондардың иелері жолаушылардың қауіпсіздігі мақсатында жолаушыларды отырғызу және түсіру орындарын қажетті құрылғылармен жабдықтайды.

      9. Құрылыстарға кіреберіс жолдар жиектемесі, қарсы келетін автокөліктің жүріп өтуі үшін жүру бөлігінің жеткілікті ені бар қатты жабынмен, автокөлік тұруға арналған орынмен, периметрі бойынша жарықтандырумен, қоқысты жинау орнымен, ал жолаушылар порттарында (жолаушы айналымы күніне 300-ден астам адам) қосымша – су құбырымен және кәрізбен жабдықталады.

      10. Айлақтық жақтау понтондары жолаушыларды отырғызу және түсіру кезінде кемелерді қауіпсіз арқандап байлау үшін терең жерлерінде орнатылады.

      11. Жүк-жолаушы құрылыстары қайта тиеу жұмыстары үшін құрылғылармен, жүк пен багажды уақытша сақтау үшін қойма алаңдарымен, жүктер үшін жабық үй-жайлармен жабдықталады.

      12. Тиеу-түсіру жұмыстары пункттерінде жағалау мен кеме арасында жүзбелі понтондар қолданылады. Бұл жағдайда тиеу механизмі жағалауда немесе тікелей кемеде орналастырылады.

      13. Мұнай құю жүктерін тиеу-түсіру жұмыстары үшін сорғылар орнатылған құрылыстар тұрғын үй мен өндірістік ғимараттардан, тиеудің жалпы орындарынан және кемелердің тұрағынан кемінде 250 метр қашықтықта елді мекендерден төмен орналасады.

Об утверждении Правил устройства временных приспособлений и наплавных сооружений для причаливания, швартовки и стоянки судов, плотов и иных плавучих объектов, посадки на суда и высадки с судов пассажиров, погрузки, выгрузки и хранения грузов

Приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 185. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 апреля 2015 года № 10656.

      В соответствии с подпунктом 26-17) пункт 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 июля 2004 года "О внутреннем водном

      транспорте" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила устройства временных приспособлений и наплавных сооружений для причаливания, швартовки и стоянки судов, плотов и иных плавучих объектов, посадки на суда и высадки с судов пассажиров, погрузки, выгрузки и хранения грузов.

      2. Комитету транспорта Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Асавбаев А.А.) обеспечить:

      1) в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течении десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет" республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа оставляю за собой.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Исполняющий обязанности


Министра по инвестициям и развитию


Республики Казахстан

Ж. Касымбек


  Утверждены
приказом исполняющего обязанности
Министра по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 24 февраля 2015 года № 185

Правила
устройства временных приспособлений и наплавных сооружений для
причаливания, швартовки и стоянки судов, плотов и иных плавучих
объектов, посадки на суда и высадки с судов пассажиров,
погрузки, выгрузки и хранения грузов
1. Общие положения

      1. Правила устройства временных приспособлений и наплавных сооружений для причаливания, швартовки и стоянки судов, плотов и иных плавучих объектов, посадки на суда и высадки с судов пассажиров, погрузки, выгрузки и хранения грузов (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 26-17) пункт 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 июля 2004 года "О внутреннем водном транспорте".

      2. Правила определяют порядок устройства временных приспособлений и наплавных сооружений для причаливания, швартовки и стоянки судов, плотов и иных плавучих объектов, посадки на суда и высадки с судов пассажиров, погрузки, выгрузки и хранения грузов.

      3. Правила распространяются на физические и юридические лица, осуществляющие деятельность на внутренних водных путях Республики Казахстан.

      4. В Правилах используются следующие основные понятия:

      1) швартовка - действия по подходу и креплению судна к причалу, пирсу или другому судну;

      2) временные приспособления и наплавные сооружения (далее - сооружения) - временные инженерные гидротехнические сооружения в составе порта или пристани, предназначенные для безопасной стоянки, грузовой обработки и обслуживания судов (дебаркадеры, причальные понтоны, плавучие: гостиница, общежития, дома отдыха, рестораны, мастерские).

2. Порядок устройства временных приспособлений и наплавных
сооружений для причаливания, швартовки и стоянки судов, плотов
и иных плавучих объектов, посадки на суда и высадки с судов
пассажиров, погрузки, выгрузки и хранения грузов

      5. Сооружения устанавливаются в транзитных, промежуточных и конечных пунктах перевозок.

      6. Сооружения пришвартовываются и учаливаются к берегу способами, обеспечивающими безопасное обслуживание судов, плотов и иных плавучих объектов, а также пассажиров, выгрузки и погрузки грузов и багажа.

      7. Для обслуживания пассажиров сооружения оборудуются:

      1) спасательными, сигнальными и противопожарными средствами;

      2) буксирными кнехтами, швартовыми приспособлениями для носа и кормы судна и упорными приспособлениями со стороны берега;

      3) прочными и безопасными сходнями, огражденными поручнями высотой 110 сантиметров со средним прутком, шириной не менее 1 метра с сооружения на судно и не менее 2 метров с сооружения на берег;

      4) приспособлениями для посадки и высадки лиц с инвалидностью, в том числе передвигающихся на креслах-колясках;

      5) посадочными площадками с устройством в корпусе сооружения на уровне посадочной площадки теплохода, посадочной эстакадой на уровне основной палубы теплохода. В любых случаях угол наклона трапов не должен превышать 30 градусов к горизонту;

      6) заземляющим устройством.

      Сноска. Пункт 7 с изменением, внесенным приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 30.12.2022 № 761 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. В населенных пунктах, где нет дебаркадеров с пассажирскими помещениями, сооружаются павильоны, а на пригородных пунктах и переправах - навесы с сидениями. При этом владельцы таких павильонов в целях безопасности пассажиров оборудуют места посадки и высадки пассажиров необходимыми устройствами.

      9. Подъездные пути к сооружениям оборудуются твердым покрытием с бордюрами, с достаточной шириной проезжей части, обеспечивающей разъезд встречного автотранспорта, местом для стоянки автотранспорта, освещением по периметру, местом сбора мусора, а в пассажирских портах (с пассажирооборотом более 300 человек в сутки) дополнительно - водопроводом и канализацией.

      10. Причальные косяковые понтоны устанавливаются в глубоких местах промежуточных остановочных пунктах для безопасной швартовки судов при посадке и высадке пассажиров.

      11. Грузопассажирские сооружения оборудуются устройствами для перегрузочных работ складскими площадками для временного хранения груза и багажа, закрытыми помещениями для грузов.

      12. В пунктах погрузочно-разгрузочных работ применяются плавучие понтоны между берегом и судном. В этом случае погрузочная механизация располагается на берегу или непосредственно на судне.

      13. Сооружения, на которых смонтированы насосы для погрузочно-разгрузочных работ нефтеналивных грузов, располагаются ниже населенных пунктов на расстоянии не менее 250 метров от жилых и производственных зданий, от общих мест погрузки и стоянки судов.