Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 20.01.2020 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 35-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2015 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Министр | Б. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
____________Е.Досаев
2015 жылғы 1 сәуір
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 195 бұйрығымен бекітілген |
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер беру қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 35-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер беру тәртібін айқындайды.
2. Жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыру үшін жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін облыстық бюджеттерге және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне мынадай түсімдер:
1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығы;
2) мүлкі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
3) жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда орналасқан жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елді мекендер жерлеріне салынатын жер салығы;
4) аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда тіркелген жеке және заңды тұлғалардан алынатын, көлік құралдарына салынатын салық жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер болып табылады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 24.11.2015 № 587 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Трансфертерді беру тәртібі
3. Бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімімен бірлесіп жыл сайын әр жылдың 1-күніне осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген түсімдер түрлері бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бөлінісінде салық төлеушілер тізбесін бекітеді:
1) төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығы бойынша - жеке сәйкестендіру нөмірлерін (бұдан әрі - ЖСК) пайдалана отырып, ай сайынғы негізінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бөлінісінде нақты түсімдер туралы мәлімет беру бөлігінде бюджетке түсетін салық түсімдерін алуға жауапты уәкілетті органмен келісім бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында тіркелген жеке тұлғалардың тізбесіне сүйене отырып;
2) жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық бойынша - аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің мәліметтері бойынша мүлкі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында орналасқан жеке тұлғалардың тізбесіне сүйене отырып;
3) жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елді мекендер жерлеріне салынатын жер салығы бойынша - аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің мәліметтері бойынша жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналасқан жеке және заңды тұлғалардың тізбесіне сүйене отырып;
4) жеке және заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдарына салынатын салық бойынша - аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің мәліметтері бойынша тиісінше тұрғылықты жері және заңды мекенжайы аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналасқан жеке және заңды тұлғалардың тізбесіне сүйене отырып жергілікті өзін-өзі басқару органдары бөлінісінде салық төлеушілер тізбесін бекітеді.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 24.11.2015 № 587 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Шығыстарды жоспарлау үшін облыстық бюджет туралы, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттері туралы шешімнің жобасына бюджеттік заңнамаға сәйкес тиісінше жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттердің ауылдар, кенттер, ауылдық округтер арасында бөлінуі қоса тіркеледі.
5. Осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген салықтардың тиісті қаржы жылына арналған төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарында көзделген, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер сомаларынан артық, өткен қаржы жылындағы түсімдері ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті нақтылау кезінде ескеріледі.
6. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттерді аударуды ай сайынғы негізде, осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген салықтардың нақты түсімін және артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды (есепке жатқызуды) ескере отырып, жүзеге асырады.
7. Жергілікті уәкілетті органдардың жергілікті өзін-өзі басқару органдарына аударған трансферттері Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 9934 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде (бұдан әрі - Бюджеттің атқарылуы жөніндегі ереже) айқындалған тәртіппен ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шотына (бұдан әрі - ҚБШ) есепке жатқызылады.
ҚБШ Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің операцияларын есепке алуға және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған шығыстарды жүргізуге арналған. Ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-да пайдаланылмаған ақша қалдықтарының болуына жол беріледі.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына билік етушілер аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері болып табылады.
8. Түсімдерден түскен қаражатты пайдалану үшін жыл сайын, қаржы жылының 20 қаңтарына дейін Бюджеттің атқарылуы жөніндегі ережесінің № 126-қосымшасының нысаны бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаның түсімдері мен шығыстарының жоспары жасалады.
Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдың округі әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаның түсу және жұмсалу жоспарын тиісті аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі оны қаржы жылының 1 ақпанына дейін жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін бекітеді.
Бекітілген аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаның түсу және жұмсалу жоспарының қолданылуы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында тоқтатылады.
9. Төлемдер Қазақстан Республикасының жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерден түсетін ақша есебінен төлемге арналған шот негізінде жүзеге асырылады және жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қалдықтар шегінде жүргізіледі.
Есепті қаржы жылының аяғында пайдаланылмаған жергілікті өзін-өзі басқарудың шотында қалған Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерден түсетін қаражат қалдықтары түсімдер мен шығыстар жоспары жергілікті қоғамдастықтық жиналысында нақтылануы және келісілуі арқылы ағымдағы жылдың шығыстарын қаржыландыруға бағытталуы мүмкін.
3. Мониторинг және трансферттердің пайдаланылуы жөнінде есеп беру
10. Мониторинг жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге трансферттермен және жергілікті өзін-өзі басқарудың басқада кіріс көздеріне бөлінген бюджет қаражатын пайдалану туралы ақпаратты жинақтау мен жүйелендіру мақсатында жүргізіледі. Мониторингті жергілікті қоғамдастық комиссиясының мүшелері жоспарланған және қаражатты пайдалынуда қол жеткізілген нәтижелерін салыстыру арқылы жарты жылда бір рет жүзеге асырады. Қажет болған жағдайда жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен кезектен тыс мониторинг жүргізілуі мүмкін.
11. Трансфертерді пайдаланылуына мониторингті аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауыл округі әкімдігінің аппараты жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауыл округінің әкімдері жіберетін ақшаның түсімдері мен шығыстарының бекітілген жоспары негізінде жүргізеді.
12. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауыл округі әкімінің аппараты осы Қағиданың қосымшасында көрсетілген нысанаға сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару трансферттерін пайдалану нәтижелері туралы есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-і күніне дейінгі мерзімде жасайды.
13. Трансферттерді пайдалану нәтижелері туралы есепті жергілікті қоғамдастықтың комиссиясы мүшелеріне есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күніне дейінгі мерзімде ұсынады.
14. Бюджет қаражатын пайдалану мониторингі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 8762 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 405 бұйрығымен бекітілген Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздеріне бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға мониторинг жүргізу әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.
Бюджет қаражатын пайдалану мониторингі бойынша қорытындылардың нәтижелері тиісті жергілікті бюджеттерді және Ақшаның түсімдері мен шығыстарының жоспарларын қалыптастыру және нақтылау кезінде есепке алынады.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттерді беру қағидасына қосымша |
Нысан
Жергілікті өзін-өзі басқару трансферттерін пайдалану
нәтижелері туралы есеп
20__ жылғы 1_____________
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 24.11.2015 № 587 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Мемлекеттік мекеменің атауы _________________________________________
Мерзімділігі: жартыжылдық, жылдық ___________________________________
Өлшем бірлігі: мың теңге
Атауы | Жол коды | Бір жылға бекітілген жоспар | Бір жылға нақтыланған жоспар | Жарты жылға жоспар | Іс жүзінде орындалуы | Пайлаланбаған сома қалдығы | Жарты жылдық жоспарға орындалуы % (б.6/б.5) х100 | Жылдық жоспарға орындалуы % (б.6/б.4) х100 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Жылдың басына пайдаланылмаған қаражат қалдығы - барлығы | 010 | |||||||
Есепті кезеңнің түсімдері, барлығы (021-025 жолдарының сомасы) | 020 | |||||||
оның ішінде | ||||||||
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығы | 021 | |||||||
мүлкі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық | 022 | |||||||
жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналасқан жеке тұлғалардан алынатын елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы | 023 | |||||||
аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте тіркелген жеке тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы | 024 | |||||||
жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналасқан заңды тұлғалардан алынатын елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы | 025 | |||||||
аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте тіркелген заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы | 026 | |||||||
Шығыстар - барлығы | 050 | |||||||
Оның ішінде, шығыстардың бағыттары бойынша: | ||||||||
Есепті кезеңнің соңында пайдаланылмаған қаражат қалдығы - барлығы | 100 |
Аудандық маңызы бар қаланың,
ауылдың, кенттің, ауыл округінің
әкімі _____________ _______________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Қаржы қызметінің басшысы _________ __________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Күні _____ж. "__"____________