"Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 195 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 587 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 29 желтоқсанда № 12602 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 40 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 20.01.2020 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 35-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің

      2015 жылғы 19 наурыздағы № 195 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10704 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерiстер енгізілсін:

      Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер беру қағидаларында (бұдан әрі - Қағида):

      2-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда орналасқан жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елді мекендер жерлеріне салынатын жер салығы;

      4) аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда тіркелген жеке және заңды тұлғалардан алынатын, көлік құралдарына салынатын салық жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер болып табылады.";

      3-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елді мекендер жерлеріне салынатын жер салығы бойынша - аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің мәліметтері бойынша жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналасқан жеке және заңды тұлғалардың тізбесіне сүйене отырып;

      4) жеке және заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдарына салынатын салық бойынша - аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің мәліметтері бойынша тиісінше тұрғылықты жері және заңды мекенжайы аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналасқан жеке және заңды тұлғалардың тізбесіне сүйене отырып жергілікті өзін-өзі басқару органдары бөлінісінде салық төлеушілер тізбесін бекітеді.";

      көрсетілген Қағидаға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Е. Досаев

      2015 жылғы 30 қараша



  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 24 қарашадағы
№ 587 бұйрығына
қосымша
  Жергілікті өзін-өзі басқару
органдарына трансферттерді
беру қағидасына қосымша

      Нысан

Жергілікті өзін-өзі басқару трансферттерін пайдалану
нәтижелері туралы есеп

      20__ жылғы 1_____________

      Мемлекеттік мекеменің атауы _________________________________________

      Мерзімділігі: жартыжылдық, жылдық ___________________________________

      Өлшем бірлігі: мың теңге

Атауы

Жол коды

Бір жылға бекітілген жоспар

Бір жылға нақтыланған жоспар

Жарты жылға жоспар

Іс жүзінде орындалуы

Пайлаланбаған сома қалдығы

Жарты жылдық жоспарға орындалуы % (б.6/б.5) х100

Жылдық жоспарға орындалуы % (б.6/б.4) х100

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Жылдың басына пайдаланылмаған қаражат қалдығы - барлығы

010








Есепті кезеңнің түсімдері, барлығы (021-025 жолдарының сомасы)

020








оның ішінде









аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығы

021








мүлкі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық

022








жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналасқан жеке тұлғалардан алынатын елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы

023








аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте тіркелген жеке тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы

024








жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналасқан заңды тұлғалардан алынатын елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы

025








аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте тіркелген заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы

026








Шығыстар - барлығы

050








Оның ішінде, шығыстардың бағыттары бойынша:



























Есепті кезеңнің соңында пайдаланылмаған қаражат қалдығы - барлығы

100









      Аудандық маңызы бар қаланың,

      ауылдың, кенттің, ауыл округінің

      әкімі _____________ _______________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Қаржы қызметінің басшысы _________ __________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Күні _____ж. "__"____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады