Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 30.11.2022 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1-тармағының 8-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 30.11.2022 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Криминалистикалық талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдістері бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 30.11.2022 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жедел-криминалистикалық департаменті (Қ.Қ. Аманқұлов) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Р.Т. Жақыповқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел-криминалистикалық департаментіне (Қ.Қ. Аманқұлов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | |
полиция генерал-лейтенанты |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 219 бұйрығымен бекітілген |
Криминалистикалық талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдістері
Ескерту. Сынау әдістері жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 30.11.2022 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Криминалистикалық талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдістері (бұдан әрі – Криминалистикалық талаптар) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарына, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарға қойылатын арнаулы техникалық талаптарды (параметрлерді, құрылымдық ерекшеліктерді, таңбалауды) және оларды сынау әдістерін белгілейді.
Осы Криминалистикалық талаптар Қазақстан Республикасының аумағында сату құқығынсыз тек экспортқа өндірілетін азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына қолданылмайды.
2. Осы Криминалистикалық талаптардың мақсаты атыс қаруын сәйкестендіру және азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын қайта жасау мүмкіндігін болдырмау, оның ішінде оларды қарудың немесе конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың белгілі бір санатына жатқызу үшін сынаулар жүргізу болып табылады.
3. Осы Криминалистикалық талаптарда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) адырна – жинақталған энергияны лақтырылатын снарядқа беретін элемент;
2) адырнаны тарту күші (арбалет (садақ) доғасының (доғаларының) күші) – арбалеттің конструкциясымен айқындалатын немесе садақты дайындаушы белгілейтін шамаға серпінді элементтерді майыстырған кезде өлшенетін мән;
3) айқаспа – қолсаптың алдыңғы бөлігінде орналасқан және сұқпаның бүйір жағынан шығыңқы қорғаныс құрылғысы;
4) қиылысу – қолсаптың алдыңғы бөлігінде орналасқан және сыртқы жағы мен жүзінен шығыңқы қорғаныс құрылғысы;
5) алдыңғы көздеуіш (садақ, арбалет) – арбалеттің алдыңғы бөлігіндегі бір немесе бірнеше нысаналық элементтерден (қарауылдардан) және түзету тетігінен тұратын көздеу құрылғысы;
6) арбалет – корпусы бар, оған адырналы доғалар (доға) және ширыққан күйде оларды ұстап тұру тетіктері бекітілген механикалық лақтыру құрылғысы;
7) арбалет корпусы – арбалет конструкциясының оның бөліктері мен бөлшектерін бекітуге қызмет ететін негізгі күштік торабы;
8) арбалет құндағы – корпустың бөлігі немесе арбалеттің көздеген және лақтырған кезде оны ұстап тұруға арналған бөлшегі;
9) арбалет (садақ) доғаларының серпілуі – орнатылған адырнада өлшенетін арбалеттің (садақтың) доғасы (доғалары) ұштары немесе блоктарының (роликтерінің) осьтері арасындағы қашықтық;
10) арбалет (садақ) доғасы – арбалет (садақ) конструкциясының энергияны жинақтауға қызмет ететін серпінді элементі;
11) арбалеттің соғу тетігі – арбалеттің құлпын ашқан және лақтырған кезде адырнаны (күймешені) босатуды қамтамасыз ететін механикалық немесе электромеханикалық құрылғы;
12) арбалеттің (садақтың) бәсеңдету тетігі – лақтырған сәтте арбалеттің (садақтың) тербелісін ішінара өтейтін және оларды тұрақтандырғышқа беретін құрылғы;
13) арбалеттің (садақтың) өтемдеуіші – лақтырған сәтте арбалеттің (садақтың) тербелісін өтейтін құрылғы;
14) арбалеттің (садақтың) тұрақтандырғышы – лақтырған сәтте арбалеттің (садақтың) тербелісін ішінара өтейтін және өтемдеуішке беретін құрылғы;
15) артқы көздеуіш (садақ, арбалет) – атушының көзіне тікелей жақын орналасқан арбалеттің көздеу құрылғысы;
16) артқы ілмек – қолсапты, эфесті бекітуге қызмет ететін жолақтың бөлігі;
17) атыс қаруының барабаны – айналу осі бар патрон салатын жердің блогы;
18) атыс қаруының ұңғы қорабы – бөлшек немесе бекітпенің немесе жылжымалы жүйенің қозғалыс бағытын, бекітпенің ұңғымен ілінуін қамтамасыз ететін, өзінің функциясын орындау үшін қайтымсыз құрылымдық өзгерістер енгізуді талап етпейтін атыс қаруының конструкциясы жағынан біріктірілген бөлшектері;
19) бағыттаушы тілімше – корпустың бөлігі немесе арбалеттің снаряд үшін тірек қызметін атқаратын және лақтырған кезде оның қозғалыс бағытын белгілейтін бөлшегі;
20) бекітпе – атыс қаруының ату кезінде ұңғы оқпанын бекітетін және бекіту тетігінің бөлігі болып табылатын негізгі бөлігі (бөлшегі);
21) биообъект – электрошокты құрылғының әсер ету объектісі болып табылатын адам немесе жануар;
22) болт тұрақтандырғышы – болт конструкциясының адырнамен жанасатын және ұшу кезінде оның тұрақтылығын қамтамасыз ететін орталық элементі;
23) бүйір жағы – садақ жебесіне арналған бүйірлік тіреу;
24) бүлдіргі – қолсапқа бекітілетін және сұқпалы бұйымды ұстап тұратын қолдың білегіне киілетін, былғарыдан немесе өзге де материалдан жасалған берік ілмек;
25) вилка (арбалет) – арбалет құлпының адырна немесе күймешені қайырылған күйде тікелей ұстап тұратын бөлшегі;
26) гарда – сақиналы, тостаған тәрізді және спираль тәрізді элементтері бар күрделі көлемді пішіндегі қорғаныс құрылғысы;
27) голомень – сұқпаның жүзбен және сыртқы жағымен немесе екі жүзімен шектелген бүйір жағы;
28) елмань – ұзын бір жүзді сұқпаның сырт жағына қарай кеңейтілген соңғы бөлігі;
29) жебенің артқы ілмегі – жебенің артқы бөлігінде орналасқан, адырнамен жанасатын конструкция элементі;
30) жебенің денесі - жебе конструкциясының түтік немесе өзек түріндегі орталық элементі;
31) жебенің қауырсындануы – жебенің артқы бөлігіне бекітілген және оның аэродинамикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін конструкция элементтері;
32) жебенің (болттың) серіппесі – арбалеттен лақтыру алдында жебенің (болттың) қалпын бекітуге арналған серіппелі тілімше немесе құрылғы;
33) жебенің ұшы – жебе денесінің бас бөлігінде орналасқан жебе конструкциясының шоғырланған масса түріндегі элементі;
34) жүзі – сұқпаның үстіңгі жанасу беттері өткір бұрышты қырынан тұратын қайралған жиегі;
35) конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдар – бұл конструкциясы бойынша азаматтық немесе қызметтік қаруға сыртқы түрінің ұқсастығы бар, шаруашылық-тұрмыстық бұйымдарға жататын немесе өндірістік мақсаттағы бұйымдар, спорттық снарядтар, сондай-ақ өзінің құрамында атыс қаруының негізгі (құрамдас) бөліктері жоқ 0,5-тен 3 Джоульге дейінгі үрлемелі қуаты бар қару;
36) қару муляжы – қарудың тек сыртқы түрін дәл көрсету;
37) қолат – сұқпаның бүйір жағындағы ұзына бойғы науа тәрізді ойық;
38) қолсаптың қуысы – сұқпалы бұйымның қолсабындағы керек-жарақты салуға арналған тығыз жабылатын ішкі кеңістік;
39) қолсап – сұқпалы бұйымның бөлігі, оның көмегімен қолмен (қолдармен) ұстайды және қолданған кезде басқарады;
40) қолсап плашкалары – қолсаптың жапсырмалар түріндегі бөлшектері;
41) қолсап төлкесі – сапты бір немесе екі ұшынан қамтитын металл бөлшегі;
42) қолсап шектегіші – қолсап сабына жанасатын кеңейтілген алдыңғы бөлігі;
43) қорғаныс құрылғысы – сұқпалы бұйымның қолды қорғауға арналған бөлігі;
44) құлып (арбалет) – арбалет адырнасының (немесе күймешесінің) орталық бөлігін қайырылған күйде бекітетін тетік;
45) нысана (садақ, арбалет) – арбалетке немесе садаққа оның нысанаға қатысты бағдарлануы үшін орнатылатын құрылғы (құрылғылар);
46) лонце – арбалет корпусындағы лақтыру кезінде снарядты бағыттауға арналған ұзына бойғы ойық;
47) оқталатын ойық – атыс қаруы ұңғысының артқы кесігі;
48) оқтың кіру жолы – атыс қаруының ұңғы оқпанының бағыттаушы бөлігінің патрон салатын жермен қиысатын және ұңғы оқпаны ойықтарына оқтың біртіндеп берілуіне арналған элемент;
49) орама – адырнаның сақтандырғыш жабыны;
50) плунжер – лақтырған кезде садаққа қатысты жебенің қозғалысын реттейтін құрылғы;
51) рамка – қарудың бөліктері мен тетіктерін тұтас біріктіретін, жылжымалы бөліктердің қозғалысы үшін бағыттаушы және қарудың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қысқа ұңғылы қарудың бөлшегі немесе конструкциясы жағынан біріктірілген бөлшектері;
52) садақ бекіткіші – садақшының еріндеріне қатысты адырнаның жағдайын бақылауға арналған садақ адырнасындағы белгі;
53) садақ – доғалардан (доғадан) және адырнадан тұратын, серпінді элементтерді кернеулі күйде бекіту тетіктері жоқ механикалық лақтыратын құрылғы;
54) садақтың созылу ұзындығы - созылған садақта қолсаптағы тірек нүктесінен адырнаның ұясына дейінгі қашықтық;
55) сақтандырғыш (арбалет) - арбалеттің соғу тетігін бұғаттайтын құрылғы;
56) сап – қолсаптың қолмен (қолдармен) тікелей қысып ұсталатын негізгі бөлігі;
57) ұрып-соғу тетігі (ҰСТ) – атыс қаруында патронның капсюлін сындыру арқылы алдын ала емес, алдын ала взводпен де ату мүмкіндігін қамтамасыз ететін тетік;
58) сөре – арбалеттен (садақтан) лақтыруға арналған снарядты төменнен ұстап тұратын тірек;
59) спорттық болт – ұштықтан және тұрақтандырғыштан тұратын, артқы қауырсындануы жоқ, қысқа, тұйық ұшты жебе түріндегі арбалеттен лақтыруға арналған снарядтың бір түрі;
60) спорттық жебе – тұрақтылық артқы қауырсындану есебінен қамтамасыз етілетін, ұшы үшкірленген өзек (түтік) түріндегі арбалеттен (садақтан) лақтыруға арналған снаряд;
61) сұқпа – ұшы және бір немесе екі жүзі бар, белгілі бір пішіндегі және өлшемдегі металл жолағының бөлігі;
62) сүйір төбесі – қолсаптың сабына жанасатын және одан пішіні бойынша ерекшеленетін қолсаптың артқы бөлігі;
63) сыртқы жағы – бір жүзді сұқпаның қайралмаған жиегі;
64) сыртқы жағының қисаюы – жүзі жағына қарай еңкейген және онымен сұқпаның ұшын құрайтын сыртқы жағының бөлшегі;
65) түбі – сұқпаның жүзі мен қолсабының арасында орналасқан қайралмайтын бөлігі;
66) ұңғы – атыс қаруының лақтырылатын жабдығына берілген бағытта қозғалыс белгілі бір жылдамдықта хабарланатын, құбырдан тұратын бөлшегі;
67) ұңғы оқпанының бағыттаушы бөлігі – атыс қаруының ұңғы оқпанының бөлігі, ол лақтырылатын элементтің қозғалысын бағыттауға арналған және оқтың кіру жолы мен үрмелі ойығымен шектелген;
68) ұштықтың төлкесі – жебенің ауыстырмалы ұштықтарын бекітуге қызмет ететін, жебе денесінің бас бөлігінде орнатылған конструкция элементі;
69) ұшы – сұқпаның екі жүзінің немесе жүзі мен сыртқы жағының не оның қисаюының бірігуінен қалыптасқан ұшы;
70) ұя – адырнада жебенің артқы ілмегін бекітуге арналған құрал;
71) үрмелі ойық – атыс қаруы ұңғысының алдыңғы кесігі;
72) ілмек – адырнаны доғаның (доғалардың) ұштарында бекітуге арналған оның элементі;
73) эксцентрик – садақ доғасының (доғаларының) сипаттамасын өзгертетін оның құрылымдық элементі;
74) электрошокты қару – қолданылу қағидаты электрлі разрядтың тірі нысанаға тікелей әсер етуіне негізделген электрлі қару түрі;
75) эфес – қорғаныс құрылғысы бар қолсап;
76) ятаган типті сұқпа – екі есе иілімді сұқпа.
4. Осы Криминалистикалық талаптар азаматтық, қызметтік қарудың, оның патрондарының және конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың үлгілеріне криминалистикалық сынаулар жүргізген кезде, сондай-ақ криминалистикалық зерттеулер мен сот сараптамаларын жүргізген кезде қолданылады.
2-тарау. Азаматтық, қызметтік атыс, ұңғысыз атыс, жарақат салатын әсері бар патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қаруға, оқсыз атылатын, газды, белгі беру, пневматикалық, электрлі қаруға, азаматтық және қызметтік қарудың патрондарына, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарға қойылатын криминалистикалық талаптар
1-параграф. Азаматтық, қызметтік тегіс ұңғылы және ойық атыс қаруы
5. Азаматтық, қызметтік тегіс ұңғылы және ойық атыс қаруында:
ұңғыда, бекітпеде, барабанда салынған таңбалау белгілері және, егер олардың болуы қару конструкциясында көзделсе, қарудың жұмыс істеуі үшін біртұтасқа оның бөліктері мен тетіктерін (ұңғы және бекітпе қораптары, рамка, қорап, сынық конструкциядағы қарудың қалпы не қорабы) біріктіретін бөлшектер (конструкциясы жағынан біріктірілген бөлшектер) болуы тиіс. Таңбалау белгісі (сериясы, нөмірі) механикалық тәсілмен (соққы, қысым) немесе жоғары концентрацияланған энергия көздерін, оның ішінде қарудың негізгі бөлшектерінде тереңдігі кемінде 0,2 миллиметр лазерді пайдалана отырып салынады;
атып жіберілген оқтарда осы Криминалистикалық талаптардың 341-тармағының 2) тармақшасында көзделген қаруды сәйкестендіру үшін жеткілікті белгілер кешенін қамтитын ұңғы оқпанының іздерін (тегіс ұңғылыны қоспағанда) жасалуы тиіс;
атылған гильзаларда осы Криминалистикалық талаптардың 341-тармағының 3) тармақшасында көзделген қаруды сәйкестендіру үшін жеткілікті белгілер кешенін қамтитын қару бөлшектері мен тетіктерінің іздерін жасалуы тиіс.
6. Азаматтық ойық атыс қаруының бір типті патронға арналып әзірленген жауынгерлік атыс қаруынан ұңғы оқпаны параметрлерінің кемінде біреуі (оқпанішілік штифтердің саны, бағыты, ені, ойықтардың қадамы, бар-жоғы, саны мен өзара орналасуы) бойынша айырмашылығы болуы тиіс.
7. Азаматтық ойық атыс қаруының бір типті патронға арналып әзірленген жауынгерлік атыс қаруынан гильзалардағы іздер бойынша (пішіні, өзара орналасуы, қосымша криминалистикалық белгілердің бар-жоғы бойынша) айырмашылығы болуы тиіс.
8. Азаматтық ойық атыс қаруының бір типті патронға арналып әзірленген қызметтік атыс қаруынан ұңғы оқпаны параметрлерінің кемінде біреуі бойынша осы Криминалистикалық талаптардың 6-тармағында көзделген айырмашылықтары болуы тиіс.
9. Азаматтық, қызметтік ойық атыс қаруында ойықтардың ені бойынша айырмашылығы рұқсаттардың жол шегінің арасында кемінде 0,2 миллиметр құрауы тиіс, ал ойықтардың қадамы бойынша айырмашылығы рұқсаттардың жол шегінің арасында кемінде бір градусты ойықтар иілуінің бұрыш айырмашылығын қамтамасыз етуі тиіс.
10. Азаматтық, қызметтік тегіс ұңғылы және ойық атыс қаруының:
өз конструкциясында біріктірілген тұншықтырғыш, сондай-ақ ату дыбысын тұншықтырғыштарды орнатуға арналған арнайы құрылғылары мен құралдары не дыбыссыз атуға арналған өзге де құралдары;
атуды кезекпен жүргізуді қамтамасыз ететін тетіктер мен бөлшектерінің жиынтығы;
бөлшектерді зақымдаумен немесе олардың қосындыларын бұзумен байланысты қайтарымсыз өзгертусіз олардың сыйымдылығын 10 патроннан астам көбейтуге мүмкіндік беретін оқжатарлар (барабандар);
ұңғының үрмелі ойығынан бастап ұңғының оқталатын ойығына дейінгі ұңғы ұзындығы немесе ұңғы қорабы кемінде 500 миллиметр ұңғы ұзындығы;
ұңғы қорабы болған жағдайда кемінде 300 миллиметр ұңғының ұзындығы;
ұңғы қорабынан кемінде 500 миллиметр ұзындығы бар ұңғыны қайтарымсыз өзгертулерсіз енгізбей бөлуге мүмкіндік беретін конструкция;
қайтарымсыз өзгертулерсіз оның ұзындығын кемінде 800 миллиметр етуге мүмкіндік беретін, жиналған күйде атуды жүргізуді қамтамасыз ететін жиналмалы конструкция болмауы тиіс.
11. Азаматтық ойық ұзын ұңғылы атыс қаруының калибрі ".338 LapuaMag" (8,6*70мм) асатын патрондармен атуды жүргізу мүмкіндігі болмауы тиіс.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 10.05.2024 № 384 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-параграф. Ұңғысыз атыс, жарақат салатын әсері бар патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қару, оқсыз атылатын, газды (тапаншалар, револьверлер), белгі беру, пневматикалық қару
12. Ұңғысыз атыс, жарақат салатын әсері бар патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қарудың, оқсыз атылатын, газды (тапаншалар, револьверлер), белгі беру, пневматикалық қарудың:
1) мыналар:
өзінің конструкциясында біріктірілген тұншықтырғыштар, сондай-ақ ату дыбысын тұншықтырғышты орнатуға арналған құралдар немесе арнайы құрылғылар не дыбыссыз атуға арналған өзге де құралдар;
атыс қаруын жөндеу, қайта жасау және зақымдау қасиеттерін қалпына келтіру мақсатында оның тиісті бөлшектерін ауыстыру үшін оның ұңғысын, бекітпесін, корпустық бөлшегін қайтымсыз өзгертулерсіз пайдалануға мүмкіндік беретін конструкция;
қайтымсыз өзгертулерсіз ұңғыны корпус бөлшегінен ажыратуға мүмкіндік беретін конструкция болмауы тиіс. Бекіту оларды қайтымсыз өзгертулерсіз алуға мүмкіндік бермейтін болат штифтермен жүзеге асырылуы керек;
нысананы зақымдауға арналған, лақтырылатын эластикалық емес керек-жарақты атыс қаруына патрондармен атуды жүргізуге қайтымсыз өзгертулерсіз мүмкіндік беретін конструкция болмауы тиіс;
атыс қаруына арналған патрондармен оны жабдықтау мүмкіндігін қамтамасыз ететін оқжатар, сондай-ақ қайтымсыз өзгертулерсіз оның сыйымдылығын 10 патроннан астам көбейтуге мүмкіндік беретін оқжатар (барабан) болмауы тиіс;
2) атыс қаруы ретінде оны пайдалану және металл снарядтармен атуды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етпеуі тиіс, соның нәтижесінде оларға 0,5 Джоуль/миллиметр2 астам кинетикалық үлес энергиясы хабарланады.
3) атыс (оқсыз атылатыннан өзге) қаруынан оны қайта жасау немесе негізгі (құрамдас) бөліктерін пайдалану арқылы дайындалмауы тиіс;
4) атылған гильзаларда (ұңғысыз атыс және пневматикалық қарудан өзге) осы Криминалистикалық талаптардың 341-тармағында көзделген қаруды сәйкестендіру үшін жеткілікті белгілердің кешенін қамтитын қарудың іздері жасауы тиіс;
5) ұңғыда, бекітпеде, барабанда және корпустық бөлшекте салынған, егер олардың болуы қарудың конструкциясында көзделсе, таңбалау белгілері (үрлемелі (кинетикалық) энергиясы 7,5 Джоульге дейінгі пневматикалық қаруды қоспағанда) болуы тиіс.
Таңбалау белгісі (сериясы, нөмірі) механикалық тәсілмен (соққы, қысым) немесе жоғары концентрацияланған энергия көздерін, оның ішінде қарудың негізгі бөлшектерінде тереңдігі кемінде 0,2 миллиметр лазерді пайдалана отырып орындалады.
6) ұңғы оқпанында (ол болған жағдайда) оның конструкциясын қайтымсыз өзгертулерсіз металл снарядтармен атуды жүргізуге мүмкіндік бермейтін шығыңқы элементтер (пневматикалық қарудан өзге) болуы тиіс, соның нәтижесінде оларға 0,5 Джоуль/миллиметр2 астам кинетикалық үлес энергиясы хабарланады.
13. Оқсыз атылатын қаруда:
снарядпен атуды жүргізу үшін жарамды ұңғы;
снарядты патрондармен атуды жүргізу үшін ұңғының бекітілуін қамтамасыз ететін бекіту тетігі;
бекітпедегі жауынгерлік тіреулер (ойықтар);
жинақтау бірлігі түрінде орындалған, оны бөлшектеуге қайтымсыз өзгертулерсіз мүмкіндік беретін бекітпе болмауы тиіс.
14. Оқсыз атылатын қарудың негізгі бөліктерінде оларды атыс қаруының негізгі бөліктеріне келтіріп жасаудың мүмкіндігін болдырмау мақсатындағы әлсіз конструкция болуы тиіс.
15. Оқсыз атылатын қаруда:
1) механикалық өңдеусіз оларды жоюға жол бермейтін тәсілмен салынған таңбалау белгілері (жеке нөмірі, өндіруші ел, техникалық өзгерістер енгізген өндіруші кәсіпорынның атауы немесе тауар белгісі, қолданылатын патронның түрі, моделі, калибрі (атауы) және қару өндірілген жыл) болуы тиіс.
Таңбалау белгілері ұңғының, бекітпенің, барабанның және корпустық бөлшектің сыртқы бетіне, егер олардың болуы қару конструкциясында көзделген болса, салынады. Бұл ретте олардың орналасуы өндірушінің кез келген бастапқы таңбалауды толық немесе ішінара жаппауы тиіс. Салу тереңдігі кемінде 0,2 миллиметр болуы тиіс;
2) ұңғыда ұңғы оқпанының бағыттаушы бөлігінің ұзындығынан ені кемінде 5 миллиметр және ұзындығы кемінде 80% оқтың кіру жолынан бастап ұңғының үрмелі ойығына дейін орындалған өтпелі бойлық ойығы;
3) ұңғыда диаметрі оның оқпанын толық жабатын және ұзындығы ұңғы оқпанының ұзындығынан кемінде 2/3, ұңғы қабырғасы арқылы кемінде үш штифтімен бекітілген, диаметрі ұңғы оқпанының диаметрінен кемінде 1/3 болаттан жасалған шыбық, бұл ретте оларды қайтымсыз өзгертулерсіз алу мүмкін болмауы тиіс;
4) қайтымсыз өзгертулерсіз олардың ажырауына мүмкіндік бермейтін, өзара біріккен ұңғы мен корпустық бөлшек немесе бекітпе болуы тиіс. Бекіту қайтымсыз өзгертулерсіз оларды алуға жол бермейтін болат штифтермен жүзеге асырылуы тиіс;
5) барабанда (ол болған кезде) алдыңғы шет жағынан оның каморы ұзындығының кемінде 2/3 тереңдікте және қолданылатын патрон гильзасы корпусының ең үлкен диаметрінен асатын диаметрі кемінде 3 миллиметр саңылау болуы тиіс.
6) оларды конструкцияның қайтымсыз өзгертулерінсіз ажыратуға мүмкіндік бермейтін барабанмен (ол болған кезде) қосылысы болуы тиіс.
16. Газды және белгі беру қаруының:
1) ұңғы оқпанында жарақат салатын әсері бар патрондарға лақтырылатын қарумен атуды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге оның конструкциясын қайтымсыз өзгертулерсіз мүмкіндік бермейтін шығыңқы элементтер;
2) атыс қаруының патрондарымен ату үшін оларды қайта жасауды қиындату мақсатында ұңғының рамкаға әлсіз бекітілуі болуы тиіс.
17. Калибрі 6 миллиметрден көп емес белгі беру қаруында қарудың бөлшектеріне қайтымсыз өзгертулерді енгізбей, газды патрондармен атуды жүргізу мүмкіндігі болмауы тиіс.
18. Пневматикалық қарудың конструкциясы қайтымсыз өзгертулерсіз атыс қаруы ретінде оны пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етпеуі тиіс.
19. 3-тен 7,5 Джоульге дейінгі үрлемелі (кинетикалық) қуаты бар пневматикалық қарудың атудың үрлемелі (кинетикалық) қуатына әсер ететін бөліктер мен тетіктердің құрастырмалы конструкциясы болмауы керек.
20. 25 Джоульден көп емес үрлемелі (кинетикалық) қуаты бар аңшылық пневматикалық қару снарядтармен атуды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етпеуі тиіс, соның нәтижесінде оларға 25 Джоульден астам кинетикалық қуат хабарланады.
3-параграф. Электрлі қару, механикалық бүріккіштер, аэрозольды және басқа да құрылғылар
21. Механикалық бүріккіштерде, аэрозольды және басқа да құрылғыларда бұйымға басылған таңбалау белгілері (өндіруші кәсіпорынның атауы немесе тауар белгісі және моделі), сондай-ақ резервуарларға оны жабдықтау үшін басылған көзден жас ағызатын немесе тітіркендіретін заттың атауы болуы тиіс.
22. Электрлі қаруда таңбалау белгісі (өндіруші кәсіпорынның атауы немесе тауар белгісі және моделі, зауыт нөмірі) салынады.
23. Электрлі қару (құрылғы):
байланыс электрошокты (ЭШҚ немесе ЭШҚ)
қашықтықтан электрошокты (ҚЭШҚ немесе ҚЭШҚ) деп бөлінеді.
24. Байланыс электрошокты қару – зақымдау іс-қимылы әсерінің қағидаты оның жұмыс электродтарының биообъектінің денесімен немесе киімімен тікелей байланысына негізделген құрылғы.
25. Қашықтықтан электрошокты қару – зақымдау әсерінің қағидаты құрылғының әсер ету қашықтығы шегіндегі биообъектіге лақтырылатын электродтар (өткізгіші бар зондтар) есебінен не биообъекті мен электрошокты құрылғыны біріктіретін өзге де электр өткізгіш оқпандардың есебінен қамтамасыз етілетін құрылғы.
Қашықтықтан электрошокты қару:
зақымдаушы электрлі разряд нысанаға сымдар арқылы берілетін сым жүйесімен;
зақымдаушы элементі миниатюралы электрошокер болып табылатын, нысанаға атыс немесе пневматикалық қарудың көмегімен атылатын және нысанаға бекітілетін "электрлі оқ" болып табылатын оқ жүйесімен жүргізіледі.
26. Электрлі қару "Өзін-өзі қорғау қаруының, өзін-өзі қорғау қаруына жарақат салатын, газбен және жарықпен дыбыс шығаратын патрондардың зақымдайтын факторларының адамға әсер ету нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 8 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5139 болып тіркелген) сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген ықпал етудің жол берілетін нормаларына сәйкес келуі тиіс.
27. Электрлі қаруда электрлі қуат көзі (батарея немесе аккумулятор), кернеуді электронды түрлендіргіш блок, жоғары вольтты импульсті соңғы құрылғы бар.
28. Электрлі қару мыналардан:
шығу ("жауынгерлік") электродтарынан – олардың арасында шамасы бірнеше жүз мың вольтқа жетуді көздейтін және арнайы электрлі сызбамен – қуат көзі батареясының төмен вольтты кернеуінен тұратын жоғары вольтты түрлендіргіштен қалыптасатын жоғары вольтты электрлі разряд пайда болатын металл (кейде үшкір) түйреуіштерден тұрады. Электродтар бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасады.
іске қосу батырмасынан және құрылғының кездейсоқ іске қосылуын болдырмайтын механикалық бұғаттаушыдан (сақтандырғыштан) тұрады.
Электрлі қаруда қуат беру көзі ретінде алкалин немесе аккумуляторлы батарея (есептелген кернеу 9-12 вольт) қолданылады.
29. Электрлі қаруға қосымша функцияларды: электр шамын, дыбыстық сиренаны, лазерлік көрсеткішті және басқаны орнатуға жол беріледі.
4-параграф. Азаматтық және қызметтік қарудың патрондарына қойылатын криминалистикалық талаптар
30. Ойық атыс қаруына патрондардың оқтары мен гильзаларының конструкциясы мен материалдары оларда қаруды сәйкестендіру үшін жарамды атуды жүргізу іздерінің сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.
31. Тегіс ұңғылы атыс, ұңғысыз атыс, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қаруға, сондай-ақ газды және белгі беру қаруына патрондар гильзаларының конструкциясы мен материалдары оларда қаруды сәйкестендіру үшін жарамды атуды жүргізу іздерінің сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.
32. Жарақат салатын әсері бар патрондардың оқтарының металл өзегі болмауы тиіс.
5-параграф. Конструкциясы жағынан атыс қаруына ұқсас бұйымдар
33. Конструкциясы жағынан атыс қаруына ұқсас шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік мақсаттағы бұйымдар, қарудың сыртқы түрін имитациялайтын және өз құрамында атыс қаруының негізгі (құрамдас) бөліктері жоқ спорттық снарядтар конструкциясында қайтымсыз өзгертулерсіз, 0,5-тен 3 Джоульге дейінгі үрлемелі (кинетикалық) қуаты бар снарядтармен атуды жүргізу мүмкіндігінің болмауын қамтамасыз етуі тиіс.
34. Конструкциясы жағынан атыс қаруына ұқсас бұйымдар конструкциясын қайтымсыз өзгертулерсіз, оларды атыс қаруы ретінде пайдалану және 0,5 Джоуль/миллиметр2 астам кинетикалық үлес энергиясы бар снарядтармен атуды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етпеуі тиіс.
35. Конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдар атыс қаруынан оны қайта жасау немесе негізгі бөліктерін пайдалану арқылы дайындалмауы керек.
36. Конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың негізгі (құрамдас) бөліктері олардың жауынгерлік, азаматтық және қызметтік атыс қаруының негізгі (құрамдас) бөліктерімен ауыстырылу мүмкіндігін оны жөндеу және зақымдаушы қасиеттерін қалпына келтіру мақсатында қамтамасыз етпеуі тиіс.
37. Конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымға жататын, союға арналған естен тандыратын құрылғы басына қатты естен тандыратын соққы жасау есебінен жануардың миын ауыр және қайтарымсыз зақымдауды жүзеге асыратын, энергияны барынша көп беру үшін шүріппелі тетікпен және өзекпен естен тандыруға арналған, өткізбейтін әсері бар цилиндрлі құрылғы болып табылады.
38. Союға арналған естен тандыратын құрылғы мықты тот баспайтын болаттан жасалады және сою цехтарының ең күрделі жағдайларында пайдаланылады.
39. Союға арналған естен тандыратын құрылғы оқ-дәрі заряды бар патрондардың келесі типтерімен:
жасыл түс: кішігірім қирату күшімен;
сары түс: орташа қирату күшімен;
көк түс: жоғары қирату күшімен;
қызыл түс: өте жоғары қирату күшімен жұмыс істейді.
40. Конструкциясы жағынан пневматикалық қаруға ұқсас бұйымдарға калибріне қарамастан үрлемелі (кинетикалық) қуаты 0,5-тен 3 Джоульге дейінгі пневматикалық винтовкалар, тапаншалар және револьверлер жатады.
41. Конструкциясы жағынан пневматикалық қаруға ұқсас бұйымдарда реттелмейтін соғу тетігі, соғу қапсырмасы және сақтандыру тетіктері болуы тиіс.
42. Конструкциясы жағынан пневматикалық қаруға ұқсас бұйымдардың сақтандыру тетіктері сақтау жағдайында нақты бекітуді қамтамасыз етеді және сақтау мен ату жағдайының айқын таңбалануына ие.
43. Конструкциясы жағынан пневматикалық қаруға ұқсас бұйымдар атуға дайын және оқтаулы кезде атылу мүмкіндігін болдырмауы тиіс.
44. Конструкциясы жағынан пневматикалық қаруға ұқсас компрессиялық, газбаллонды және патронды бұйым 50°С температураға дейін қызған кезде 30 минут бойы төзімділікте баллонның, пневматикалық патронның бүтіндігін және бұйымның өзінің бүтіндігін сақтауы тиіс.
45. Конструкциясы жағынан пневматикалық қаруға ұқсас бұйымдарға таңбалау белгілері (өндіруші кәсіпорынның атауы немесе оның тіркелген тауар белгісі немесе конструкциясы жағынан пневматикалық қаруға ұқсас бұйымды өндірушіні сәйкестендіруге мүмкіндік беретін басқа таңбалау, конструкциясы жағынан пневматикалық қаруға ұқсас бұйымның моделі, конструкциясы жағынан пневматикалық қаруға ұқсас бұйымның калибрі) салынады.
Таңбалау белгісі (сериясы, нөмірі) механикалық тәсілмен (соққы, қысым) немесе жоғары концентрацияланған энергия көздерін, оның ішінде қарудың негізгі бөліктерінде тереңдігі кемінде 0,2 миллиметр лазерді пайдалана отырып салынады.
3-тарау. Суық, лақтыратын қаруға және конструкциясы жағынан суық және лақтыратын қаруға ұқсас бұйымдарға қойылатын криминалистикалық талаптар 1-параграф. Сұқпалы суық қаруға қойылатын криминалистикалық талаптар
1-кіші бөлім. Аңшылық пышақтар
46. Аңшылық пышақтар жалпы (аң аулау және оның шабуылы кезінде қорғану үшін) және арнайы (мүшелейтін, тері сыпыратын) мақсаттағы пышақтарға бөлінеді. Жалпы мақсаттағы аңшылық пышақтар азаматтық сұқпалы суық қарудың түрі болып табылады.
Конструкциясына сәйкес аңшылық пышақтар жиналмайтын, жиналмалы, құрастырмалы болып бөлінеді.
47. Аңшылық пышақтар сұқпа мен қолсаптан тұрады, зақымдап шаншитын соққыларды жасаған кезде пышақты берік ұстауды және қаруды қауіпсіз қолдануды қамтамасыз ететін шектегіші не қолсабында саусақ асты ойықтары болады.
48. Аңшылық пышақтардың конструкциясында қарудың ұрып-уататын және лақтыратын әрекетін танытатын бөліктердің болуына жол берілмейді.
49. Аңшылық пышақтардың сұқпасы мен қолсабының қосылған жері (оның ішінде топсасы) тығыз және берік.
50. Жиналмалы аңшылық пышақтардың сұқпасы жазылған күйде мықты бекітіледі (яғни бекіткіші болады).
51. Аңшылық пышақтарда тетікке немесе рычагқа басу кезінде қолсаптан автоматты түрде алынатын және олар бекітетін не ауырлық күшінің немесе жылдамдатылған қозғалыстың есебінен қозғалатын және автоматты бекітілетін сұқпасының болуына жол берілмейді.
52. Жалпы мақсаттағы жиналмалы аңшылық пышақтардың конструкциясында сұқпаның серіппесіз бекітілуіне жол беріледі.
53. Құрастырмалы аңшылық пышақтарда құрылғының міндетті элементі сұқпаны жабатын немесе бекітетін және жұмыс кезінде оның жиналуын немесе ажырауын болдырмайтын құрылғы болып табылады.
54. Жалпы мақсаттағы аңшылық пышақтардың техникалық сипаттамалары:
сұқпаның ұзындығы 90 миллиметрден астам;
қолсап сабының ұзындығы 70 миллиметрден астам;
сыртының қалыңдығы 2,6 миллиметрден астам;
ұшының бұрышы 70 ° аспайды;
сұқпаның қаттылығы Роквелл шкаласы бойынша 42 бірліктен (42 HRC) кем емес;
аңшылық пышақтарда сұқпаның 1/3 дейін (оның ұшынан бастап) ұзындығын және сыртқы бөлігін қиғашынан қосымша қайрауға болады.
55. Аңшылық пышақтың жүзі қайраулы. Қайраудың арнайы түрлеріне (жүзінің бүкіл ұзындығына немесе оның бір бөлігіне) рұқсат етіледі.
56. Аңшылық пышақтардың сұқпаларында жауынгерлік қысқа сұқпалы суық қаруға тән және жырымдалған жаралар салуға арналған арнайы шығыңқы мен ойықтардың болуына жол берілмейді.
57. Аңшылық пышақтардың сұқпаның артқы ілмегіне бекітілген сап не плашкалары бар әртүрлі:
бір не екі жақты шектегіштермен немесе онсыз;
сап және төлкенің бір немесе бірнеше саусақ асты ойықтары бар қолсаптарына рұқсат етіледі. Бір немесе екі төлкенің, сүйір төбенің (бүлдіргіге арналған бекіткішпен немесе онсыз) болуы көзделеді.
58. Аңшылық пышақтардың қолсаптарын әртүрлі материалдардан (ағаш, ағаш безі, қайыңның қабығы, тері, бау, мүйіз, сүйек, тас, металл, пластмасса, резеңке, табиғи және синтетикалық материалдар немесе олардың комбинациялары) жасауға жол беріледі.
59. Аңшылық пышақтардың қолсаптары оларды қолданған және алып жүрген кезде қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мұқият өңдеуді көздейді.
60. Аңшылық пышақтарда сұқпаның сыртында орналасатын не кез келген бөлек зат түріндегі, пышақтың қолсабында жиналатын немесе қолсаптың ішкі қуысында, қынапта немесе құндақта орналасатын тұрмыстық мақсаттағы (біз, консерві пышағы, бұрауыш) және арнайы мақсаттағы экстрактор, қысу сақинасы, кішкентай ара) қосымша құрылғылардың болуына жол беріледі.
61. Жалпы мақсаттағы жиналмалы аңшылық пышақтардың сұқпалары, заттары және құрылғылары өткір бөлігімен саңылауға кіреді, бұл ретте оларды алып жүргенде және қолданғанда қауіпсіздікті, сондай-ақ заттармен және құрылғылармен зақымдау мүмкіндігінің болмауын қамтамасыз етеді.
62. Жалпы мақсаттағы жиналмалы аңшылық пышақтардың сұқпалары, заттары мен құрылғылары қолсаптың саңылауынан оңай, қолмен шығады. Жалпы мақсаттағы жиналмалы аңшылық пышақтардың сұқпаларын, заттары мен құрылғыларын ашуға ыңғайлы болуы үшін қолсапта қолжетімділікті жеңілдететін тереңдіктер немесе ойықтар не сұқпаларда, заттар мен құрылғыларда арнайы тереңдіктер немесе ойықтар болады.
63. Жалпы мақсаттағы аңшылық пышақтың конструкциясында қосымша функцияға (тұтас етті мүшелеу, тері сыпыру) жол беріледі.
64. Аңшылық пышақтар жарақат салу қаупі жоқ қолсаппен қамтылуы тиіс. Аңшылық пышақтардың қолсаптары, егер:
бір жақты немесе екі жақты (сомада) шектегіштің ені аңшылық пышақтардың қолсап сабының енінен 5 миллиметрден асса;
алдыңғы төлкеде немесе қолсап сабында бір саусақ асты ойығының тереңдігі 5 миллиметрден асса;
бірден артық саусақ асты ойығы бар қолсап сабында саусақ асты ойықтардың тереңдігі 4 миллиметрден асса;
шектегіш ретінде пайдаланылатын сұқпаның түбі немесе саусақ асты ойықтың қалыңдығы 3,5 миллиметрден асса, жарақат салу қаупі жоқ деп есептеледі.
65. Аңшылық пышақтардың таңбалау белгілері (тіркеуге арналған нөмірі және өндірушінің таңбасы) болады.
Таңбалау белгілері қарудың кез келген алынбайтын бөлігіне әртүрлі тәсілмен (қалыптау, нақыштау, өңдеу, күйдіру) салынады. Тіркеуге арналған нөмірді салу тереңдігі кемінде 0,2 миллиметр болуы керек.
2-кіші бөлім. Аңшылық қанжарлар
66. Аңшылық қанжарлар азаматтық сұқпалы суық қарудың түрі болып табылады және жиналмайтын және құрастырмалы болып бөлінеді.
67. Аңшылық қанжарлар сұқпадан және шаншитын соққы жасаған кезде қанжарды берік ұстауды және қаруды қауіпсіз қолдануды қамтамасыз ететін қолсап пен шектегіштен тұрады.
68. Аңшылық қанжарлардың конструкциясында қарудың ұрып-уататын және лақтыратын әрекетін танытатын бөліктердің болуына жол берілмейді.
69. Аңшылық қанжарлардың техникалық сипаттамалары:
сұқпаның ұзындығы 150 миллиметрден кем емес және 500 миллиметрден артық емес;
қолсабының ұзындығы 70 миллиметрден астам;
сыртының қалыңдығы 4 миллиметрден астам;
сұқпаның ені 25 миллиметрден астам;
сұқпаның ұзындығының еніне қатынасы 6:1 артық емес;
сұқпаның қаттылығы Роквелл шкаласы бойынша 42 бірліктен (42 HRC) кем емес;
бір немесе екі жақты өкше сұқпаның ұзындығынан 1/3 аспайды.
70. Аңшылық қанжарларда өткір жауынгерлік ұшы бар симметриялы екі жақты жүзі бар нысандағы сұқпасы болады. Аңшылық қанжарлардың ұшы сұқпаның ортаңғы сызығында болады. Аңшылық қанжарлардың сұқпасының жүзі аңшылық пышақтарға тән қайрауға ие.
71. Аңшылық қанжардың сұқпасы мен қолсабының қосылған жері тығыз және берік.
72. Аңшылық қанжарлардың сұқпаларында жүздерінің біреуіне немесе түбіне орналастырылатын араны дайындауға жол беріледі.
73. Аңшылық қанжарлардың сұқпаларында жауынгерлік қысқа сұқпалы суық қаруға тән және жырымдалған жара салуға арналған арнайы шығыңқы жерлері мен ойықтардың болуына жол берілмейді.
74. Аңшылық қанжарлардың конструкциясы, нысаны мен өлшемдері, сондай-ақ оларды жасау үшін қолданылған материалдар аңшылық сұқпалы суық қару үшін қажетті беріктікті, қаттылықты және пайдалану кезінде жеткілікті зақымдаушы қасиеттер мен ұзақ мерзімділікті қамтамасыз етеді.
75. Аңшылық қанжарлардың сұқпаларын дайындаған кезде олардың үстіңгі қабатының бликке қарсы құрылымын қамтамасыз ететін термиялық және механикалық өңдеу, арнайы жабындарды (қарайту, күңгірт бетке дейін ажарлау, металдарды бояу, тозаңдату және т.б.) жағу қолданылады.
76. Бір не екі жақты шектегіштері бар, сұқпаның артқы ілмегіне бекітілген сап не плашкалары бар аңшылық қанжарлардың түрлі қолсаптарына рұқсат етіледі.
Бір немесе екі төлкенің, сүйір төбенің (бүлдіргіге арналған бекіткіші бар немесе онсыз) болуы көзделеді.
77. Аңшылық қанжарлардың қолсабы әртүрлі материалдардан (ағаш, ағаш безі, қайыңның қабығы, тері, бау, мүйіз, сүйек, тас, металл, пластмасса, резеңке, табиғи және синтетикалық материалдар немесе олардың комбинациялары) дайындалады. Аңшылық қанжарлардың қолсаптары оларды қолданған және алып жүрген кезде қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мұқият өңдеуді көздейді.
78. Аңшылық қанжарлар жарақат салу қаупі жоқ қолсаппен қамтылуы тиіс. Аңшылық қанжарлар қолсабының жарақат салу қаупі болмауының шарттары осы Криминалистикалық талаптардың 64-тармағында көзделген.
79. Аңшылық қанжарлардың таңбалау белгілері (тіркеуге арналған нөмірі және өндірушінің таңбасы) болады.
Таңбалау белгілері осы Криминалистикалық талаптардың 65-тармағына сәйкес салынады.
80. Аңшылық қанжарларға:
стилет типті сұқпамен (сұқпа ұзындығының еніне қатынасы 7:1 бастап);
жүздерінің пышақ қайрауы жоқ;
ұлттық, жауынгерлік және әскери тип бойынша әзірленген қанжарлар;
Осы Криминалистикалық талаптарға сәйкес келмейтін конструкция мен техникалық сипаттамалар жатпайды.
3-кіші бөлім. Аңшылық шапашоттар
81. Аңшылық шапашоттар азаматтық сұқпалы суық қарудың түрі болып табылады және өзінің конструкциясы бойынша екі түрге: ауыстырылатын қосымша заттар немесе құралдарға ие жиналмайтын құрастырылмайтын және жиналмайтын құрастырмалы деп бөлінеді.
82. Аңшылық шапашоттардың конструкциясын орташа сұқпалы суық қарудың әскери үлгілерінің конструкциялары базасында дайындауға жол беріледі. Аңшылық шапашоттардың жалпы орналасуы, сондай-ақ олардың сұқпалары мен қолсаптарының құрылымдық ерекшеліктері (пішіні, мөлшері, салмағы, оларды жасау үшін қолданылған материалдар және т.б.) беріктік сипаттамасымен үйлесімдікте пайдалану ұзақтығы мен қауіпсіздігін, сондай-ақ азаматтық суық қаруға жеткілікті зақымдайтын қасиеттерді қамтамасыз етуі керек.
83. Аңшылық шапашоттар сұқпа мен қолсаптан тұрады, қиылысқан, жартылай қиылысқан қорғаныс имек тұтқаның болуына қосымша жол беріледі. Қолсаптарды тегіс немесе жарты шар тәрізді соққылау бөлігі бар металл сүйір төбені қоспағанда, жауынгерлік қаруға тән соққылау конуспен жабдықтауға жол берілмейді.
84. Аңшылық шапашоттардың конструкциясында қарудың ұрып-уататын және лақтыратын әрекетін танытатын бөліктердің болуына жол берілмейді.
85. Аңшылық шапашоттардың техникалық сипаттамалары:
сұқпаның ұзындығы кемінде 210 және 500 миллиметрден көп емес;
қолсап сабының ұзындығы 70 миллиметрден астам;
сыртының қалыңдығы 3 миллиметрден астам;
сұқпаның ені 25 миллиметрден кем емес және 45 миллиметрден көп емес;
сұқпа ұшының бұрышы 70° көп емес;
сұқпаның қаттылығы Роквелл шкаласы бойынша 40 бірліктен (40 HRC) кем емес.
86. Аңшылық шапашоттардың сұқпасы мен қолсабының қосылған жері мықты және берік.
87. Ұшынан бастап кеңейтіп немесе кеңейтусіз түзу немесе қисық сұқпаға (сырты бойынша) жол беріледі.
Ятаган типті, сондай-ақ елманьмен жарақталған сұқпаларды дайындауға жол беріледі.
88. Аңшылық шапашоттарда сұқпаның кесу пішіні ромб, сына тәрізді немесе өзгеше. Сұқпаның ромб немесе сына тәрізді кесуі болмаған кезде жүзінің тікелей ұшында қайрау ені кемінде 20 миллиметрді құрайды.
89. Аңшылық шапашоттар сұқпаларының үстіңгі бетінде, сондай-ақ металл бөліктерінде қаруды қолданудың беріктігі мен қауіпсіздігін және оның сыртқы түрін нашарлататын бояулардың, қылтанақтардың, раковиналардың, жарықтардың, қатпарланулардың болуына жол берілмейді.
90. Сұқпаның жүзі бір немесе екі жақты қайралған. Қолсабы жағынан жүзінің бөлігіне салынатын, бірақ жүзінің жалпы ұзындығынан 1/2 аспайтын; екі жүзі (екі жүзді) болған кезде – олардың біреуінің бүкіл ұзындығына қайраудың арнайы түрлеріне жол беріледі.
91. Аңшылық шапашоттар сұқпаларының бүйір жағында қолаттардың болуына жол беріледі. Қолаттардың саны шектелмейді.
92. Аңшылық шапашоттардың сұқпаларында сыртқы жағында орналасқан бір немесе екі қатарлы арамен қосымша жабдықтауға жол беріледі.
93. Аңшылық шапашоттардың қолсаптары оларды қолдану және алып жүру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мұқият өңдеуді көздейді. Аңшылық шапашоттардың қолсаптарын және олардың бөліктерін жасау үшін әртүрлі материалдарды (ағаш, ағаш безі, қайың қабығы, былғары, бау, мүйіз, сүйек, металл, пластмасса, резеңке) және олардың комбинацияларын пайдалану көзделеді.
Аңшылық шапашоттар қолсаптарының бүлдіргіге арналған бекіткіші бар немесе онсыз әртүрлі конструкциясына (ат үстіндегі, престелген, құйылған немесе плашкалары бар) жол беріледі.
94. Аңшылық шапашоттар жарақат салу қаупі жоқ қолсаппен қамтылуы тиіс. Аңшылық шапашоттар қолсабының жарақат салу қаупі болмауының шарттары осы Криминалистикалық талаптардың 64-тармағында көзделген.
95. Аңшылық шапашоттардың таңбалау белгілері (тіркеуге арналған нөмірі және өндірушінің таңбасы) болады.
Таңбалау белгілері осы Криминалистикалық талаптардың 65-тармағына сәйкес салынады.
4-кіші бөлім. Тіршілікті сақтауға арналған пышақтар
96. Тіршілікті сақтауға арналған пышақтар азаматтық сұқпалы суық қарудың бір түрі болып табылады және өзінің конструкциясы бойынша екі түрге: құрастырылмайтын (оның ішінде түрлендірілетін) және құрастырмалы (оның ішінде алмалы-салмалы, ауыстырмалы сұқпалары және заттары бар) деп бөлінеді.
97. Тіршілікті сақтауға арналған пышақтардың конструкциясы төтенше жағдайларда тіршілікті сақтауға арналған тиісті әскери жауынгерлік пышақтардың және жиналмайтын аңшылық пышақтардың конструкцияларына негізделген.
98. Тіршілікті сақтауға арналған пышақтар сұқпа мен қолсаптан тұрады; қолсабында зақымдайтын шанышпалы соққылар жасау кезінде пышақтың берік ұсталуын және қаруды қолдану қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шектегіш не саусақ асты ойықтар болады.
99. Тіршілікті сақтауға арналған пышақтар конструкциясында қарудың ұрып-уататын және лақтыратын әрекетін танытатын бөліктердің болуына жол берілмейді.
100. Тіршілікті сақтауға арналған пышақтардың техникалық сипаттамалары:
сұқпаның ұзындығы 90 миллиметрден астам;
қолсап сабының ұзындығы 70 миллиметрден астам;
сыртының қалыңдығы 2,6 миллиметрден астам;
пышақтың қаттылығы Роквелл шкаласы бойынша 42 бірліктен (42 HRC) кем емес.
101. Тіршілікті сақтауға арналған пышақтардың сұқпасы мен қолсабының қосылған жері (оның ішінде өзгеретінінің топсасы) мықты және қатты.
102. Құрастырмалы (оның ішінде алмалы-салмалы, ауыстырмалы сұқпалары бар) тіршілікті сақтауға арналған пышақтарда сұқпаның қолсабымен бекітілу мықтылығы тиісті бұрандалы (немесе өзге) қосылатын жерімен қамтамасыз етілуі керек.
103. Тіршілікті сақтауға арналған пышақтардың сұқпаларының сыртқы бетінде, бөлшектерінде бұйымның беріктігі мен қауіпсіздігін және оның сыртқы түрін нашарлататын бояулардың, қылтанақтардың, раковиналардың, жарықтардың, қатпарланулардың болуына жол берілмейді.
104. Тіршілікті сақтауға арналған пышақтар сұқпаларының конструкциясы (пішіні, салмағы, өлшемдері және басқа), сондай-ақ оларды дайындау үшін қолданылған материалдар сұқпалы суық қаруға қажетті беріктік пен қаттылыққа ие болуы, жеткілікті зақымдау қасиеттерін, пайдалану мерзімінің ұзақтығын және ауыр шаруашылық жұмыстарын орындау кезінде пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
105. Тіршілікті сақтауға арналған өзгеретін пышақтардың сұқпасы мен онымен біріктірілген жұмыс жағдайында қатаң бекітілуі керек (яғни бекіткіші болуы керек).
106. Тіршілікті сақтауға арналған өзгеретін пышақтардың конструкциясында бір ұшында сұқпа, ал екінші жағында (артқы ілмегі) басқа сұқпа не қандай да бір зат немесе құрылғы бекітілген, нығайтылған қолсаптың айналасында тілімшелердің айналуын көздеуге жол беріледі.
107. Өзгеретін пышақтардың конструкциясында бір ұшында сұқпа, ал екінші жағында (артқы ілмегі) басқа сұқпа не қандай да бір зат немесе құрылғы бекітілген қолсаптың екі бөлігінің металл тілімшеге бекітілген топсалы осьтерге қатысты жағдайын өзгерту қарастырылған.
108. Алмалы-салмалы (ауыстырмалы) сұқпасы мен заттары бар тіршілікті сақтауға арналған пышақтардың конструкциясында оның қосымша функцияларын пайдалану кезінде пышақты қолдану ыңғайлылығын қамтамасыз ететін қолсапқа қатысты бір (жауынгерлік) және бірнеше жағдайда (90° бұрышта немесе өзге бұрышта) сұқпаны бекітуге жол беріледі.
109. Тіршілікті сақтауға арналған пышақтың жүзі қайралған. Жүзінің бүкіл ұзындығын немесе оның бір бөлігін қайраудың арнайы түрлеріне рұқсат етіледі.
110. Тіршілікті сақтауға арналған пышақтарда сұқпаның (оның ұшынан) 2/3 дейінгі ұзындығына қиғаштану және сыртқы бөлігінде оның зақымдайтын қасиеттерін жақсартуды қамтамасыз ететін қосымша қайрауға жол беріледі. Қайрау дәрежесінде шектеу жоқ.
111. Тіршілікті сақтауға арналған пышақтарда аңшылық қанжарлардағы сияқты сұқпалардың болуына жол беріледі.
112. Тіршілікті сақтауға арналған пышақтарда тұрмыстық мақсаттағы (біз, штопор, консерві ашқыш, компас, дәрі қорап, шырпы, мықты бау), сондай-ақ арнайы мақсаттағы (экстрактор, қысу сақинасы, ағаш және негізгі сұқпаның сыртында не жеке зат түрінде орналасқан сүйек кесетін ара, тері сыпыратын пышақ, балық аулау құралдары, рогатка, садаққа арналған адырна) қосымша заттар мен құрылғылар болады.
Қосымша заттар мен құрылғылар қолсаптың қуысында және оның сүйір төбесінде, сұқпасында және тілімшенің артқы ілмегінде (өзгеретін пышақтарда), пышақтың қынабында (құндағында) орналасады.
113. Алмалы-салмалы (ауыстырмалы) сұқпасы мен заттары бар тіршілікті сақтауға арналған пышақтарға қосымша ауыстырмалы сұқпалар (теріні сыпыратын, мүшелейтін), сондай-ақ негізгі сұқпаның орнына орнатылатын және құралды қолданбай ауыстыратын заттар (балта, қалақ, ара) жиынтығын дайындауға жол беріледі.
114. Тіршілікті сақтауға арналған пышақтардың сұқпаларында әскери және жауынгерлік қысқа сұқпалы суық қаруға тән және жырымдалған жара салуға арналған арнайы шығыңқы жерлер мен ойықтарды дайындауға жол беріледі.
115. Тіршілікті сақтауға арналған пышақтардың сұқпаларын дайындаған кезде олардың үстіңгі қабатының бликке қарсы құрылымын қамтамасыз ететін термиялық және механикалық өңдеу, арнайы жабындарды жағу (қарайту, күңгірт бетке дейін ажарлау, металдарды бояу, тозаңдату және басқалар) қолданылады.
116. Тіршілікті сақтауға арналған пышақтардың қолсаптары мұқият өңдеуді көздейді, олардың конструкциясы қаруды қолданған кезде қауіпсіздікті қамтамасыз етуі тиіс.
117. Тіршілікті сақтауға арналған пышақтардың қолсаптарының түрлі конструкцияларына:
сұқпаның артқы ілмегімен әртүрлі тәсілдермен бекітілген саппен не плашкамен;
бір немесе екі жақты шектегіштермен немесе оларсыз;
сапта және төлкеде бір немесе бірнеше саусақ асты шығыңқылары бар;
бір немесе екі төлкемен, сүйір төбемен (компасты не бүлдіргіге арналған құралды бекіте отырып немесе онсыз);
пышақтардың өзгеретін қолсаптарымен рұқсат етіледі.
118. Құрастырмалы және бөлінбейтін тіршілікті сақтауға арналған пышақтар қолсабының конструкциясында сыртқы бетінде рельефті орамасы, екі жақты шектегіші мен саппен бұрандалы қосылысы арқылы оның қуысын жауып тұратын сүйір төбесі бар цилиндрлік қуыс металл (немесе басқа берік материалдардан жасалған) қолсабы болады. Қолсап артқы ілмекпен дәнекерлеу арқылы (бөлінбейтін) немесе бұрандалы қосылыстың көмегімен (құрастырмалы пышақтарда) мықты қосылған, бұл ретте гайка қолсаптың қуысында орналасады.
119. Тіршілікті сақтауға арналған пышақтардың қолсаптары әртүрлі табиғи және синтетикалық материалдардан немесе олардың комбинацияларынан жасалады.
120. Тіршілікті сақтауға арналған пышақтар қаруды алып жүрген кезде қауіпсіздікті, сондай-ақ барлық қосымша заттар мен құрылғыларды алып жүруді және сақталуын қамтамасыз ететін әртүрлі материалдардан жасалған сақтандырғыш қынаптармен (құндақтармен) қамтылуы тиіс.
121. Тіршілікті сақтауға арналған пышақтар жарақат салу қаупі жоқ қолсаппен қамтылуы тиіс. Тіршілікті сақтауға арналған пышақтарды жарақат салу қаупі жоқ шарты осы Криминалистикалық талаптардың 64-тармағында көзделген.
122. Тіршілікті сақтауға арналған пышақтардың таңбалау белгілері (тіркеуге арналған нөмірі және өндірушінің таңбасы) болады.
Таңбалау белгілері осы Криминалистикалық талаптардың 65-тармағына сәйкес салынады.
5-кіші бөлім. Ұлттық киімдердің керек-жарағы болып табылатын семсерлер, қылыштар және қанжарлар
123. Ұлттық киімдердің керек-жарағы болып табылатын семсерлер, қылыштар және қанжарлар азаматтық суық қару түрлерінің біріне жатады.
124. Семсерлер, қылыштар мен қанжарлар сұқпадан және эфестен (гардасы бар немесе жоқ саптан не қиылысқан немесе тіректен) тұрады.
125. Семсерлер, қылыштар мен қанжарларды сұқпаның жүзін түпкілікті қайраусыз жасауға жол беріледі. Сұқпаны түпкілікті қайрау және жетілдіруді иелері дербес жүзеге асырады.
126. Семсерлер, қылыштар мен қанжарлардың сұқпаларын қолаттармен (саны шектелмеген) немесе оларсыз жасауға жол беріледі.
127. Семсерлердің, қылыштар және қанжарлардың ағаштан, металдан немесе пластмассадан жасалып, былғарымен, былғарыны ауыстыратындармен, басқа да материалдармен қапталған немесе қапталмаған қатты сақтандыратын қынабы болады. Бұл ретте семсерлердің, қылыштар мен қанжарлардың сұқпасы қынабында мықты ұсталады және олардан оңай алынады.
128. Семсерлер мен қылыштар техникалық сипаттамаларға сәйкес келеді:
жалпы ұзындығы кемінде 730 және 1150 миллиметрден көп емес;
сұқпаның ұзындығы кемінде 650 және 900 миллиметрден көп емес;
сұқпаның ені кемінде 23 және 55 миллиметрден көп емес;
сұқпаның қалыңдығы кемінде 4,0 миллиметр;
сұқпаның қисықтық биіктігі кемінде 42 және 73 миллиметрден көп емес;
қолсап сабының ұзындығы 70 миллиметрден астам;
семсерлер мен қылыштардың жалпы салмағы 1000-нан 2200 граммға дейін;
семсерлер мен қылыштар сұқпаларының қаттылығы Роквелл шкаласы бойынша 40 бірліктен (40 HRC) кем емес.
129. Қанжарлар техникалық сипаттамаларға сәйкес келеді:
жалпы ұзындығы кемінде 400 және 600 миллиметрден көп емес;
сұқпаның ұзындығы 300 мм кем емес және 440 миллиметрден көп емес;
сұқпаның қалыңдығы 5,0 миллиметрден кем емес;
сұқпаның ені кемінде 25 және 45 миллиметрден көп емес;
қолсап сабының ұзындығы 70 мм.
қанжардың жалпы салмағы 450-ден 750 граммға дейін.
қанжар сұқпасының қаттылығы Роквелл шкаласы бойынша 40 бірліктен (40 HRC) кем емес.
130. Семсерлердің, қылыштар мен қанжарлар сұқпасының эфеспен (қолсабымен) қосылған жері тығыз және берік.
131. Семсерлердің, қылыштар және қанжарлардың сұқпасының үстіңгі бетінде, бөлшектерінде бұйымның беріктігі мен қауіпсіздігін және оның сыртқы түрін нашарлататын бояуға, қылтамырларға, раковиналарға, жарықтарға, қатпарлануларға жол берілмейді.
132. Семсерлердің, қылыштар және қанжарлардың таңбалау белгілері (тіркеуге арналған нөмірі және сұқпаның түбіне салынатын өндірушінің таңбасы) болады.
Таңбалау белгілері әртүрлі тәсілдермен (қалыптау, нақыштау, өңдеу, күйдіру) салынады.
2-параграф. Лақтыратын қаруға және оның снарядтарына қойылатын криминалистикалық талаптар
1-кіші бөлім. Лақтыратын серпінді қару
133. Лақтыратын серпінді қаруға азаматтық спорттық қарудың түрі болып табылатын лақтыратын пышақтар жатады.
134. Лақтыратын пышақтар сұқпа мен артқы ілмектен (қолсаптан) тұрады.
Лақтыратын пышақтардың конструкциясында арнайы пішінді артқы ілмек (қолсап) тұрақтандырғыш ретінде әрекет етеді.
135. Лақтыратын пышақтардың конструкциясына бойлық симметрия және қаруға ұшу кезінде тұрақтылықты қамтамасыз ететін ауырлық ортасын ұшына қарай аздап жылжыту тән.
136. Лақтыратын пышақтарда ауырлық ортасының орналасуы бейтарап (ауырлық ортасы пышақтың ортасына сәйкес келеді), сұқпаға қарай, артқы ілмекке (қолсапқа) қарай жылжумен және ауырлық ортасының жылжуын реттеу мүмкіндігімен болады.
137. Лақтыратын пышақтардың техникалық сипаттамалары:
сұқпаның ұзындығы кемінде 90 және 300 миллиметрден көп емес;
сұқпа сыртының қалыңдығы 2,6 миллиметрден астам;
сұқпаның қаттылығы Роквелл шкаласы бойынша 25 бірліктен (25 HRC) астам;
сұқпа ұшының бұрышы 70°артық емес.
138. Лақтыратын пышақтардың конструкциясында қарудың ұрып-уататын әрекеті бар бөлшектері болмауы тиіс.
139. Лақтыратын пышақтардың таңбалау белгілері (тіркеуге арналған нөмір және сұқпаның түбіне салынатын өндірушінің таңбасы) болады.
Таңбалау белгілері әртүрлі тәсілдермен қалыптау, нақыштау, өңдеу, күйдіру) салынады.
2-кіші бөлім. Лақтыратын атыс қаруы
140. Лақтыратын атыс қаруына азаматтық спорттық қарудың бір түрі болып табылатын және спорттық жаттығулар мен жарыстар өткізген кезде нысаналарды зақымдауға арналған спорттық садақтар мен арбалеттер жатады.
141. Спорттық садақтың конструкциясында шиеленіс жағдайында серпінді элементтерді бекіту механизмдеріне жол берілмейді.
142. Спорттық садақтардың техникалық сипаттамалары бар:
доғалардың серпілуі 3000 миллиметрден көп емес;
садақтың тартылу ұзындығы 800 миллиметрден аспайды;
адырнаны тарту күші (доғаның күші) 27 килограммнан көп емес.
143. Спорттық садақта қолсап желімделген ағаштан, жеңіл қорытпалардан және композитті материалдардан, доғалардан – көмірпластиктен, ағаштан және синтетикалық материалдардан немесе олардың композицияларынан, ілмектері бар адырнадан – табиғи және синтетикалық материалдардан жасалады.
144. Спорттық садаққа ол созылған кезде доғалардың ұштарына ілмектермен киілетін тек бір ғана адырна орнатылады. Адырнаның ортасында орталық орам қарастырылады.
145. Спорттық садаққа:
жебені ұстап тұруға арналған реттелетін сөре, бүйір немесе еркін конструкциядағы плунжер;
садақтың созылу ұзындығын бақылауға арналған дыбыстық немесе оптикалық индикатор, тұрақтандырғыштар, амортизаторлар және компенсаторлар, сондай-ақ реттеу механизмдері бар көру құрылғысын;
көріністі орнатуға арналған шығарылатын кронштейндер, сондай-ақ әртүрлі қашықтыққа ату кезінде көздеуді таңбалауға арналған шкала мен ленталар орнатуға болады.
146. Спорттық садақтар күш беру әдісіне қарай классикалық және блоктық болып бөлінеді.
147. Классикалық бөлінбейтін спорттық садақтар тұтас конструкцияға ие және осы Криминалистикалық талаптардың 143-145-тармақтарына сәйкес келуі керек.
148. Классикалық бөлінбейтін спорттық садақтар қолсаптан, доға мен ілмектері бар адырнадан тұрады. Доғаларды қолсапқа бекіту бекіткіш байланыстырушы құрылғылардың көмегімен жүзеге асырылады. Конструкциясы оны қолданудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
149. Блоктық жиналмалы спорттық садақтар қолсаптан, алмалы-салмалы екі доғадан (серпінді элементтерден), блоктардан және (немесе) эксцентриктер мен адырнадан тұрады және осы Криминалистикалық талаптардың 142-145-тармақтарына сәйкес келуі тиіс.
150. Серпінді элементтердің блоктары мен эксцентриктері беріктігі мықты жеңіл қорытпалардан немесе механикалық қасиеттері жоғары полимер материалдардан жасалады. Созылған садақ кезінде доғалардың бетіне блоктармен және эксцентриктермен жанасуға жол берілмейді.
151. Спорттық садақтар берік болуы және конструкцияны, тораптар мен бөлшектерді бұзбай, оларды көп мәрте қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. Садақтың серпінді элементтерінің конструкциясы адырнаны сенімді ұстауды қамтамасыз етуі керек. Адырнаны тартқан кезде және атқан сәтте садақтың серпінді элементтерін бұрауға жол берілмейді.
152. Спорттық садақтың доғалары материалдың жарықтары мен қабатталуы жоқ біркелкі құрылымға ие болуы керек, бетінде шөгу немесе ісіну іздері болмауы керек, доғалар беріктігінің қоры кемінде 20% болуы керек.
153. Құрастырмалы садақтардағы серпінді элементтерді бекіту түйіндері бекітудің беріктігі мен сенімділігіне ие болуы керек.
154. Адырнаның өтуіне арналған блоктар мен эксцентриктер науасының тереңдігі адырнаның түйісу орнындағы диаметріне тең болуы тиіс.
155. Спорттық садақтар адырнасының жекелеген жіптерінің салбырауына немесе зақымдалуына жол берілмейді.
156. Аспалы құрылғылар (көздеуіш құрылғы, тұрақтандырғыштар, өтемдеуіштер, бәсеңдету тетіктері, ұзартқыштар, үшайырлар), оларды қолсапқа бекіту элементтері мен тораптары садақтың жылжымалы элементтерін жылжыту аймағында орналаспауы және сенімді бекітілуі тиіс.
157. Спорттық садақтардың таңбалау белгілері (жеке нөмірі және садақ қолсабының алынбайтын бөліктерінің біріне салынған адырнаны тарту күші (доғалардың (доғаның) күші) болады. Жеке нөмірді салу тереңдігі кемінде 0,2 миллиметрді құруы керек.
Таңбалау белгілері әртүрлі тәсілдермен (қалыптау, нақыштау, өңдеу, күйдіру) салынады.
158. Спорттық садаққа лақтырылатын снаряд ретінде жебенің, ұштықтың, қауырсындану және артқы ілмек денесінен тұратын жебелер қолданылады.
159. Жебенің бөлшектері мыналардан: жебенің денесі – қатты ағаш түрлерінен, пластиктен, жеңіл қорытпалардан, композициялық материалдардан немесе олардың комбинацияларынан, ұшы – металдан (болат, қола) және жебенің денесіне оның осіне симметриялы түрде бекітілген, жебенің қауырсындануы – жұмсақ пластиктен, резеңкеден немесе табиғи қауырсындардан жасалады және оған еркін пішін береді.
Ұштықтың пішіні жанданған, конустық, жебе денесінің диаметрінен асатын ұштықтың диаметрімен жанданған немесе конустық болуы мүмкін.
Еркін пішінді артқы ілмекті жебенің конусына кигізеді немесе жебенің денесіне желімделген төлкеге салады.
160. Жебенің техникалық параметрлері:
ұзындығы 400-ден 1000 миллиметрге дейін;
диаметрі 13 миллиметрден көп емес;
конустық ұштықтары ұшының бұрышы 60° кем емес;
ұштық диаметрінің жебенің диаметрінен асуы 2 миллиметрден көп емес;
тірегіш саны шектелмейді;
түзулігі жебенің 1 метріне 2 миллиметрден көп емес.
161. Спорттық арбалеттер мыналарға бөлінеді:
дәстүрлі – дәстүрлі арбалеттердің конструктивті ерекшеліктері қолданылатын снарядтың түрімен және қайыру механизмінің түрімен анықталады;
матчтық – матчтық арбалеттің конструктивті ерекшеліктері атыс үшін қолданылатын снаряд – болттың түрімен, адырнаны қайыру тетігінің болуымен және арбалетті пайдалану шартымен айқындалады;
далалық – далалық арбалеттің конструктивті ерекшеліктері атысқа қолданылатын снарядтың (жебенің) түрімен, адырнаны қайыру тетігінің болмауымен (қолмен қайырылады) және арбалетті пайдалану шарттарымен айқындалады;
әмбебап – әмбебап арбалеттердің конструктивті ерекшеліктері қолданылатын снарядтың (жебенің) түрімен, садақтардың, көздеу құрылғыларының нысандарының алуан түрлілігімен және садақ конструкцияларымен, адырнаны қайыру кезінде іске қосылатын автоматты сақтандырғыштың болуымен, қайырудың әртүрлі тетіктерін қолдану мүмкіндігімен және арбалеттерді пайдаланудың кең спектрімен айқындалады.
162. Иыққа үстінен салынатын білеу түріндегі иыққа тіреуге арналған дүмбісі бар дәстүрлі арбалеттің құндағын ағаштан немесе металдан дайындайды. Құндақтың алдыңғы бөлігінде қолға тіреген кезде арбалетті ұстап тұруға арналған асудың болуына жол беріледі.
163. Дәстүрлі арбалеттің конструкциясында бір доғадан тұратын серпінді элемент қарастырылған. Доға болаттан немесе композициялық материалдардан жасалады және арнайы құрылғының көмегімен құндаққа бекітіледі.
164. Лақтырылатын снарядтармен атылатын дәстүрлі арбалетте:
жебелермен немесе болттармен – құндақтың жоғарғы бөлігінде ойық жасайды немесе сөре орнатады, ал құлып маңында лақтырылатын снарядтың артқы ілмегін бекіту үшін серіппе орналастырылады;
оқтармен немесе тастармен (шнеппер) – құндақтың алдыңғы бөлігі иілумен жасалады;
оқпен (аркебуза) – ұңғыда адырнаның өтуіне арналған ұзына бойғы ойығы болады.
165. Дәстүрлі арбалетте:
айналмалы диск түріндегі құлып – "жаңғақ" немесе шанышқының осінде тербеледі (қарабайыр құлыптар - құндақтағы көлденең тереңдік түрінде);
көру құрылғылары - қозғалмайтын қалқандар немесе шыбықты жылжытуға және бекітуге арналған неғұрлым күрделі механизмдер түрінде;
лақтырылатын снарядпен тікелей өзара әрекеттесетін адырна – табиғи немесе композициялық материалдардан жасалады;
қайыру механизмдері - алынбалы немесе алынбайтын құрылғылар түрінде жасалады.
166. Дәстүрлі арбалеттердің техникалық параметрлері:
адырнаны тарту күші (доғаның күші) 20-дан 120 килограммға дейін;
доғалардың көлемі 900 миллиметрден көп емес;
көздеу сызығының ұзындығы 720 миллиметрден көп емес.
167. Дәстүрлі спорттық арбалеттер үшін лақтырылатын снарядтар дайындалады:
жебелер мен болттар – табиғи материалдардан (ағаш, былғары, қауырсыннан) жасалған қатты ағаштан жасалады. Жебенің ұшы металдан (болаттан, қоладан) жасалады. Ұштықты жебенің (болттың) осіне симметриялы орналастырады;
оқ – металдан (болат, қорғасын, қоладан) жасалады. Оқтар сфералық пішінде болуы керек.
168. Матчтық арбалеттің құндағы ағаштан (массив немесе желімделген кілтек) жасалады, сағаққа мылтық белбеуін немесе қолға арналған тіреуді бекіту үшін металл жолақ орнатылады. Құндақтың дүмбісі ауыстыру тетігі және иыққа қоюға реттелетін тіреу бар бетке арналған тіреумен жабдықталады. Электромеханикалық шаппалы механизмді матчтық арбалеттің құндағы шаппалы механизмді қоректендіру элементтері мен деңгейлі жарықтандыру құрылғысын орналастыру үшін арнайы ұяшықтармен жабдықталады.
169. Матчтық арбалеттің корпусы болаттан немесе композициялық материалдардан жасалады. Матчтық арбалеттің конструкциясы бір доғадан тұратын серпінді элементті көздеуі тиіс. Доға болаттан, жеңіл қорытпадан, көміртекті талшықтан, шыны талшықтан немесе олардың комбинациясынан жасалады. Доғаның ұштарында адырнаны бекітуге арналған арнайы құрылғылар орнатылады.
Бағыттаушы тілімше корпусқа қозғалыссыз бекітілген екі болат қырналған және жылтыратылған призмалар түрінде жасалады. Корпус пен бағыттаушы тілімшенің арасында антифрикциялық тығыздағыш орнатылады немесе антифрикциялық жабын қолданылады.
170. Матчтық арбалеттің құлпы арбалеттің корпусына немесе құндағына орнатылатын жеке корпуста орналастырылады. Құлыптың негізгі элементтері: бекіткіш, уатқыш, шептало, серіппелер. Электромеханикалық ағытқышы бар арбалетте құлып корпусының төменгі бөлігіне атқарушы механизм бекітіледі.
171. Матчтық арбалеттің конструкциясында механикалық немесе электромеханикалық соғу тетігін пайдалануға жол беріледі.
172. Матчтық арбалетті алдыңғы және артқы көздеуіштермен дайындайды. Алдыңғы көздеуіш оның тік, көлденең қозғалысын және көздеу сызығына қатысты бойлай айналуын, сондай-ақ жебенің бойлық осін көздеу сызығымен біріктіру үшін корпусқа қатысты алдыңғы көздеуіштің еңкеюін қамтамасыз ететін механизммен жабдықталады. Алдыңғы көздеуіште жарықтандыру құрылғысы бар деңгейді орнатуға рұқсат етіледі.
Артқы көздеуіштің орнына пневматикалық винтовкаларда қолданылатын диоптикалық көздеуішті орнатуға жол беріледі.
173. Матчтық арбалеттің адырнасы синтетикалық немесе болат жіптен жасалады. Адырнаның ұштарында доғаның ұштарында осьтер көмегімен орнатылған роликтер салынған ілмектер бар. Қарапайым арбалеттерде адырнаны доғаның ұшына ілмектермен тікелей кигізеді. Адырнаның ортаңғы бөлігі арбалеттің күймешесінде көлденең саңылау арқылы өтуі керек. Адырнада сақтандыру орамасының болуына жол беріледі.
Адырна ойықтарда қозғалатын бағыттаушы күймеше арқылы болтпен өзара іс-қимыл жасауы тиіс.
174. Қайыру механизмін (ереже бойынша, екі буынды рычаг түрінде) матчтық арбалеттің корпусына тікелей бекітуге немесе адырнаны қайыру үшін матчтық арбалетке орнатылатын және оқтау алдында алынатын жекелеген құрылғы түрінде дайындауға жол беріледі.
175. Матчтық арбалеттердің техникалық параметрлері:
атудың максимальды қашықтығы 30 метр матчтық арбалет:
адырнаны тарту күші (доғалардың (доғаның) күші) 20-дан 135 килограммға дейін;
адырнаның ұзындығы 820 миллиметрден көп емес;
көздеу сызығының ұзындығы 720 миллиметрден көп емес;
матчтық арбалеттің толық салмағы 8 килограммнан көп емес;
атудың максималды қашықтығы 10 метр матчтық арбалет:
адырнаны тарту күші (доғалардың (доғаның) күші) 20-дан 80 килограммға дейін;
адырнаның ұзындығы 608 миллиметрден көп емес;
көздеу сызығының ұзындығы 720 миллиметрден көп емес;
матчтық арбалеттің толық салмағы 6,75 килограммнан көп емес.
176. Матчтық спорттық арбалеттерге арналған болттар ағаштан, пластиктен немесе жеңіл қорытпадан жасалады. Болттың артқы жағында кеңейтілімі бар болат ұшы және ұршық іспеттес пішінді тұрақтандырғышы болады, оның артқы жағында шығыңқы жері - арбалеттің күймешесінің тірек бетімен нүктелі жанасуды қамтамасыз етуге арналған артқы ілмегі болады.
177. Матчтық спорттық арбалеттерге арналған лақтырылатын снарядтардың (болттардың) техникалық параметрлері:
атудың максимальды қашықтығы 30 метр:
болт диаметрі 6 миллиметр;
болттың ұзындығы 15 миллиметрден кем емес;
болт ұшының дөңестігі 0,5 миллиметр;
цилиндрдің бүйір бетінде жіптің болуына рұқсат етіледі;
атудың максимальды қашықтығы 10 м:
болт диаметрі 4,5 миллиметр;
болт ұзындығы 10 миллиметр;
болт ұшының дөңестігі 0,5 миллиметр;
цилиндрдің бүйір бетінде жіптің болуына рұқсат етіледі.
178. Далалық арбалеттің конструкциясы үй-жайда 10-нан 25 метрге дейінгі және ашық алаңдарда 35-тен 65 метрге дейінгі қашықтықта "тұрып ату" жағдайында жебемен атуды қамтамасыз етуі тиіс.
179. Далалық арбалеттің құндағы ағаштан (массив немесе желімделген кілтек) жасалады, сағаққа мылтық белбеуін немесе қолға арналған тіреуді бекіту үшін металл жолақ орнатылады. Құндақтың дүмбісі ауыстыру тетігі және иыққа қоюға реттелетін тіреу бар бетке арналған тіреумен жабдықталады. Дүмбі мен сағақты жеке дайындауға жол беріледі.
180. Далалық арбалеттің конструкциясы бір немесе екі жекелеген доғалардан тұратын серпінді элементті көздеуі тиіс. Екі доғадан тұратын серпінді элемент арбалетке көлденеңінен орнатылатын және корпусына винтпен (винттермен) жалғанатын қалыпқа бекітіледі. Доға болаттан, жеңіл қорытпадан, көмір пластиктен, шыны пластиктен немесе олардың қоспаларынан дайындалады.
181. Далалық арбалеттің корпусы болаттан немесе жеңіл қорытпадан жасалады. Бағыттаушы тілімшені жеткілікті антифрикциялық қасиеттерге ие материалдан жасайды және арбалеттің корпусына немесе арбалеттің корпусына қатысты бағыттаушы тілімшенің жағдайын реттеу тетігіне қозғалыссыз бекітеді. Бағыттаушы тілімшенің еркін конструкциясына жол беріледі.
182. Далалық арбалетте аспалы жебемен бағыттаушы тілімшені орнатпайды, ал арбалет корпусының алдыңғы бөлігінде қозғалыссыз және құлайтын сөрені бекітеді.
183. Бағыттаушы тілімшемен жабдықталған арбалет корпусының артқы бөлігінде пластик немесе металл тілімше тәрізді серіппе жебені бекіту үшін орнатылады.
184. Құлыпты далалық арбалеттің корпусына немесе құндағына орнатылатын жекелеген құрылғы түрінде не қайыру механизмімен бірыңғай блокта дайындайды.
185. Құлыптың вилкасынан адырнаның өз бетімен шығуын болдырмау үшін құлып корпусының бөлшегі болып табылатын немесе жекелеген бөлігі түрінде бойлық планка түріндегі адырнаның шығып кетуін шектегіш қолданылады. Шектегіш адырнаның вилкадан шығу аумағында орналасады.
186. Далалық арбалетте тек механикалық қайыру тетігі қолданылады, оның конструкциясы корпустың, қайыру тетігі мен құлыптың арасындағы қатал кинематикалық байланысты қамтамасыз етуі тиіс.
187. Далалық арбалетті алдыңғы және артқы көздеуіштермен дайындайды. Алдыңғы көздеуіш оның тік, көлденең қозғалысын және көздеу сызығына қатысты бойлай айналуын, сондай-ақ жебенің бойлық осін көздеу сызығымен біріктіру үшін корпусқа қатысты алдыңғы көздеуіштің еңкеюін қамтамасыз ететін механизммен жабдықталады. Алдыңғы көздеуіште жарықтандыру құрылғысы бар деңгейді орнатуға рұқсат етіледі.
Алдыңғы көздеуішті үзеңгі бағанына тікелей немесе жеке кронштейнге орнатуға жол беріледі. Алдыңғы және артқы көздеуіштерді жалпы консольда орнатуға рұқсат етіледі.
188. Синтетикалық жіптен жасалған адырнаның шеттерінде доғалардың шетіне кигізілетін ілмектері болуы керек. Адырнаның ілмектері мен ортаңғы бөлігінде сақтандырғыш орама болады. Адырнаны доғалардың (доғаның) шеттерінде роликтердің көмегімен бекітуге жол беріледі. Аспалы жебелі далалық арбалет үшін адырнаның ортаңғы бөлігіне адырна дайындалған материалдан жасалған ілмекті іледі.
189. Далалық арбалеттің адырнасы жебенің артқы ілмегімен тікелей өзара іс-қимыл жасасуы керек.
190. Далалық арбалеттің конструкциясы атушының бұлшық ет күші есебінен ғана қандай да бір құрылғыларды және тетіктерді қолданусыз оны қайыру мүмкіндігін көздеуі тиіс. Бұл үшін корпустың алдыңғы бөлігіне арбалетті қолмен қайыру үшін үзеңгіні бекітеді.
191. "Рамкалық", Т немесе Г тәріздес үзеңгілердің конструкциялары далалық арбалетті аяқпен ұстау үшін жеке бөлшек түрінде дайындалған, арбалет корпусының бөлігі болып табылатын бағанға қайыру кезінде бекітіледі. Далалық арбалетте спортшыларға – мүгедектігі бар адамдарға арналған қосымша қайыру құрылғыларын қолдануға (ерекше түрде) жол беріледі.
192. Далалық арбалетте бәсеңдету тетігін, өтемдеуіштерді, тұрақтандырғыштарды, дүмбі қолсабында қолға арналған реттелетін тұғырларды орнатуға жол беріледі.
193. Далалық арбалеттердің техникалық параметрлері:
адырнаны тарту күші (доғалардың (доғаның) күші) 20-дан 43 килограммға дейін;
доғалардың (доғаның) көлемі 900 миллиметрден көп емес;
көздеу сызығының ұзындығы 720 миллиметрден көп емес;
артқы көздеудің ұзындығы 150 миллиметрден көп емес;
адырнаның жұмыс барысы 300 миллиметрден көп емес.
далалық арбалеттің толық салмағы 10 килограммнан көп емес.
194. Далалық спорттық арбалеттер үшін алюминий қорытпасынан, композитті материалдардан немесе олардың комбинацияларынан жасалған, жебе түріндегі лақтырылатын снаряд қолданылады. Ұшы металдан (болат, қола) жасалады. Қауырсындардың саны, пішіні мен мөлшері, сондай-ақ жебенің массасы шектелмейді.
Жебенің техникалық параметрлері:
ұштықтың пішіні - жанданған немесе конустық;
доғал бұрышы - 600 миллиметрден көп емес (конустық ұштықтар үшін);
ұштық диаметрі жебе денесінің диаметрінен 2 миллиметрден артық болмауы керек;
жебенің ұзындығы 304-тен 457 миллиметрге дейін.
195. Жеңілдетілген конструкциядағы винтовка түріндегі әмбебап арбалеттің құндағы ағаштан (массивтен немесе желімделген шпоннан) немесе полимер материалдан жасалады.
196. Әмбебап арбалеттің корпусы жеңіл қорытпадан немесе пластиктен жасалады. Бағыттаушы тілімшені корпуспен біртұтасқа біріктіруге жол беріледі.
197. Аспалы жебесі бар әмбебап арбалеттерде бағыттаушы тілімше орнатылмайды, ал арбалет корпусының алдыңғы бөлігінде қозғалмайтын немесе құлайтын сөре орнатылады.
198. Әмбебап арбалеттің конструкциясы бір доғадан немесе екі бөлек доғалардан тұратын серпінді элементті көздеуі тиіс. Доғалар кез-келген металл емес материалдардан жасалады. Блоктар жүйесінің серпінді элементтерінде болуына жол беріледі.
199. Әмбебап арбалеттің құлпы сақтандырғышпен және соғу тетігімен біріктіріледі. Әмбебап арбалеттерде тек механикалық соғу тетігі қолданылады.
200. Әмбебап арбалетте:
екі көздеу құрылғысынан аспайтын көздеу жүйесінен тұратын: қозғалмайтын немесе реттелетін ұшымен (немесе бірнеше ұшымен) алдыңғы көздеу және артқы ашық немесе диоптикалық көздеу, оның ішінде электрондық көздеу құрылғыларын;
кеңістіктегі арбалет доғасының (доғаларының) орналасуын бақылауға арналған деңгейді қолдануға жол беріледі.
201. Әмбебап арбалеттің адырнасы синтетикалық жіптен жасалады. Адырнаның ұштарында доғалардың ұштарына киілетін ілмектер болуы керек. Адырнаның ілмектері мен ортаңғы бөлігінде сақтандыру орамалары қарастырылған. Блоктары бар доғаларда адырна эксцентрик-блоктарға немесе синтетикалық жіптерден немесе болат арқаннан жасалған қосымша адырналардың арнайы ілмектеріне бекітіледі. Қосымша адырналардың поливинилхлоридтен немесе өзге полимерден жасалған сақтандырғыш өрімі болуы тиіс.
202. Аспалы жебесі бар әмбебап арбалет үшін адырнаның ортаңғы бөлігіне адырнамен бірдей материалдан жасалған ілмек тоқылады.
203. Әмбебап арбалетте үзеңгінің еркін конструкциясы қолданылады.
204. Бағыттаушы тілімшемен жабдықталған әмбебап арбалет корпусының артқы жағында жебені бекіту үшін пластик немесе металл тілімшелі серіппе орнатылады. Қайыру механизмін әмбебап арбалеттің корпусына тікелей бекітуге немесе адырнаны қайыру және оқтау алдында алу үшін арбалетке орнатылатын жекелеген құрылғы түрінде дайындауға жол беріледі.
205. Әмбебап арбалетке бәсеңдету тетігін, өтемдеуіштерді, тұрақтандырғыштарды, дүмбі қолсабына реттелетін қол тұғырларын орнатуға жол беріледі.
206. Әмбебап арбалеттердің негізгі параметрлері:
адырнаны тарту күші (доғалардың (доғаның) күші) 20-дан 68 килограммға дейін;
доғалардың (доғаның) көлемі:
рекурсивті 914 миллиметрден көп емес;
блоктары 762 миллиметрден көп емес;
әмбебап арбалеттің толық салмағы 4,5 миллиметрден көп емес.
207. Әмбебап спорттық арбалеттер үшін алюминий қорытпаларынан, композитті материалдардан немесе олардың комбинацияларынан жасалған жебелер қолданылады. Жанданған пішінді ұштық металдан жасалады. Ұштықтың диаметрі жебе денесінің диаметріне тең. Қауырсындардың саны, пішіні мен мөлшері, сондай-ақ жебенің массасы шектелмейді. Кез келген пішінді және конструкциялы жебенің артқы ілмектерін пайдалануға жол беріледі.
Лақтырылатын снарядтың параметрлері мынадай болуы керек:
жебенің ұзындығы – 355-тен 610 миллиметрге дейін;
жебе ұшының пішіні - жанданған немесе конустық.
208. Металл доғалары бар арбалеттер доғалар (доға) сынған кезде сынықтардың ұшуын болдырмайтын қорғаныс бандажымен жабдықталуы тиіс.
209. Әмбебап спорттық арбалеттер адырнаны қайыру кезінде іске қосылатын автоматты сақтандырғышпен жабдықталуы тиіс.
210. Қауіпсіз жағдайда сақтандырғыш қайыру ілмегіне кемінде 15,3 килограмм күш салу кезінде атудың мүмкін еместігін қамтамасыз етеді. Сақтандырғыш жағдайының таңбалануы анық болуы тиіс.
211. Сақтандырғыш сақтандыру жағдайында сенімді бекітуді және оны "сақтандыру" жағдайынан "ату" жағдайына келтіру және кері ауыстыру кезінде атудың мүмкін еместігін қамтамасыз етеді. Сақтандырғыштың кептеліп қалуына жол берілмейді.
212. Арбалеттердің конструкциясы сақтандыру қапсырмасының болуын көздейді немесе соғубөлігін кездейсоқ басудан немесе зақымдаудан сақтауды қамтамасыз ететін конструктивті шешімдерді пайдалануға жол беріледі.
213. Арбалеттердің конструкциясы берік қысып ұстауды және адырнаны қайыру тетігімен ұстап тұруды қамтамасыз етуі тиіс. Адырнаны тарту кезінде және ату сәтінде доғаларды (доғаны) бұрауға жол берілмейді.
214. Арбалеттердің конструкциясы тұтастай конструкцияны (тораптар мен бөлшектерді) бұзбай, олардың беріктігін және бірнеше рет қолданылу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
215. Арбалеттің конструкциясы тартылған арбалет соққысынан атудың мүмкін еместігін қамтамасыз етуі тиіс.
216. Арбалеттерде өндірістік ақаулардың болуына және сынау процесінде ақаулардың (жарықтар, қатпарлар, материал тұтастығының бұзылуы, адырна орамасының ақаулары, оның жекелеген талшықтарының үзілуі) пайда болуына жол берілмейді.
217. Ұштары ұшталған жебелермен атуға арналған спорттық арбалеттер колчанмен (кивермен) жабдықталады.
218. Лақтырылатын снаряд оқталған арбалетте бекітіледі және оны тік күйге (ұшымен төмен) бірқалыпты ауыстыру кезінде түсіп қалмайды.
219. Лақтырылатын снаряд беріктікке ие және оны бұзбай бірнеше рет қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
220. Оқ атқан және нысанаға тиген кезде ұштықтың жебеден бөлінуіне жол берілмейді.
221. Арбалеттердің таңбалау белгілері (өндіруші кәсіпорынның жеке нөмірі және таңбасы (атауы, тауар белгісі немесе логотипі) болады. Таңбалау белгісі арбалеттің негізгі бөлшектерінің бірінің (корпус, бағыттаушы тілімше, құндақ) көрінетін бетіне салынады. Арбалетке қосымша орнатылатын құрылғылар таңбалау белгілерін жаппауы тиіс.
Таңбалау белгілері әртүрлі тәсілдермен (қалыптау, нақыштау, ою, күйдіру және басқалар) салынады.
3-параграф. Конструкциясы жағынан суық немесе лақтыратын қаруға ұқсас бұйымдар
1-кіші бөлім. Арнайы мақсаттағы аңшылық пышақтар
222. Суық қаруға конструкциясы жағынан ұқсас бұйымдарға арнайы мақсаттағы аңшылық пышақтар (мүшелейтін және тері сыпыратын), туристік және арнайы спорттық пышақтар, туристік мачете, мүшелейтін және қалпына келтіру және құтқару жұмыстарына арналған аспаптар (ҚКҚЖА), арбалеттер мен демалуға және көңіл көтеруге арналған садақтар, сондай-ақ сыртқы құрылысы бойынша суық қаруға немесе лақтырылатын қаруға ұқсас сәндік және кәдесый бұйымдары жатады.
223. Арнайы мақсаттағы аңшылық пышақтар (мүшелейтін, тері сыпыратын) кәсіптік немесе спорттық аңшылық (оның ішінде су асты) және балық аулау жағдайларында болсын, жабайы және үй жануарларының (теңіз жануарларының, балық және құстардың) терісін сыпыратын және мүшелейтін шаруашылық мақсаттарда болсын пайдалануға арналған шаруашылық-тұрмыстық пышақтар болып табылады және сұқпалы суық қаруға жатпайды.
224. Мүшелейтін және тері сыпыратын пышақтар конструкциясы бойынша үш түрге бөлінеді:
жиналмайтын бөлінбейтін (оның ішінде өзгеретін);
жиналмайтын құрастырмалы (оның ішінде алмалы-салмалы, ауыстырмалы сұқпалары және заттары бар);
жиналмалы.
225. Мүшелейтін және тері сыпыратын пышақтардың конструкциясында мүшелейтін және тері сыпыратын пышақтардың стандартты, сондай-ақ жиналатын және жиналмайтын аңшылық пышақтар мен тіршілікті сақтауға арналған пышақтардың конструкцияларына негізделген конструкцияларға рұқсат етіледі, бірақ олардың жауынгерлік қасиеттері конструкциясы мен техникалық сипаттамаларының өзгеруіне байланысты азаяды.
226. Мүшелейтін және тері сыпыратын пышақтар сұқпа мен қолсаптан тұрады, пышақтың берік ұсталуын және жануарлардың, балықтардың және құстардың терісін сыпыру және мүшелеу кезінде оны пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шектегіштің не қолсабында саусақ асты ойықтарының болуына жол беріледі.
227. Мүшелейтін және тері сыпыратын пышақтар сұқпаларын қолсаптармен (оның ішінде жиналмалы және өзгеретін топсалы) біріктіру тығыз және берік болуы тиіс.
228. Құрастырмалы (оның ішінде алмалы-салмалы, ауыстырмалы сұқпалары бар) мүшелейтін және тері сыпыратын пышақтарда сұқпаны қолсабымен бекіту беріктігі тиісті бұрандалы (немесе өзге де) қосылыстармен қамтамасыз етілуі керек.
229. Мүшелейтін және тері сыпыратын пышақтардың сұқпалары мен қолсаптарының конструкциясы аңшылық пышақтарға тән зақымдайтын сұқпалы соққы беру мүмкіндігін көздемеуі тиіс. Көрсетілген жағдайларда:
пышақ сұқпасы ұшының үйлесу бұрышының 70° асуына;
сұқпа сырты қалыңдығының 5-6 миллиметрден асуына;
қисық сызықты сұқпа ұшының сырт жағының сызығынан 5 миллиметрден жоғары орналасуына;
сұқпаның сыртқы жағы мен қолсабының жоғары бөлігі бойынша иілу шамасы 15-20 миллиметрден асатын иінтірек түрінде иілуінің болуына;
қолсабын шектегіш пен саусақ асты ойықтарының болмауына рұқсат етіледі, бұл оны жарақат келтіру қаупі бар және басқа етеді).
230. Мүшелейтін және тері сыпыратын пышақтар сұқпаларының конструкциялары (олардың пішіні, салмағы, өлшемдері және басқа), сондай-ақ оларды дайындау үшін қолданылған материалдар қажетті беріктігі мен қаттылығына ие болуы және оларды жабайы және үй жануарларының (оның ішінде теңіз, балық және құстардың) терісін сыпыру және мүшелеу үшін қолдану мүмкіндігін, бұл ретте олардың жұмысының жеткілікті беріктігін қамтамасыз етуі тиіс.
231. Жиналмалы мүшелейтін және тері сыпыратын, сондай-ақ құрастырмалы өзгеретін пышақтардың сұқпалары және олармен біріктірілген құралдардың бір жолағында жұмыс жағдайында мықты бекітілуі тиіс, яғни арнайы бекіткіштері болуы тиіс.
232. Сұқпаны қатты бекітпей, ұсақ жануарлардың, балықтардың және құстардың денелерін мүшелеуге және терісін сыпыруға арналған жиналмалы мүшелейтін және тері сыпыратын пышақтарды дайындауға жол беріледі.
233. Жиналмалы мүшелейтін және тері сыпыратын пышақтардың конструкциясына сұқпаны серіппесіз бекітуге (мысалы, рамалық) жол беріледі.
234. Өзгермелі мүшелейтін және тері сыпыратын пышақтардың конструкциясында бір ұшында сұқпа, ал екінші ұшында не өзге сұқпа не құрылғы жасалған, металл тілімшеде бекітілген, топсалы оське қатысты қолсаптың екі бөлігінің орнын өзгертуді көздеуге жол беріледі.
235. Жиналмалы және алмалы-салмалы (ауыстырмалы) сұқпалары мен заттары бар мүшелейтін және тері сыпыратын пышақтардың конструкциясында сұқпаларды немесе заттарды теріні сыпыру және мүшелеу кезінде пышақты қолданудың ыңғайлылығын қамтамасыз ететін қолсабына қатысты (перпендикуляр немесе өзге бұрыштармен) бір және бірнеше қалыпта бекіту көзделеді.
236. Жиналмалы мүшелейтін және тері сыпыратын пышақтарды ұзындығы қолсабының ұзындығынан асатын сұқпалармен дайындауға жол беріледі. Бұл жағдайда пышақтың жиналмалы конструкциясы ұзындығы бойынша неғұрлым қысқа, жиналмайтын ұқсас пышақтарды, қынаптарды алып жүруге ыңғайлы болуы үшін және ұсақ жануарлардың, балықтардың және құстардың терісін сыпыру және мүшелеу кезінде пайдалану үшін оның жалпы ұзындығын азайту мақсатында қолданылады. Бұл ретте қолсабы осындай пышақты бүктелген күйде (қысқартылған сұқпамен) мақсатты қолдану қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек.
237. Мүшелейтін және тері сыпыратын пышақтардың жүздері жүзінің бүкіл ұзындығына немесе оның бір бөлігіне жасалатын қайрауға ие. Мүшелейтін және тері сыпыратын пышақтарда сыртқы беті мен қиғаш жеріне сұқпаның 2/3 аспайтын ұзындығы бөлігіне (оның ұшына) қосымша қайрауды қолдану көзделген. Мұндай қайрау деңгейіне шектеулер жоқ.
238. Мүшелейтін және тері сыпыратын пышақтарды қанжар сұқпасымен дайындауға жол берілмейді.
239. Мүшелейтін және тері сыпыратын пышақтарда қолсаптың арнайы ойықтарында және тікелей сұқпада, сондай-ақ тілімшенің артқы ілмегінде (өзгеретін пышақтарда), пышақ қынаптарында (қабында) орналасатын тұрмыстық немесе арнайы мақсаттағы қосымша заттар мен құрылғылардың (жүзі бар арнайы ілмек (ілмек) түріндегі қайраудың, негізгі сұқпаның сыртқы жағында орналасатын не жекелеген зат түріндегі ара) болуына жол беріледі.
240. Алмалы-салмалы (ауыстырмалы) сұқпалары мен заттары бар мүшелейтін және тері сыпыратын пышақтарға қосымша ауыстырмалы сұқпалардың жиынтығын, сондай-ақ негізгі сұқпаның орнына орнатылуы және құралды қолданбай ауыстырылуы тиіс заттар (балта, қалақ, сүйек кесуге арналған ара) дайындауға жол беріледі.
241. Мүшелейтін және тері сыпыратын пышақтардың сұқпаларында әскери жауынгерлік қысқа сұқпалы суық қаруға тән және жыртылған жарақат салуға арналған арнайы шығыңқы жерлер мен ойықтарды жасауға жол берілмейді.
242. Тері сыпыратын және мүшелейтін пышақтардың сұқпалары олардың ұзақ пайдаланылуын және сұқпаларды неғұрлым жеңіл тазалау мүмкіндігін қамтамасыз ететін термиялық немесе механикалық өңдеу, арнайы жабындар (күйдіру, күңгірт бетке дейін ажарлау, металдарды бояу, тозаңдату) салу технологияларын пайдалана отырып дайындалады.
243. Мүшелейтін және тері сыпыратын пышақтар қолсаптарының әртүрлі:
сұқпаның артқы ілмегімен түрлі тәсілдермен (оның ішінде топсалы) бекітілген сабы, плашкалары бар;
бір немесе екі жақты шектегіштері немесе оларсыз;
сапта және төлкеде бір немесе бірнеше саусақ асты ойықтары бар;
бір немесе екі төлке, сүйір төбе немесе онсыз (бүлдіргіге арналған құралды бекітумен немесе онсыз);
пышақтардың өзгермелі қолсаптары бар конструкцияларына рұқсат етіледі.
244. Тіршілікті сақтауға арналған пышақтардың типі бойынша жасалған құрастырмалы және бөлінбейтін мүшелейтін және тері сыпыратын пышақтардағы қолсаптың ең типтік конструкциясы – сыртқы бетінде рельефті орамасы бар, екі жақты шектегіші бар (немесе онсыз) және саппен бұрандалы қосылу арқылы оны жабатын сүйір төбесі бар цилиндрлік қуыс металл (немесе басқа берік материалдардан жасалған) қолсап болып табылады. Қолсап дәнекерлеу арқылы (бөлінбейтінде) немесе бұрандалы қосылыстың көмегімен (құрастырмалы пышақтарда) артқы ілмекке мықтап жалғанады, бұл ретте гайка қолсап қуысында орналасады. Қолсаптың осындай конструкциясы ілеспе заттар мен құрылғылардың қуысында ықшам сақтауды қамтамасыз етеді.
245. Мүшелейтін пышақтардың конструкциясында балықшыларға арналған қолсаптарды суға төзімді жеңіл не су бетінде пышақтардың қалқыма қасиеттерін қамтамасыз ететін, ішкі қуысы ауамен толтырылған материалдардан дайындауға жол беріледі. Қолдан босатылған мұндай пышақты табуды жеңілдету үшін олардың қолсаптарын көзге көрінетін ашық түстермен бояуға жол беріледі.
246. Мүшелейтін және тері сыпыратын пышақтардың қолсаптарын әртүрлі табиғи және синтетикалық материалдардан немесе олардың комбинацияларынан жасауға жол беріледі.
247. Мүшелейтін және тері сыпыратын, жиналмалы пышақтардың сұқпалары, заттары мен құрылғылары ойықтарға үшкір бөлігімен кіруі және қолдану және кию кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуі, сондай-ақ пышақтың заттары мен құрылғыларынан зақымдалмауы тиіс.
248. Мүшелейтін және тері сыпыратын жиналмалы пышақтардың сұқпалары, заттары мен құрылғылары қолсаптың ойықтарынан оңай алынып тасталуы керек.
249. Мүшелейтін және тері сыпыратын жиналмалы пышақтардың сұқпаларын, заттары мен құрылғыларын ашуға ыңғайлы болуы үшін олардың қолсаптарында оларға қол жеткізуді жеңілдететін тереңдіктер немесе ойықтар болады; не тікелей сұқпаларда, заттар мен құрылғыларда - арнайы тереңдіктер немесе ойықтар болады.
250. Мүшелейтін және тері сыпыратын пышақтардың техникалық параметрлері:
шаруашылық-тұрмыстық пышақтар болып табылатын, сыртқы жағының қалыңдығына және пышақтың конструкциясына қарамастан, конструкциясы қысқа сұқпалы суық қаруға ұқсас арнайы мақсаттағы аңшылық пышақтардың (мүшелейтін және тері сыпыратын) Роквелл шкаласы бойынша қаттылығы 25 бірліктен (25 НRS) жоғары сұқпалар үшін 90 миллиметрге дейінгі шекті ең жоғары ұзындығы;
пышақтың конструкциясында бір жақты немесе екі жақты шектегіш не қолсабындағы саусақ асты ойықтары болған кезде сұқпаның ұзындығы 150 миллиметрге дейін болған кезде сұқпаның сыртының қалыңдығы 2,4 миллиметрден кем болады;
сұқпаның ұзындығына қарамастан, егер пышақ қолсабының жарақат салу қаупі бар болса, сұқпаның қалыңдығы 2,6 миллиметрден астам, яғни пышақтың конструкциясында қорғау құрылғылары (бір жақты немесе екі жақты шектегіш, тұтқаға саусақ асты ойықтар) жоқ;
қолсап сабының ұзындығы 70 миллиметрден аспауы тиіс;
сұқпаның ұшын және қолсабының жоғары ұшын жалғайтын шартты түзу сызықтан жоғары "таразы" түріндегі доға тәрізді пышақ қолсабының сырты мен жоғары бөлігінің бүгілу шамасы 15 миллиметрден асуы тиіс (осы талап сұқпаның ұшының доғасына немесе сабының жоғары ұшына қатысты жоғары жылжуы бар және сұқпаның жоғарғы ұшына жатпайтын пышақтарға қолданылмайды кесілетін және теріден алынатын);
сұқпаның ұшы сыртқы жағының сызығынан шығып тұратын майысу шамасы 5 миллиметрден асады.
251. Мүшелейтін және тері сыпыратын пышақ қолсабының егер:
шектегіштің бір жақты немесе екі жақты ені қолсап сабының енінен 5 миллиметрге асып кетсе (сомада);
шектегіш болмаған кезде алдыңғы төлкеде немесе қолсап сабында бір саусақ асты ойығының тереңдігі 5 миллиметрден кем болса;
бір саусақ асты ойығы бар қолсап сабында саусақ асты ойығының тереңдігі 4 миллиметрден кем болса;
бөшке тәрізді қолсаптың ортаңғы бөлігіндегі максималды диаметрдің және жоғары аймақтағы минималды диаметрдің айырмашылығы 8 миллиметрден аспаса, жарақат салу қаупі бар және қорғаныс құрылғыларынсыз болып саналады.
252. Пышақ сұқпасының қиғаш сыртқы жағында оның ұшынан 1/3 аспайтын қашықтықта тері сыпыруға және мүшелеуге арналған жүзі (ілмегі) бар арнайы ілмек (туристік және арнайы спорттық пышақтардың, сондай-ақ тіршілікті сақтауға арналған пышақтардың сұқпаларына тән арқанды, жіпті және басқасын кесуге арналған ұқсас ілмегі тікелей сыртында бар тері көтергіш пышақтарға жатпайды), сондай-ақ өмір сүруге арналған пышақтар орындалады.
253. Жиналмалы пышақтың сұқпасы қатты бекітуді көздемейді.
254. Сұқпаның конструкциясы аңшылық пышақтарға тән шанышпалы соққымен зақымдайтын мүмкіндікті көздемеуі тиіс. Сұқпаның дөңгеленген пішіні немесе ұшының болмауы, сұқпаның жалпы жоғары қалыңдығы, оның "жауынгерлік" ұшы немесе сырты, сұқпаның сырты мен жүзі сызығының үлкен (кемінде 70°) түйісу бұрышы, сондай-ақ жеке немесе кешенді түрде қолданылатын конструктивті шешімдер мүшелейтін және тері сыпыратын пышақтардың зақымдаушы қасиеттерін айтарлықтай төмендетуі немесе толығымен алып тастауы тиіс.
255. Мүшелейтін және тері сыпыратын пышақтарға қалыңдығы 2,6 мм-нен асатын сұқпалардың сыртының барынша иілу мәні:
егер сұқпаның ұзындығы 5 миллиметрден астам, 180 миллиметрге дейін болса;
егер сұқпаның ұзындығы 10 миллиметрден астам, 180 миллиметрден асатын болса жатады.
256. Мүшелейтін және тері сыпыратын пышақтар сұқпасының қаттылығы шексіз.
257. Мүшелейтін және тері сыпыратын пышақтардың таңбалау белгілері (тіркеуге арналған нөмірі және өндірушінің таңбасы) болады.
Таңбалау белгілері осы Криминалистикалық талаптардың 65-тармағына сәйкес салынады.
2-кіші бөлім. Туристік және арнайы спорттық пышақтар
258. Туристік және арнайы спорттық пышақтар шаруашылық-тұрмыстық пышақтар болып табылады және сұқпалы суық қаруға жатпайды және туристік, соның ішінде оның арнайы түрлерімен (альпинизммен және су туризмімен), сондай-ақ жекелеген спорт түрлерімен (су астында жүзумен, парашют спортымен) жарақтандыруға арналған.
259. Туристік және арнайы спорттық пышақтар өзінің конструкциясы бойынша үш түрге бөлінеді:
жиналмайтын бөлінбейтін (оның ішінде өзгеретін);
жиналмайтын құрастырмалы (оның ішінде алмалы-салмалы, ауыстырмалы сұқпалары және заттары бар);
жиналмалы.
260. Туристік және арнайы спорттық пышақтар сұқпа мен қолсаптан тұрады, пышақтың берік ұсталуын және жорық жағдайларында және белгілі бір спорт түрлерімен шұғылданған кезде шаруашылық және арнайы жұмыстарды орындаған кезде оны пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қолсапта шектегіштің не саусақ асты ойықтарының болуына жол беріледі.
261. Сұқпаның туристік, арнайы спорттық және құрастырмалы (оның ішінде алмалы-салмалы, ауыстырмалы сұқпалармен) пышақтардың қолсабымен қосылған жері мықты және қатты. Құрастырмалы туристік және арнайы спорт пышақтарының (оның ішінде алмалы-салмалы, ауыстырмалы сұқпалары бар) пышақтарында сұқпаның қолсаппен бекітілу беріктігі жеткілікті шамада тиісті бұрандалы (немесе өзге) қосылыстармен қамтамасыз етілуі тиіс.
262. Туристік және арнайы спорттық пышақтар сұқпаларының сыртқы бетінде, бөлшектерінде бұйымның беріктігі мен қауіпсіздігін және оның сыртқы түрін нашарлататын сырлауға, бұрауға, раковиналарға, жарықтарға, қатпарлануларға жол берілмейді.
263. Жиналмалы туристік және арнайы спорттық, сондай-ақ құрастырмалы өзгеретін пышақтар сұқпаларының және олармен бір сызықта біріктірілген құралдардың жұмыс жағдайында қатаң бекітілуіне жол беріледі.
264. Жиналмалы туристік және арнайы спорттық пышақтардың конструкциясына сұқпаның серіппесіз бекітілуіне жол беріледі. Ұзындығы 90 миллиметрден асатын сұқпасы қолсаптан тетікке немесе рычагқа басқан кезде автоматты алынатын және олармен бекітілетін не ауырлық күшінің немесе жылдамдатылған қозғалыстың есебінен жылжитын және автоматты бекітілетін жиналмалы туристік және арнайы спорттық пышақтарды дайындауға жол берілмейді.
Осы тармақтың талаптары сұқпасының ұшы болмайтын арнайы спорттық пышақтарға таралмайды.
265. Өзгеретін туристік және арнайы спорттық пышақтардың конструкциясында бір ұшында сұқпа, ал екінші жағында (артқы ілмекте) не өзге сұқпа не қандай да бір зат немесе құрылғы жасалған қолсапқа нығайтылған тілімшенің айналуын көздеуге жол беріледі.
266. Өзгеретін туристік және арнайы спорттық пышақтардың конструкциясында бір ұшында сұқпа, ал екінші жағында не өзге сұқпа не қандай да бір зат немесе құрылғы жасалған, металл тілімшеге бекітілген топсалы осьтерге қатысты қолсаптың екі бөлігінің жағдайын өзгертуді көздеуге жол беріледі.
267. Жиналмалы және алмалы-салмалы (ауыстырылатын) сұқпалары мен заттары бар туристік және арнайы спорттық пышақтардың конструкциясында әртүрлі шаруашылық немесе арнайы жұмыстарды орындау кезінде пышақты қолдану ыңғайлылығын қамтамасыз ететін сұқпаларды немесе заттарды қолсабына қатысты бір немесе бірнеше қалыпта (перпендикуляр немесе өзге бұрыштарда) бекіту көзделеді.
268. Жиналмалы туристік пышақтарды ұзындығы қолсап ұзындығынан асатын сұқпалармен жасауға жол беріледі. Бұл жағдайда пышақтың жиналмалы конструкциясы ұзындығы бойынша ұқсас жиналмайтын пышақтарға, қынаптарға қарағанда қысқалау түрде алып жүру ыңғайлылығы үшін оның жалпы ұзындығын азайту мақсатында қолданылады. Бұл ретте қолсап пышақты қынапсыз, жиналған күйде алып жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етпеуі мүмкін.
269. Туристік және арнайы спорттық пышақтардың жүзінің қайрағы болады, ол жүзінің немесе оның бір бөлігінің бүкіл ұзындығына жасалады.
270. Туристік және арнайы спорттық пышақтарды сұқпаның (оның ұшынан) 1/3 көп емес ұзындығына қиғашынан және сыртқы бөлігін қосымша қайрауға болады. Мұндай қайрау деңгейіне шектеулер жоқ.
271. Қанжар сұқпалы туристік пышақтарды жасауға жол берілмейді.
272. Туристік және арнайы спорттық пышақтарда қолсапта және оның қуысында немесе сүйір төбесінде де, сұқпаның өзінде де, сондай-ақ тілімшенің артқы ілмегінде (өзгеретін пышақтарда), пышақтың қынабында (құндағында) орналасатын тұрмыстық мақсаттағы (біз, штопор, консерві ашқыш, балта, компас, дәрі қорап, шырпы, мықты бау) және арнайы мақсаттағы: жіптер мен арқандарды кесуге арналған түйінді түріндегі қайрақ, негізгі сұқпаның сыртында не жекелеген зат түрінде орындалған ағашты кесетін ара, балық аулау құралдары, бұрағыш қосымша заттар мен құрылғылардың болуына жол беріледі.
273. Алмалы-салмалы (ауыстырмалы) сұқпалары мен заттары бар туристік және арнайы спорттық пышақтарға қосымша ауыстырмалы сұқпалар жиынтығы, сондай-ақ негізгі сұқпаның орнына орнатылуы және құралды қолданбай ауыстырылуы тиіс заттар (балта, қалақ, ағаш кесетін ара, бұрағыш) жасауға жол беріледі.
274. Туристік және арнайы спорттық пышақтардың сұқпаларында әскери жауынгерлік қысқа сұқпалы суық қаруға тән және жырымдалған жара салуға арналған арнайы шығыңқы жерлер мен ойықтарды дайындауға жол берілмейді.
275. Туристік және арнайы спорттық пышақтардың сұқпаларын олардың беттерінің бликке қарсы құрылымын қамтамасыз ететін термиялық немесе механикалық өңдеуді пайдаланып, арнайы жабындарды жағу (қарайту, күңгірт бетке дейін ажарлау, металдарды бояу, тозаңдату) арқылы дайындауға жол беріледі.
276. Туристік және арнайы спорттық пышақтардың қолсаптары шаруашылық және арнайы жұмыстарды орындаған кезде өнімді қолдану қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жеткілікті мұқият өңдеуді және конструкцияны көздейді.
277. Туристік және арнайы спорттық пышақтар қолсаптарының конструкциясы:
сұқпаның артқы ілмегімен әртүрлі тәсілдермен (оның ішінде топсалы) бекітілген сап не плашкалармен;
бір немесе екі жақты шектегіштермен немесе оларсыз;
апта және төлкеде бір немесе бірнеше саусақ асты ойықтары бар;
бір немесе екі төлкемен, сүйір төбемен (компасты немесе бүлдіргіге арналған құралды бекіте отырып немесе онсыз);
пышақтардың өзгермелі қолсаптарымен болады.
278. Тіршілікті сақтауға арналған пышақтар типінде жасалған құрастырмалы және бөлінбейтін туристік және арнайы спорттық пышақтардың конструкциясы сыртқы бетінде рельефті орамасы, екі жақты шектегіші мен саппен бұрандалы қосылысы арқылы оның қуысын жауып тұратын сүйір төбесі бар цилиндрлік қуыс металл қолсап (немесе басқа берік материалдардан жасалған) болып табылады. Қолсап артқы ілмекпен дәнекерлеу арқылы (бөлінбейтін) немесе бұрандалы қосылыстың көмегімен (құрастырмалы пышақтарда) мықты қосылған, бұл ретте гайка қолсаптың қуысында орналасады.
279. Су астында жүзуге арналған арнайы спорттық пышақтарға арналған қолсаптар суға төзімді материалдардан (резеңке, пластмасса) жасалады. Су астында жүзуге арналған арнайы спорттық пышақтардың қолсаптарын суға төзімді, жеңіл не су бетінде пышақтардың қалқыма қасиеттерін не олардың тереңдікте қалқыма күйде болуын қамтамасыз ететін ішкі қуысы ауамен толтырылған материалдардан жасауға жол беріледі.
280. Туристік пышақтардың қолсаптарын әртүрлі табиғи және синтетикалық материалдардан немесе олардың комбинацияларынан жасауға жол беріледі.
281. Туристік және арнайы спорттық жиналмалы пышақтардың сұқпалары, заттары мен құрылғылары ойықтарға үшкір бөлігімен кіруі және қолданған және алып жүрген кезде қауіпсіздікті қамтамасыз етуі, пышақтың заттары мен құрылғыларынан зақымдалмауы, сондай-ақ қолсабының ойығынан оңай шығарылуы тиіс.
Туристік және арнайы спорттық жиналмалы пышақтардың сұқпаларын, заттары мен құрылғыларын ашу ыңғайлылығы үшін олардың қолсаптарында оларға қолжетімділікті жеңілдететін тереңдіктер немесе ойықтар; не тікелей сұқпаларда, заттар мен құрылғыларда арнайы тереңдіктер немесе ойықтар сұқпаларда көзделген.
282. Жиналмалы және өзгеретін пышақтар тойтармаларының бастары, осьтерінің ұштары, сондай-ақ сұқпалардың, заттар мен құрылғылардың бөлшектері мен шығыңқы бөліктері мұқият өңделуі және пышақтарды қолдану мен алып жүру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуі тиіс.
283. Сұқпаның ұзындығы қолсаптың ұзындығынан асатын жиналмайтын және жиналмалы туристік және арнайы спорттық пышақтар табиғи, синтетикалық немесе оларды кию кезінде қауіпсіздікті, сондай-ақ барлық қосымша заттар мен құрылғыларды алып жүруді және сақталуын қамтамасыз ететін әртүрлі материалдардың комбинацияларынан жасалған сақтандырғыш қынаптармен (құндақтармен) жабдықталуы тиіс.
284. Сұқпасының ұзындығы қолсаптың ұзындығынан аз жиналмалы пышақтарды олардың сақталуын қамтамасыз ететін табиғи, синтетикалық немесе әртүрлі материалдардың комбинацияларынан жасалған қынаптармен жабдықтауға жол беріледі.
285. Туристік және арнайы спорттық пышақтар үшін Роквелл шкаласы бойынша қаттылығы 25 бірліктен жоғары (25 HRC) сұқпаларға арналған шекті өлшемдер белгіленген:
пышақтың конструкциясында бір жақты немесе екі жақты шектегіш не қолсаптағы саусақ асты ойықтары болған кезде ұзындығы 150 миллиметрге дейін;
пышақ конструкциясында бір жақты немесе екі жақты шектегіш немесе қолсаптағы саусақ асты ойықтары болмаған кезде ұзындығы 220 миллиметрге дейін.
сыртқы жағының қалыңдығы 2,4 миллиметрден көп емес.
286. Туристік және арнайы спорттық пышақ конструкциясының шектегіші және қолсабында саусақ асты ойықтары, егер:
бір жақты немесе екі жақты (сомада) шектегіштің ені қолсап сабы енінен 5 миллиметрге асып кетсе;
шектегіш болмаған кезде алдыңғы төлкеде немесе қолсап сабында бір саусақ асты ойығының тереңдігі 5 миллиметрге кем болса;
біреуден астам саусақ асты ойығы бар қолсап сабында саусақ асты ойығының тереңдігі 4 миллиметр аз болса жоқ деп саналады.
287. Туристік және арнайы спорттық пышақтарда Роквелл шкаласы бойынша қаттылығы 25 бірліктен (25 HRC) жоғары сұқпалардың сыртының қалыңдығы олардың сұқпаларының ұзындығы 90 миллиметрге кем болған жағдайларда 2,4 миллиметрге артық болуына жол беріледі.
288. Туристік және арнайы спорттық пышақтарға, сұқпаның қалыңдығы мен ұзындығына қарамастан, сұқпасының қаттылығы Роквелл шкаласы бойынша 25 бірліктен (25 HRC) төмен және жорық жағдайларында және арнайы спорт түрлерімен айналысқан кезде пайдалануға арналған пышақтар жатады.
289. Сұқпалардың қалыңдығы мен ұзындығына қарамастан туристік және арнайы спорттық пышақтарға сұқпаларды жұмыс жағдайында қатты бекітпейтін және жорық жағдайлары мен арнайы спорт түрлерімен айналысқан кезде пайдалануға арналған жиналмалы пышақтар жатады.
290. Сұқпалардың қаттылығына қарамастан туристік пышақтарға бекітілетін сұқпалардың ұзындығы (қанжар және стилет типіндегі түрін қоспағанда) 105 миллиметрден аспайтын және сыртының қалыңдығы 3,5 миллиметрге дейінгі, конструкциясы:
қолсабының ұзындығы бойына тік артқы жағына қарама-қарсы жақтың доға тәрізді пішінінің енуі ("сорғы" типті тұтқа);
"сорғы" типіндегі қолсабының ортаңғы бөлігіндегі ені 20 миллиметрден аспау;
шектегіштердің және айқын саусақ асты ойықтарының болмауы;
"сорғы" типіндегі қолсабының үйкеліс қасиеттерін төмендететін материалдар мен оларды өңдеу технологияларын (тегістеуге, жылтыратуға ұшыраған металл, ағаш, пластмасса) дайындаған кезде қолдану есебінен пышақты қару ретінде қолдану қауіпсіздігін қамтамасыз етпейтін конструкциялы, қолсабы бар жиналмалы пышақтар да жатады.
291. Альпинистерге арналған арнайы спорттық пышақтар сұқпаларының ұзындығының, олардың қаттылығына қарамастан, егер сұқпалардың қалыңдығы 2 миллиметрден кем болса, осы Криминалистикалық талаптардың 285-286-тармақтарында көрсетілген шамадан асуына жол беріледі.
292. Су астында жүзуге (аквалангист пышақтары) және су туризміне арналған арнайы спорттық пышақтар сұқпаларының ұзындығы мен сыртының қалыңдығының, сұқпаның қаттылығына қарамастан, егер олардың сұқпалары ұшының конструкциясы су астындағы аңшылыққа арналған аңшылық пышақтарға тән зақымдайтын шанышпалы соққы беру мүмкіндігін көздемесе, осы Криминалистикалық талаптардың 285-286-тармақтарында көрсетілген шамадан асуына жол беріледі. Көрсетілген жағдайларда пышақ сұқпасы ұшының орнында қосымша құрал-саймандардың немесе құрылғылардың (бұрағыш, кескіш, қалақ, гайка кілті) жұмыс бөліктерін орындауға жол беріледі.
293. Туристік және арнайы спорттық пышақтардың таңбалау белгісі (өндіруші кәсіпорынның тауар белгісі (немесе логотипі) болады.
Таңбалау белгісі бұйымдарға оларды дайындау кезінде әртүрлі тәсілдермен (қалыптау, нақыштау, өңдеу, күйдіру және басқа) туристік және арнайы спорттық пышақтың кез-келген бөлігіне (пышақ, шектегіш, тұтқа) салынады.
3-кіші бөлім. Туристік, мүшелейтін мачете мен қалпына келтіру және құтқару жұмыстарына арналған құрал-саймандар
294. Туристік, мүшелейтін мачете мен қалпына келтіру және құтқару жұмыстарына арналған құрал-саймандар (бұдан әрі – ҚКҚЖҚС) шаруашылық-тұрмыстық бұйымдар болып табылады және азаматтық сұқпалы суық қаруға жатпайды.
295. Туристік, мүшелейтін мачете мен ҚКҚЖҚС өз конструкциясы бойынша екі түрге:
жиналмайтын (ауыстырмалы қосымша заттары немесе құрал-саймандары бар бөлшектенбейтін және құрастырмалы);
бекіткіші бар немесе бекіткішсіз жиналмалыға жатады.
296. Туристік, мүшелейтін мачете мен ҚКҚЖҚС конструкциясы шаруашылық және арнайы жұмыстарды жүргізген кезде олардың ұзақ мерзімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
297. Туристік, мүшелейтін мачете мен ҚКҚЖҚС суық қаруға тән зақымдайтын қасиеттерге ие болмауы керек немесе бұл қасиеттер бұйымның конструкциясы мен техникалық сипаттамаларының ерекшеліктеріне байланысты айтарлықтай төмендетілуі керек.
298. Туристік, мүшелейтін мачете мен ҚКҚЖҚС төсемінің сұқпаларын біріктіру мықты және қатты.
299. Жиналмалы туристік, мүшелейтін мачете мен ҚКҚЖҚС ұзындығы міндетті түрде қолсап ұзындығынан асатын сұқпамен (төсеммен) жасалады.
Жиналмалы конструкция алып жүруге ыңғайлы болуы үшін тасымалдау кезінде өнімнің жалпы ұзындығын азайту мақсатында ғана қолданылады. Бұл ретте қолсап бүктелген күйде бұйымды қынапсыз алып жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етпеуі мүмкін.
300. Туристік, мүшелейтін мачете мен ҚКҚЖҚС сұқпаларының бетінде, сондай-ақ металл бөліктерінде бұйымның беріктігін, қауіпсіздігін және оның сыртқы түрін нашарлататын бояуға, қылтанақтарға, раковиналарға, жарықтарға, қатпарлануға жол берілмейді.
301. Туристік, мүшелейтін мачете мен ҚКҚЖҚС жүзі қолсап жағынан жүзінің бөлігіне салынатын, бірақ жүзінің жалпы ұзындығынан 1/4 аспайтын бір немесе екі жақты қайрауы болуы тиіс. ҚКҚЖҚС төсемінде оның бүкіл ұзындығы немесе бір бөлігі бойынша жүзінің өтпей қалуына, сондай-ақ сұқпаның қиғаш қырында (төсемнің алдыңғы жиегінде) немесе сыртында сұқпаның ұзындығынан 1/2 артық емес ұзындығына қосымша қайрауды салуға жол беріледі. Қайрау дәрежесі шектелмейді.
302. Туристік, мүшелейтін мачете мен ҚКҚЖҚС сұқпаларының бүйір жағында қолаттардың болуына жол беріледі (қолат саны шектелмейді).
303. Туристік, мүшелейтін мачете мен ҚКҚЖҚС төсемдері сұқпаларында жауынгерлік суық қаруға тән және жырымдалған жарақат салуға арналған арнайы шокты ойықтардың болуына жол берілмейді.
304. Туристік, мүшелейтін мачете мен ҚКҚЖҚС қолсаптары мен олардың бөліктерін жасау үшін әртүрлі материалдар (ағаш, ағаш безі, қайың қабығы, былғары, бау, мүйіз, сүйек, металл, пластмасса, резеңке, табиғи және синтетикалық материалдар немесе олардың комбинациялары) пайдаланылады.
305. Туристік, мүшелейтін мачете мен ҚКҚЖҚС қолсаптарының конструкциясы әртүрлі (салынған, престелген, құйылған немесе плашкалармен), бүлдіргіге арналған бекіткішпен немесе онсыз дайындалады. Туристік, мүшелейтін мачете мен ҚКҚЖҚС қолсаптарын қорғаныс құрылғыларымен және оларсыз жасауға жол беріледі.
306. Қолсаптарды жауынгерлік қаруға тән ұру конусымен жабдықтауға жол берілмейді.
307. Туристік, мүшелейтін мачете мен ҚКҚЖҚС-ны қолсаптың қуысына не сұқпаның сыртына немесе бүйіріне орналастырылған тұрмыстық және арнайы мақсаттағы қосымша заттармен жәнеқұрылғылармен дайындауға жол беріледі.
308. Туристік, мүшелейтін мачете сұқпаларына арналған техникалық шекті параметрлер:
ұзындығы 175-тен 500 миллиметрге дейін;
қалыңдығы 1,5 миллиметрден кем емес;
ені (ең үлкен) 35 миллиметрден кем емес;
ұшының бұрышы 70° артық;
сұқпалардың қаттылығы Роквелл шкаласы бойынша 25 бірліктен (25 HRC) кем.
309. Жарақат салу қаупі жоқ қолсабы болған жағдайда, егер:
ұшы сұқпаның ортаңғы сызығынан сырт жағына немесе жүзіне қарай тым алыс орналасса;
сұқпаның ұшы жағына сына тәрізді шығып кетуі болмаса;
сыртында не оның қиғаш жерінде қосымша қайрау не фаска болмаса;
тікелей ұшында қайрау ені 15 миллиметрден артық болмаса;
конструкцияның мақсатты шанышпалы-кесетін соққы жасау үшін мачетені пайдалануға мүмкіндік бермейтін басқа да ерекшеліктері болған жағдайда ұшының бұрышын 70° төмен төмендетуге жол беріледі.
310. Туристік, мүшелейтін мачете үшін сұқпаның ені тұрақты немесе өзгермелі, түзу немесе қисық (сырты бойынша) сұқпаларға жол беріледі.
311. Туристік, мүшелейтін мачете сұқпалары жеткілікті берік және серпінділікке ие болуы тиіс, иілу кезіндегі қалдық деформация шамасы регламенттелмейді.
312. Туристік, мүшелейтін мачете сұқпасы ұшының бұрышы:
жарақат салу қаупі жоқ қолсабы мен сұқпаның қалыңдығы 2,4 мм артық емес кезде;
жарақат салу қаупі бар қолсабы болған кезде шектелмейді.
313. Туристік, мүшелейтін мачетенің қолсабы:
бір жақты немесе екі жақты шектегіш (айқастырма) енінің қолсап сабы енінен 5 миллиметрден асқан;
шектегіш болмаған кезде алдыңғы төлкедегі немесе қолсап сабында бір саусақ асты ойығының тереңдігі 5 миллиметр кем болған;
біреуден астам саусақ асты ойығы бар қолсап сабының саусақ асты ойықтарының тереңдігі 4 миллиметрден кем болған;
шектегіш немесе саусақ асты ойығы ретінде қалыңдығы 3,5 миллиметрден аспайтын сұқпаның түбі пайдаланған кезде;
бөшке тәрізді қолсаптың ортаңғы бөлігіндегі ең үлкен диаметрі мен сүйір төбесі аймағындағы ең аз диаметрі арасындағы айырмашылық кемінде 8 миллиметр;
шектегіштің ең үлкен диаметрі мен сүйір төбе аумағындағы ең аз диаметрі арасындағы айырмашылық 8 миллиметрден аз;
қолсап сабының ұзындығы 70 миллиметрге дейін;
қолсап қорғаныс құрылғыларымен (қорғаныс имек тұтқамен, қиылысқан тұтқамен, эфеспен) жабдықталмаған кезде жарақат салу қаупі бар (бүлдіргі болмаған кезде) деп саналады.
314. ҚКҚЖҚС төсемдерінің техникалық параметрлері:
ұзындығы 220-дан 500 миллиметрге дейін;
қалыңдығы кемінде 3,0 миллиметр;
ені (ең үлкен) кемінде 45 миллиметр.
сұқпалардың қаттылығы Роквелл шкаласы бойынша 25 бірліктен (25 HRC) кем.
жұмыс жиегінің қиғаштығына жол берілетін жұмыс шетінің міндетті түрде күрек тәрізді кеңейтілуі бар түзу төсемдер.
төсемдер жеткілікті берік және серпінділікке ие болуы керек, иілу кезінде қалдық деформация мөлшері реттелмейді.
315. Туристік, мүшелейтін мачете мен ҚКҚЖҚС таңбалау белгілері (өндіруші кәсіпорынның тауар белгісі (логотипі) болады.
Таңбалау белгілері осы Криминалистикалық талаптардың 65-тармағына сәйкес салынады.
4-кіші бөлім. Конструкциясы жағынан суық және лақтыратын қаруға ұқсас сәндік және кәдесый бұйымдары
316. Конструкциясы жағынан суық немесе лақтыратын қаруға ұқсас, кеңселердің, тұрғын үй-жайлардың және басқа интерьерін безендіруге арналған бұйымдар болып табылатын сәндік және кәдесый бұйымдары шаруашылық-тұрмыстық мақсаттағы бұйымдардың бір түрі болып табылады және суық немесе лақтырылатын қаруға жатпайды.
317. Суық және лақтыратын қарудың нақты үлгілері бойынша жасалған сәндік және кәдесый бұйымдарының конструкциясы суық немесе лақтыратын қарудың нақты үлгілеріне сәйкес келуі тиіс, бірақ олардың жауынгерлік қасиеттері болмауы тиіс не жауынгерлік қасиеттері айтарлықтай төмендейді.
318. Конструкциясы суық немесе лақтыратын қаруға ұқсас сәндік және кәдесый бұйымдары әлсіз конструкцияға ие болуға не оларды дайындау үшін бұйымдарды жауынгерлік немесе азаматтық қару ретінде пайдалануды болдырмайтын материалдар қолданылуға тиіс.
319. Суық немесе лақтыратын қарудың үлгілері бойынша орындалған сәндік немесе кәдесый бұйымдарын мынадай:
сыртқы түрі мен өлшем сипаттамаларын дәл көрсете отырып, бірақ айтарлықтай әлсіреген конструкциямен, бұйымды жауынгерлік қасиеттерінен айыратын суық немесе лақтыратын қару үлгісінің көшірмелері;
кішірейтілген немесе едәуір үлкейтілген масштабтағы макет, оны тиісті қару ретінде пайдалануға мүмкіндік бермейтін;
тек суық немесе лақтыратын қарудың пайда болуын бейнелейтін және толық жауынгерлік қасиеттерден айырылған муляж түрінде дайындауға жол беріледі.
320. Сәндік немесе кәдесый бұйымдарын дайындау үшін қарудың жауынгерлік қасиеттерін қамтамасыз етпейтін материалдар (металдар, пластмассалар және басқалар) қолданылады.
321. Сұқпаның артын жауынгерлік сұқпаларға сәйкес материалдардан жасалған ұзын сұқпалы қаруды имитациялайтын бұйымдардың қолсабымен бекіту:
сұқпасы бар бекіту орнында артқы бөлігінің жасанды жұқаруы (қауіпті қимада);
бұйымды қару ретінде пайдалануға әрекет жасаған кезде оның бұзылуына әкеп соғатын сынғыш құю материалдарын (сүргіш тұрпаты және басқалары) бекітуге арналған қосымшалар;
ұзын қабыршақты суық қарудың түрі бойынша жасалған, жауынгерлік ұзын қабыршақты суық қарудан қайта жасалған сәндік немесе кәдесый бұйымдары үшін оның сұқпамен қосылған жеріндегі артқы жағындағы көлденең кесіндінің тереңдігі бойынша едәуір жағу есебінен берік және тығыз емес. Кесу міндетті түрде біліктің осін кесіп өтеді; кесу тереңдігі оны қару ретінде пайдалануға тырысқанда, кесу орнында өнімнің жойылуын қамтамасыз етеді. Нақты өнімдер үшін үгінділер эмпирикалық түрде таңдалады.
322. Роквелл шкаласы бойынша (25 HRC) 25 бірліктен жоғары сұқпаның қаттылығы бар, танто пышақтарының түрі бойынша дайындалған сәндік немесе кәдесый пышақтарының сұқпаның ұшының пішіні есебінен жауынгерлік қасиеттерін төмендетуді қамтамасыз ететін арнайы қайрауы болуы тиіс.
Сұқпа ұшының бүйір қырларының ең үлкен ені жоғарыдан төменге қараған кезде 5 миллиметрден аспайды және қырлардың ең аз түйісу бұрышы 75°, сұқпаның және жүздің ең аз түйісу бұрышы 75°.
323. Сұқпалы суық қарудың типі бойынша дайындалған сәндік немесе кәдесый бұйымының сұқпасының қаттылығы осы Криминалистикалық талаптардың 322-тармағында көрсетілген пышақтарды қоспағанда, Роквелл шкаласы бойынша (25 HRC) 25 бірліктен төмен болуы тиіс.
324. Ұрып-уататын қарудың, сондай-ақ лақтыратын қарудың типі бойынша орындалған сәндік немесе кәдесый бұйымдары кәдесый бұйымдарының осы түрінің жауынгерлік қасиеттерінің толық болмауын қамтамасыз ететін материалдардан (папье-машеден, пластмассадан, резеңкеден, жеңіл балқитын және жұмсақ металдардан, жұқа табақ металдан жасалған қуыс муляждар) ғана жасалуы тиіс.
325. Лақтырылатын атыс қаруының типі бойынша орындалған сәндік немесе кәдесый бұйымдары (садақтар, арбалеттер) нысананы зақымдау үшін жарамсыз болуы тиіс, бұған арбалет доғасын (садақты), үзілуге шағын кедергісі бар адырнаны немесе конструктивті ерекшеліктерін (арбалеттерде құлыптың немесе ағыитқыш тетігінің болмауы және басқа) дайындау үшін қажетті нәзік материалдарды қолдану арқылы қол жеткізіледі.
326. Лақтырылатын қару типі бойынша жасалған сәндік немесе кәдесый бұйымдарының (садақтар, арбалеттер) 12 килограммнан аспайтын адырнаны тарту күші (доға күші) болуы тиіс.
327. Сәндік немесе кәдесый бұйымдарын кішірейтілген масштабта жасау үшін суық, оның ішінде ұрып-соғатын, лақтыратын қарудың имитациялық үлгілері жасалатын материалдарды қолдануға жол беріледі. Бұйымның көлемін азайту немесе ұлғайту оның жауынгерлік қасиеттерін толығымен жояды. Бұл ретте бұйымның масштабын ұлғайту қаруды ұстаудың қолайсыздығына, оның массасының жоғарылауына және басқаға байланысты оны қару ретінде қолдану мүмкіндігін толығымен жояды.
5-кіші бөлім. Демалыс және көңіл көтеруге арналған арбалеттер мен садақтар
328. Демалысқа және көңіл көтеруге арналған арбалеттер мен садақтар конструкциясы жағынан лақтыратын атыс қаруына ұқсас бұйымдарға жатады және лақтыратын қару болып табылмайды.
329. Демалуға және көңіл көтеруге арналған арбалеттерде демалу мен көңіл көтеруге арналған арбалеттерге қойылатын техникалық талаптарға сәйкес келген жағдайда спорттық арбалеттердің кез келген кластарын конструктивті қайталауға жол беріледі.
Демалыс және ойын-сауық үшін арбалеттерде жеке нөмірдің болмауына жол беріледі.
330. Демалыс пен көңіл көтеруге арналған садақтардың конструкциясы спорттық садақтардың конструкциясымен бірдей.
331. Демалыс пен көңіл көтеруге арналған арбалеттер мен садақтарда өндіруші фирманың нұсқаулығымен және ерекшелігімен айқындалған, оған қоса берілетін құралдар мен құрылғыларды ғана орнатуға жол беріледі.
332. Демалыс пен көңіл көтеруге арналған арбалеттер мен садақтардың оларда жауынгерлік қасиеттерінің болмауын қамтамасыз ететін техникалық параметрлері:
демалыс пен көңіл көтеруге арналған арбалеттер мен садақтардың адырнаны тарту күші (доғаларының (доғасының) күші 14 килограммнан аспауы тиіс;
арбалеттің ең үлкен салмағы (көздермен бірге) – 3,5 килограмм;
жебе ұшының пішіні – сопақша;
снарядтың ең үлкен массасы – 30 грамм.
Демалыс және көңіл көтеру үшін арбалеттерде ұштары ұшталған лақтырылатын снарядтарды пайдалануға жол берілмейді.
Демалыс және көңіл көтеруге арналған садақтарда конусының бұрышы 60°-тан төмен ұштары бар лақтырылатын снарядты – жебелерді пайдалануға жол берілмейді. Жебелердің ұштарында қырлары және кесетін жиектері болмауы тиіс.
333. Штаттық лақтырылатын снарядтармен атқан кезде демалысқа және көңіл көтеруге арналған арбалеттер мен садақтардың зақымдаушы әсері адамға ауыр дене жарақатын тигізбеуі тиіс.
4-тарау. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдістері
1-параграф. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау объектілері мен құралдары
334. Сынаулар жүргізу үшін:
1) тегіс ұңғылы және ойық атыс қаруы – әрбір моделі немесе модификациясы 1 данадан кемінде 10 данадан патрондарымен;
2) ұңғысыз атыс қаруы, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қару – әрбір моделі немесе модификациясы 1 данадан кемінде 10 данадан патрондарымен;
3) оқсыз атылатын, газды, белгі беру, электрлі, пневматикалық қару – әрбір моделі немесе модификациясы 1 данадан кемінде 10 данадан патрондарымен (газды қару үшін кемінде 5 данадан бос патрондар қосымша ұсынылады);
4) конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдар - әрбір моделі немесе модификациясы 1 данадан;
5) қызметтік және азаматтық қарудың патрондары – өндіруші кәсіпорынның бастапқы орамасымен кемінде 10 данадан беріледі.
335. Суық және лақтырылатын қаруға, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарға сынау жүргізу үшін:
1) суық және лақтырылатын қару болып табылатын объектілер - әрбір моделі немесе модификациясы 1 дана;
2) конструкциясы жағынан суық және лақтыратын қаруға ұқсас бұйымдар – әрбір моделі немесе модификациясы 1 дана;
3) конструкциясы жағынан суық және лақтыратын қаруға ұқсас бұйымдарға шаруашылық-тұрмыстық мақсаттағы бұйымдар – әрбір моделі немесе модификациясы 1 дана;
4) арбалеттерге немесе садақтарға снарядтар – әрбір модификациясы 5 бірлік беріледі.
Сынау объектісі бүлінген жағдайда осы Криминалистикалық талаптарға сәйкестікке сынаулар жүргізу кезінде шығынды қалпына келтіру көзделмейді.
336. Сынау құралдарына мыналар жатады:
1) снарядтардың ұшу жылдамдығын өлшеуіш бар атыс қаруын атуға арналған әмбебап қондырғы;
2) автоматтандырылған ақпараттық баллистикалық жүйе;
3) салыстырмалы микроскоп;
4) газды және белгі беру қаруын сынауға арналған қондырғы;
5) 4,5 – 11,43 миллиметр калибрлі патрондарды атуға арналған құрылғы;
6) 12,7 – 15 миллиметр калибрлі патрондарды атуға арналған құрылғы;
7) құрғақ қарағай тақтасы, адамның бұлшықет тінін имитациялайтын арнайы қондырғылар;
8) патронды бөлшектеуге арналған аспап;
9) бинокулярлық стереоскопиялық микроскоп;
10) ұрып-уататын әсері бар суық қарумен соққы кезінде пайда болатын соққы жүктемесін анықтауға және түйісу дақтарын бекітуге арналған аспап;
11) қатты өлшегіш;
12) репродукциялық қондырғы;
13) суық қару сұқпасының беріктігі мен серпінділігін тексеруге арналған құрылғы;
14) садақ адырнасы мен арбалеттің тартылу күшін өлшеуге арналған құрылғы;
15) құралдар жиынтығы;
16) фотоаппарат;
17) өлшеу дәлдігі 0,1 г таразылар;
18) белсенді құлаққаптар;
19) өлшеу дәлдігі 0,1 миллиметр микрометр;
20) өлшеу дәлдігі 1 миллиметр рулетка;
21) өлшеу дәлдігі 0,1 миллиметр штангенциркуль;
22) өлшеу дәлдігі 1 миллиметр металл сызғыш;
23) оқ-дәрілер, қару, таңбалар, аңшылық мылтықтар жөніндегі бағдарламалық ақпараттық жүйелер;
24) сыналған өнімнің деректер базасын құру жөніндегі ақпараттық-іздестіру жүйесі;
25) отандық және шетелдік өндіріс қаруларының, патрондарының, шаруашылық-тұрмыстық мақсаттағы бұйымдардың коллекциясы, анықтамалық әдебиет, каталогтар және техникалық құжаттама;
26) қаруды, оқ-дәрілерді сақтауға арналған шкафтар;
27) екі арналы есте сақтаушы сандық осциллограф;
28) сандық вольтметр;
29) жоғары вольтты импульсті бөлгіш (ДВИ);
30) вольтметрге өлшеу приставкасы;
31) Rэ - 1 кОм ± 1 кедергісі бар металл пленкалы лакталған жылуға шыдамды (МЛЖ) немесе жылуға шыдамды, ылғалға шыдамды, органикалық емес байланыспен көлемді (ТВО) типті индукциясыз кедергілерден жиналған бөлгіш (жүктеме баламасы) %;
32) тұрақтандырылған кернеу көзі (U = 0 - 30 Вольт, Imax-кемінде 3 Ампер);
337. Сынау ауа температурасы +150С - +300С болған кезде жүргізіледі.
338. Сыналатын объектілер сынақтың алдында кемінде 2 сағат зертхана үй-жайында ұсталады.
339. Сынауларды жүргізу кезінде Қарумен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы қағидасының талаптарын қатаң сақтау қажет.
2-параграф. Азаматтық, қызметтік атыс, ұңғысыз атыс, жарақат салатын әсері бар патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қаруды, оқсыз атылатын, газды, белгі беру, пневматикалық қаруды, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдісі
340. Қарудың үстіңгі бетінде оны даралайтын таңбалау белгілерінің (нөмірінің, сериясының) бар-жоғын және оларды салу тәсілін анықтау үшін сынау мынадай:
1) қаруда таңбалау белгілерінің (нөмірінің, сериясының) бар-жоғын тексеру;
2) сериясы мен нөмірі элементтерінің тереңдігін өлшеуді жүргізу тәртібінде жүргізіледі.
Атыс қаруы онда қарудың негізгі бөліктерінің бірінде кемінде 0,2 миллиметр тереңдікте орындалған, даралайтын нөмірдің таңбалау белгісі болса, осы Криминалистикалық талаптардың 5-тармағының бірінші абзацына сәйкес келеді деп есептеледі.
341. Атылған оқтар мен гильзаларда қарудың бөлшектері белгілерінің сипатын, сондай-ақ іздерде сәйкестендіру белгілерінің орнықтылығын анықтау үшін сынау мынадай:
1) қарудан кемінде бес рет атуды жүргізу (одан әрі атылған оқтар мен гильзалар сынаулардың басқа әдістерінде пайдаланылады);
2) атылған оқтардағы ұңғы оқпанының іздерінен бороздалар мен білікшелерден тұратын із қалдырғыштың беткі қабатының бейнесін және олардың қалу орнықтылығын анықтау;
3) атылған гильзалардағы соққыштың (шаппаның), лақтырғыш ілгектің, шағылдырғыштың, патрон тіреуішінің және қарудың басқа бөліктері мен бөлшектерінің іздерінен із қалыптастырушы дараландыратын беткі қабатының белгілерін анықтау және олардың бейнесінің тұрақтылығын анықтау тәртібінде жүргізіледі.
Азаматтық, қызметтік қару атылған оқтарда ұңғы оқпанының іздерін және атылған гильзаларда қарудың осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген белгілердің кешенін қамтитын іздерін қалыптастырса, осы Криминалистикалық талаптардың 5-тармағының екінші және үшінші абзацтарына сәйкес келеді деп есептеледі.
342. Ойық қаруды сынау сыналатын қарудың жауынгерлік қарудан ұңғы оқпанының белгілері бойынша айырмашылығын анықтау үшін мынадай:
1) оқтың беткі қабатының көшірме қағаз арқылы оны қағазда сырғыту жолымен немесе автоматтандырылған ақпараттық баллистикалық жүйенің көмегімен жазбасын дайындау және ол арқылы ойықтардың санын, бағытын, енін, серпілуін анықтау;
2) анықталған бағыт сілтейтін деректерді анықтамалық материалдарда және коллекцияларда біртипті жауынгерлік қарудың деректерімен салыстыру тәртібінде жүргізіледі.
Азаматтық ойық атыс қаруы жауынгерлік атыс қаруының бір типті патронға арналып әзірленген ұңғы оқпаны параметрлерінен кемінде біреуі бойынша айырмашылықтары бар болса, осы Криминалистикалық талаптардың 6-тармағына сәйкес келеді деп есептеледі.
343. Сынау бір типті патронға арналып әзірленген ойық қарудың модельдері арасында гильзаларда қалған іздер бойынша айырмашылықтарын анықтау үшін мынадай:
1) атылған гильзалардағы соққыштың (шаппаның), оқ тіреуішінің, шағылдырғыш пен лақтырғыштың және қарудың басқа бөлшектері мен бөліктерінің іздерін анықтау;
2) іздердің нысаны мен мөлшерін, лақтырғыш пен шағылдырғыш іздерінің өзара орналасуын анықтау;
3) іздерді қалыптастыру тұрақтылығына баға беру;
4) алынған нәтижелерді қарудың патронның осы типіне келтіріп жасалған басқа модельдерінің көрсеткіштерімен салыстыру тәртібінде жүргізіледі.
Азаматтық ойық атыс қаруы егер оның бір типті патронға арналып әзірленген жауынгерлік атыс қаруынан гильзаларда қалған іздер бойынша айырмашылығы болса, осы Криминалистикалық талаптардың 7-тармағына сәйкес келеді деп есептеледі.
344. Сынау бір типті патронға арналып әзірленген азаматтық ойық атыс қаруы мен қызметтік атыс қаруы арасындағы айырмашылықтарды анықтау үшін мынадай:
1) оқтардағы іздер бойынша ұңғы оқпанының параметрлерін (санын, бағытын, енін, ойықтардың қадамы мен профилін) анықтау;
2) ұңғы оқпанының параметрлерін (санын, бағытын, енін, ойықтардың қадамы мен профилін) азаматтық атыс қаруының бір типті патронға арналып әзірленген қызметтік атыс қаруының сәйкес параметрлерімен салыстыру тәртібінде жүргізіледі.
Азаматтық ойық атыс қаруы, егер оның бір типті патронға арналып әзірленген қызметтік атыс қаруынан ұңғы оқпанының кемінде бір параметрі бойынша айырмашылығы болса, осы Криминалистикалық талаптардың 8-тармағына сәйкес келеді деп есептеледі.
345. Сынау ату дыбысын тұншықтырғыштарды орнатуға арналған біріктірілген тұншықтырғыштардың, сондай-ақ аспаптардың немесе арнайы құрылғылардың не дыбыссыз атудың өзге құралдарының қару ұңғысының үрмелі бөлігінде бар-жоғын анықтау үшін мынадай:
1) материалдық бөлігін зерделеу және ойық немесе тегіс ұңғылы қаруда ұңғының үрмелі бөлігінде ату дыбысын тұншықтырғышты орнатуға арналған біріктірілген тұншықтырғыштардың, сондай-ақ құралдардың немесе арнайы құрылғылардың бар-жоғын анықтау тәртібінде жүргізіледі.
Ойық, тегіс ұңғылы атыс қаруы, егер оның өз конструкциясында ату дыбысын тұншықтырғыштарды орнатуға арналған біріктірілген тұншықтырғыштар, сондай-ақ құралдар немесе арнайы құрылғылар не дыбыссыз атудың өзге құралдары болмаса, осы Криминалистикалық талаптардың 10-тармағының бірінші абзацына сәйкес келеді деп есептеледі.
346. Азаматтық, қызметтік тегіс ұңғылы және ойық атыс қаруының, ұңғының немесе ұңғы қорабы бар ұңғының өлшемдік сипаттамаларын анықтау үшін сынау мынадай:
1) қарудан өлшемдік сипаттамаларды алу;
2) өлшемдерді қарудың төлқұжат деректерімен салыстыру тәртібінде жүргізіледі.
Азаматтық, қызметтік тегіс ұңғылы және ойық атыс қаруының, ұңғының немесе ұңғы қорапты ұңғы, егер олардың өлшемдік сипаттамалары осы тармақта көрсетілген мәндерден аспаса, осы Криминалистикалық талаптардың 10-тармағының төртінші және бесінші абзацтарына сәйкес келеді деп есептеледі.
347. Сынау конструкцияға қайтарымды өзгерістерді енгізу нәтижесінде жинақталған күйде атуды жүргізуді анықтау үшін мынадай:
1) жиналмалы конструкциясы бар, ұзын ұңғылы атыс қаруының материалдық бөлігін зерделеу және оның ұзындығын кемінде 800 миллиметр ету мүмкіндігін бекіту;
2) конструкцияға қайтарымды өзгерістерді енгізу нәтижесінде жинақталған күйде атуды жүргізу қабілетін тексеру тәртібінде жүргізіледі.
Ұзындығын 800 миллиметрден кем етіп жасауға мүмкіндік беретін конструкциясы бар ұзын ұңғылы атыс қаруы, егер конструкциясына қайтарымды өзгерістерді енгізу нәтижесінде ол жинақталған күйде атуды жүргізу қабілетін сақтамаса, осы Криминалистикалық талаптардың 10-тармағының жетінші абзацына сәйкес келеді деп есептеледі.
348. Сынау азаматтық ойық ұзын ұңғылы атыс қаруынан калибрі ".338 LapuaMag" (8,6*70мм) асатын патрондарымен атуды жүргізу мүмкіндігін анықтау үшін мынадай:
қаруда қолданылатын патронның типін анықтау, оның сипаттамаларын калибрі ".338 LapuaMag" (8,6*70мм) асатын патрондармен салыстыру тәртібінде жүргізіледі.
Азаматтық ойық ұзын ұңғылы атыс қару, егер ол калибрі ".338 LapuaMag" (8,6*70мм) асатын патрондар ретінде жасалмаса, осы Криминалистикалық талаптардың 11-тармағына сәйкес келеді деп есептеледі.
Ескерту. 348-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 10.05.2024 № 384 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.349. Сынау ұңғысыз атыс, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қарудың, оқсыз атылатын, газды және белгі беру, пневматикалық қарудың негізгі (құрамдас) бөліктері мен бөлшектерінің атыс қаруының негізгі (құрамдас) бөліктерімен өзара ауысу мүмкіндігін анықтау үшін мынадай:
1) атыс қаруының конструкциясы жағынан ұңғысыз атыс, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қаруға, оқсыз атылатын, газды, белгі беру, пневматикалық қаруға ұқсас моделін анықтау;
2) атыс қаруының негізгі (құрамдас) бөліктерінің (ұңғы, бекітпе, барабан, рамка, ұңғы қорабы және т.б.) ұңғысыз атыс, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қарудың, оқсыз атылатын, газды, белгі беру, пневматикалық қарудың тиісті бөлшектерімен өзара ауысу мүмкіндігін тексеру;
3) эксперименталдық ауыстыруды жүргізу және қарудың бөліктері мен бөлшектерінің өзара іс-қимылын тексеру;
4) атыс қаруынан оның негізгі бөліктері мен бөлшектерін ұңғысыз атыс, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қарудың, оқсыз атылатын, газды, белгі беру, пневматикалық қарудың бөліктері мен бөлшектерімен ауыстырудан кейін кемінде 3 эксперименталдық атуды жүргізу тәртібінде жүргізіледі.
Ұңғысыз атыс, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қару, оқсыз атылатын, газды, белгі беру, пневматикалық қару, егер ұңғысыз атыс, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қарудың, оқсыз атылатын, газды, белгі беру, пневматикалық қарудың бөліктері мен бөлшектері олардың ауыстырылу мүмкіндігін қамтамасыз етпесе, осы Криминалистикалық талаптардың 12-тармағының 1) тармақшасының екінші абзацына сәйкес келеді деп есептеледі.
350. Ұңғысыз атыс, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қаруды, оқсыз атылатын, газды және белгі беру қаруын сынау оқты немесе бытыралы снарядтармен жабдықталған патрондармен, қайтарымсыз өзгертусіз, 0,5 Джоуль/миллиметр2 астам кинетикалық үлес энергиясымен атуды жүргізу мүмкіндігін анықтау үшін мынадай:
1) қарудың конструкциясын зерделеу;
2) қарудың конструкциясына патронмен немесе снарядпен және енгізусіз жеке оқтау кезінде патронмен немесе қайтарымды өзгерістерді енгізу кезінде атуды жүргізу мүмкіндігін белгілеу тәртібінде жүргізіледі.
Осы зерттеуді жүргізу кезінде стандартты немесе қолдан жасалған патрондар мен снарядтарды пайдалануға болады.
3) осы Криминалистикалық талаптардың бұл тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мүмкіндікті белгілеу кезінде қарудың үрмелі ойығынан 0,5 метр қашықтықтан әрбір ату үшін снарядтың жылдамдығын өлшеумен кемінде 3 ату жүргізу;
4) снарядтың массасы мен диаметрін өлшеу;
5) снарядтың кинетикалық үлес энергиясын анықтау:
Қарудың үрлемелі (кинетикалық) қуатын анықтау:
1) қарудан кемінде бес рет атуды жүргізу;
2) ұңғының үрмелі ойығынан 0,5 метр қашықтықтағы әрбір ату үшін снарядтың жылдамдығын өлшеу;
3) снарядтың үрлемелі (кинетикалық) энергиясын Е=mV2 /2 формуласы бойынша есептеу, мұнда:
Е - снарядтың үрлемелі (кинетикалық) энергиясы Джоульде;
m - снарядтың салмағы килограммен;
V - снарядтың орташа жылдамдығы метр/секундпен.
Снарядтың кинетикалық үлес энергиясын есептеу:
1) қарудың үрлемелі (кинетикалық) энергияны анықтау;
2) снарядтың көлденең қимасының ауданын S=рR2 формуласымен есептеу, мұнда:
S - снарядтың көлденең қимасы, миллиметр2;
Р - 3,14 - тұрақты шама;
R - оқтың жетекші бөлігінің радиусы, миллиметр.
3) снарядтың кинетикалық үлес энергиясын Еу =Е/S формуласы бойынша есептеу, мұнда:
Еу - снарядтың кинетикалық үлес энергиясы, Джоуль/миллиметр2;
Е - снарядтың кинетикалық энергиясы, Джоуль;
S - снарядтың көлденең қимасы, миллиметр2.
6) кинетикалық үлес энергиясының кемінде 0,5 Джоуль/миллиметр2 шамасында лақтыратын зарядты ұлғайту және іс-қимылды осы Криминалистикалық талаптардың осы тармағының 3), 4), 5) тармақшалары бойынша кинетикалық үлес энергиясы 0,5 Джоуль/миллиметр2 мәніне жеткенше немесе үлгі конструкциясы бұзылғанша қайталау тәртібінде жүргізіледі.
7) жеке оқтамай да, жеке оқтап та атуды жүргізу мүмкіндігін анықтау кезінде осы Криминалистикалық талаптардың осы тармағының 3), 4), 5), 6) тармақшалары бойынша зерттеулер екі нұсқа үшін де жүргізіледі.
Ұңғысыз атыс, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қаруды, оқсыз атылатын, газды және белгі беру қаруы, егер ол конструкцияны атыс қаруы ретінде қайтарымсыз өзгертусіз оны пайдалануға мүмкіндік бермесе және снарядтармен атуды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етпесе және соның нәтижесінде оларға 0,5 Джоуль/миллиметр2 астам кинетикалық үлес энергиясы хабарланса, осы Криминалистикалық талаптардың 12-тармағының 2) тармақшасына сәйкес келеді деп есептеледі.
351. Сынау ұңғысыз атыс (тұтану құралы пьезоэлементке негізделген қаруды қоспағанда), жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қаруда, оқсыз атылатын, газды және белгі беру қаруында атылған гильзаларда осы Криминалистикалық талаптардың 342-тармағының 3) тармақшасында көзделген тәртіпте үштен кем емес ату саны кезінде дербес белгілердің жиынтығымен іздерді түзу мүмкіндігін анықтау үшін жүргізіледі.
Ұңғысыз атыс, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қару, оқсыз атылатын, газды, белгі беру, пневматикалық қару, егер оның бөліктері мен бөлшектері қаруды сәйкестендіру үшін жарамды іздерді қалыптастырса, осы Криминалистикалық талаптардың 12-тармағының 4) тармақшасына сәйкес келеді деп есептеледі.
352. Сынау ұңғысыз атыс, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қарудың, оқсыз атылатын, газды және белгі беру қаруының бетінде таңбалау белгілерінің (нөмірі, сериясы) бар-жоғын және оларды түсіру тәсілін анықтау үшін осы Криминалистикалық талаптардың 340-тармағында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
353. Сынау газды және дыбыс беру қаруы ұңғысының қарудың рамкасына бекітілу тәсілі мен мықтылығын тексеру:
1) қаруды бөлшектеу;
2) қару бөлшектерін жинау конструкциясын зерделеу;
3) ұңғының рамкаға бекітілу тәсілі мен мықтылығын тексеру үшін жүргізіледі.
Газды және белгі беру қаруы, егер ол ұңғының рамкаға әлсіз бекітілуіне ие болса, осы Криминалистикалық талаптардың 16-тармағының 2) тармақшасына сәйкес келеді деп есептеледі.
354. Сынау калибрі 6 миллиметрден көп емес белгі беру қаруының бөлшектеріне қайтарымсыз өзгертуді енгізусіз газды патрондармен атуды жүргізу мүмкіндігін анықтау үшін мынадай:
1) патрон салатын жерінің немесе қару барабаны каморының көлемін анықтау, көлемі бойынша сәйкес келетін газды патрондарды таңдау;
2) мүмкіндігінше қаруды газды патрондармен оқтау және атуды жүргізу;
3) газды ағынның әсер ету бағытын анықтау тәртібінде жүргізіледі.
Белгі беру қаруы, егер ол қарудың бөлшегіне қайтарымсыз өзгертуді енгізусіз газды патрондармен атуды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етпесе, осы Криминалистикалық талаптардың 17-тармағына сәйкес келеді деп есептеледі.
355. Сынау пневматикалық қарудың калибрін, конструкциясын және оның үрлемелі (кинетикалық) энергиясын анықтау үшін мынадай:
1) материалдық бөлігін зерделеу және қарудың калибрін анықтау;
2) саны кемінде үш рет ату кезінде осы Криминалистикалық талаптардың 350-тармағында көзделген тәртіпте қарудың үрлемелі (кинетикалық) энергиясын анықтау тәртібінде жүргізіледі.
Пневматикалық қару:
егер оның үрлемелі (кинетикалық) энергияның өзгеруіне әсер ететін бөліктер мен тетіктердің алмалы-салмалы конструкциясы болмаса, осы Криминалистикалық талаптардың 19-тармағына;
егер аңшылық пневматикалық қарудың 25 Джоульден астам үрлемелі (кинетикалық) энергиясы болмаса, осы Криминалистикалық талаптардың 20-тармағына сәйкес келеді деп есептеледі.
356. Конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды атыс қаруы ретінде пайдалану мүмкіндігін анықтау және осы Криминалистикалық талаптардың 350-тармағында көзделген тәртіпте 0,5 Джоуль/миллиметр2 астам кинетикалық үлес энергиясы бар снарядтармен атуды жүргізу үшін жүргізіледі.
Конструкциясы жағынан атыс қаруына ұқсас бұйымдар, егер олар конструкциясын қайтарымсыз өзгертусіз оларды атыс қаруы ретінде пайдалану және 0,5 Джоуль/миллиметр2 астам кинетикалық үлес энергиясы бар снарядтармен атуды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етпесе, осы Криминалистикалық талаптардың 34-тармағына сәйкес келеді деп есептеледі.
357. Сынау конструкциясы жағынан атыс қаруына ұқсас бұйымдарды оны қайта жасау немесе атыс қаруынан оның негізгі бөліктерін пайдалану арқылы дайындаудың мүмкін болмауын анықтау үшін мынадай:
1) атыс қаруына тән негізгі бөлшектердің бар-жоғын анықтау;
2) конструкциясы жағынан зерттелетін үлгіге ұқсас болып табылатын атыс қаруының моделін анықтау;
3) атыс қаруының негізгі бөліктерін зерттелетін үлгінің негізгі бөліктерімен салыстыру;
4) зерттелетін үлгінің оны қайта жасау немесе оның негізгі бөліктерін пайдалану арқылы атыс қаруынан жасалуын көрсететін белгілердің бар-жоғын анықтау тәртібінде жүргізіледі.
Конструкциясы жағынан атыс қаруына ұқсас бұйымдар, егер олар атыс қаруынан оны қайта жасау немесе оның негізгі бөліктерін пайдалану арқылы жасалмаса, осы Криминалистикалық талаптардың 35-тармағына сәйкес келеді деп есептеледі.
358. Сынау конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың негізгі бөліктерін жауынгерлік, азаматтық және қызметтік атыс қаруының негізгі бөліктері мен бөлшектерімен оны жөндеу және зақымдаушы қасиеттерін қалпына келтіру мақсатында ауыстырудың мүмкін болмауын анықтау үшін мынадай:
1) конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарға конструкциясы бойынша ұқсас болып табылатын жауынгерлік, азаматтық және қызметтік атыс қаруының моделін анықтау;
2) конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың бөліктерімен және бөлшектерімен жауынгерлік, азаматтық және қызметтік атыс қаруының негізгі бөлшектерін ауыстыру мүмкіндігін тексеру;
3) эксперименталдық ауыстыруды жүргізу және қарудың бөліктері мен бөлшектерінің өзара іс-қимылын тексеру;
4) атыс қаруынан оның негізгі бөліктері мен бөлшектерін конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың бөліктерімен және бөлшектерімен ауыстырғаннан кейін кемінде 3 эксперименталдық атуды жүргізу тәртібінде жүргізіледі.
Конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдар, егер конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың негізгі бөліктерінің құрылымдық ерекшеліктері олардың жауынгерлік, азаматтық және қызметтік атыс қаруының негізгі бөлшектерімен оны жөндеу және зақымдаушы қасиеттерін қалпына келтіру мақсатында ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз етпесе, осы Криминалистикалық талаптардың 36-тармағына сәйкес келеді деп есептеледі.
3-параграф. 3-параграф. Ойық, тегіс ұңғылы атыс, газды және белгі беру қаруының патрондарын сынау әдісі
359. Сынау ойық атыс қаруына патрондардың оқтары мен гильзаларында сәйкестендіру үшін жарамды атуды жүргізу іздерін көрсету және сақтау мүмкіндігін анықтау үшін мынадай:
1) сәйкес калибрлі қарудан оқ ұстағышқа кемінде үш рет атуды жүргізу;
2) атып жіберілген оқтарда осы Криминалистикалық талаптардың 341-тармағының 2) тармақшасында көзделген, қаруды сәйкестендіру үшін жеткілікті белгілердің жиынтығын қамтитын ұңғы оқпанының іздерін анықтау;
3) атылған гильзаларда осы Криминалистикалық талаптардың 341-тармағының 3) тармақшасында көзделген, қаруды сәйкестендіру үшін жеткілікті белгілердің жиынтығын қамтитын қарудың бөлшектері мен тетіктерінің іздерін анықтау тәртібінде жүргізіледі.
Ойық атыс қаруына патрондар, егер олардың оқтары мен гильзалары оларда қаруды сәйкестендіру үшін жарамды атуды жүргізу іздерінің сақталуын қамтамасыз етсе, осы Криминалистикалық талаптардың 30-тармағына сәйкес келеді деп есептеледі.
360. Сынау тегіс ұңғылы атыс, ұңғысыз атыс, газды, белгі беру қаруына патрондардың гильзаларында сәйкестендіру үшін жарамды атуды жүргізу іздерін көрсету және сақтау мүмкіндігін анықтау үшін мынадай:
1) сәйкес калибрлі қарудан оқ ұстағышқа кемінде үш рет атуды жүргізу;
2) атылған гильзаларда осы Криминалистикалық талаптардың 341-тармағының 3) тармақшасында көзделген, қаруды сәйкестендіру үшін жеткілікті белгілердің жиынтығын қамтитын қарудың бөлшектері мен тетіктерінің іздерін анықтау тәртібінде жүргізіледі.
Тегіс ұңғылы атыс, ұңғысыз атыс, газды, белгі беру қаруына патрондар, егер олардың гильзалары оларда қаруды сәйкестендіру үшін жарамды, атуды жүргізу іздерінің сақталуын қамтамасыз етсе, осы Криминалистикалық талаптардың 31-тармағына сәйкес келеді деп есептеледі.
361. Сынау жарақат салатын патронның оқтарында металл өзегінің бар-жоғын анықтау мақсатында мынадай:
1) саны кемінде үш дана патронға демонтаж жүргізу;
2) оқтың қабығын өзегінен бөлектеу тәртібінде жүргізіледі.
Жарақат салатын әсері бар патрондардың оқтары, егер олардың металл өзегі болмаса, осы Криминалистикалық талаптардың 32-тармағына сәйкес келеді деп есептеледі.
4-параграф. Электрлі қаруды сынау әдістері
362. Объектілерді электрошокты құрылғыларға жатқызу мақсатында зерттеу кезінде келесі параметрлер:
электрошокты құрылғыларға сәйкес келетін конструктивті бөлшектердің болуы;
құрылғының электротехникалық параметрлерін өлшеуді жүргізу:
ұшқын разрядының туындау кернеуін анықтау;
разряд жүктемесінің эквивалентіне әсер етудің орташа қуатын және разряд импульстарының қайталану жиілігін анықтау анықталады.
363. Электрошокты құрылғы мен ұшқын ажыратқыштарын сынау электрлік параметрлер, сенімділік және электр қауіпсіздігі бойынша жүргізіледі, олар мыналарды:
жүктеме баламасына әсер етудің орташа қуатын анықтауды;
ұшқын разрядының туындау кернеуін анықтауды қамтиды.
ЭШҚ-ға қойылатын талаптар:
1) жұмыс электродтары арасындағы қашықтық 40 миллиметрден аспайды;
2) ток өткізетін өткізгіштердің ұзындығына серіппенің көмегімен немесе пневматикалық тәсілмен шығарылатын электродтар арасында 4 метрден аспайды;
3) жүктеме баламасына әсер етудің орташа қуаты генерацияланатын ЭШҚ кернеуінің осциллограммасы бойынша есептеу жолымен айқындалады;
4) 10 килоом жүктеме эквиваленті кезінде әсер етудің орташа қуаты кемінде 0,3 Ватт құрайды;
5) ЭШҚ электродтарындағы ұшқын разрядының кернеуі кемінде 0,3 киловольт.
Зерттеу жүргізу кезінде электр қауіпсіздігінің нормаларын қатаң сақтау қажет.
364. Зерттеу объктілері, егер жүргізілген сынаулардың нәтижелері осы Криминалистикалық талаптардың 21-29 тармақтарына сәйкес келсе, электрлі қару деп танылады.
5-параграф. Сұқпалы суық қаруды сынау әдістері
365. Сұқпалы суық қаруды сынау оның нысанға, мөлшерлері мен құрылымдық ерекшеліктеріне жалпы және оның жекелеген бөлшектерінің осы Криминалистикалық талаптарда келтірілген деректерге сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі.
366. Негізгі сызықтық және бұрыштық өлшемдер 0,1 миллиметр дәлдікпен сызықтық өлшемдерді, 1° дәлдікпен бұрыштық өлшеуді қамтамасыз ететін әмбебап өлшеу құралымен тексеріледі.
367. Аңшылық пышақтардың, қанжарлардың, шапашоттардың және тіршілікті сақтауға арналған пышақтар сұқпасының ұзындығын ұшынан шектегішке дейін, ал ол болмаған жағдайда төлкенің алдыңғы ұшына дейін немесе қолсабының сабына дейін анықтайды.
Аңшылық пышақтардың, қанжарлардың, шапашоттардың және тіршілікті сақтауға арналған пышақтардың сырт жағының қалыңдығын сұқпаның анағұрлым қалың жерінде (сұқпаның өкшесінде) өлшейді.
368. Қылыштар мен шашкалар сұқпасының ұзындығын ұшынан гардаға дейін, ал ол болмаған жағдайда – эфестің айқастырмасына (тоғыспасына) дейін айқындайды. Қылыштар мен шашкалардың жалпы ұзындығын (қынапсыз) қолсабының ұшынан шеткі нүктесіне дейін анықтайды.
Қатты иілген сұқпаның ұзындығын (қарудың жалпы ұзындығын) сұқпаның ұшынан түбінің жоғары нүктесіне (қолсабының шеткі нүктесіне) дейін жүргізілген түзу кесіндінің ұзындығы бойынша анықтайды.
Сұқпаның қисықтық биіктігі сұқпаның ұшынан оның түбінің жоғары нүктесіне дейін жүргізілген, түзумен қиылысқанға дейінгі сұқпаның сыртының ең жоғары иілу нүктесінен перпендикуляр түсірілген түзу кесіндісінің биіктігі бойынша өлшенеді.
Қылыштар мен шашкалардың қынапсыз массасын 1 граммға дейінгі дәлдікпен өлшеу арқылы анықтайды.
369. Объектілерді сынау үшін екі: статикалық және динамикалық кезеңнен тұратын эксперимент жүргізіледі.
370. Эксперименттің статикалық кезеңінде сыналатын объектінің мықтылығы мен серпінділігін тексереді. Бұл үшін зерттелетін үлгінің қолсабы қысқышқа қысылады немесе суық қарудың сұқпасын мықтылығы мен серпінділігіне тексеру үшін құрылғыда орнатылады, ал ұшы белгіленген шамаға бастапқы қалпынан майыстырылады.
371. Ұшы белгіленген шамаға бастапқы қалпынан:
аңшылық пышақтың, тіршілікті сақтауға арналған пышақтың сұқпасының ұзындығы 90 миллиметр болған кезде олардың өткір шеті (ұшы) 5 миллиметрге майыстырылады. Сұқпаның ұзындығы әрбір 25 миллиметрге, майысу шамасы 2 миллиметрге ұлғайтылады. Сынаудан кейін сұқпада 1 миллиметрден асатын қалдық деформацияларға жол берілмейді;
аңшылық қанжарлардың, тіршілікті сақтауға арналған қанжар типіндегі пышақ сұқпасының ұзындығы 150 миллиметр болған кезде оның жауынгерлік шеті (ұшы) 10 миллиметрге майыстырылады. Сұқпаның ұзындығы әрбір 25 миллиметрге, майысу шамасы 2 миллиметрге ұлғайтылады. Сынаудан кейін сұқпада 1 миллиметрден асатын қалдық деформацияларға жол берілмейді;
аңшылық шапашоттар сұқпасының ұзындығы 210 миллиметр болған кезде оның жауынгерлік ұшы (ұшы) 15 миллиметрге майыстырылады. Сұқпаның ұзындығы әрбір 25 миллиметрге, майысу шамасы 2 миллиметрге ұлғайтылады. Сынаудан кейін сұқпада 1 миллиметрден асатын қалдық деформацияға жол берілмейді;
ұлттық костюмдердің керек-жарақтары болып табылатын қанжар сұқпасының ұзындығы 300 миллиметр болған кезде оның өткір шеті (ұшы) 21 миллиметрге майыстырылады. Сұқпаның ұзындығы әрбір 25 миллиметрге, майысу шамасы 2 миллиметрге ұлғайтылады. Сынаудан кейін сұқпада 1 миллиметрден асатын қалдық деформацияға жол берілмейді.
көміртекті болаттан жасалған қылыштар мен шашкалар сұқпасының 1/8 ұзындығына және болаттан жасалған қылыштар мен шашкалар сұқпасының 1/13 ұзындығына майыстырылады. Сынаудан кейін сұқпада 1 миллиметрден асатын қалдық деформацияға жол берілмейді.
372. Эксперименттің динамикалық кезеңі барысында нысананы бұзбай, зерттелетін объектімен бірнеше рет зақымдау мүмкіндігі, қауіпсіздік және сыналатын объектіні ұстап қалу ыңғайлылығы белгіленеді.
373. Нысана ретінде жұмсақ тіректе тік немесе көлденең жағдайларда орнатылатын, қалыңдығы 30-50 миллиметр құрғақ қарағай тақтасы (ағаштың ылғалдылығы 12%-дан аспайды) не адамның бұлшықет тінін имитациялайтын арнайы қондырғылар пайдаланылады.
374. Объектілерді нысананы бірнеше рет зақымдау мүмкіндігіне сынау кезінде олармен бірнеше рет (10-нан 50-ге дейін қатарынан) нысанаға әртүрлі бұрыштан соққы жасалады. Сынаулардың нәтижелері бойынша конструкцияның толық немесе оның жекелеген бөлшектерінің бұзылуының бар болуы немесе болмауы белгіленеді.
375. Сынауды жүргізу кезінде объектілер қаруды қолда ұстау ыңғайлылығына және күші мен бағыты бойынша әртүрлі соққы жасау қауіпсіздігіне, оның ішінде осы Криминалистикалық талаптардың 64-тармағына сәйкес жарақат салу қаупі жоқ қолсаптарға қойылатын талаптарды сақтауға тексеріледі.
376. Аңшылық пышақтардың, қанжарлардың, шапашоттар мен тіршілікті сақтауға арналған пышақтардың зақымдау қасиеттерінің жеткілікті болуы нысанада:
құрғақ қарағай тақтасына – сұқпаны тақтайға енгізу тереңдігі (ағаш талшықтары көлденең орналасқан кезде) кемінде 10 миллиметр;
адамның бұлшықет тінін имитациялайтын, тік және көлденең қалыпта орнатылған арнайы қондырғы – сұқпаны енгізу тереңдігі кемінде 20 миллиметр шанышпалы соққылардан зақымдаудың салыстырмалы тереңдігі бойынша белгіленеді.
377. Аңшылық шапашоттар сұқпаларының сынғыштығын нысана бойынша сұқпаның барлық бүйір бетінің жалпақтығына екі-үш соққы салу арқылы тексереді. Сынаудан кейін сұқпа металының жарылуы және боялуына жол берілмейді.
378. Ұлттық киімдердің тиесілігі болып табылатын қанжар сұқпасы қосымының беріктігін анықтау үшін эфеске немесе қолсапқа нысанаға кемінде бес сұқпалы соққы жасау қажет. Сұқпаның және эфестің қосылған жерінде люфтінің болуына жол берілмейді.
379. Семсерлерді, қылыштар мен қанжарларды сынау кезінде барлық бүйір бетінің жалпақтығына кемінде он соққы және нысана бойынша көлденеңінен кемінде он мықты шабатын-кесетін, түйрейтін соққы жасалады. Сұқпа мен эфестің (қолсаптың) қосылған жерінде люфтінің болуына, сондай-ақ сынаудан кейін сұқпа металын бояуға жол берілмейді.
380. Сұқпалы бұйым, егер жүргізілген сынаулардың нәтижелері осы Криминалистикалық талаптардың 46-132-тармақтарына сәйкес келсе, суық сұқпалы қару деп танылады.
6-параграф. Лақтыратын қаруды сынау әдістері
381. Лақтыратын серпінді қаруды сынау осы Криминалистикалық талаптардың 365-367-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
382. Лақтыратын серпінді қарудың нысанаға берік және бағыттала ұшу мүмкіндігін, сондай-ақ оның беріктігі мен зақымдау қасиеттерінің жеткіліктілігін анықтау үшін эксперимент жүргізіліп, оның барысында объект 5 метр қашықтықтан нысанаға – құрғақ қарағай тақтайлардан жасалған жайма тақтаға (кемінде 10 рет) лақтырылады. Лақтыратын серпінді қару сұқпасының ұшын енгізу тереңдігі 10 миллиметрден аспауы керек.
383. Лақтыратын пышақтар, егер жүргізілген сынаулардың нәтижелері осы Криминалистикалық талаптардың 133-139-тармақтарына сәйкес келсе, лақтыратын серпінді қару деп танылады.
384. Спорттық садақтың адырнасын тарту күші (доғасының (доғаларының) күші) динамометрмен немесе өлшеу дәлдігі: 0,5 килограммды қамтамасыз ететін арнайы өлшеу құралымен өлшенеді.
385. Садақ доғаларының серпілуі классикалық садақтардағы доғалардың ұштары мен блокты садақтар блоктарының остері арасында 50 миллиметр дәлдікпен белгіленген адырнада өлшенеді.
386. Садақтың және оның тораптарының жұмыс істеу қауіпсіздігі оларды атуға және сынамалы атуға дайындау кезінде сынамалау арқылы тексеріледі. Бұл жағдайда жарақат алу мүмкіндігін болдырмау қажет.
387. Садақтың зақымдау әсері жебе түріндегі лақтырылатын снарядтармен ату арқылы сынаумен тексеріледі. Егер үш рет ату нәтижесі бойынша жебені енгізу тереңдігі (орташа арифметикалық мән) келесі мәндерден:
атушыдан 7 метр қашықтықта тік күйде орнатылған, адамның бұлшықет тінін имитациялайтын арнайы қондырғы үшін 15 миллиметрден;
атушыдан 7 метр қашықтықта тік күйде орнатылған, қалыңдығы 30-50 миллиметр құрғақ (ылғалдылығы 12%-дан көп емес) қарағай тақта үшін 8 миллиметрден аспаса, сынақ нәтижесі оң деп саналады.
Ағаштың өзегіне тию ескерілмейді.
388. Садақ пен жебенің беріктігі, оларды бірнеше рет қолдану мүмкіндігі 5-тен 10 метрге дейінгі қашықтықтан арнайы қалқан бойынша ату арқылы тексеріледі.
Садақты тексеру үшін кемінде 10 ату, жебелерді тексеру үшін кемінде 5 ату жүргізіледі.
Нысанаға 5 атудан кейін соққы нәтижесінде жебенің 1 метр ұзындығына оның 2 миллиметрден астам қисықтығының туындауына жол берілмейді.
389. Садақтардың өндірістік ақауларына және сынау процесінде пайда болатын ақауларға (жарықтар, қатпарлану, материал тұтастығының бұзылуы, адырна орамасының ақаулары, оның жекелеген талшықтарының үзілуі) жол берілмейді.
390. Спорттық арбалеттің адырнаны тарту күшін (доғаның (доғаларының) күшін) динамометрмен немесе 0,1 килограмм өлшеу дәлдігін қамтамасыз ететін арнайы өлшеу құралымен өлшейді.
Адырнаны тарту күші (доға (доғалардың) күші) серпінді элементтерді бүккен кезде тексерілетін арбалетте күш салатын жерге сәйкес келетін нүктеде адырнаға әсер ету арқылы өлшенеді. Өлшеу нәтижесі адырнаны оның жұмыс жүрісінің шамасына созған кезде алынады.
391. Арбалет доғаларының аралықтарын доғалар (доға) ұштары немесе арбалет блоктарының (роликтерінің) осьтері арасында 1 миллиметрге дейінгі дәлдікпен белгіленген адырнада өлшейді.
392. Арбалеттің көздеу сызығының ұзындығын алдыңғы және артқы көздеуіш арасында 1 миллиметрге дейінгі дәлдікпен өлшейді.
393. Адырнаның жұмыс барысын арбалетке орнатылған адырнаның ортасы мен құлып айырғышының арасында 1 миллиметрге дейінгі дәлдікпен өлшейді.
394. Суландырғыштың ұзындығын, көздеуіштер мен лақтырылатын снарядтардың өлшемдерін 1 миллиметрге дейінгі дәлдікпен өлшейді.
395. Конустық ұштардың мұқалу бұрышы кем дегенде 1° дәлдікті қамтамасыз ететін өлшеу құралымен өлшенеді.
396. Арбалеттің толық массасын (оған орнатылған барлық тетіктермен, құрылғылармен және құралдармен, белбеусіз, лақтырылатын снарядпен, кивермен) таразыда кемінде 1 грамм дәлдікпен өлшеу арқылы анықтайды.
397. Арбалеттің және оның тетіктерінің жұмыс істеу қауіпсіздігі арбалетті атуға және сынамалы атуға дайындау кезінде оларды сынамалау арқылы тексеріледі. Бұл ретте атушыға жарақат салу мүмкіндігіне жол берілмейді.
398. Әмбебап спорттық арбалеттерді сынау кезінде автоматты сақтандырғыштың болуын және арбалет адырнасын тарту кезінде оның іске қосылу сенімділігін тексереді.
399. Сақтандырғыштың осы Криминалистикалық талаптардың 210-тармағы талаптарына сәйкестігін тексеруді зарядталған арбалетте жүргізеді. Динамометрпен трос арқылы (немесе тікелей, егер арбалеттің конструкциясы бұған жол берсе) іске қосу бөлігіне 0-ден 15,3 килограммға дейін күш жұмсалады, бұл ретте ату болмауы керек.
400. Сақтандырғыштың осы Криминалистикалық талаптардың 211-тармағы талаптарына сәйкестігін зарядталған арбалетте бақылайды. Сақтандырғышты сақтандыру жағдайында түсіру бөлшегіне басу арқылы кемінде 10 рет бір қалыптан екінші күйге (қосылған және өшірілген) ауыстырады. Бұл ретте сақтандырғыштың өздігінен атуы мен кептелуіне жол берілмейді.
401. Арбалеттің осы Криминалистикалық талаптардың 213-тармағы талаптарына сәйкестігін тексеруді оқтау және кемінде 10 оқ ату арқылы жүргізеді. Бұл ретте адырнаны өздігінен бұзуға және доғаларды (доғаны) бұрауға жол берілмейді.
402. Арбалеттің осы Криминалистикалық талаптардың 215-тармағы талаптарына сәйкестігін тексеру арбалеттің әртүрлі орындарына еркін құлаған кезде салмағы 500 грамм резеңке балғамен соққы салу арқылы жүргізіледі. Соққылар саны - кемінде үш рет. Өздігінен атуға жол берілмейді.
403. Арбалеттің зақымдау әсерін лақтырылатын снарядпен ату арқылы тексереді. Егер үш атудың нәтижесі бойынша лақтырылатын снарядты енгізу тереңдігінің орташа арифметикалық мәні мынадай мәндерден:
атушыдан 7 метр қашықтықта тік күйде орнатылған, адамның бұлшықет тінін имитациялайтын арнайы қондырғы үшін 15 миллиметрден;
атушыдан 7 метр қашықтықта тік күйде орнатылған, қалыңдығы 30-50 миллиметр құрғақ (ылғалдылығы 12%-дан көп емес) қарағай тақтасы үшін 8 миллиметрден аспаса, сынақ нәтижесі оң деп есептеледі.
Ағаштың өзегіне тию ескерілмейді.
404. Арбалеттер мен лақтырылатын снарядтардың беріктігін, олардың бірнеше рет қолданылу мүмкіндігін ағаш нысанаға 5-тен 10 метрге дейінгі қашықтықта ату арқылы тексереді.
Жасалатын ату саны:
арбалетті тексеру үшін - кемінде 10;
кем дегенде 5 - лақтырылатын снарядтың әрбір типін тексеру үшін.
Егер арбалеттің, оның тораптары мен тетіктерінің бұзылуы болмаса, сынаулар нәтижесі оң деп есептеледі. Бұл ретте нысанаға 5 атудан кейін жебе ұзындығының 1 метріне 2 миллиметрден астам қисықтықтың туындауына жол берілмейді.
405. Арбалеттің осы Криминалистикалық талаптардың 218-тармағы талаптарына сәйкестігі оқталған арбалетте лақтырылатын снарядтың барлық штаттық түрлерін пайдалана отырып тексеріледі. Арбалетті байыппен тік күйге ауыстырады (ұшы төмен). Лақтырылатын снаряд арбалеттен бөлінбеуі тиіс.
406. Садақ немесе арбалет, егер жүргізілген сынаулардың нәтижелері осы Криминалистикалық талаптардың 140-221-тармақтарына сәйкес келсе, лақтыратын атыс қаруы деп танылады.
7-параграф. Конструкциясы жағынан суық және лақтыратын қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдістері
407. Арнайы мақсаттағы аңшылық пышақтардың (мүшелейтін және тері сыпыратын), туристік және арнайы спорттық пышақтардың конструкциясының беріктігі мен серпінділігін тексеру осы Криминалистикалық талаптардың 369-370, 372-375-тармақтарында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
408. Сұқпаның ұзындығы 90 миллиметр болған кезде тері сыпыратын және мүшелейтін пышақтардың ұшы 5 миллиметрге майыстырылады. Сұқпаның ұзындығын әрбір 25 миллиметрге ұлғайта отырып, майыстыру 2 миллиметрге ұлғайтылады. Сынаудан кейін сұқпада 1 миллиметрден асатын қалдық деформацияларға жол беріледі.
409. Ұзын сұқпалы суық қару типінде жасалған сәндік немесе кәдесый бұйымдары диаметрі 150-200 миллиметр құрғақ қарағай бөренесіне көлденең, адамды зақымдауға есептелген соққылармен энергиясы бойынша сәйкес келетін 1-2 соққыдан артық бұзылмауы тиіс.
410. Нысананы ұрып-уататын қарудың типі бойынша, сондай-ақ лақтырылатын серпінді қарудың типі бойынша дайындалған сәндік немесе кәдесый бұйымдармен зақымдаудың мүмкін еместігі міндетті сынаулар барысында белгіленеді.
411. Ұрып-уататын қару типі бойынша жасалған сәндік немесе кәдесый бұйымдарды бірнеше рет (кемінде 10 рет) сынау кезінде құрғақ қарағай тақтаға немесе адамның бұлшықет тінін имитациялайтын арнайы қондырғыға соққы жасайды. Иілмелі жалғанған қаруда жалғануының үзілуге беріктігін тексеру қажет. Сынаудан кейін бұйымда иілмелі жалғанудың қалдық деформациясы, бұзылуы немесе үзілуі көзделеді.
412. Лақтыратын серпінді қарудың типі бойынша жасалған сәндік немесе кәдесый бұйымдарын сынаулар барысында өлшемдік сипаттамалары, нысанаға 3 метрден астам қашықтыққа мақсатты түрде лақтырудың мүмкін еместігі анықталады. Нысанаға 3метр қашықтықтан тиген кезде нысана зақымдалуының салыстырмалы тереңдігі 4 миллиметрден аспауы керек, адамның бұлшықет тінін имитациялайтын арнайы қондырғы зақымдалуының салыстырмалы тереңдігі 7 миллиметрден көп емес.
413. Бұйым, егер жүргізілген сынаулардың нәтижелері осы Криминалистикалық талаптардың 222-333-тармақтарына сәйкес келсе, конструкциясы жағынан суық және лақтыратын қаруға ұқсас деп танылады.