"Криминалистикалық талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдістерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 219 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 10 мамырдағы № 384 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 13 мамырда № 34355 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Криминалистикалық талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдістерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 219 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10747 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Криминалистикалық талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдістерінде:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Азаматтық ойық ұзын ұңғылы атыс қаруының калибрі ".338 LapuaMag" (8,6*70мм) асатын патрондармен атуды жүргізу мүмкіндігі болмауы тиіс.";

      348-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "348. Сынау азаматтық ойық ұзын ұңғылы атыс қаруынан калибрі ".338 LapuaMag" (8,6*70мм) асатын патрондарымен атуды жүргізу мүмкіндігін анықтау үшін мынадай:

      қаруда қолданылатын патронның типін анықтау, оның сипаттамаларын калибрі ".338 LapuaMag" (8,6*70мм) асатын патрондармен салыстыру тәртібінде жүргізіледі.".

      Азаматтық ойық ұзын ұңғылы атыс қару, егер ол калибрі ".338 LapuaMag" (8,6*70мм) асатын патрондар ретінде жасалмаса, осы Криминалистикалық талаптардың 11-тармағына сәйкес келеді деп есептеледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел-криминалистикалық департаменті (С.А. Стихеев) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрыққа қол қойылған күннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады