Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/39 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 сәуірде № 10751 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.07.2016 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 18-12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.07.2016 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Е. Досаев

      2015 жылғы 17 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      _____________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы 17 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы
№ 18-02/39 бұйрығымен
бекітілген

Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.07.2016 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 13-бабы 1-тармағының 18-12) тармақшасына сәйкес әзірленді және орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың күші, заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қоспағанда, мемлекеттік орман қорының аумағына қолданылады.

      3. Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде құрылыс объектілерін салуға мемлекеттік орман қоры учаскелері (бұдан әрі – құрылыс объектілерін салу учаскелері) мемлекеттік орман иеленуші мен орман пайдаланушы арасында жасалатын мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты қолданылатын мерзімге беріледі.

      2-тарау. Мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру тәртібі

      4. Мемлекеттік орман қоры жерлерінде құрылыс объектілерін салуға учаске беру Орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – ведомство) немесе облыстың жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) ведомствосы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 18-02/896 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12247 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер өткізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде өткізілген тендердің (бұдан әрі – тендер) қорытындылары бойынша жүзеге асырады.

      5. Құрылыс объектілерін салуға учаскелер алу үшін тендерге қатысуға өтініммен бірге "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 40) тармақшасына сәйкес орманды пайдалану түріне байланысты болжанатын объектілердің нобайы (нобайлық жобасы) беріледі.

      Нобайды (нобайлық жобаны) әзірлеу кезінде құрылыс объектілері үшін объектінің іргелес аумағын абаттандыруды көздеу қажет.

      Нобайды (нобайлық жобаны) әзірлегеннен кейін орман пайдаланушы оны жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен келісуді жүзеге асырады және оны ведомствоға келісуге жолдайды.

      6. Нобай (нобайлық жобаны) ведомство ол келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қарайды. Нобай (нобайлық жоба) ескертулер болмаған жағдайда келісіледі және ведомствоның мөрімен расталады. Нобай (нобайлық жоба) бойынша ескертулер болған кезде ол көрсетілген ескертулерді жою үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге орман пайдаланушыға қайтарылады, осыдан кейін құжаттар ведомствоға қайта ұсынылады.

      7. Жұмыс жүргізу басталғанға дейін орман пайдаланушы құрылысты бастайтыны туралы мемлекеттік орман иленушіні және ведомствоның аумақтық органдарын жазбаша хабардар етеді. Объектіні салу мерзімі үш жылдан аспайтын мерзімге белгіленеді.

      8. Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары, балық шарушылығын жүргізу, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қорының жерлерінде объектілер салу Кодекстің 102-2-бабына және Заңның 27-2-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 28.06.2024 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Об утверждении Правил предоставления лесопользователям участков под объекты строительства на землях государственного лесного фонда, где лесные ресурсы предоставлены в долгосрочное лесопользование для оздоровительных, рекреационных, историко-культурных, туристских и спортивных целей, нужд охотничьего хозяйства, побочного лесного пользования

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 января 2015 года № 18-02/39. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 апреля 2015 года № 10751.

      Сноска. Заголовок приказа в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра РК - Министра сельского хозяйства РК от 08.07.2016 № 302 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 18-12) пункта 1 статьи 13 Лесного кодекса Республики Казахстан от 8 июля 2003 года ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила предоставления лесопользователям участков под объекты строительства на землях государственного лесного фонда, где лесные ресурсы предоставлены в долгосрочное лесопользование для оздоровительных, рекреационных, историко-культурных, туристских и спортивных целей, нужд охотничьего хозяйства, побочного лесного пользования.

      Сноска. Пункт 1 в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра РК - Министра сельского хозяйства РК от 08.07.2016 № 302 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      2. Комитету лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

Министр сельского хозяйства


Республики Казахстан

А. Мамытбеков

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр по инвестициям и

      развитию Республики Казахстан

      __________ А. Исекешев

      17 февраля 2015 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр национальной

      экономики Республики Казахстан

      _____________ Е. Досаев

      17 марта 2015 года



  Утверждены
приказом Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 26 января 2015 года № 18-02/39

Правила
предоставления лесопользователям участков под объекты
строительства на землях государственного лесного фонда, где
лесные ресурсы предоставлены в долгосрочное лесопользование
для оздоровительных, рекреационных, историко-культурных,
туристских и спортивных целей, нужд охотничьего хозяйства,
побочного лесного пользования

      Сноска. Правила в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра РК - Министра сельского хозяйства РК от 08.07.2016 № 302 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила предоставления лесопользователям участков под объекты строительства на землях государственного лесного фонда, где лесные ресурсы предоставлены в долгосрочное лесопользование для оздоровительных, рекреационных, историко-культурных, туристских и спортивных целей, нужд охотничьего хозяйства, побочного лесного пользования (далее – Правила), разработаны в соответствии с подпунктом 18-12) пункта 1 статьи 13 Лесного кодекса Республики Казахстан от 8 июля 2003 года (далее – Кодекс) и определяют порядок предоставления лесопользователям участков под объекты строительства на землях государственного лесного фонда, где лесные ресурсы предоставлены в долгосрочное лесопользование для оздоровительных, рекреационных, историко-культурных, туристских и спортивных целей, нужд охотничьего хозяйства, побочного лесного пользования.

      2. Действие настоящих Правил распространяется на территорию государственного лесного фонда, за исключением особо охраняемых природных территорий со статусом юридического лица.

      3. Участки государственного лесного фонда под объекты строительства на землях государственного лесного фонда, где лесные ресурсы предоставлены в долгосрочное лесопользование для оздоровительных, рекреационных, историко-культурных, туристских и спортивных целей, нужд охотничьего хозяйства, побочного лесного пользования (далее – участки под объекты строительства), предоставляются на срок действия договора долгосрочного лесопользования на участках государственного лесного фонда, заключаемого между государственным лесовладельцем и лесопользователем.

Глава 2. Порядок предоставления лесопользователям участков под
объекты строительства на землях государственного лесного фонда

      4. Предоставление участков под объекты строительства на землях государственного лесного фонда осуществляется в соответствии с Правилами проведения тендеров по представлению лесных ресурсов на участках государственного лесного фонда в долгосрочное лесопользование, утвержденными приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 7 октября 2015 года № 18-02/896 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 12247) ведомством уполномоченного органа в области лесного хозяйства (далее – ведомство) или местным исполнительным органом области (далее – местный исполнительный орган) по итогам проведенного тендера по предоставлению лесных ресурсов на участках государственного лесного фонда в долгосрочное лесопользование (далее – тендер).

      5. Для получения участков под объекты строительства с заявкой на участие в тендере предоставляется в соответствии с подпунктом 40) статьи 1 Закона Республики Казахстан от 16 июля 2001 года "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан" (далее – Закон) эскиз (эскизный проект) предполагаемых объектов в зависимости от видов лесопользования.

      При разработке эскиза (эскизного проекта) необходимо предусмотреть для объектов строительства благоустройство прилегающей территории объекта.

      После разработки эскиза (эскизного проекта), лесопользователь осуществляет его согласование со структурным подразделением местного исполнительного органа, осуществляющим функции в сфере архитектуры и градостроительства и направляет его на согласование в ведомство.

      6. Эскиз (эскизный проект) рассматривается ведомством в течение двух рабочих дней со дня его поступления. Эскиз (эскизный проект) при отсутствии замечаний согласовывается и заверяется печатью ведомства. При наличии замечаний по эскизу (эскизному проекту) он возвращается лесопользователю для устранения указанных замечаний на срок не более пяти рабочих дней, после чего документы вновь представляются в ведомство.

      7. До начала производства работ лесопользователь письменно уведомляет государственного лесовладельца и территориальные подразделения ведомства о начале строительства. Срок строительства объекта устанавливается не более трех лет.

      8. Строительство объектов на землях государственного лесного фонда, где лесные ресурсы предоставлены в долгосрочное лесопользование для оздоровительных, рекреационных, историко-культурных, туристских и спортивных целей, нужд охотничьего хозяйства, ведения рыбного хозяйства, побочного лесного пользования, осуществляется в соответствии со статьей 102-2 Кодекса и статьей 27-2 Закона.

      Сноска. Пункт 8 - в редакции приказа и.о. Министра экологии и природных ресурсов РК от 28.06.2024 № 143 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).