Ескерту.Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.11.2020 № ҚР ДСМ-199/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілед) бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 53-бабының 3-тармағының, 7-бабының 1-тармағының 99-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Т. Дүйсенова |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 168 бұйрығымен бекітілген |
Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсету қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.05.2019 № ҚР ДСМ-62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 53-бабының 3-тармағына (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленген және медициналық ұйымдардың паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) білікті медициналық көмек - диагностика, емдеу және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалануды талап етпейтін ауруларда жоғары медициналық білімі бар медициналық қызметкермен көрсетілетін медициналық көмек;
2) дәрігерге дейінгі көмек - аурулардың алдын алу мақсатында, сондай-ақ дәрігердің қатысуымен диагностика, емдеу және медициналық оңалту әдістерін пайдалануды талап етпейтін, орта медициналық білімі бар медициналық қызметкермен көрсетілетін медициналық көмек;
3) денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) мамандандырылған медициналық көмек - диагностика, емдеу және медициналық оңалтуда, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалану арқылы арнайы әдістерді талап ететін ауруларда бейінді мамандармен көрсетілетін медициналық көмек;
5) медициналық қызметтер - денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту немесе паллиативтік бағыты бар іс-қимыл;
6) медициналық ұйым - негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;
7) мейіргер күтімі - дәрігер байқауы талап етілмейтін жағдайларда ауыр аурулары бар күтімге мұқтаж адамдарға орта медицина қызметкерлері көрсететін медициналық қызметтер кешені;
8) паллиативтік көмек - терминалдық (соңғы) сатыдағы емделмейтін аурулары бар пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені;
9) стационарды алмастыратын көмек - білікті, мамандандырылған, оның ішінде медициналық байқаумен, жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдану арқылы дәрігерге дейінгі медициналық көмек ұсыну нысаны;
10) стационарлық көмек - білікті, мамандандырылған, оның ішінде тәулік бойы медициналық байқаумен, жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдану арқылы дәрігерге дейінгі медициналық көмек ұсыну нысаны.
3. Паллиативтік көмек пен мейіргерлік күтім "Халықтың паллиативтік көмек және мейірбике күтімі көрсетілуі тиіс санаттарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 96 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10576 болып тіркелген) бекітілген тізбеге сәйкес халықтың санаттарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, сондай-ақ ақылы негізде көрсетіледі.
4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі (Бұдан әрі - ТМККК) паллиативтік көмек осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізбеге сәйкес аурулар мен жағдайларда көрсетіледі.
ТМККК шеңберіндегі мейіргерлік күтім осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеге сәйкес аурулар мен жағдайларда көрсетіледі.
Емдеу бекітілген негізгі аурулары бойынша клиникалық хаттамаларға сәйкес осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тізбеге сәйкес паллиативтік көмек пен мейіргерлік күтім қызметтерін ұсыну арқылы жүргізіледі.
5. Паллиативтік көмек пен мейіргерлік күтім көрсету бойынша қызметтер Кодекстің 35-бабына сәйкес ақылы түрде ұсынылады.
6. Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтімді қажет ететін пациенттердің тізімдері медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдар қалыптастырады және есеп берудің бірыңғай нүктесі "Емхана" автоматтандырылған ақпараттық жүйеге енгізіледі, осының негізінде паллиативтік көмек және мейіргерлік күтімді алатын пациенттердің тізбесі қалыптасады.
2-тарау. Паллиативтік көмек көрсету тәртібі
7. Паллиативтік көмек дәрігерге дейінгі, білікті және мамандандырылған медициналық көмекті қамтиды және амбулаториялық-емханалық стационарды алмастыратын мен стационарлық көмек нысанында көрсетудің барлық кезеңдерінде сабақтастықты және байқау үздіксіздігі қағидаттарын сақтай отыра көрсетіледі.
8. Амбулаториялық-емханалық деңгейдегі паллиативтік көмекті "Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығындағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11268 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 шілдеде жарияланған) аумақтық қағидат бойынша алғашқы медициналық-санитариялық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары көрсетеді.
9. Стационарды алмастыратын нысандағы паллиативтік көмек құрамында паллиативтік көмек бөлімшелері (төсектер) бар амбулаториялық-емханалық ұйымдарының, ауруханалық ұйымдардың күндізгі стационарларында, дербес мамандандырылған медициналық ұйымдарда (хоспистер) "Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 669 бұйрығына (бұдан әрі - № 669 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12106 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.
10. Стационарлық көмек нысанындағы паллиативтік көмек мамандандырылған төсектерде, мамандандырылған палаталарда және стационарлық көмек көрсететін және мамандандырылған медициналық/медициналық әлеуметтік ұйымдарда (хоспистерде) "Стационарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығына (бұдан әрі - № 761 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12106 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.
11. Паллиативтік көмек көрсететін ұйымдарға емдеуге жатқызу үшін мыналар көрсетілімдер болып табылады:
1) науқасты кейіннен амбулаториялық жағдайда емдеуге ауыстыру үшін қолдаушы, ауырсындырмау терапиясын таңдау қажеттілігі;
2) тәуліктік бақылау жағдайында ауырсындырмау терапиясын түзеу;
3) тәуліктік бақылау жағдайында симптоматикалық емдеу қажеттігі;
4) әлеуметтік-психологиялық айғақтардың болуы (депрессия жағдайы, реактивті жағдай немесе отбасындағы дау-жанжал жағдайы, науқастың күтімі үшін тұрмыс жағдайларының болмауы).
12. Пациентті стационарға жоспарлы және шұғыл түрде емдеуге жатқызу № 761 бұйрыққа сәйкес жүзеге асырылады.
3-тарау. Мейіргерлік күтім көрсету тәртібі
13. Мейіргерлік күтім стационарды алмастыратын және стационарлық көмек түрінде ұсынылады.
14. Стационарды алмастыратын көмек түріндегі мейіргерлік күтім № 669 бұйрыққа сәйкес бекітілген жері бойынша амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін үйдегі стационар нысанында ұсынылады.
Мейіргерлік күтімді қажет ететін науқастарға зертханалық зерттеулер жүргізу үшін материалдар жинау үйде жүзеге асырылады. Аспаптық зерттеу әдістері тұрақты жері бойынша амбулаториялық-емханалық ұйымда көрсетілімдері бойынша жүргізіледі.
15. Стационарлық көмек түріндегі мейіргерлік күтім арнайы құрылымдық бөлімшелерде, денсаулық сақтау ұйымдарының (бөлімшелерде, палаталарда, төсектерде), № 761 бұйрыққа сәйкес арнайы медициналық ұйымдарда (мейіргерлік күтім ауруханаларында) ұсынылады.
16. Мейіргерлік күтімді қажет ететін науқастарды емдеуге жатқызу үшін көрсетілімдер:
1) тәулік бойы байқау жағдайларында күтім мен симптоматикалық терапияның қажеттілігі;
2) әлеуметтік-психологиялық көрсетілімдерінің болуы (депрессиялық жағдай, реактивтік жағдай, отбасындағы дау-жанжал жағдайы, науқасты күту үшін тұрмыстық жағдайлардың болмауы) болып табылады.
Білікті медициналық көмекті және тұрақты дәрігерлік байқауды талап ететін пациенттер мейіргерлік күтім ауруханасына, бөлімшесіне (палатасына) емдеуге жатқызуға жатпайды.
17. Мейіргерлік күтім көрсететін медициналық ұйымға пациентті емделуге жатқызу жоспарлы және (немесе) № 761 бұйрыққа сәйкес шұғыл тәртіпте жүзеге асырылады.
Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсету қағидаларына 1-қосымша |
Паллиативтік көмек көрсетілетін аурулардың тізбесі
Ересектер | ||||
№ | Аурулар класы | Нозологиялық нысандары | ХАЖ 10 коды | Нақтылау коды |
1. | Инфекциялық ауру | АИТВ инфекция | В20-В24 | Z51.5 - Паллиативтік көмек |
Туберкулез | А15-A19 | Z51.5 - Паллиативтік көмек | ||
2. | Ісіктер | Қатерлі ісіктер | С00-С97 | Z51.5 - Паллиативтік көмек |
3. | Эндокринді жүйе ауруы, тамақ бұзушылығы және зат алмасуының бұзылуы | 1-типті инсулинге тәуелді қан диабеті | Е10 | Z51.5 - Паллиативтік көмек |
2-типті инсулинге тәуелсіз қан диабеті | Е11 | |||
4. | Жүйке жүйесі аурулары | Паркинсон ауруы | G20 | Z51.5 - Паллиативтік көмек |
Альцгеймер ауруы | G30 | |||
Нерв жүйесінің басқа айдарларда жіктелмеген дегенерациялық басқа аурулары | G31 | |||
Паралитикалық синдромы | G81-83 | |||
Басқа жүйесінің зақымдануы (энцефалопатия) | G92-G93 | |||
5. | Қан айналымы жүйесінің аурулары | Өкпе-жүрек функциялары жеткіліксіздігінің басқа түрлері | I27 | Z51.5 - Паллиативтік көмек |
Жүрек функциясының жеткіліксіздігі | I50 | |||
Ми-тамыр ауруларының салдарлары | I69 | |||
6. | Тыныс алу ағзаларының аурулары | Өкпенің созылмалы басқа обструкциялық ауруы | J44 | Z51.5 - Паллиативтік көмек |
Өкпеқаптың басқа айдарларда жіктелмеген жалқығы | J90 | |||
Өкпеқаптың басқа айдарларда жіктелген жағдайлар | J91 | |||
Тыныс алу функциясының басқа айдарларда жіктелмеген жеткіліксіздігі | J96 | |||
7. | Ас қорыту ағзаларының аурулары | Бауырдың уыттық зақымдануы | К71.7 | Z51.5 - Паллиативтік көмек |
Бауыр қызметінің басқа айдарларда жіктелмеген жеткіліксіздігі | К72 | |||
Бауыр фиброзы және циррозы | К74 | |||
8. | Несеп жүйесі аурулары | Бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі | N18 | Z51.5 - Паллиативтік көмек |
Бүйрек қызметінің анықталмаған жеткіліксіздігі | N19 | |||
9. | Жарақаттар | Бастың жарақаты | S00-S79 | Z51.5 - Паллиативтік көмек |
Балалар | ||||
№ | Аурулар класы | Нозологиялық нысандары | ХАЖ 10 коды | Нақтылау коды |
1. | Инфекциялық ауру | АИТВ инфекция | В20-В24 | Z51.5 - Паллиативтік көмек |
Туберкулез | А15-А19 | Z51.5 - Паллиативтік көмек | ||
2. | Ісіктер | Қатерлі ісіктер | С00-С97 | |
3. | Эндокринді жүйе ауруы, тағам бұзушылығы және зат алмасуының бұзылуы | 1-типті инсулинге тәуелді қан диабеті | E10 | Z51.5 - Паллиативтік көмек |
2-типті инсулинге тәуелсіз қан диабеті | E11 | |||
Галактоза алмасуының бұзылуы | E74.2 | |||
Басқа сфинголипидоздар | E75.2 | |||
Мукополисахаридоз |
Е76.0 | |||
Жылауықты фиброз |
Е84.0 | |||
Класикалық фенилкетонурия | Е70.0 | |||
Гипофиз гиперфункциясы | Е22 | |||
Гипофиз гиперфункциясы мен басқа бұзылулар | Е23 | |||
4. | Жүйке жүйесі аурулары | Бактериялық анықталмаған менингит | G00-G09 | Z51.5 - Паллиативтік көмек |
Орталық нерв жүйесін басымырақ зақымдайтын жүйелік атрофиялар | G10-G14 | |||
Нерв жүйесінің басқа дегенерациялық аурулары | G30-G32 | |||
Орталық нерв жүйесінің миелинсіздендіруші аурулары | G35-G37 | |||
Бұлшық еттердің алғашқы зақымданулары | G71 | |||
Церебралды паралич | G80 | |||
5. | Қан айналымы жүйесінің аурулары | Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы | I05-I09 | Z51.5 - Паллиативтік көмек |
Жүрек функциясының жеткіліксіздігі | I50 | |||
Кардиомиопатия | I42 | |||
Мидың торлы қабығы астына қан құйылу | I60 | |||
Мидың ішіне қан құйылуы | I61 | |||
Бас сүйек ішіне жарақаттық емес басқаша қан | I62 | |||
Ми инфаргі | I63 | |||
Қан құйылу немесе инфаркт ретінде анықталмаған миға қан құйылу | I64 | |||
Қақпалық венаның тромбозы | I81 | |||
Тыныс алу ағзаларының аурулары | Тыныс алу функциясының басқа айдарларда жіктелмеген жеткіліксіздігі | J96 | Z51.5 - Паллиативтік көмек | |
Ас қорыту ағзаларының аурулары | Жұқпалы емес энтерит пен колит | K50-52 | Z51.5 - Паллиативтік көмек | |
Бауыр қызметінің басқа айдарларда жіктелмеген жеткіліксіздігі | К72 | |||
Бауыр фиброзы және циррозы | К74 | |||
Сүйек-бұлшық ет жүйесі және дәнекерлік тіндер аурулары | Дəнекер тіннің жүйелік зақымданулары | M30-M36 | Z51.5 - Паллиативтік көмек | |
Несеп жүйесі аурулары | Бүйрек жеткіліздігі | N18-N19 | Z51.5 - Паллиативтік көмек | |
Перинаталдық кезеңде туындаған жекелеген жағдай | Нəрестенің туғандағы салмағының өте аздығы | P07 | Z51.5 - Паллиативтік көмек | |
Туа біткен ауытқулар, деформациялар мен хромосомалық бұзылулар | Жүйке жүйесі дамуындағы туа біткен ақаулар | Q00-Q07 | Z51.5 - Паллиативтік көмек | |
Қан айналым жүйесінің туа біткен ауытқулары | Q20-Q28 | |||
Туа біткен ихтиоз | Q80 | |||
Нейрофиброматоз | Q85.0 |
Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсету қағидаларына 2-қосымша |
Мейіргерлік күтім көрсету үшін аурулар тізбесі
№ | Аурулар класы | Нозологиялық нысандары | ХАЖ 10 коды | Нақтылау коды |
1. | Жүйке жүйесі аурулары | Паркинсон ауруы | G20 | Z51.5 - Паллиативтік көмек |
Альцгеймер ауруы | G30 | |||
Нерв жүйесінің басқа дегенерациялық аурулары | G31 | |||
Церебралдық паралич ауруы мен басқа параличтік синдромдар | G81-83 | |||
Нерв жүйесінің басқа бұзылулары (энцефалопатия) | G92-G93 | |||
2. | Эндокринді жүйе ауруы, тамақтанудың бұзылулары және зат алмасуының бұзылуы | 1- типті инсулинге тәуелді қан диабеті | E10 | Z51.5 - Паллиативтік көмек |
2- типті инсулинге тәуелсіз қан диабеті | E11 | |||
3. | Қан айналымы жүйесінің аурулары | Өкпе-жүрек функциялары жеткіліксіздігінің басқа пішіндері | I27 | Z51.5 - Паллиативтік көмек |
Жүрек функциясының жеткіліксіздігі | I50 | |||
Ми-тамырлық аурулардың салдарлары | I69 | |||
4. | Тыныс алу ағзаларының аурулары | Өкпенің созылмалы басқа обструкциялық ауруы | J44 | Z51.5 - Паллиативтік көмек |
Өкпеқаптың басқа айдарларда жіктелмеген жалқығы | J90 | |||
Өкпеқаптың басқа айдарларда жіктелген жағдайлар барысындағы жалқығы | J91 | |||
Өкпеқаптың басқа айдарларда жіктелген жағдайлар барысындағы жалқығы | J96 | |||
5. | Ас қорыту ағзаларының аурулары | Бауырдың бауыр фиброзы мен беріштенуі қабаттасқан уыттық зақымдануы | К71.7 | Z51.5 - Паллиативтік көмек |
Бауыр қызметінің басқа айдарларда жіктелмеген жеткіліксіздігі | К72 | |||
Бауыр фиброзы және циррозы | К74 | |||
6. | Несеп жүйесі аурулары | Бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі | N18 | Z51.5 - Паллиативтік көмек |
Бүйрек қызметінің анықталмаған жеткіліксіздігі | N19 | |||
7. | Жарақаттар | Бастың жарақаты | S00-S79 | Z51.5 - Паллиативтік көмек |
Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсету қағидаларына 3-қосымша |
Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім қызметтерінің тізбесі
Қызметтердің коды | Дәрігер көрсететін қызметтер |
А.02.001.000 | Терапевтің консультациясы (тексеру) |
А.02.002.000 | Педиатрдың консультациясы (тексеру) |
А.02.018.000 | Невропатологтың консультациясы (тексеру) |
А02.015.000 | Кардиологтың консультациясы (тексеру) |
А.02.044.000 | Фтизиатрдың консультациясы (тексеру) |
А.02.013.000 | Хирургтің консультациясы (тексеру) |
D.54.910.426 | Лапароцентез |
D.54.910.427 | Плевроцентез |
D.54.910.428 | Трахестомия |
D.54.910.429 | Назогастральды сүңгіні орнату |
D.54.910.430 | Несеп катетрін орнату |
Қызметтердің коды | Орта медицина қызметкері көрсететін қызметтер |
D93.891.019 | Науқас балаға күтім жасауды үйрету |
D93.891.022 | Қатты сырқат пациенттің шашын, тырнақтарын күту, қырындыру |
D93.891.023 | Қатты сырқат пациенттің ауыз қуысына күтім жасау |
D93.891.024 | Ауыз-жұтқыншақтан сілемейді сорып алу |
D93.891.025 | Оростомалар, эзофагостомалар кезіндегі құрал |
D93.891.026 | Трахеостома кезіндегі құрал |
D93.891.027 | Назогастральды сүңгіге, мұрын канюлялалары және катетерлеріне күтім жасау |
D93.891.028 | Жоғары тыныс жолдарынан сілемейлерін сору |
D93.891.029 | Мұрыннан сілемейлер сору |
D93.891.030 | Фарингостома кезіндегі құрал |
D93.891.031 | Интраназальды дәрілік препараттарды енгізу |
D93.891.032 | Гастростома кезіндегі құрал |
D93.891.033 | Назогастральды сүңгіге күтім жасау |
D93.891.034 | Гастростома арқылы қатты сырқат пациентті тамақтандыру |
D93.891.035 | Илеостома кезіндегі құрал |
D93.891.036 | Интестинальды сүңгіге күтім жасау |
D93.891.037 | Интестинальды сүңгі арқылы қатты сырқат пациентті тамақтандыру |
D93.891.038 | Илеостомаға күтім жасауды үйрету |
D93.891.039 | Жуан ішек стомалары кезіндегі құрал |
D93.891.040 | Колостомоға күтім жасауды үйрету |
D93.891.041 | Қатты сырқат пациентті дефекациялау кезіндегі құрал |
D93.891.042 | Тазалау клизмасын қою |
D93.891.043 | Газ шығару түтікшесін қою |
D93.891.044 | Ккопролитті алып тастау |
D93.891.045 | Нәжіс ұстамау кезіндегі құрал |
D93.891.046 | Сифонды клизма қою |
D93.891.047 | Қынапты ұстап тұратын сақинаны (пессария) енгізу, алу |
D93.891.048 | Сыртқы есту өтісіне күтім жасау |
D93.891.049 | Қатты сырқат пациенттің көздеріне күтім жасау |
D93.891.050 | Конъюнктивтік қуысқа дәрілік заттарды инстилляциялау |
D93.891.051 | Қатты сырқат пациенттің несеп шығаруы кезіндегі құрал |
D93.891.052 | Несеп катетріне күтім жасау |
D93.891.053 | Цистостомоға және уростомоға күтім жасау |
D93.891.054 | Несеп ұстамау кезіндегі құрал |
D93.891.055 | Төсектегі қатты сырқат пациентті жатқызу және/немесе орналастыру |
D93.891.057 | Қатты сырқат пациенттің ауыз және/немесе назогастральды сүңгі арқылы тамақтандыру |
D93.891.058 | Қатты сырқат пациенттің төсек жаймасын ауыстыруға дайындау |
D93.891.059 | Қатты сырқат пациенттің киімін және іш кимін ауыстыру бойынша құрал |
D93.891.060 | Қатты сырқат пациенттің сыртқы жыныс және бұтаралық ағзаларына күтім жасау |
D93.891.061 | Дренажға күтім жасау |
D93.891.062 | Дәрілік препараттарды парентеральды енгізу кезіндегі құрал |
D93.891.063 | Жауыржараның даму қаупінің дәрежесін бағалау |
D93.891.064 | Жауыржараның ауырлық дәрежесін бағалау |
D93.891.065 | Ауырсынудың қарқындылығын бағалау |
D93.891.066 | Пациенттің отбасы мүшелерін төсекке жатқызу және орнын ауыстыру техникасына үйрету |
D93.891.067 | Пациентті төсекке және/немесе креслоға өз көмегімен орналасуға үйрету |
D93.891.068 | Пациентті балдақпен жүруге үйрету |
D93.891.069 | Пациентті қосымша тіректің көмегімен жүруге үйрету |
D93.891.021 | Тері қабықтарының тұтастығы бұзылғанда таңулар салу |
Код | Психологтың қызметтері |
А02.005.000 | Консультациялық қабылдау: Психолог (психологиялық мәртебесін бағалау, психотерапиялық/психологиялық интервенциялар, психологиялық қолдау көрсету) |
Код | Әлеуметтік қызметкердің қызметтері |
A01.006.000 | Жоғары білімі бар әлеуметтік қызметкердің консультациясы (қабылдау) |
A01.007.000 | Орта білімі бар әлеуметтік қызметкердің консультациясы (қабылдау) |
A01.006.001 | Медициналық-әлеуметтік зерттеп-қарауды ұйымдастырып, өткізу: Жоғары білімі бар әлеуметтік қызметкер |
A01.007.001 | Медициналық-әлеуметтік зерттеп-қарауды ұйымдастыруды өткізу: Орта білімі бар әлеуметтік қызметкер |
A01.006.002 | Үй жағдайларында жүргізілетін медициналық күтімнің негіздеріне пациенттің отбасы мүшелерін үйрету: Жоғары білімі бар әлеуметтік қызметкер |
A01.007.002 | Үй жағдайларында жүргізілетін медициналық күтімнің негіздеріне пациенттің отбасы мүшелерін үйрету: Орта білімі бар әлеуметтік қызметкер |
6-тарау | Мобильды бригаданың шығуы |
Е01.006.000 | Паллиативтік көмек көрсету кезінде мобильды бригаданың шығуы |