"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 127-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мейіргерлік күтім көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 168 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10803 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда "Әділет" акпараттық- құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № ҚР ДСМ-62 бұйрығымен бекітілген, өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір бұйрықтар тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18637 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 23 қарашасы № ҚР ДСМ-199/2020 Бұйрыққа қосымша |
Мейіргерлік күтім көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мейіргерлік күтім көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 127-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және мейіргерлік күтім көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) дәрігерге дейінгі медициналық көмек - орта медицина қызметкерлері дербес немесе денсаулықты насихаттауды, пациенттің жай-күйін бағалауды, дәрігерге дейін диагноз қоюды, дәрігерге дейінгі араласу жоспарын тағайындауды, дәрігерге дейінгі манипуляциялар мен емшараларды орындауды және науқастарға, мүгедектер мен хал үстіндегі адамдарға күтімді қамтитын мультипәндік команда құрамында көрсететін медициналық көмек;
2) денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
3) Емдеуге жатқызу бюросы порталы (бұдан әрі – Портал) – пациенттерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдамаларды электрондық тіркеудің, есепке алудың, өңдеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесі;
4) кеңейтілген практика мейіргері – мейіргер ісі саласында орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар, мейіргерлік күтім шеңберінде кеңейтілген функцияларды жүзеге асыратын маман;
5) мамандандырылған медициналық көмек - диагностиканың, емдеудің, медициналық оңалтудың арнайы әдістерін талап ететін аурулар кезінде, оның ішінде қашықтықтан медициналық көрсетілетін қызметтер құралдарын пайдалана отырып, бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек;
6) медициналық қызметтер - денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту және паллиативтік бағыты бар іс-қимылы;
7) медициналық ұйым - негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;
8) мейіргерлік бағалау – мейіргердің пациенттің физиологиялық, психологиялық, социологиялық және рухани жай-күйі туралы ақпарат жинауы;
9) мейіргерлік диагноз - мейіргерлік күтімнің бөлігі және пациенттің ауруының клиникалық белгілерін денсаулығына байланысты нақты және ықтимал проблемаларын сипаттайтын мейіргердің клиникалық пікірі;
10) мейіргерлік араласу – пациенттердің денсаулығы мен жайлылығын жақсарту үшін мейіргердің іс- әрекеттері;
11) мейіргерлік күтімнің нәтижелері – мейіргерлік күтімнің сапасын түпкілікті бағалау;
12) мейіргерлік құжаттама – мейіргерлердің немесе кеңейтілген практика мейіргерінің басшылығымен күтімді жүзеге асыратын басқа да адамдардың пациенттерге ұсынған мейіргерлік күтім туралы жазба және (немесе) есеп;
13) мейіргерлік күтім - денсаулықты насихаттауды, аурулардың профилактикасын және науқастардың, мүгедектер мен хал үстіндегі адамдардың күтімін қамтитын, барлық жастағы, топтар мен қоғамдастықтардың адамдарына, науқастарға немесе сау адамдарға мейіргерлер және кеңейтілген практиканың мейіргерлері көрсететін медициналық қызметтер кешені;
14) мейіргер - мейіргер ісі саласында техникалық және кәсіптік медициналық білімі бар, мейіргерлік күтімді дербес немесе кеңейтілген практика мейіргерінің немесе дәрігердің супервизиясымен жүзеге асыратын маман;
15) пациент - медициналық көмек көрсетуді қажет ететін ауруының немесе жай-күйінің болуына немесе болмауына қарамастан, медициналық көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға.
3. Мейіргерлік күтімді амбулаториялық, стационарды алмастыратын, стационарлық жағдайларда, сондай-ақ үйде "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес ересектерге және (немесе) балаларға амбулаториялық-емханалық және (немесе) стационарды алмастыратын көмек, стационарлық көмек көрсетуге медициналық қызметке лицензиясы бар медициналық ұйымдар көрсетеді.
4. Пациентке мейіргерлік күтімді Кодекстің 27-бабына сәйкес "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар медицина қызметкерлері ұсынады.
5. Мейіргерлік күтім осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде (бұдан әрі – ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, сондай-ақ ерікті медициналық сақтандыру жүйесінде ақылы негізде көрсетіледі.
2 -тарау. Мейіргерлік күтім көрсету тәртібі
6. Мейіргерлік күтім аудандық, қалалық, облыстық деңгейлерде, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалаларда және астанада оны көрсетудің барлық кезеңдерінде сабақтастық және үздіксіз бақылау қағидаттарын сақтай отырып көрсетіледі.
7. Мейіргерлік күтім: дәрігердің қабылдауында, күндізгі немесе тәулік бойы стационарда, медицина қызметкерін, мобильді бригаданы шақыру кезінде, медицина қызметкерлерінің белсенді патронажы, үйде емдеуді ұйымдастыру кезінде және пациентке қатысты оның уақтылы тамақтануын, дәрі қабылдауды, толыққанды ұйқыны және өмір мен емдеу үшін басқа да аса маңызды функцияларды қамтамасыз ету мақсатында орындалатын іс-шараларды, сондай-ақ денсаулықты насихаттауды, аурулардың профилактикасын қамтиды.
8. Мейіргерлік күтім Кодекстің 127-бабының 2-тармағына сәйкес тәулік бойы дәрігерлік байқауды қажет етпейтін жағдайларда, денсаулық сақтау ұйымдарының мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерінде (бөлімдерде, палаталарда, төсектерде, кабинеттерде), дербес мамандандырылған медициналық ұйымдарда (мейіргерлік күтім ауруханаларында (бұдан әрі – МКА)) стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда және үйде, оның ішінде мобильдік бригадаларды пайдалана отырып жүзеге асырылады.
9. Пациентті мейіргерлік күтім көрсететін ұйымдарға емдеуге жатқызу ТМККК шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) маманының немесе медициналық ұйымның бейінді маманының жолдамасы бойынша Портал арқылы пациентті немесе оның заңды өкілін стационарға жатқызудың мерзімі туралы хабардар ете отырып, жоспарлы тәртіппен жүзеге асырылады.
10. Пациентті мейіргерлік күтім көрсететін медициналық ұйымдарға емдеуге жатқызу медициналық көмек көрсетудің жоспарлы және (немесе) шұғыл нысанында жүзеге асырылады.
11. Стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмекті және тұрақты дәрігерлік бақылауды талап ететін пациенттер МКА-ға емдеуге жатқызылмайды.
12. Пациентті МКА-ға емдеуге жатқызу үшін:
1) емдеуге жатқызу үшін көрсетілімдердің болуы;
2) учаскелік дәрігердің, жалпы практика дәрігерінің немесе аудандық, қалалық емхана немесе мамандандырылған медициналық ұйым маманының жолдамасының болуы көзделеді.
13. Пациентті МКА мейіргерінің қарап-тексеруі оның денсаулық жағдайын, емдеуге жатқызу мерзімдерін айқындау және МКА-ға емдеуге жатқызуға қарсы көрсетілімдерді анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
14. Науқасты МКА-да емдеген кезде пациент туралы мәліметтер Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша Науқастарды қабылдауды және емдеуге жатқызудан бас тартуды есепке алу журналына және медициналық картаға тіркеледі, сондай-ақ МКА Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысандар бойынша есепке алуды жүргізеді және өз жұмысы туралы есеп береді.
15. Мейіргерлік күтім түрінде стационар жағдайында көмек алған пациентті ауруханадан шығарған кезде Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша статистикалық карта толтырылады.
16. Науқастың медициналық картасынан алынған қажетті ұсынымдары бар үзінді көшірме пациенттің қолына немесе оның заңды өкіліне қол қойғызып беріледі және бекітілген жеріндегі МСАК медицина ұйымына беріледі.
17. Мейіргер пациенттің биологиялық өлімін уақтылы тіркейді.
18. Пациент қайтыс болғаннан кейінгі кезеңде мейіргерлік көмекті жүзеге асыратын мейіргер отбасына ығыр қылмайтын әдепті нысанда психологиялық көмек көрсетеді, қажет болған жағдайда, психологтың консультациясы тағайындалады.
19. МКА орта медицина персоналы мейіргерлік күтім көрсеткен кезде мыналарды:
1) пациент денсаулығының жай-күйін тәулік бойы бақылауды және асқынулардың профилактикасына бағытталған іс-шаралар жүргізуді;
2) оларға күнделікті қарап-тексерулерді жүргізуді қоса алғанда, пациенттерге медициналық күтім жасауды;
3) пациенттерді моральдық-психологиялық қолдауды;
4) әлсіреген пациенттерді тамақтандыруды;
5) медициналық ем-шараларды (дене қызуын, артериялық қысымды өлшеу, компрессорларды салу, таңуды жүзеге асыру, жауыр жараларды тазалау, тазарту клизмаларын орындау және басқалар);
6) пациенттердің денсаулық жай-күйі нашарлаған кезде медициналық-санитариялық алғашқы көмекті;
7) емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша симптоматикалық терапия кешенін;
8) пациенттерге санитариялық-гигиеналық көмекті (сүрту, жуу, гигиеналық ванна, тырнақтарын алу, шашын тарау, іш киім мен төсек жаймаларын ауыстыру және басқалар);
9) МКА мейіргері тағайындаған медициналық-әлеуметтік көмек көрсету, оның ішінде "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес қорғаншылық және қамқоршылық органдарына әлеуметтік оңалтуды қажет ететін кәмелетке толмағандарды асырап алуға, қамқоршылыққа алуға, бала асырап алатын отбасыға орналастыруға жәрдемдесу бойынша іс-шараларды орындауды жүзеге асырады.
20. Амбулаториялық жағдайларда мейіргерлік күтім амбулаториялық-емханалық ұйымдардың жұмыс істеу кезеңінде жұмыс күндері үйде жүзеге асырылады.
21. Үйдегі мейіргерлік күтім емдеуге жатқызуды қажет етпейтін, бірақ денсаулығының жай-күйі мейіргерлік күтімді қажет ететін пациенттерге көрсетіледі.
22. Мейіргерлік күтімге мұқтаж пациенттердің тізімін МСАК ұйымдарымен медициналық ақпараттық жүйелер арқылы қалыптастырады.
23. Мейіргер Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысандар бойынша пациенттің жай-күйін бағалауды, мейіргерлік күтім жоспарын жасауды және орындауды, дәрігер жасаған тағайындауларды орындауды, анықталған проблемаларға сәйкес күтім жасау жоспарын бейімдеуді және іске асыруды, пациенттерді, отбасыларды, күтімді жүзеге асыратын адамдарды оқытуды, бастапқы медициналық құжаттаманы жүргізуді жүзеге асырады.
Кеңейтілген практика мейіргерлері Кодекстің 127-бабының 5-тармағына сәйкес клиникалық хаттамаларға және клиникалық мейіргерлік нұсқауларға сәйкес пациенттің (клиенттің) жай-күйін мейіргерлік бағалауды, мейіргерлік диагноз қоюды, мейіргерлік араласу жоспарын тағайындауды және тиімділік мониторингін қамтитын тәуелсіз кәсіптік мейіргерлік күтімді жүзеге асырады.
24. Мейіргерлік күтім көрсету кезінде емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша (көрсетілімдер болған кезде) ауырсынуға қарсы терапия жүргізу және оның тиімділігін айқындау клиникалық хаттамаларға және Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша ауырсынуды бағалауға сәйкес жүзеге асырылады.
Мейіргерлік күтім көрсету Қағидаларына қосымша |
Мейіргерлік күтім қызметтерінің тізбесі
№ | Қызметтердің коды | Қызметтер |
Орта медицина персоналы көрсететін қызметтер | ||
1. | D93.891.019 | Науқас балаға күтім жасауды үйрету |
2. | D93.891.022 | Қатты сырқат пациенттің шашын, тырнақтарын күту, қырындыру |
3. | D93.891.023 | Қатты сырқат пациенттің ауыз қуысына күтім жасау |
4. | D93.891.024 | Ауыз-жұтқыншақтан сілемейлерді сорып алу |
5. | D93.891.025 | Оростомалар, эзофагостомалар кезіндегі құрал |
6. | D93.891.026 | Трахеостома кезіндегі құрал |
7. | D93.891.027 | Назогастральды сүңгіге, мұрын канюлялалары және катетерлеріне күтім жасау |
8. | D93.891.028 | Жоғары тыныс жолдарынан сілемейлерін сору |
9. | D93.891.029 | Мұрыннан сілемейлер сору |
10. | D93.891.030 | Фарингостома кезіндегі құрал |
11. | D93.891.031 | Интраназальды дәрілік препараттарды енгізу |
12. | D93.891.032 | Гастростома кезіндегі құрал |
13. | D93.891.033 | Назогастральды сүңгіге күтім жасау |
14. | D93.891.034 | Гастростома арқылы қатты сырқат пациентті тамақтандыру |
15. | D93.891.035 | Илеостома кезіндегі құрал |
16. | D93.891.036 | Интестинальды сүңгіге күтім жасау |
17. | D93.891.037 | Интестинальды сүңгі арқылы қатты сырқат пациентті тамақтандыру |
18. | D93.891.038 | Илеостомаға күтім жасауды үйрету |
19. | D93.891.039 | Жуан ішек стомалары кезіндегі құрал |
20. | D93.891.040 | Колостомоға күтім жасауды үйрету |
21. | D93.891.041 | Қатты сырқат пациентті дефекациялау кезіндегі құрал |
22. | D93.891.042 | Тазалау клизмасын қою |
23. | D93.891.043 | Газ шығару түтікшесін қою |
24. | D93.891.044 | Ккопролитті алып тастау |
25. | D93.891.045 | Нәжіс ұстамау кезіндегі құрал |
26. | D93.891.046 | Сифонды клизма қою |
27. | D93.891.047 | Қынапты ұстап тұратын сақинаны (пессария) енгізу, алу |
28. | D93.891.048 | Сыртқы есту өтісіне күтім жасау |
29. | D93.891.049 | Қатты сырқат пациенттің көздеріне күтім жасау |
30. | D93.891.050 | Конъюнктивтік қуысқа дәрілік заттарды инстилляциялау |
31. | D93.891.051 | Қатты сырқат пациенттің несеп шығаруы кезіндегі құрал |
32. | D93.891.052 | Несеп катетеріне күтім жасау |
33. | D93.891.053 | Цистостомоға және уростомоға күтім жасау |
34. | D93.891.054 | Несеп ұстамау кезіндегі құрал |
35. | D93.891.055 | Төсектегі қатты сырқат пациентті жатқызу және/немесе орналастыру |
36. | D93.891.057 | Қатты сырқат пациенттің ауыз және/немесе назогастральды сүңгі арқылы тамақтандыру |
37. | D93.891.058 | Қатты сырқат пациенттің төсек жаймасын ауыстыруға дайындау |
38. | D93.891.059 | Қатты сырқат пациенттің киімін және іш кимін ауыстыру бойынша құрал |
39. | D93.891.060 | Қатты сырқат пациенттің сыртқы жыныс және бұтаралық ағзаларына күтім жасау |
40. | D93.891.061 | Дренажға күтім жасау |
41. | D93.891.062 | Дәрілік препараттарды парентеральды енгізу кезіндегі құрал |
42. | D93.891.063 | Жауыржараның даму қаупінің дәрежесін бағалау |
43. | D93.891.064 | Жауыржараның ауырлық дәрежесін бағалау |
44. | D93.891.065 | Ауырсынудың қарқындылығын бағалау |
45. | D93.891.066 | Пациенттің отбасы мүшелерін төсекке жатқызу және орнын ауыстыру техникасына үйрету |
46. | D93.891.067 | Пациентті төсекке және/немесе креслоға өз көмегімен орналасуға үйрету |
47. | D93.891.068 | Пациентті балдақпен жүруге үйрету |
48. | D93.891.069 | Пациентті қосымша тіректің көмегімен жүруге үйрету |
49. | D93.891.021 | Тері қабықтарының тұтастығы бұзылғанда таңулар салу |
Код | Психологтың қызметтері | |
50. | А02.005.000 | Консультациялық қабылдау: Психолог (психологиялық мәртебесін бағалау, психотерапиялық/психологиялық интервенциялар, психологиялық қолдау көрсету) |
Әлеуметтік қызметкердің қызметтері | ||
51. | A01.007.000 | Орта білімі бар әлеуметтік қызметкердің консультациясы (қабылдау) |
52. | A01.007.001 | Медициналық-әлеуметтік зерттеп-қарауды ұйымдастыруды өткізу: орта білімі бар әлеуметтік қызметкер |
53. | A01.007.002 | Үй жағдайларында жүргізілетін медициналық күтімнің негіздеріне пациенттің отбасы мүшелерін үйрету: Орта білімі бар әлеуметтік қызметкер |