Мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай республикалық тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 237 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 сәуірде № 10820 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 № 694 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 14-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай республикалық тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi (С.М. Ахметов) заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің  
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 237 бұйрығымен  
бекітілген      

Мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай республикалық
тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай республикалық тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай республикалық тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің тәртібін айқындайды.
      2. Мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай республикалық тізілімдерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы электрондық түрде, мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырады және жүргізеді әрі олар Заңның 11-бабының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
      3. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де  құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, бірыңғай республикалық тізілімдерде қамтылған мәліметтер веб-порталда орналастырылады және олар төлем алынбастан танысу үшін мүдделі тұлғаларға қол жетімді.

2. Мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдердің түрлері

      4. Мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай республикалық тізілімдер (бұдан әрі – тізілімдер) мынадай түрлерге бөлінеді:
      1) тапсырыс берушілердің тізілімі;
      2) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі;
      3) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі.

3. Тапсырыс берушілердің тізілімін қалыптастыру және оны
жүргізу тәртібі

      5. Тапсырыс берушілердің тізілімі тапсырыс беруші туралы мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
      1) тапсырыс берушінің атауы;
      2) тапсырыс берушінің мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні;
      3) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);
      4) тапсырыс берушінің аумақтық тиесілігі туарлы мәліметтер (әкiмшiлiк-аумақтық бiрлестiктердiң жiктеуiшi (ӘАБЖ) бойынша коды, өңір, заңды мекенжайы)
      5) есептілік әкімшісінің атауы;
      6) шаруашылық етудің ұйымдастыру құқықтық нысанының коды (ҰҚНК);
      7) меншiк нысандарын жiктеу (МНЖ) бойынша коды;
      8) кәсiпкерлiк субъектiнің санаты;
      9) экономика секторының коды;
      10) тапсырыс берушінің басшысы туралы мәліметтер:
      жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)
      басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде);
      басшының лауазымы;
      электрондық почта;
      телефон (жұмыс, ұялы).
      6. Тапсырыс берушілердің тізілімін қалыптастыру веб-портал арқылы тапсырыс берушінің веб-порталдағы тіркеу деректері негізінде автоматты түрде жүзеге асырылады.
      Бұл ретте тапсырыс беруші веб-порталда әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеледі. Тапсырыс беруші қайта ұйымдастырылған (таратылған) не әділет органындағы тіркеу деректері өзгерген жағдайда, тапсырыс беруші осындай жағдайлар әділет органдарында тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде тапсырыс берушінің веб-порталдағы тіркеу деректеріне өзгертілген мәліметтерді енгізеді.
      7. Тапсырыс берушілер тізілімін жүргізу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-портал арқылы жүзеге асырылады.
      8. Тапсырыс берушілердің тізіліміне енгізілген тапсырыс беруші туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Электрондық құжат айналымы ережесiнде (бұдан әрі – Электрондық құжат айналымы ережесі) белгіленген тәртіппен электрондық түрде сақталады.

4. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімін
қалыптастыру және оны жүргізу тәртібі

      9. Мемлекеттік сатып алу шарттардың тізілімінде мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жөніндегі мәліметтерді қоспағанда, шарт (оның өзгеруі) туралы мынадай мәліметтерді қамтиды:
      1) тапсырыс берушінің атауы;
      2) тапсырыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);
      3) қаржыландыру көзі – республикалық бюджет, жергілікті бюджет, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен қаражаты, мемлекеттік мекемелер үшін демеушілік, қайырымдылық көмектен түскен қаражат (бұдан әрі – бюджеттен тыс қаражат), меншікті қаражат;
      4) мемлекеттік сатып алуды Заңға сәйкес жүзеге асырудың, сондай-ақ Заңның өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік  сатып алу туралы шарт жасасуды реттейтін нормаларын қолданбастан жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу тәсілі;
      5) мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарламаның нөмірі;
      6) конкурс қорытындылары, аукцион қорытындылары, бір көзден сатып алуды өткізу қорытындылары, баға ұсыныстарын сұратуды жүргізу қорытындылары шығарылған күн, сондай-ақ шарттың жасалу негізін растайтын құжаттың деректемелері;
      7) шартты жасасудың негізін растайтын құжаттың деректемелері;
      8) шарттың жасалған күні және нөмірі – шарттың жасалған күні, айы, жылы;
      9) шарт валютасының коды;
      10) аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде мемлекеттік мекемелердің шартты тіркегені туралы мәліметтер – өтінім нөмірі мен тіркеу күнін қоса алғанда, тіркеу туралы хабарламалардың деректемелері;
      11) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың мәні:
      сатып алу мәнінің түрі;
      жіктеуіш бойынша өнімнің коды;
      тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы;
      тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша және қосымша сипаттамасы;
      өлшем бірлігі;
      бір бірлік үшін бағасы;
      саны;
      егер өнім беруші ҚҚС төлеушісі болып табылған жағдайда, қосылған құн салығы (ҚҚС) туралы мәліметтер;
      12) өнім берушілер (орындаушылар, мердігерлер) туралы ақпарат:
      заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты;
      Қазақстан Республикасының резиденттері үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру  нөмірі (ЖСН) (жеке тұлға үшін);
      Ресей Федерациясының резиденттері үшін – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (СТС) (заңды тұлғалар үшін), дара жеке шоттың сақтандыру нөмірі (ДЖШСН) (жеке тұлғалар үшін);
      Беларусь Республикасының резиденттері үшін – төлеушінің есепке алу нөмірі (ТЕН) (заңды тұлғалар үшін), веб-порталда автоматты түрде берілетін реттік нөмір (РН) (жеке тұлғалар үшін);
      Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және олардың өнім берушілерінің дерекқорындағы жазба нөмірі;
      резиденттілік елі және заңды мекенжайы;
      байланыс ақпараты;
      13) шарттың орындалуы:
      тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы және сипаттамасы;
      сатып алынған тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің қысқаша сипаттамасы;
      тауар белгісінің атауы;
      тауар өндірушінің, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің елі;
      төлем сомасы;
      шартты орындаудың жобаланған және нақты күні;
      14) шарттың қолданылуын тоқтату туралы мәліметтер:
      күні, негіздеме және себебі.
      Заңның 4-бабы 1-тармағының 3) және 23) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алудың нәтижелері бойынша жасалған шарттар туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне енгізілуге жатпайды.
      10. Тапсырыс беруші шартты жасасқан (оны өзгерткен) күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шарттар тізілімінің электрондық нысанын толтыру жолымен шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтерді веб-порталға енгізеді.
      11. Тапсырыс беруші шарт қолданылуын тоқтатқан (орындалған немесе орындалмаған) күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу туралы шарттар тізілімінің электрондық нысанын толтыру жолымен шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтерді веб-портал арқылы енгізеді.
      12. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу веб-порталына шарттың өзгеруі туралы мәліметтерді немесе шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтерді ұсынған жағдайда, шарт туралы бастапқы мәліметтер мұрағатын сақтай отырып, тізілімдегі жазбаны автоматты түрде жаңарту жүргізіледі.
      13. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне енгізілген шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтер және (немесе) шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтер шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтерді оған енгізген күнінен бастап үш жыл бойы мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімінде сақталады.
      14. Осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген мерзім өткен соң мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімінен шығарылған шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтер немесе шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтер Электрондық құжат айналымы ережесiнде белгіленген тәртіппен электрондық түрде сақталады.

5. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімін
қалыптастыру және оны жүргізу тәртібі

      15. Тапсырыс берушілер әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы заңды күшіне енген соттың шешімін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мұндай өнім беруші туралы мәліметтерді электрондық түрде веб-портал арқылы уәкілетті органға береді.
      Уәкілетті органға мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу үшін толық емес мәліметтер ұсынған жағдайда уәкілетті орган он жұмыс күн ішінде веб-портал арқылы тапсырыс берушіге осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы туралы мәліметтерді бес жұмыс күн ішінде беру қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
      16. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімін жүргізу осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.
      17. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне мәліметтерді енгізген кезде:
      1) жосықсыз өнім беруші туралы ақпарат:
      өнім берушінің атауы;
      резиденттік елі;
      Қазақстан Республикасының резиденттері үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру  нөмірі (ЖСН) (жеке тұлға үшін);
      Ресей Федерациясының резиденттері үшін – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (СТС) (заңды тұлғалар үшін), дара жеке шоттың сақтандыру нөмірі (ДЖШСН) (жеке тұлғалар үшін);
      Беларусь Республикасының резиденттері үшін – төлеушінің есепке алу нөмірі (ТЕН) (заңды тұлғалар үшін), веб-порталда автоматты түрде берілетін реттік нөмір (РН) (жеке тұлғалар үшін);
      2) тапсырыс беруші туралы ақпарат;
      3) өткізілген сатып алу туралы мәліметтер:
      сатып алуды жүзеге асыру тәсілі;
      сатып алу туралы хабарландырудың нөмірі;
      сатып алу туралы хабарландырудың күні;
      сатып алу қорытындыларын шығару күні;
      4) Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар тізіліміндегі шарттың нөмірі;
      5) өнім берушіні (әлеуетті) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану негіздемесі;
      6) сот шешімі туралы мәліметтер:
      соттың атауы;
      сот шешімінің нөмірі;
      сот шешімінің күні;
      сот шешімінің заңды күшіне енген күні;
      7) Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен алып тасталған күн.
      18. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімдегі мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы туралы мәліметтерді қамтитын жазба Заңда белгіленген мерзім өткен соң тізілімнен автоматты түрде алынып тасталады. Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы шешімді жою туралы заңды күшіне енген сот актісі болған жағдайда, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы туралы мәліметтерді қамтитын тізілімдегі жазба әлеуетті өнім берушінің не өнім берушінің сұрау салуы бойынша уәкілетті орган тиісті сот актісін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде алынып тасталады.

Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың және
оларды жүргізудің қағидаларына 
1-қосымша            

Нысан

Тапсырыс берушілер тізілімі

Р/с

Тізілімдегі жазба нөмірі

Тапсырыс берушінің атауы

мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні

БСН

тапсырыс берушінің аумақтық тиесілігі туарлы мәліметтер

Есептілік әкімшісінің атауы

Мемлекеттік тілінде

Орыс тілінде

ӘАБЖ

өңір

заңды мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











кестенің жалғасы

ҰҚНК

МНЖ

кәсiпкерлiк субъектiнің санаты

Экономика секторының коды

Тапсырыс берушінің басшысы туралы мәліметтер

ЖСН

Т.А.Ә.

Лауазымы

Деректер көзі

Электрондық почта

телефон (жұмыс)

телефон (ұялы)

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21












Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың және
оларды жүргізудің қағидаларына
2-қосымша          

Нысан

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі

Тізілімдегі жазбаның нөмірі

Жазбаның соңғы өзгерген күні

Тапсырыс беруші

Шартты қаржыландыру көзі

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі

Мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарламаның нөмірі

Мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын шығару күні

Шартты жасасудың негізін растайтын құжаттың деректемелері

Шарт

атауы

БСН

нөмірі

күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












кестенің жалғасы

Шарт валютасының коды

Шарттың мәртебесі

Шарттың аумақтық қазынашылық органдарында тіркелгені туралы мәліметтер (мемлекеттік мекемелер үшін)

Шарттың мәні

Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінде шартты тіркеуге берген өтінім

Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінде шартты тіркеуге берген өтінім

Сатып алу мәнінің түрі

жіктеуіш бойынша өнімнің коды

тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер атауы

тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы

тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қосымша сипаттамасы

өлшем, бірлігі

нөмірі

күні

нөмірі

күні

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23













кестенің жалғасы

Шарттың мәні

Шарт бойынша өнім берушілер (орындаушылар, мердігерлер) туралы ақпарат

бір бірлік үшін бағасы, теңге

саны

сома, теңге (егер өнім беруші ҚҚС төлеушісі болып табылған жағдайда, ҚҚС ескере отырып, соманы көрсету қажет)

Оның ішінде ҚҚС сомасы, теңге

Сонымен бірге: үшжылдық кезеңнің бірінші жылының сомасы, теңге

Сонымен бірге: үшжылдық кезеңнің екінші жылының болжамды сомасы, теңге

Сонымен бірге: үшжылдық кезеңнің үшінші жылының болжамды сомасы, теңге

Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның Т.А.Ә.)

БСН, ЖСН
(РФ – үшін СТС, ДЖШСН, БР үшін – ТЕН, РН)

Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер және олардың өнім берушілерінің дерекқорындағы жазба нөмірі

өнім берушінің резиденттілік елі

Заңды мекен жайы

Іс жүзіндегі мекен жайы

электрондық поштаның мекенжайы

Мәртебесі

Телефоны
(факс)

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

36

37

38

39

















кестенің жалғасы

Шарттың орындалуы

Шарттың қолданысын тоқтату

тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы және сипаттамасы

Сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы

Тауарлық белгінің атауы

Тауар өндірушінің, жұмыстар, қызметтер бойынша өнім берушілердің елі

Тапсырыс беруші іс жүзінде төледі, теңге (егер өнім беруші ҚҚС төлеушісі болып табылған жағдайда, ҚҚС ескере отырып, соманы көрсету қажет)

Оның ішінде ҚҚС сомасы, теңге

Сонымен бірге: үшжылдық кезеңнің бірінші жылында төленген сома, теңге

Сонымен бірге: үшжылдық кезеңнің екінші жылында төленген сома, теңге

Сонымен бірге: үшжылдық кезеңнің үшінші жылында төленген сома, теңге

шарт бойынша орындалу күні

іс жүзінде орындалу күні

күні

негіздеме және себебі

40

41

42

43

44

45

46

47

48

49

50

51

52













Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың және
оларды жүргізудің қағидаларына
3-қосымша           

Нысан

Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар туралы мәліметтер

Жосықсыз өнім беруші туралы ақпарат

Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 3-1), 3-2) тармақшаларына сәйкес адамдар туралы мәліметтер

Тапсырыс беруші туралы ақпарат

Өткізілген сатып алу туралы мәліметтер

Өнім берушінің атауы

Өнім берушінің елі

БСН, ЖСН
(РФ үшін – СТС, ДЖШСН, БР үшін – ТЕН, РН)

Т.А.Ә.

РФ үшін – СТС, ДЖШСН, БР үшін – ТЕН, РН

Тапсырыс берушінің атауы

Тапсырыс берушінің елі

БСН, ЖСН
(РФ үшін – СТС, ДЖШСН, БР үшін – ТЕН, РН)

Сатып алу тәсілі

Веб-порталдағы сатып алу туралы хабарламаның нөмірі

Сатып алуды хабарлау күні

Сатып алу қорытындыларын жасау күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













кестенің жалғасы

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың тізіліміндегі шарттың нөмірі

(Әлеуетті) өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушысы деп тану негізі

Сот шешімі туралы мәліметтер

Тізілімнен алып тастау күні

Соттың атауы

Сот шешімінің нөмірі

Сот шешімінің күні

Сот шешімінің заңды күшіне енген күні

13

14

15

16

17

18

19








Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың және
оларды жүргізудің қағидаларына
4-қосымша           

Нысан

Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі

Жосықсыз өнім беруші туралы ақпарат

Тапсырыс беруші туралы ақпарат

Өткізілген сатып алу туралы мәліметтер

Өнім берушінің атауы

Өнім берушінің елі

БСН, ЖСН
(РФ үшін – СТС, ДЖШСН, БР үшін – ТЕН, РН)

Тапсырыс берушінің атауы

Тапсырыс берушінің елі

БСН, ЖСН
(РФ үшін – СТС, ДЖШСН, БР үшін – ТЕН, РН)

Сатып алу тәсілі

Веб-порталдағы сатып алу туралы хабарламаның нөмірі

Сатып алуды хабарлау күні

Сатып алу қорытындыларын жасау күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











кестенің жалғасы

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың тізіліміндегі шарт нөмірі

(Әлеуетті) өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушысы деп тану негізі

Сот шешімі туралы мәліметтер

Тізілімнен алып тастау күні

Соттың атауы

Сот шешімінің нөмірі

Сот шешімінің күні

Сот шешімінің заңды күшіне енген күні

11

12

13

14

15

16

17








Об утверждении Правил формирования и ведения единых республиканских реестров в сфере государственных закупок

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 237. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 апреля 2015 года № 10820. Утратил силу приказом Министра финансов Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 694

      Сноска. Утратил силу приказом Министра финансов РК от 28.12.2015 № 694 (вводится в действие с 01.01.2016).

      В соответствии с подпунктом 14) статьи 14 Закона Республики Казахстан от 21 июля 2007 года «О государственных закупках» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила формирования и ведения единых республиканских реестров в сфере государственных закупок.
      2. Департаменту законодательства государственных закупок Министерства финансов Республики Казахстан (Ахметов С.М.) в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан.
      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр                                          Б. Султанов

Утверждены        
приказом Министра финансов
Республики Казахстан  
от 31 марта 2015 года № 237

Правила формирования и ведения единых республиканских реестров
в сфере государственных закупок

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила формирования и ведения единых республиканских реестров в сфере государственных закупок (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 21 июля 2007 года «О государственных закупках» (далее – Закон) и определяют порядок формирования и ведения единых республиканских реестров в сфере государственных закупок.
      2. Единые республиканские реестры в сфере государственных закупок формируются и ведутся уполномоченным органом по государственным закупкам (далее – уполномоченный орган) на государственном и русском языках, в электронном виде посредством веб-портала государственных закупок (далее – веб-портал) и должны соответствовать требованиям статьи 11 Закона.
      3. Сведения, содержащиеся в единых республиканских реестрах, за исключением сведений составляющих государственные секреты и иную охраняемую законом тайну, размещаются на веб-портале и доступны для ознакомления заинтересованным лицам без взимания платы.

2. Виды реестров в сфере государственных закупок

      4. Единые республиканские реестры в сфере государственных закупок (далее – реестры) подразделяется на следующие виды:
      1) реестр заказчиков;
      2) реестр договоров о государственных закупках;
      3) реестр недобросовестных участников государственных закупок.

3. Порядок формирования и ведения реестра заказчиков

      5. Реестр заказчиков содержит следующие сведения о заказчике:
      1) наименование заказчика;
      2) дата государственной регистрации (перерегистрации) заказчика;
      3) бизнес-идентификационный номер (БИН);
      4) сведения о территориальной принадлежности заказчика (код по классификатору административно-территориальных объединений (КАТО), регион, юридический адрес);
      5) наименование администратора отчетности;
      6) код организационно правовой формы хозяйствования (КОПФ);
      7) код по классификатору форм собственности (КФС);
      8) категория субъекта предпринимательства;
      9) код сектора экономики;
      10) сведения о руководителе заказчика:
      индивидуальный идентификационный номер (ИИН);
      фамилия, имя, отчество (при наличии) руководителя;
      должность руководителя;
      электронная почта;
      телефон (рабочий, мобильный).
      6. Формирование реестра заказчиков осуществляется автоматически посредством веб-портала на основании регистрационных данных заказчика на веб-портале.
      При этом заказчик регистрируется на веб-портале не позднее трех рабочих дней со дня его государственной регистрации в органах юстиции. В случае реорганизации (ликвидации) либо изменения регистрационных данных заказчика в органах юстиции заказчик в срок не позднее десяти рабочих дней со дня регистрации таких случаев в органах юстиции вносит измененные сведения в регистрационные данные заказчика на веб-портале.
      7. Ведение реестра заказчиков осуществляется посредством веб-портала по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.
      8. Сведения о заказчике, включенные в реестр заказчиков, хранятся в электронном виде в порядке, установленном Правилами электронного документооборота, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 17 апреля 2004 года № 430 (далее – Правила электронного документооборота).

4. Порядок формирования и ведения
реестра договоров о государственных закупках

      9. Реестр договоров о государственных закупках содержит следующие сведения о договоре (его изменении), за исключением сведений о договорах о государственных закупках, содержащих сведения, составляющие государственные секреты и иную охраняемую законом тайну:
      1) наименование заказчика;
      2) бизнес-идентификационный номер (БИН) заказчика;
      3) источник финансирования – республиканский бюджет, местный бюджет, средства от реализации государственными учреждениями товаров (работ, услуг), средства от спонсорской, благотворительной помощи для государственных учреждений (далее – внебюджетные средства), собственные средства;
      4) способ осуществления государственных закупок в соответствии с Законом, а также государственные закупки, осуществляемые без применения норм Закона, регламентирующих выбор поставщика и заключение с ним договора о государственных закупках;
      5) номер извещения о проведении государственных закупок;
      6) дата подведения итогов конкурса, итогов аукциона, итогов проведения закупок из одного источника, итогов проведения запроса ценовых предложений, а также реквизиты документа, подтверждающего основание заключения договора;
      7) реквизиты документа, подтверждающего основание заключения договора;
      8) номер и дата заключения договора – день, месяц, год заключения договора;
      9) код валюты договора;
      10) сведения о регистрации договора о государственных закупках государственными учреждениями в территориальных подразделениях казначейства – реквизиты уведомления о регистрации, включая номер заявки и дату регистрации;
      11) предмет договора о государственных закупках:
      вид предмета закупок;
      код продукции по классификатору;
      наименование товаров, работ, услуг;
      краткая и дополнительная характеристика товаров, работ, услуг;
      единица измерения;
      цена за единицу;
      количество;
      сведения о суммах налога на добавленную стоимость (НДС), в случае если поставщик является плательщиком НДС;
      12) информация о поставщиках (исполнителях, подрядчиках):
      наименование юридического лица, фамилия, имя, отчество физического лица;
      для резидентов Республики Казахстан – бизнес-идентификационный номер (БИН) (для юридического лица), индивидуальный идентификационный  номер(ИИН) (для физического лица);
      для резидентов Российской Федерации – идентификационный номер налогоплательщика (ИНН) (для юридических лиц), страховой номер индивидуального лицевого счета (СНИЛС) (для физических лиц);
      для резидентов Республики Беларусь – учетный номер плательщика (УНП) (для юридических лиц), порядковый номер, автоматически присваиваемый веб-порталом (ПН) (для физических лиц);
      номер записи в Базе данных товаров, работ, услуг и их поставщиков;
      страна резидентства и юридический адрес;
      контактная информация;
      13) исполнение договора:
      наименование и описание товара, работы, услуги;
      краткое описание закупленного товара, работы, услуги;
      наименование товарного знака;
      страна товаропроизводителя, поставщика работ, услуг;
      сумма платежа;
      планируемая и фактическая даты исполнения договора;
      14) сведения о прекращении действия договора:
      дата, основание и причина.
      Не подлежат включению в реестр договоров о государственных закупках сведения о договорах, заключенных по результатам государственных закупок, предусмотренных подпунктами 3) и 23) пункта 1 статьи 4 Закона.
      10. Заказчик посредством веб-портала вносит сведения о договоре (его изменении) путем заполнения электронной формы реестра договоров по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам не позднее десяти рабочих дней с даты заключения договора (его изменения).
      11. Заказчик посредством веб-портала вносит сведения о прекращении (об исполнении или неисполнении) действия договора путем заполнения электронных форм реестра договоров о государственных закупках не позднее трех рабочих дней со дня прекращения (исполнения или неисполнении) договора.
      12. В случае представления заказчиком на веб-портал государственных закупок сведений об изменении договора или сведений о прекращении (об исполнении или неисполнении) действия договора, происходит автоматическое обновление записи в реестре с сохранением архива первоначальных сведений о договоре.
      13. Сведения о договоре (его изменении) и (или) сведения о прекращении (об исполнении или неисполнении) действия договора, включенные в реестр договоров о государственных закупках, сохраняются в реестре договоров о государственных закупках в течение трех лет со дня включения в него сведений о прекращении (об исполнении или неисполнении) действия договора.
      14. Сведения о договоре (его изменении) или сведения о прекращении (об исполнении или неисполнения) действия договора, исключенные из реестра договоров о государственных закупках по истечении срока, указанного в пункте 13 настоящих Правил, хранятся в электронном виде в порядке, установленном Правилами электронного документооборота.

5. Порядок формирования и ведения
реестра недобросовестных участников государственных закупок

      15. Заказчики в течение трех рабочих дней после получения вступившего в законную силу решения суда о признании потенциального поставщика недобросовестным участником государственных закупок представляют уполномоченному органу сведения о таком поставщике в электронном виде посредством веб-портала по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам.
      В случае представления в уполномоченный орган неполных сведений для включения в реестр недобросовестных участников государственных закупок, уполномоченный орган в течение десяти рабочих дней направляет посредством веб-портала уведомление заказчику о необходимости в течение пяти рабочих дней предоставить сведения о недобросовестном участнике государственных закупок в соответствии с пунктом 17 настоящих Правил.
      16. Ведение реестра недобросовестных участников государственных закупок осуществляется по форме согласно приложению 4 к настоящим Правилам.
      17. При внесении сведений в реестр недобросовестных участников государственных закупок указываются:
      1) информация о недобросовестном поставщике:
      наименование поставщика;
      страна резидентства;
      для резидентов Республики Казахстан – бизнес идентификационный номер (БИН) (для юридического лица), индивидуальный идентификационный  номер(ИИН) (для физического лица);
      для резидентов Российской Федерации – идентификационный номер налогоплательщика (ИНН) (для юридических лиц), страховой номер индивидуального лицевого счета (СНИЛС) (для физических лиц);
      для резидентов Республики Беларусь – учетный номер плательщика (УНП) (для юридических лиц), порядковый номер, автоматически присваиваемый веб-порталом (ПН) (для физических лиц);
      2) информация о заказчике;
      3) сведения о проведенных закупках:
      способ осуществления закупок;
      номер объявления о закупке;
      дата объявления о закупке;
      дата подведения итогов закупки;
      4) номер договора в Реестре договоров о государственных закупках;
      5) основание признания (потенциального) поставщика недобросовестным участником государственных закупок;
      6) сведения о решении суда:
      наименование суда;
      номер решения суда;
      дата решения суда;
      дата вступления в законную силу решения суда;
      7) дата исключения из Реестра недобросовестных участников государственных закупок.
      18. Запись в реестре недобросовестных участников государственных закупок, содержащая сведения о недобросовестном участнике государственных закупок, исключается из реестра автоматически по истечении срока, установленного Законом. В случае наличия вступившего в законную силу судебного акта об отмене решения о признании недобросовестным участником государственных закупок, запись в реестре, содержащая сведения о недобросовестном участнике государственных закупок исключается по запросу потенциального поставщика либо поставщика в течение трех рабочих дней со дня получения уполномоченным органом соответствующего судебного акта.

Приложение 1        
к Правилам формирования и ведения
реестров в сфере государственных
закупок           

Форма           

                          Реестр заказчиков


п/п

Номер записи в реестре

Наименование заказчика

Дата регистрации (перерегистрации) заказчика

БИН

сведения о территориальной принадлежности заказчика

Наименование администратора отчетности

На государственном языке

На русском языке

КАТО

регион

юридический адрес

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      продолжение таблицы

КОПФ

КФС

категория субъекта предпринимательства

Код сектора экономики

Сведения о руководителе заказчика

ИИН

Ф.И.О.

Должность

Источник данных

Электронная почта

телефон (рабочий)

телефон (мобильный)

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21












Приложение 2         
к Правилам формирования и ведения
реестров в сфере государственных
закупок           

Форма           

           Реестр договоров о государственных закупках

Номер записи в реестре

Дата последнего изменения записи

Заказчик

Источник финансирования договора

Способ осуществления государственных закупок

Номер извещения о проведении государственных закупок

Дата подведения итогов государственных закупок

Реквизиты документа, подтверждающего основание заключения договора

Договор

наименование

БИН

номер

дата

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












      продолжение таблицы

Код валюты договора

Статус договора

Сведения о регистрации договора в территориальных подразделениях казначейства (для государственных учреждений)

Предмет договора

заявка на регистрацию договора в территориальном подразделении Казначейства

уведомление о регистрации договора в территориальном подразделении Казначейства

вид предмета закупок

код продукции по классификатору

наименование товаров, работ, услуг

краткая характеристика товаров, работ, услуг

дополнительная характеристика товаров, работ, услуг

единица измерения

номер

дата

номер

дата

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23













      продолжение таблицы

Предмет договора

Информация о поставщиках (исполнителях, подрядчиках) по договору

цена за единицу, тенге

количество

Сумма, тенге (в случае если поставщик является плательщиком НДС, необходимо указать сумму с учетом НДС)

из них сумма НДС, тенге

в том числе: сумма на первый год трехлетнего периода, тенге

в том числе: прогнозная сумма на второй год трехлетнего периода, тенге

в том числе: прогнозная сумма на третий год трехлетнего периода, тенге

наименование юридического лица (ф.и.о. физического лица)

БИН, ИИН (ИНН, СНИЛС – для РФ, УНП, ПН – для РБ)

номер записи в Базе данных товаров, работ, услуг и их поставщиков

Страна резидентства поставщика

юридический адрес

фактический адрес

адрес электронной почты

Статус

Телефон (факс)

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

36

37

38

39

















      продолжение таблицы

Исполнение договора

Прекращение действия договора

наименование и описание товара, работы, услуги

Краткое описание закупленного товара, работы, услуги

Наименование товарного знака

Страна товаропроизводителя, поставщика работ, услуг

Фактически оплаченная заказчиком сумма, тенге (в случае если поставщик является плательщиком НДС, необходимо указать сумму с учетом НДС)

из них сумма НДС, тенге

в том числе: оплаченная сумма в первом году трехлетнего периода, тенге

в том числе: оплаченная сумма во втором году трехлетнего периода, тенге

в том числе: оплаченная сумма в третьем году трехлетнего периода, тенге

Дата исполне ния по договору (планиру емая)

Дата исполнения фактически

дата

основание и причина

40

41

42

43

44

45

46

47

48

49

50

51

52














Приложение 3        
к Правилам формирования и ведения
реестров в сфере государственных
закупок          

Форма           

Сведения о недобросовестных участниках государственных закупок

Информация о недобросовестном поставщике

Сведения о лицах в соответствии с подпунктами 3), 3-1), 3-2) пункта 1 статьи 6 Закона

Информация о заказчике

Сведения о проведенных закупках

Наименование поставщика

Страна поставщика

БИН, ИИН (ИНН, СНИЛС – для РФ, УНП, ПН – для РБ)

Ф.И.О

ИИН, СНИЛС - для РФ, ПН – для РБ

Наименование заказчика

Страна заказчика

БИН, ИИН (ИНН, СНИЛС – для РФ, УНП, ПН – для РБ)

Способ закупок

Номер объявления о закупке на веб-портале

Дата объявления закупки

Дата подведения итогов закупки

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













      продолжение таблицы

Номер договора в Реестре договоров о государственных закупках

Основание признания (потенциального) поставщика недобросовестным участником государственных закупок

Сведения о решении суда

Дата исключения из Реестра

Наименование суда

Номер решения суда

Дата решения суда

Дата вступления в законную силу решения суда

13

14

15

16

17

18

19








Приложение 4       
к Правилам формирования и ведения
реестров в сфере государственных
закупок          

Форма           

     Реестр недобросовестных участников государственных закупок

Информация
о недобросовестном
поставщике

Информация
о заказчике

Сведения о
проведенных
закупках

Наименование поставщика

Страна поставщика

БИН, ИИН (ИНН, СНИЛС – для РФ, УНП, ПН – для РБ)

Наименование заказчика

Страна заказчика

БИН, ИИН (ИНН, СНИЛС – для РФ, УНП, ПН – для РБ)

Способ закупок

Номер объявления о закупке на веб-портале

Дата объявления закупки

Дата подведения итогов закупки

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      продолжение таблицы

Номер договора в Реестре договоров о государственных закупках

Основание признания (потенциального) поставщика недобросовестным участником государственных закупок

Сведения о решении суда

Дата исключения
из Реестра

Наименование
суда

Номер решения суда

Дата
решения
суда

Дата вступления в законную силу решения суда

11

12

13

14

15

16

17